Көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық комиссияны бекiту туралы

Павлодар облысы әкімінің шешімі 1998 жылғы 2 шiлдедегi N 213 Павлодар облысының әділет басқармасында 1998.07.23. N 54 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімінің 2007 жылғы 8 маусымдағы N 11 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімінің 2007 жылғы 8 маусымдағы N 11 шешімімен.

            Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы сәуiрдiң 28-дегi "Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi" N 391 Қаулысына сәйкес және жолдағы апаттарды азайту, көлiк кешенi жұмысының қауiпсiздiгiн арттыру және облыстағы кәсiпорындар мен көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ұсынымдар дайындау мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
      1. Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық комиссия құрылсын (1-қосымша).
      2. Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық комиссияның Ережесi бекiтiлсiн (2-қосымша)
      3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
      көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қалалық (аудандық) комиссияларды құрсын, комиссия төрағасының мiндетi әкiмнiң орынбасары қалалық (аудандық) төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссияның төрағасына жүктелсiн;
      көлiк апатын азайту, қалалар мен поселкелердегі көшелер желiсiн қайта құру және дамыту, жолдағы жүрiс-тұрысты жөнге салатын техникалық құралдарды тиiстi түрде ұстау үшiн шаралар кешенiн дайындап, жүзеге асыратын болсын.
      4. Облыс әкiмiнiң 1996 жылғы маусым айының 24-дегi "Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық комиссия туралы" N 116 және 1998 жылғы сәуiр айының 13-дегi "Облыс әкiмiнiң 1996 жылғы маусым айының 24-дегi N 116 шешiмiне өзгертулер енгiзу туралы" N 125 шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.

      Облыс әкiмi

Облыс әкiмiнiң  
1998 жылғы 2 шiлдедегi
N 213 шешiмiне 1-қосымша

      Рюмкин А.В.       облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары,
                        комиссия төрағасы

      Сержанов Б.Қ.     төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың
                        бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

      Пчелинцев В.В.    облыс жол полициясы басқармасының
                        бөлiмiнiң бастығы,комиссия хатшысы

      Комиссия мүшелерi:

      Әлжанов М.И.      облыс жол полициясы басқармасының бастығы

      Әлханов М.М.      индустрия,көлiк және коммуникациялар
                        департаментi бастығының орынбасары

      Бондаренко Г.А.   "Павлодар транссервис" АҚ бас директоры

      Бергер Н.Д.       "Өзен порты" АҚ президентi

      Жидилов Е.Ш.      "Астана темiр жолы" павлодардағы филиалының
                        бастығы

      Қайырбаев М.М.    облыстық iшкi iстер басқармасы
                        бастығының орынбасары

      Малышкин А.С.     кәсiподақтары облыстық кеңесiнiң
                        төрағасы (келiсу бойынша)

      Погожев Ю.П.      "Иртыш-Авиа" АҮАҚ директоры

      Оразалинов А.Н.   облыстық әскери комиссардың орынбасары

Облыс әкiмiнiң  
1998 жылғы 2 шiлдедегi
N 213 шешiмiне 2-қосымша

Көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
жөнiндегi облыстық комиссия туралы ереже

