Заңдық актiлердi одан әрi жетiлдiру жөнiндегi жұмыс туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 14 қаңтар N 64

      Заңдық актiлердi Қазақстан Республикасының Конституциясымен сәйкестiкке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен басқа да орталық атқарушы органдары:
      Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына байланысты КСРО-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылмайтынын ескере отырып, 1997 жылдың 1 тамызына дейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен ведомстволық нормативтiк актiлерiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi жұмысты аяқтасын. Осы жұмысты жүргiзген кезде актiлердiң жаңасын қабылдау, қолданылып жүргендерiн жаңарту мен ескiргендерiнiң күшiн жоюдың бiрiншi кезектегi мiндет екенiне сүйенетiн болсын;
      шығарылатын актiлердiң қолданылып жүрген заңдарға сәйкес болуына қатаң бақылау орнатылсын, жаңа актiлердiң бұрын қабылданғандармен үйлесiмдiлiгi қамтамасыз етiлсiн, оларға заңдардан туындайтын өзгерiстер уақытылы енгiзiлсiн;

     аталған бағыттар бойынша ұсыныстар әзiрленiп, олар 1997 жылдың 15
наурызына дейiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне
ұсынылсын.
     2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты осы қаулының
орындалу барысына талдау жасап, 1997 жылдың 1 сәуiрiне қарай Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсыныстар енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады