1993 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40, 41 баптарына, "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Заңының 3 бабына және "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" (Алматы қаласының мәртебесi туралы мәселе бойынша) Қазақстан Республикасы Заңының 1 тармағына сәйкес I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
2. I сайланған Алматы қалалық Мәслихатының "Жарнама үшiн салық туралы" 1995 жылғы 7 ақпандағы IV сессиясы Қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау ғылым, бiлiм, мәдениет, жастар саясаты, ұлтаралық қарым-қатынастар және дiн мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға жүктелсiн (Алдашев А.А.).
I сайланған Алматы
қалалық Мәслихаты
ХХII сессиясының төрағасы
I сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы
I сайланған
Алматы қалалық Мәслихатының
1998 жылғы 30 қыркүйектегi
ХХII сессиясының шешiмiне
қосымша
Алматы қаласында жарнама-ақпараттық
өнiмдi орналастыру
Ережесі
Осы Ереже Алматы қаласының аумағында көрнекi жарнаманы өндiруге, орналастыруға, таратуға байланысты қарым-қатынастарды реттейдi.
1. Осы Ережеде қолданылатын
негiзгi түсiнiктер
"c
ыртқы (көрнекi) жарнама"
- белгiленбеген тұлғалар және олардың қызығушылығын туғызуға немесе қолдауға арналған плакаттар, стенд, шамды табло, биллбордтар, транспаранттар, жарқағаздар мен басқа да заңды және жеке тұлғалар, тауарлар, идеялар мен бастамалар туралы жарнама мен ақпарат орналастыратын нысандар түрiнде таратылады. Өз меншiгi шеңберiнде орналастырылатын ғимарат, көлiк құралы не жер меншiк иесi болып табылатын кәсiпорын туралы және (не) ол өндiретiн тауарлар және ол көрсететiн қызметтер туралы жарнама-ақпараттық өнім сыртқы (көрнекі) жарнама болып табылмайды және төлем алынбайды. Басқа заңды немесе жеке тұлғалардың меншiк нысандарында орналастырылатын кез-келген қосымша сыртқы ақпарат (заңды немесе жеке тұлға туралы, олардың тауарлары, идеялары мен қызметтерi туралы) сыртқы (көрнекi) жарнамаға жатады.
"Жарнама берушi"- жарнаманы өндiруге, орналастыруға және одан әрi тарату үшiн жарнама ақпаратының көзi болып табылатын заңды және жеке тұлғалар.
"Жарнама таратушы"- мүлiктi, соның iшiнде техникалық құралдарды беру мен пайдалануды немесе басқа амалмен жарнамалық ақпаратты (жарнамалық бейненi) орналастыруды және таратуды iске асыратын заңды немесе жеке тұлға.
"Өкiлеттi орган"- жергiлiктi атқарушы өкiмет органы немесе ол өкiлдеген өзге тұлға.
сыртқы (көрнекі) жарнама жарнамалық бейнесі немесе жарнамалық бейнелері бар жарнамалық құрылғылар - жарнама - ақпараттық өнімдері (нысандары) түрінде таратылады:
- шатырдағы жарнама қондырғылар (газдыжарық, жарық, жарықсыз);
- қабырғалардағы, кронштейндердегi, жарық тұғырындағы газдыжарық және жарық жарнама қондырғылар;
- көлемдi-кеңiстiктi жарнама қондырғылар (шатырдағы, жеке тұрған);
- қалқанды жарнама қондырғысы (оның iшiнде жеке тұрған);
- жарнама стендiлер, витриналардағы жазулар мен бейнелер;
- вымпелдердегi, жұмсақ маталардағы жарнама;
- қоғамдық көлiк аялдамаларындағы, жарнама тумбаларындағы, қалалық ақпарат стендiлерiндегi және өзге осы мақсаттарға арналған орындардағы ақпараттық сипаттағы хабарландырулар, маңдайшалар, жазулар, көрсеткiштер (листовка, шағын плакат);
- маталардағы жарнама жазулар;
- әуе шарындағы жарнама;
- көлік құралдарының сыртқы жағындағы стационарлық жарнама;
- лазерлi жарнама қондырғылар (экранның тұтас бетiнде);
- лазерлi жарнама қондырғылар (экранның тұтас бетiнде) және жарнама-ақпарат өнiмiнiң өзге түрлерi.
Ескерту: 1 бап өзгертілді - Алматы қаласы Мәслихатының IІ сайланған ХХV сессиясының 2003 жылғы 11 маусымдағы шешімімен .
2.1. Жарнама оның үлгiсi немесе тарату құралын пайдаланудан тыс оны тiкелей беру негiзiнде арнайы күш-жiгермен бiлiмдарлықты жұмсамай немесе техникалық құралдарды пайдаланбай тек қана жарнама ретiнде қабылдануы тиiс.