      1. Көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық комиссия (әрi қарай - Комиссия)көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуiмен байланысты меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсыныс жасайтын кеңес беру-кеңесу органы болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметiн келесi бағыттар бойынша жүргiзедi:
      көлiктегi авариялардың себептерiн зерделейдi және талдайды, қозғалыс қауiпсiздiгiн арттыру жөнiнде ұсынымдар дайындау;
      көлiктегi аварияларды азайту жөнiндегi азайту жөнiндегi мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларды, шаралар мен жобаларды жасауда және iске асыруда басты мәселелердi анықтау және қамқорлық көрсету;
      көлiкте жүру қауiпсiздiгiнiң басты бағыттарында материалдық-техникалық ресурстарды дамытуға және бюджеттiк қаржы бөлуге қамқорлық көрсету;
      автомобиль және темiр жолдары,әуежайлар мен өзен порттарын, қалар мен елдi мекендердiң көше желiлерiн салу және қайта құру, жылжымалы құрамның техникалық көрсеткiштерiн жақсарту, көлiк қозғалысын реттейтiн бүгiнгi күннiң техникалық құралдарын iске қосу, көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң кәсiби деңгейлерiн арттыру, жол полициясы басқармасының қызметкерлерiн және көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн жол-көлiк уақиғаларында зардап шеккендерге бiрiншi дәрiгерлiк көмек көрсету бағдарламаларын жасауға қатысу;
      Қазақстан Республикасының көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi қолданылып жүрген заң қағидаттары мен нормативтiк актiлерiне қажеттi өзгертулер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар дайындауға қатысу;
      кәсiпорындар мен мекемелердiң, қоғамдық бiрлестiктердiң көлiк уақиғаларының алдын алу және оң тәжiрибенi тарату жөнiндегi тәжiрибелерiн зерделеу;
      шаруашылық объекттердiң, қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын талдау, көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде ұсынымдар шығару;
      барлық жатсағы тұрғындарға жол қозғалысы Қағидаларын үйретуге, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жол қозғалысы қауiпсiздiгi жөнiндегi бiлiмдердi насихаттауға қамқорлық көрсету;
      көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi озат тәжiрибенi зерделеу;
      3. Комиссия:
      кәсiпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi қызметiн көрсететiн мәлiметтердi сұратуға және алуға;
      меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде бақылау жүргiзуiн ұйымдастыруға;
      өз мәжiлiстерiнде кәсiпорындар мен ұйымдар басшыларының баяндамалары мен есептерiн тыңдауға;
      өз қарамақтарындағы көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпейтiн басшыларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тартуға ұсыныстар жасауға құқылы;
      4. Комиссия өз жұмысын комиссия төрағасы бекiткен жоспарға сәйкес жүргiзедi.Комиссия мәжiлiсi тоқсанына кемiнде 1 рет өткiзiледi. Комиссияның шешiмдерi хаттамада ресiмделедi және ұсыныстық сапта болады.
      5. Облыс әкiмi бiрiншi орынбасарының бөлiмi комиссия жұмысын ұйымдастыру техникалық жағынан қамтамасыз етедi.

Об утверджении областной комиссии по обеспечению безопасности на транспорте

Решение Акима Павлодарской области от 2 июля 1998 г. N 213 зарегистрировано управлением юстиции Павлодарской области 23.07.1998 г. за № 54. Утратило силу - решением Акима Павлодарской области от 8 июня 2007 года N 11.

       Сноска. Утратило силу - решением Акима Павлодарской области от 8 июня 2007 года N 11.

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 1998 года N 391 "Вопросы обеспечения безопасности на транспорте" и в целях снижения аварийности, повышения безопасной работы транспортного комплекса, выработки предложений по координации действии предприятий и организаций области по обеспечению безопасности на транспорте: 1. Образовать областную комиссию по обеспечению безопасности на транспорте (приложение 1). 2. Утвердить Положение об областной комиссии по обеспечению безопасности на транспорте (приложение 2). 3. Акимам городов и районов области:
      создать городские (районные) комиссии по обеспечению безопасности на транспорте, возложив функции председателя комиссии на заместителя акима - председателя городской (районной) комиссии по чрезвычайным ситуациям;
      разработать и осуществить комплекс мероприятий по снижению аварийности на транспорте, реконструкции и развитию уличной сети городов и поселков,содержанию в надлежащем состоянии технических средств регулирования дорожного движения. 4. Признать утратившими силу решения акима области от 24 июня 1996 года N 116 "Об областной комиссии по обеспечению безопасности дорожного движения" и от 13 апреля 1998 года N 125 "О внесении изменений в решение акима области от 24 июня 1996 года N 116". Аким области
Приложение 1
к решению Акима области от 2 июля 1998 г. N 213
 
