--------------Бұйрықтан үзінді--------------
Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық кесімдерінің күші жойылды деп танылсын...
Министр
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрiнiң
2005 жылғы 7 ақпандағы
N 37-ө бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық
кесімдерінің күші жойылған кейбір нормативтік
құқықтық кесімдерінің тізбесі
8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң "Меншік және шаруашылықты жүргізудің түрлі нысандарындағы ұйымдарда қауіптілігі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізген кезде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану жөніндегі ережені бекіту туралы" 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 9 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 769 нөмірімен тіркелген) бұйрығы...
---------------------------
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы "Заң актiлерiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi жұмыстар туралы" N 64
қаулысына
және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1636
қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ережеге сәйкес Бұйырамын:
1. Меншiк және шаруашылықты жүргiзудiң түрлi нысандарындағы ұйымдарда қауiптiлiгi жоғары жағдайларда жұмыс жүргiзген кезде наряд-рұқсаттарды ресiмдеу және оларды қолдану жөнiндегi ұсынылып отырған ереже бекiтiлсiн.
2. Салалық министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, өзге де орталық атқарушы органдарға осы Ереже негiзiнде қажеттiлiгiне қарай салалардың нақты жағдайлары мен ерекшелiктерiн ескере отырып, қауiптiлiгi жоғары жағдайларда жұмыс жүргiзген кезде наряд-рұқсаттарды рәсiмдеу және оларды қолдану жөнiндегi салалық ереженi әзiрлеп, алдын ала Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен келiсе отырып күшiне енгiзу ұсынылсын.
3. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының бастықтары осы ереженi жұмыс берушiлер мен еңбек ұжымдарына жеткiзудi, сондай-ақ оның орындалуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Еңбектi қорғау басқармасы Меншiк және шаруашылықты жүргiзудiң түрлi нысандарындағы ұйымдарда қауiптiлiгi жоғары жағдайларда жұмыс жүргiзген кезде наряд-рұқсаттарды ресiмдеу және оларды қолдану жөнiндегi ереженi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Вопросы труда" бюллетенiнде жариялауды ұйымдастырсын.
Министр
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
1998 ж. 4 қыркүйектегі
N 9 бұйрығымен
бекітілген
Меншіктің және шаруашылық жүргізудің түрлі
нысандарындағы ұйымдарда қауіптілігі жоғары
жағдайларда жұмыс жүргізген кезде
наряд-рұқсаттарды қолдану туралы
Ереже
1 тарау. Жалпы бөлім
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы аумағындағы меншiктiң және шаруашылық жүргiзудiң түрлi нысандарындағы ұйымдарда қауiптiлiгi жоғары жағдайларда атқарылатын жұмыстардың барлық түрлерiне (жөндеу, монтаж, бөлшектеу, құрылыс, қалпына келтiру және т.б.) қолданылады.
Осы Ереже салалық ережелердi олардың ерекшелiктерiн ескере отырып әзiрлеу мен енгiзудi жоққа шығармайды.
Наряд-рұқсат дегенiмiз - бұл жұмыстарды қауiпсiз жүргiзуге ұйымның жазбаша жарлығы, онда барлық қажеттi қауiпсiздiк шаралары мен жұмыстарды қауiпсiз жүргiзуге жауапты адамдар көрсетiледi.
2. Аса қауiптi жұмыстарға орындалуы барысында жұмысшыларға аса қауiптi және өндiрiстiк фактор туғызуы мүмкiн жөндеу, монтаж, бөлшектеу, құрылыс, қалпына келтiру және басқа жұмыстардың барлық түрлерi, сондай-ақ аса жоғары қауiптiлiгi бар (биiктiктегi, электр желiлерi маңайындағы, құдықтардағы, қысымы жоғары ыдыстармен жұмыстар), жұмыс орнының дайындығын талап ететiн жұмыстар және соған байланысты өнеркәсiп қызметкерлерiнiң жарақат алуы (улануы) мүмкiн болатын жұмыстар жатады.
