Тұрғын үй департаментінде көрсетілетін қызметтер үшін алынатын ақыларды ретке келтіру шаралары туралы

Алматы қаласы әкiмiнiң шешiмi 1998 жылғы 03 қарашадағы N 1076 Алматы қалалық Әділет басқармасымен 1999 жылғы 02 мамырда N 52 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 2006 жылғы 7 наурыздағы N 33 шешімімен

      Алматы қаласы Әкімі аппаратының Тұрғын үй департаменті бюджеттен қаржыландыратын қалалық қызметтер тізімінде, бірақ барлық шығындар ақылы қызмет көрсету есебінен және 1994 жылғы 23 қыркүйектегі депутаттардың қалалық мәслихат-жиналысының екінші сессиясында қабылданған ордерді беру жиыны туралы Ережесіне сәйкес ордерді рәсімдеуден түскен ақшамен, көрсетілетін қызмет ақысымен жабылады. 
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы "Жергілікті және орталық атқару органдарының қызмет көрсетуіне ақы төлеуді реттеу шаралары туралы"  P961745_  және "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 3928 Жарлығын жүзеге асыру туралы"  P980651_  Қаулыларына сәйкес Тұрғын үй департаментінің ақылы қызметін Мемлекеттік Тіркеуге енгізу үшін, Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының мәртебесі туралы"  U973698_  Заңын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімі 
                        Шешім қабылдады: 
      1. Мына қызметтер үшін ақы алу ретке келтірілсін: 
      - пәтер құқығын заңдастыруға қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін (ордер, жекеменшік құқығындағы куәлік, пәтерді жекешелендіру туралы шарт) төленетін ақы сол төленетін тұстағы ең аз еңбекақының 2 еселенген мөлшерінде болады, оның 50 проценті Департамент шығындарына жұмсалады, 50 проценті қалалық бюджеттің кіріс бөлігіне аударылады; 
      - қалалық табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетімен келіскен соң, қосымша қызмет көрсету үшін. 
      2. Тұрғын үй департаментіне (Ш.Бекбатыров) құқығын заңдастыратын құжаттарды рәсімдеу үшін ақы алуға және қосымша қызмет көрсетуге рұқсат етілсін. 
      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары М.Дұлқайыровқа жүктелсін. 

 
      Алматы қаласының Әкімі 

О мерах по упорядочению взимания платы за услуги в Департаменте жилья

Решение Акима г. Алматы от 3 ноября 1998 г. N 1076. Зарегистрировано управлением юстиции г.Алматы 02.05.1999 г. за N 52. Утратило силу решением Акима города Алматы от 7 марта 2006 года N 33

 
      Департамент жилья аппарата Акима города входит в перечень городских служб, подлежащих бюджетному финансированию, однако все расходы покрываются за счет оказания платных услуг и отчислений от сборов за оформление ордеров, утвержденных Положением о сборе за выдачу ордера, принятом на второй сессии городского маслихата-собрания депутатов 23 сентября 1994 года, и оказываемые услуги. 
      В соответствии с Постановлениями Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1996 года " О мерах  по упорядочению взимания платы за услуги, оказываемые центральными и местными исполнительными органами" и от 9 июля 1998 года " О реализации  Указа Президента РК от 27 апреля 1998 года N 3928" для включения в Государственный Регистр платных услуг Департамента жилья, руководствуясь Законом РК " О статусе  города Алматы", Аким города Алматы 
                        Р Е Ш И Л : 
      1. Урегулировать взимание оплаты: 
      - за оформление правоустанавливающих документов на квартиру (ордер, свидетельство на право собственности, договор о приватизации квартиры) в размере 2-кратной минимальной заработной платы на момент уплаты, при этом 50 процентов сбора направляется на расходы Департамента, 50 - перечисляются в доход городского бюджета; 
      - за оказание дополнительных услуг при согласовании с городским Комитетом по регулированию естественных монополий и защите конкуренции. 
      2. Разрешить Департаменту жилья (Ш.Бекбатыров) взимать оплату за оформление правоустанавливающих документов и оказание дополнительных услуг. 
      3. Контроль за исполнением данного решения возложить на заместителя Акима города М. Дулкаирова. 

 
      Аким города Алматы