 
                  Состав областной комиссии по обеспечению безопасности на транспорте Рюмкин А. В. - первый заместитель акима области, председатель комиссии Сержанов Б. К. - начальник управления по чрезвычайным ситуациям области, заместитель председателя комиссии Пчелинцев В. В. - начальник отдела управления дорожной полиции области, секретарь комиссии Члены комиссии: Альжанов М. И. - начальник управления дорожной полиции области Альханов М. М. - заместитель начальника департамента индустрии, транспорта и коммуникаций области Бондаренко Г. А. - генеральный директор акционерного общества "Павлодартранссервис" Бергер Н. Д. - президент акционерного общества "Речной порт" Жидилов Е. Ш. - начальник Павлодарского филиала "Астана темир жолы" Каирбаев М. М. - заместитель начальника управления внутренних дел области Малышкин А. С. - председатель областного совета профсоюзов (по согласованию) Погожев Ю. П. - директор акционерного общества открытого типа авиакомпании "Иртышавиа" Уразалинов А. Н. - заместитель областного военного комиссара
Приложение 2
к решению Акима области от 2 июля 1998 г N 213
 
ПОЛОЖЕНИЕ
 
 
                   Об областной комиссии по обеспечению
                      безопасности на транспорте
 
      1. Областная комиссия по обеспечению безопасности на транспорте (далее Комиссия) является консультативно-совещательным органом для выработки предложений по координации деятельности предприятий,организаций и учреждений,хозяйствующих субъектов, независимо от форм собственности, связанных с обеспечением безопасности на транспорте.
      2. Комиссия осуществляет свою деятельность по следующим направлениям:
      изучение и анализ причин аварийности на транспорте и разработка рекомендаций по повышению безопасности движения;
      определение приоритетов и содействие в разработке и реализации государственных и региональных программ, проектов и мероприятий по снижению аварийности на транспорте;
      содействие развитию материально-технических ресурсов и бюджетных ассигнований на приоритетных направлениях обеспечения безопасности на транспорте;
      разработка программ строительства и реконструкции автомобильных и железных дорог, аэропортов,речных портов,уличной сети городов и населенных пунктов, улучшения технических характеристик подвижного состава, внедрение современных технических средств регулирования движения на транспорте, повышения профессионального уровня водителей транспортных средств,обучения работников управления дорожной полиции и водителей транспортных средств оказанию первой медицинской помощи пострадавшим в дорожно-транспортных происшествиях;
      участие в подготовке предложений по внесению необходимых изменений и дополнений в действующее законодательство и нормативные акты Республики Казахстан по вопросам обеспечения безопасности на транспорте;
      изучение опыта предприятий и учреждений, общественных объединений по вопросам предупреждения распространения положений практики;
      анализ предложений хозяйствующих субъектов, общественных объединений и выработка рекомендаций по вопросам безопасности;
      содействие и обучение всех возрастных групп населения Правилам дорожного движения, пропаганде знаний по безопасности дорожного движения через средства массовой информации;
      изучение передового опыта по обеспечению безопасности на транспорте.
      3. Комиссия имеет право:
      запрашивать и получать от предприятий, организаций и учреждений данные, отражающие их деятельность по вопросам обеспечения безопасности на транспорте;
      организовать проведение проверок предприятий,организаций и учреждений, независимо от форм собственности, по вопросам обеспечения безопасности на транспорте;
      заслушивать на своих заседаниях доклады и отчеты руководителей предприятий и организаций по вопросам обеспечения безопасности на транспорте;
      вносить предложения о привлечении к дисциплинарной ответственности руководителей, не обеспечивающих безопасность на подведомственном транспорте, а также руководителей дорожных, коммунальных органов ответственных за содержание и эксплуатацию проезжей части улицы и автодорог.
      4. Комиссия проводит свою работу в соответствии с планом,утвержденным председателем комиссии.
      Комиссия. Заседания комиссии проводятся одного раза в квартал. Решения Комиссии оформляются в протокол и носят рекомендательный характер.
      5. Организационно-технической обеспечение работы комиссии осуществляет отдел первого заместителя акима области.