3. Ұйымның қауiптiлiгi жоғары жұмыстарының тiзбесi оның құрылымдық бөлiмшелерiнде жасалады, еңбек қорғау қызметiмен келiсiледi және оны ұйымның бiрiншi басшысы бекiтедi.
Мамандандырылған және орталықтандырылған қызмет көрсету жүйесi бар, мердiгерлiк және субмердiгерлiк ұйымдарда қауiптiлiгi жоғары жұмыстар тiзбесiн тапсырыс берушi және жұмыстарды орындаушы бiрге жасайды және оны бiрiншi басшы бекiтедi.
4. Қауiптiлiгi жоғары жұмыстарды НД-1 нысаны (1 қосымша) бойынша наряд-рұқсаттар рәсiмделгеннен кейiн тапсыратын аумақтың және ондағы белгiленген жабдықтардың жоспары берiлгесiн кемiнде екi жұмыскер жүргiзедi.
5. Апатты жою кезiндегi жұмыстар наряд-рұқсат рәсiмделмей-ақ ұйымның (кәсiпорынның) жауапты тұлғаларының қадағалауы және бақылауымен тiкелей қауiп-қатер жойылғанша жүргiзiлуi мүмкiн. Апат пен оның салдарын одан әрi жою бойынша жұмыстар наряд-рұқсат рәсiмделгеннен кейiн жүргiзiлуге тиiс.
6. Өндiрiс учаскелерi, технологиялық желiлер немесе жеке тұрған жабдықтар, үйлер мен ғимараттар, сондай-ақ ондағы жұмыстарды мердiгерлiк ұйымдардың күшiмен орындау үшiн бөлiнген басқа да объектiлер АД-1 нысаны (1 қосымша) бойынша соңғысына тапсырылады. Бұл жағдайда наряд-рұқсат берудi мердiгерлiк ұйым жүзеге асырады.
Егер қауiптiлiгi жоғары жұмыстарды жүргiзу үшiн бөлiнген учаске арқылы қолданыстағы ток өткiзгiш сымдары, газ құбырлары, немесе қолданыстағы басқа қатынас жолдары өтетiн болса, онда объект мердiгерлiк ұйымға акт-рұқсат арқылы тапсырылмайды.
7. Ұйымда бау өткiзiлген, нөмiрленген және мөрмен бекiтiлген наряд-рұқсаттарды беру есебiн жүргiзетiн журнал болуға тиiс, онда наряд-рұқсаттың нөмiрi, наряд-рұқсатты берген адамның аты-жөнi мен лауазымы, ол берген жұмыстардың атауы, жұмыстарға алғаш жiберiлу күнi мен уақыты және олардың аяқталу уақыты тiркелуi тиiс.
Жабық рұқсат-нарядтар бiр жыл бойы оларды берген ұйымда сақталады.
Орындау кезiнде апат немесе жазатайым оқиға болған жұмыстардың наряд-рұқсаттары ұйым архивiнде апат немесе жазатайым оқиғаны зерттеу материалдарымен бiрге сақталуға тиiс.
8. Осы Ереже, оларды орындаған кезде еңбек қауiпсiздiгi басқа нормативтiк құжаттар мен (газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк ережелерi, электр қондырғыларды пайдалану кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережелерi, жарылу қауiптiлiгi бар және осыған ұқсас басқа да объектiлерде отпен жұмыстар жүргiзу кезiндегi қауiпсiздiктi ұйымдастыру жөнiндегi Үлгi нұсқаулық) реттелетiн жұмыстарға қолданылмайды. Мұндай жұмыстардың тiзбесi салалық ережелермен (экономикалық қызметтердiң түрлерiмен) анықталады.
2 тарау. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзуге жауапты адамдар
мен олардың мiндеттерi
9. Қауiптiлiгi жоғары жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруға және қауiпсiз жүргiзуге: наряд-рұқсат беретiн лауазымды адамдар; жұмысқа кiргiзушi, жұмыс жүргiзушi; сондай-ақ тiкелей жұмысты орындаушылар жауапты болып табылады.
