Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімінің 2007 жылғы 8 маусымдағы N 11 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы сәуiрдiң 28-дегi "Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi" N 391 Қаулысына сәйкес және жолдағы апаттарды азайту, көлiк кешенi жұмысының қауiпсiздiгiн арттыру және облыстағы кәсiпорындар мен көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ұсынымдар дайындау мақсатында
ШЕШIМ
қабылдаймын:
1. Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық комиссия құрылсын (1-қосымша).
2. Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық комиссияның Ережесi бекiтiлсiн (2-қосымша)
3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қалалық (аудандық) комиссияларды құрсын, комиссия төрағасының мiндетi әкiмнiң орынбасары қалалық (аудандық) төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссияның төрағасына жүктелсiн;
көлiк апатын азайту, қалалар мен поселкелердегі көшелер желiсiн қайта құру және дамыту, жолдағы жүрiс-тұрысты жөнге салатын техникалық құралдарды тиiстi түрде ұстау үшiн шаралар кешенiн дайындап, жүзеге асыратын болсын.
4. Облыс әкiмiнiң 1996 жылғы маусым айының 24-дегi "Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық комиссия туралы" N 116 және 1998 жылғы сәуiр айының 13-дегi "Облыс әкiмiнiң 1996 жылғы маусым айының 24-дегi N 116 шешiмiне өзгертулер енгiзу туралы" N 125 шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Облыс әкiмi
Облыс әкiмiнiң
1998 жылғы 2 шiлдедегi
N 213 шешiмiне 1-қосымша
Рюмкин А.В. облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары,
комиссия төрағасы
Сержанов Б.Қ. төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың
бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Пчелинцев В.В. облыс жол полициясы басқармасының
бөлiмiнiң бастығы,комиссия хатшысы
Комиссия мүшелерi:
Әлжанов М.И. облыс жол полициясы басқармасының бастығы
Әлханов М.М. индустрия,көлiк және коммуникациялар
департаментi бастығының орынбасары
Бондаренко Г.А. "Павлодар транссервис" АҚ бас директоры
Бергер Н.Д. "Өзен порты" АҚ президентi
Жидилов Е.Ш. "Астана темiр жолы" павлодардағы филиалының
бастығы
Қайырбаев М.М. облыстық iшкi iстер басқармасы
бастығының орынбасары
Малышкин А.С. кәсiподақтары облыстық кеңесiнiң
төрағасы (келiсу бойынша)
Погожев Ю.П. "Иртыш-Авиа" АҮАҚ директоры
Оразалинов А.Н. облыстық әскери комиссардың орынбасары
Облыс әкiмiнiң
1998 жылғы 2 шiлдедегi
N 213 шешiмiне 2-қосымша
Көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
жөнiндегi облыстық комиссия туралы ереже
1. Көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық комиссия (әрi қарай - Комиссия)көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуiмен байланысты меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсыныс жасайтын кеңес беру-кеңесу органы болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiн келесi бағыттар бойынша жүргiзедi:
көлiктегi авариялардың себептерiн зерделейдi және талдайды, қозғалыс қауiпсiздiгiн арттыру жөнiнде ұсынымдар дайындау;
көлiктегi аварияларды азайту жөнiндегi азайту жөнiндегi мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларды, шаралар мен жобаларды жасауда және iске асыруда басты мәселелердi анықтау және қамқорлық көрсету;
көлiкте жүру қауiпсiздiгiнiң басты бағыттарында материалдық-техникалық ресурстарды дамытуға және бюджеттiк қаржы бөлуге қамқорлық көрсету;
автомобиль және темiр жолдары,әуежайлар мен өзен порттарын, қалар мен елдi мекендердiң көше желiлерiн салу және қайта құру, жылжымалы құрамның техникалық көрсеткiштерiн жақсарту, көлiк қозғалысын реттейтiн бүгiнгi күннiң техникалық құралдарын iске қосу, көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң кәсiби деңгейлерiн арттыру, жол полициясы басқармасының қызметкерлерiн және көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн жол-көлiк уақиғаларында зардап шеккендерге бiрiншi дәрiгерлiк көмек көрсету бағдарламаларын жасауға қатысу;
Қазақстан Республикасының көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi қолданылып жүрген заң қағидаттары мен нормативтiк актiлерiне қажеттi өзгертулер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар дайындауға қатысу;
кәсiпорындар мен мекемелердiң, қоғамдық бiрлестiктердiң көлiк уақиғаларының алдын алу және оң тәжiрибенi тарату жөнiндегi тәжiрибелерiн зерделеу;
шаруашылық объекттердiң, қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын талдау, көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде ұсынымдар шығару;
барлық жатсағы тұрғындарға жол қозғалысы Қағидаларын үйретуге, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жол қозғалысы қауiпсiздiгi жөнiндегi бiлiмдердi насихаттауға қамқорлық көрсету;
көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi озат тәжiрибенi зерделеу;
3. Комиссия:
кәсiпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi қызметiн көрсететiн мәлiметтердi сұратуға және алуға;
меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде бақылау жүргiзуiн ұйымдастыруға;
өз мәжiлiстерiнде кәсiпорындар мен ұйымдар басшыларының баяндамалары мен есептерiн тыңдауға;
өз қарамақтарындағы көлiкте жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпейтiн басшыларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тартуға ұсыныстар жасауға құқылы;
4. Комиссия өз жұмысын комиссия төрағасы бекiткен жоспарға сәйкес жүргiзедi.Комиссия мәжiлiсi тоқсанына кемiнде 1 рет өткiзiледi. Комиссияның шешiмдерi хаттамада ресiмделедi және ұсыныстық сапта болады.
5. Облыс әкiмi бiрiншi орынбасарының бөлiмi комиссия жұмысын ұйымдастыру техникалық жағынан қамтамасыз етедi.