Ескерту. Қолданылу мерзімі өтуіне байланысты күші жойылды - Қызылорда облысы Әділет департаментінің 26.03.2008 N 2/2112 хатымен.
№ 6 Жылу электр орталығындағы болған апатқа және Қызылорда қаласын жылумен қамтамасыз етудегі қалыптасқан жағдайларға байланысты ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. 1998 жылдың12 қаңтарынан жылу берілгенге дейін (биылғы жылдың 1 сәуірінен аспау керек) № 6 Жылу электр орталығы қызмет көрсететін аумақта тұратын жекелеген санаттағы азаматтар жеңілдіктер көрсетуде тұтыну нормасы келесі мөлшерде белгіленсін:
газ - тамақ дайындау мерзіміне, тұрмыстық-шаруашылық қажеттілікке тиесілі: суды жылытуға - бір адамға 13,7 кг;
электрқуаты - жеңілдіктерге құқы бар бір азаматқа айына 90 квт/сағ мөлшерінде.
2. Қызылорда қаласының әкімі (Б. Досмамбетов) кейбір санаттағы азаматтарға жеңілдіктер көрсетуте байланысты қосымша шығыстарды төлеуге қаржы қарастырсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Қ. Әжібековке жүктелсін.
Әкім | Б. Сапарбаев |