10. Наряд-рұқсат беруге құқығы бар, инженерлiк-техникалық қызметкерлер лауазымдарының тiзбесiн ұйымның бiрiншi басшысы бекiтедi.
11. Наряд-рұқсат берушi лауазым иесi жұмысқа жiберетiн адамды тағайындайды және наряд-рұқсатта көзделген қауiпсiздiк шараларымен таныстырады, олардың орындалуын бақылауды жүргiзедi.
12. Наряд-рұқсат беретiн адам жұмыстың қауiпсiз орындалуын қамтамасыз етуге жауап бередi, жұмысты басқарушы мен жұмыс жүргiзушiнi тағайындайды және нарядта көрсетiлген қауiпсiздiк шараларының дұрыстығына, сонымен бiрге наряд-рұқсат бойынша өзi тағайындаған адамдар мен жарлық бойынша жұмыстарды орындаушылардың сапалық құрамына жауап бередi.
13. Наряд-рұқсатпен жұмысқа жiберетiн инженерлiк-техникалық қызметкер болуы керек.
14. Бiрнеше сменамен жұмыс жүргiзiлгенде наряд-рұқсатының барлық қолданылу уақытына сменалар санына және шығу кестесiне сәйкес жұмысқа жiберетiн жұмыс жүргiзушiнiң бiрнешеуi тағайындалады.
15. Наряд-рұқсат бойынша жұмысқа жiберушi еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi наряд-рұқсатта көрсетiлген шаралардың орындалуына жауапты, соның iшiнде мыналар үшiн:
- объектiнi бу, су, газ, электр және басқа қоректену көздерiнен ажырату және оларды жерге қосып орнықтыру;
- құбырлардың барлық түрiне тиектi арматураларды орнату, газ құбырлары мен шаң құбырларын тазалау, құбырлар мен ыдыстарды үрлеу мен булау, жабдықтарды шаң мен кiрден, мазуттан, қышқылдан тазарту, газ жүретiн құбырлар мен аппаратураны үрлеу және желдету, басқа да дайындық жұмыстары;
- Жұмыстар аймағын жұмыс iстеп тұрған жабдықтар мен коммуникациялардан қоршаумен, тұйықтармен, қауiпсiздiк белгiлерiмен, сигналдық құралдармен, плакаттармен және басқалармен бөлу.
16. Жұмысқа жiберушi, жұмысты орындауға рұқсат берер алдында, сондай-ақ наряд-рұқсатты ұзартқан кезде еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн наряд-рұқсатта көрсетілген шаралардың орындалуын тексеруге, жұмыс жүргiзушiге ұйымдағы тiкелей жұмыс жүргiзетiн орындағы жұмыстың ерекшелiгi туралы нұсқау беруге мiндеттi.
17. Кернеу қысымындағы электр жабдықтары, метал құю, жүк көтергiш машиналар мен механизмдер және басқа технологиялық процестер, тетiктер мен жабдықтар жұмыс iстеп тұрған агрегаттар аймағында наряд-рұқсат бойынша жұмыс жүргiзген кезде наряд-рұқсатты беретiн адам бөлiмшенiң техникалық қызметкерлерiнiң инженерлiк-техникалық қызметкерлерi iшiнен жұмыс жүргiзу аймағында қауiп туған кезде наряд-рұқсат бойынша жұмыс iстейтiндердi қауiпсiз жерге шығаруға және одан әрi жұмыс жүргiзуге жiберуге жауапты адамды тағайындауға мiндеттi.
Жауапты адамның лауазымы мен аты-жөнi наряд-рұқсаттың 9-тармағына енгiзiледi.
18. Еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi наряд-рұқсатта немесе акт-рұқсатта көрсетiлген шаралардың дұрыс және толық орындалуына тапсырыс берушi ұйым бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi, ал орталықтан жөндеу мен қызмет жүйесi бар ұйымдарда - осы шараларды орындаған, техникалық қамтамасыз ету қызметiнiң қызметкерлерi жауап бередi.