2.2. Кәсiпорындар мен ұйымдардың және жарнама өнiмдерiнiң маңдайшалар мен ақпарат көрсеткiштерiнiң мәтiнi мiндеттi түрде қазақша және орысша тiлдерде берiлуi тиiс, ал егер де аталған кәсiпорынның белгiленген тәртiп бойынша логотипi, тауар марканы, тауар белгiсi мен атаулары шетелше жазылса, онда олар тиiстi құжатты көрсетiп түп-нұсқа түрiнде қосымша қолданыла алады.
Көрнекi ақпараттың барлық мәтiндерi мынадай тәртiппен берiледi:
сол жағы немесе жоғарыда - мемлекеттiк тiлiнде;
оң жағы немесе төменде - орыс тiлiнде, әрiптерi бiрдей көлемде жазылды.
Қажет болған жағдайда көрнекi ақпарат мәтiнi қосымша басқа тiлдерде берiлуi мүмкiн.
2.3. Қазақстан Республикасының заңымен айналымға тыйым салынбаған тауарларды жарнамалауға болмайды.
2.4. Жарнама азаматтарды күш көрсетуге, шапқыншылық пиғылға насихаттамауы тиiс, дабыра жасауға, сондай-ақ адамдардың денсаулығына қоршаған ортаға зиянын тигiзетiн қауiптi iс-қимылды оятуы тиiс емес.
2.5. Жарнама табиғат заңдарды бұзатын iс-қимылды насихаттамауы тиiс.
2.6. Жарнама ұлтына, ұлысына, адамдардың жынысына, тiлiне, дiни сенiмiне, ойшыл, саяси және өзге танымына қатысты тiл тигiзу жолымен жалпы қабылданған әдептiлiк заңына бұзатын мәтiндiк, көрнекi ақпараттың мазмұнды қолданбауы тиiс.
2.7. Жарнама әлемдiк немесе ұлттық мәдени жетiстiктi құрайтын өнер шоғырын, мемлекеттiк рәмiздердi (елтаңба, жалау, әнұран), қандай да болмасын мемлекеттiң валютасын, дiни рәмiздердi, қандай да болмасын жеке немесе заңды тұлғаны, қызметтi, мамандықты және тауарды кемсiтпеуi тиiс.
2.8. Темекi өнiмдерiнiң жарнамасы барлық жағдайда шылым шегудiң зияндығын ескерте отырып берiлуi тиiс.
2.9. Жарнама-ақпараттық өнiм мiндеттi түрде уақыттың кешкi және түнгi мезгiлiнде жарық берудiң барлық талаптарын орындай отырып сыртқы немесе iшкi жарық көзiн пайдалана отырып берiлуi тиiс.
3. Жарнама-ақпараттық өнiмдi
орналастыру тәртiбi
3.1. Алматы қаласының аумағындағы ақпарат-жарнама өнiмiн орналастыру өкiлеттi органның рұқсатымен жүргiзiледi.
3.2. Рұқсат беруге негiз жарнама берушiнiң көрнекi жарнамасының көркемдiк берiлу объектiсiнiң түстi шешiмi, объектiнiң орналасу орнының сұлбасы болып табылады. Өкiлеттi орган аталған құжаттарды алысымен 15 күннiң iшiнде оны қарап шығып жарнама өнiмiн орналастыруға рұқсат беру немесе бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
3.3. Егер де жарнама берушiге құжаттар толықтыруға қайтарылып берiлсе, оны қарау мерзiмi ұзартылады.
3.4. Жарнама-ақпарат өнiмдерiн орналастыруға рұқсат беруге 30 күн уақыт берiледi. Егер де осы мерзiм iшiнде жарнама iлiнбесе, онда шешiм күшiн жояды да басқа тапсырыс берушiге белгiленген тәртiп бойынша рәсiмделедi. Рұқсат беру мерзiмiн өкiлеттi орган технологиялық себептерге байланысты ұзартуы мүмкiн.
3.5. Сыртқы (көрнекi) жарнама үшiн ақының мөлшерлемелерi ҚР "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да төлемдер туралы"
Кодекске
сәйкес алынады.
Ескерту: 3.5 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы Мәслихатының IІ сайланған ХХV сессиясының 2003 жылғы 11 маусымдағы
шешімімен
.
3.6. Қаланың көшелерi, алаңдары және жасыл жайлары жарнама-ақпарат өнiмдерiнiң дәрежелерi бойынша бөлiнедi. Олардың ретiн жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.
3.7. Мәдениет ескерткiш, салт-дәстүр, рәсiм, мәдени үйлер мен ғимараттар тұрған табиғи кешенiмен қорғалатын аумақтарда жарнама-ақпараттарын орналастыруға рұқсатты мәдениет, экология және биоресурстар басқармасының келiсiмi бойынша өкiлеттi орган бередi.
3.8. Осы ереженi бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкiмшiлiк заңдарына сәйкес жауапкершiлiк жүктеледi.
I сайланған Алматы
қалалық Мәслихаты
ХХII сессиясының төрағасы
I сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы