Алматы қаласы Әкімі аппаратының Тұрғын үй департаменті бюджеттен қаржыландыратын қалалық қызметтер тізімінде, бірақ барлық шығындар ақылы қызмет көрсету есебінен және 1994 жылғы 23 қыркүйектегі депутаттардың қалалық мәслихат-жиналысының екінші сессиясында қабылданған ордерді беру жиыны туралы Ережесіне сәйкес ордерді рәсімдеуден түскен ақшамен, көрсетілетін қызмет ақысымен жабылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы "Жергілікті және орталық атқару органдарының қызмет көрсетуіне ақы төлеуді реттеу шаралары туралы"
P961745_
және "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 3928 Жарлығын жүзеге асыру туралы"
P980651_
Қаулыларына сәйкес Тұрғын үй департаментінің ақылы қызметін Мемлекеттік Тіркеуге енгізу үшін, Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының мәртебесі туралы"
U973698_
Заңын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімі
Шешім қабылдады:
1. Мына қызметтер үшін ақы алу ретке келтірілсін:
- пәтер құқығын заңдастыруға қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін (ордер, жекеменшік құқығындағы куәлік, пәтерді жекешелендіру туралы шарт) төленетін ақы сол төленетін тұстағы ең аз еңбекақының 2 еселенген мөлшерінде болады, оның 50 проценті Департамент шығындарына жұмсалады, 50 проценті қалалық бюджеттің кіріс бөлігіне аударылады;
- қалалық табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетімен келіскен соң, қосымша қызмет көрсету үшін.
2. Тұрғын үй департаментіне (Ш.Бекбатыров) құқығын заңдастыратын құжаттарды рәсімдеу үшін ақы алуға және қосымша қызмет көрсетуге рұқсат етілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары М.Дұлқайыровқа жүктелсін.