19. Акт-рұқсат бойынша қабылданған объектiлерде жұмыстар орындаған кезде наряд-рұқсатта көрсетiлген еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың дұрыс және толық орындалуына, осы шараларды орындаған мердiгерлiк ұйымның қызметкерлерi жауап бередi.
20. Егер технологиялық қызметкерлердiң алдын ала наряд-рұқсатпен жұмыс iстейтiндiгi ескертiлген сменасы аяқталып, ал наряд-рұқсатпен жұмыс iстейтiндерде - одан әрi жалғасса, онда жұмысқа жiберушi жұмысқа кiргiзетiн технологиялық қызметшiлердi наряд-рұқсат бойынша жұмыс жүргiзу туралы ескертуге және наряд-рұқсатты сменаның басшысымен келiсуге тиiс.
21. Бiр учаскеде бiр сменада жұмыс жүргiзушi екi бригада пайдаланса наряд-рұқсат беретiн және жұмысқа жiберетiн мiндеттердi бiр адам атқаруға рұқсат бередi.
22. Жұмыс жүргiзушiлер болып бiлiктi инженерлiк-техникалық қызметкерлер немесе тiзiмге кiргiзiлген, жұмыс жүргiзуге құқығы бар адамдар тағайындалады.
Кейбiр жағдайларда, жұмыс бiр бригадамен жасалғанда, бөлiмше немесе мердiгерлiк ұйым басшысының шешiмiмен жұмыс жүргiзушi болып, ұйым басшысы бекiткен бағдарлама бойынша арнаулы оқудан өткен, жөндеу, монтаж, бөлшектеу, құрылыс және қалпына келтiру жұмыстарын басқару құқығына куәлiк алған бригадир тағайындалады, жұмыс орнында, жұмыс басталудың алдында желiлiк инженерлiк-техникалық қызметкерлермен мiндеттi түрде еңбек қауiпсiздiгi жөнiнде нұсқаулық өткiзуге тиiс.
23. Смена санына қарамастан наряд-рұқсат күшiнде болатын мерзiмде, наряд-рұқсат бойынша жұмыс жүргiзушi бiреу болуға тиiс. Сменаны қабылдау мен тапсыру жұмыс орындарында жүргiзiледi.
24. Жұмыс жүргiзушi жұмыс басталар алдында бригадамен жұмыс орнындағы қауiпсiздiк шаралары туралы нұсқамалық өткiзуге тиiс. Нұсқамалық наряд-рұқсаттың 10-тармағында жазумен рәсiмделедi.
Бригада құрамы өзгергенде жұмыс жүргiзушi бригадаға жаңадан енген жұмысшылармен нұсқамалық өткiзуге мiндеттi.
25. Жұмыс жүргiзушi еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгi жөнiндегi нұсқамалықтың толықтығына, қауiпсiздік шараларының сақталуына, арнаулы киiм, аяқ киiм және жеке қорғаныс құралдарының қолданылуына, еңбек қауiпсiздiгi техникалық құралдарының, соның iшiнде бақылау-өлшеу приборларының дұрыстығына жауапты.
26. Орындаушылар (бригада мүшелерi) наряд-рұқсатпен көзделген еңбектi қорғау ережелерi және техника қауiпсiздiгi нұсқаулықтары мен талаптарының сақталуына, жұмыс уақытында арнаулы киiм, арнаулы аяқ киiм мен жеке қорғану құралдарының дұрыс қолданылуына, сондай-ақ еңбек және өндiрiс тәртiбiнiң сақталуына жауап бередi.
3 тарау. Жұмыстарды жүргiзу үшiн наряд-рұқсатты рәсiмдеу
27. Наряд-рұқсат қауiптiлiгi жоғары жұмыстар жүргiзу ұйғарылатын ұйымдарда рәсiмделедi және тiркеледi (егер жұмыстар акт-рұқсатпен қабылданған объектiлерде жүргiзiлсе).
28. Наряд-рұқсатта түзету мен тазартып, өшiру рұқсат етiлмейдi, наряд-рұқсаттың барлық бағаналарын толтыру жолма жол мәтiнiнiң мазмұнына сәйкес жүргiзiледi.
