Жекелеген санаттағы азаматтарға тұрмыстық-коммуналдық қызметтердi қолдануда жеңiлдiктер көрсетудегi нормалар туралы

Қызылорда облысы әкімінің 1998 жылғы 2 ақпандағы № 459 шешімі. Қызылорда облысының Әділет басқармасында 1998 жылғы 11 ақпанда № 22 болып тіркелді. Қолданылу мерзімі өтуіне байланысты күші жойылды - Қызылорда облысы Әділет департаментінің 2008 жылғы 26 наурыздағы N 2/2112 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімі өтуіне байланысты күші жойылды - Қызылорда облысы Әділет департаментінің 26.03.2008 N 2/2112 хатымен.

      № 6 Жылу электр орталығындағы болған апатқа және Қызылорда қаласын жылумен қамтамасыз етудегі қалыптасқан жағдайларға байланысты ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. 1998 жылдың12 қаңтарынан жылу берілгенге дейін (биылғы жылдың 1 сәуірінен аспау керек) № 6 Жылу электр орталығы қызмет көрсететін аумақта тұратын жекелеген санаттағы азаматтар жеңілдіктер көрсетуде тұтыну нормасы келесі мөлшерде белгіленсін:

      газ - тамақ дайындау мерзіміне, тұрмыстық-шаруашылық қажеттілікке тиесілі: суды жылытуға - бір адамға 13,7 кг;

      электрқуаты - жеңілдіктерге құқы бар бір азаматқа айына 90 квт/сағ мөлшерінде.

      2. Қызылорда қаласының әкімі (Б. Досмамбетов) кейбір санаттағы азаматтарға жеңілдіктер көрсетуте байланысты қосымша шығыстарды төлеуге қаржы қарастырсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Қ. Әжібековке жүктелсін.

      Әкім Б. Сапарбаев

О нормах потребления жилищно-коммунальных услуг при предоставлении льгот отдельным категориям граждан

Решение акима Кызылординской области от 2 февраля 1998 года № 659. Зарегистрировано Управлением юстиции Кызылординской области 11 февраля 1998 года № 22. Утратило силу в связи с истечением срока действия – на основании письма от Департамента юстиции Кызылординской области от 26 марта 2008 года № 2/2112

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия – на основании письма от Департамента юстиции Кызылординской области от 26.03.2008 № 2/2112

      В связи с аварией на ТЭЦ-6 и сложившейся ситуацией с теплоснабжением города Кызылорды РЕШИЛ:

      1. Установить нормы отпуска (потребления) на- период с 12 января до подачи тепла (но не далее 1 апреля т.г. при предоставлении льгот отдельным категориям граждан проживающим в зоне обслуживания ТЭЦ-6 в следующих размерах:

      газа - на приготовление пищи, подогрев воды на хозяйственно-бытовые нужды - 13,7 кг. на человека;

      электроэнергии - в размере 90 квт.ч. в месяц на одного гражданина, имеющего право на льготы.

      2. Акиму города Кызылорды (Досманбетов Б.) изыскать средства на возмещение дополнительных расходов по предоставлению льгот отдельным категориям граждан.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима области Ажибекова К.А.

      Аким Б. Сапарбаев