29. Наряд-рұқсат берiлген жұмыс көлемiн орындау үшiн қажет мерзiмге берiледi. Егер наряд-рұқсатпен көзделген қауiпсiздiк шарттары өзгертiлмесе, наряд-рұқсаттың күшi осы мерзiм iшiнде сақталады.
30. Бiр объектіде бiрнеше ұйымдар бiр уақытта жұмыс жасағанда наряд-рұқсатты рәсімдеудiң алдында тапсырыс берушi-ұйым мердiгерлiк ұйымдармен бiрлесiп еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар әзiрлейдi және оларды әр ұйымның жұмыс жүргiзушiсiне берiлетiн наряд-рұқсаттың N 1 қосымшасының 44 және 10-тармақтарына енгiзедi.
31. Темiр жол, автомобиль жолдары, электр желiлерi, газ бен жылу құбырлары және жұмыс iстеп тұрған басқа да ашық (жасырын) коммуникациялар мен технологиялар маңында жүргiзiлетiн жұмыстар, сондай-ақ барлық жер қазу жұмыстары алдын ала наряд-рұқсат беретiн адам мен осы объектiлерге қызмет көрсететiн ұйымдармен келiсiлуi тиiс. Тиiстi құжаттар (тәсiмдер, коммуникациялар және т.б.) қажеттiлiгiне қарай наряд-рұқсатқа қосымша тiркелуге тиiс.
32. Жұмыс басталмай тұрып наряд-рұқсатқа: наряд-рұқсат беретiн адамдар; наряд-рұқсатта көрсетiлген еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды орындаушылар; наряд-рұқсат келiсiлген адамдар; 1 және 3 тармақтарға сәйкес тағайындалған жауапты адамдар, жұмысқа жiберушiлер мен жұмыс жүргiзушiлер қол қоюға тиiс.
33. Бригаданы жұмысқа жiбергенде, жұмысқа жiберушi наряд-рұқсатты жұмыс жүргiзушiге тапсырады.
34. Жұмыс жүргiзушi сменаны қабылдаған кезде сменшыдан жұмысты наряд-рұқсатпен бiрге қабылдауға, өндiрiс жағдайларын өздерi тексеруге, наряд-рұқсатқа жұмыстың ұзартылуы туралы белгi қоюға және жұмысқа жiберушiнiң рұқсатын алғаннан кейiн жұмысқа кiрiсуге мiндеттi.
35. Жұмысқа жiберушi жұмысты тоқтатуға, наряд-рұқсатты алып қоюға, оны жаңадан рәсiмдеуге және жұмысқа қайта рұқсат беруге мiндеттi, егер осы наряд-рұқсат бойынша жұмыс аяқталғанға дейiн:
- апаттық жағдай туса;
- жұмыс жүргiзу нақты жағдайларының наряд-рұқсатпен өздiгiнен қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмеуi белгiлi болса;
- өнеркәсiп қызметкерлерiнiң жарақаттануына апарып соғатын апаттық жағдай тууына әкелуi мүмкiн объектiлер жұмыс жүргiзген кезде;
- жұмыс iстеп тұрған жабдықтардың немесе энергетикалық коммуникациялардың бiр бөлiгiн болса да жұмыс жүргiзу аймағына (агрегатқа, жүйеге) қосу қажет болғанда.
36. Наряд-рұқсат жоғалып қалған ретте жұмыс тоқтатылуға тиiс. Жұмыстарды жалғастыру үшiн жаңа наряд-рұқсат рәсiмделуi және жұмысқа жаңадан рұқсат берiлуi тиiс.
37. Наряд-рұқсат бойынша жұмыстарды уақытша тоқтату қажет болғанда, жұмысқа жiберушiнiң нұсқауымен, жұмыс жүргiзушi қызметкерлердi жұмыс орнынан шығарады да наряд-рұқсатты жiберушiге қайтарады.
Жұмыстардың қайта басталуы жiберушiнiң рұқсатымен наряд-рұқсат бойынша жұмысшылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн барлық бастапқы шаралар тексерiлгеннен кейiн және наряд-рұқсатты жұмыс жүргiзушiге қайтарғаннан кейiн жүргiзiледi.
38. Өндiрiс жағдайлары бойынша бiр сменаның ұзақтығынан артық мерзiмге жұмыс тоқтатылса, наряд-рұқсат жұмыс жүргiзушіде қалады.
Жұмыста бiр сменадан артық үзiлiс болса наряд-рұқсатта ескертiлген қауiпсiздiк шарттарының өзгермейтiндiгiн жұмысқа жiберушi мен жұмыс жүргiзушi тексергеннен кейiн наряд-рұқсатты ұзартуға рұқсат берiледi.
39. Наряд-рұқсаттың жабылуы жұмысқа жiберушi мен жұмыс жүргiзушiнiң қол қоюымен рәсiмделедi. Жұмысқа жiберушi наряд-рұқсатты жұмыс жүргiзушiден алған уақыты туралы белгi соғады және оның сақталуын қамтамасыз етедi.
Жұмысқа жiберушi жоқ болса, наряд-рұқсатты жұмыс жүргiзушi мен смена (учаскенiң) бастығы, мастер жабады да қолдарын қояды.
40. Ұйымның (учаскенiң) басшылығының наряд-рұқсат бойынша жұмыстан кейiн жұмыс жүргiзушi жабық наряд-рұқсатты қайтарғанға дейiн жабдықтарды iске қосуға құқығы жоқ.
1 Қосымша
НД-1 нысаны
Бекітемін
Техникалық директор (бас инженер)
_____________________________
(ұйымның атауы)
_________________________Ф.А.Ә.
"____"_______________199__ ж.
Ұйым, учаске, цех ____________________________________________
Наряд-рұқсат N ___
аса қауіпті жұмысты орындауға
1. Жұмыс жүргізуші ______________________________________
______________________________________________________________
(Ф.А.Ә., ұйым, учаске, цех, лауазым
2. Орындауға жіберіледі ______________________________________
______________________________________________________________
( жұмыс орны, жабдықтардың атауы, жұмыс көлемінің
______________________________________________________________
қысқа мазмұны)
3. Жұмысқа жіберуші(лер) _____________________________________
______________________________________________________________
(Ф.А.Ә., лауазымы)
4. Жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар:
4.1 Тоқтату __________________________________________________
(тоқтау орны, жағдайы)
______________________________________________________________
4.2 Үзіп тастау ______________________________________________
(рубильник, ысырма, магистраль және т.б.)
______________________________________________________________
4.3 Орнату____________________________________________________
(тұйық, бұқтырма, дабыл шамдары және т.б.)
4.4. Ауа ортасын талдау үшін сынама алу _______________________
(орындар мен талдау нәтижесін, газдану тобын көрсету)
4.5. Қоршау жасау ______________________________________________
(жұмыстар аймағын, плакаттарды ілу)
4.6. Биіктікте және құдықтарда жұмыс істегенде қауіпсіздік шараларын
қарастыру __________________________________________________________
(ағаштар, сақтандыру белдігі, жіптер, т.б)
4.7. Ескерту __________________________________________________
(көрші крандар мен шектес аралықтағы крандар
_______________________________________________________________
машинистерін вахтадағы журналға қолдарын қойғызып)
4.8. Теміржол жолдарының маңында қауіпсіздік шараларын қарастыру
_______________________________________________________________
(белгілер, плакаттар, қоршаулар, тұйықтар, т.б. орнату)
4.9. Жұмыс орнына бару маршруттарын көрсету____________________
_______________________________________________________________
(қажет болса тәсілдерін қоса беру)
4.10. Қосымша шаралар _________________________________________
5. Наряд-рұқсатты берген_______________________________________
(аты-жөні, лауазымы, қол қойған күні)
6. Шараларды орындады _________________________________________
(шара нөмірі аты-жөні, лауазымы қол қойған күні)
7. Келісілді __________________________________________________
(смена (телім) бастығы, аты-жөні, қойылған қолы)
7.1. __________________________________________________________
(лауазымы, тегі, қол қойған күні)
8. Шаралар орындалды, жұмыстардың қауіпсіздігі қамтамасыз
етілді, жұмыс өндірушіні еңбек жағдайлармен таныстырдым және нұсқау
бердім, жұмысқа кіруге рұқсат етемін-жұмысқа жіберуші ___________________________________________________________________
(лауазымы, аты-жөні, қол қойылған күні)
9. Жұмыс жағдайлармен таныстым және нұсқау алдым, дайындықты
тексердім, жұмыс орнын қабылдадым-жұмыс өндіруші ______________________________________________________________
(лауазымы, аты-жөні, қол қойылған күні, уақыты)
10. Бригада құрамы және нұсқаулық өткені туралы белгі
__________________________________________________________________
NN Жұмыс Бригада Кәсібі Жұмыстың жағ. Нұсқаул.
n/n жүргізу- мүшелері дайлармен та. өткіздім
дің кү- ныстым, нұсқау (лауазы.
ні мен алдым (қойыл. мы, Ф.А.
уақыты ған қолы) Ә., қойыл.
ған қолы)
_________________________________________________________________
Саны_____адам бригадаға(ларға) нұсқаулық бердім, жұмысқа кірістім
_________________________________________________________________
(күні, уақыты)
Жұмыстарды өндіруші_________________________________________
(аты-жөні, қойылған қолы)
11. Наряд-рұқсатты ұзарту
_____________________________________________________________
Күні, Жағдай өз. Жұмысқа Жұмыс Жұмысқа
уақыты герген жоқ кіретін жағдайлары кіруге
сменаны бригада. мен таныс. рұқсат
тапсырдым ның тым, етемін, сме.
жұмыстарды сандық сменаны қа. надағы
өндіруші құрамы былдадым жұмысқа
жұмысты жіберуші
өндіруші
_______________________________________________________________
Ф.А.Ә.Қолы Ф.А.Ә.Қолы Ф.А.Ә.Қолы
_______________________________________________________________
12. Жұмыс аяқталды ____________________________________ жұмыс орны
(күні, уақыты)
жиналды, қызметшілер жұмыс өндіру орнынан шығарылды.
Наряд-рұқсатты тапсырған _________________________________________
(лауазымы, аты-жөні, жұмыс жүргізушінің
__________________________________________________________________
қойған қолы)
Наряд-рұқсатты қабылдаған ________________________________________
(лауазымы, тегі, жұмысқа жіберушінің
__________________________________________________________________
қойған қолы)
2 қосымша
АД-1 нысаны
Акт-рұқсат
жұмыс істеп тұрған ұйымның кәсіпорынның
аумағында жұмыс өндіру үшін
"___"____________ 199__ж.
__________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
Біз, төменде қол қойғандар, цехтың учаскенің бастығы _____________
__________________________________________________________________
(Ф.А.Ә., лауазымы)
төмендегі туралы осы актіні жасадық:
Ұйым, координаталармен шектелген, учаске бөліп береді: ___________
__________________________________________________________________
(белгілердің, осьтардың атауы, және чертеждардың N)
онда өндіру үшін _________________________________________________
(жұмыстардың атауы)
__________________________________________________________________
техникалық қызметшілердің мердігердің өкілінің басшылығымен
келесі мерзімге: басталуы "_____"______________ аяқталуы
"____"________________
Жұмыс басталмай тұрып, жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін
қамтамасыз ететін келесі шараларды орындау қажет:
_________________________________________________________________
N р.с. Шаралардың Орындау Орындаушы
атауы мерзімі ____________________
Ф.А.Ә.,
лауазымы
_________________________________________________________________
Цехтың (учаскенің) бастығы _____________ (қойылған қолы)
Мердігердің жауапты өкілі _______________(қойылған қолы)
Ескерту: Осы акт-рұқсаттың мерзімі біткеннен кейін жұмыстар
жүргізу қажеттілігі болса жаңа мерзімге басқа акт-рұқсат жасау керек.