Ескерту: Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 25 ақпандағы N 13 қаулысымен.
-------------Қаулыдан үзінді----------------
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерін»"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы қаулының қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. ...
1) ...
2) ...
4. ...
5. ...
Ұлттық Банк Төрағасы
Дұрыс:
ҚРҰБ Басқармасының және
Директорлар кеңесінің
хатшысы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2008 жылғы 25 ақпандағы
N 13 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
күші жойылды деп танылатын нормативтік
құқықтық актілерінің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының» "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сату туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 54 қаулысы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 2 сәуірде N 724 тіркелген,»"Казахстанская правда" газетінде 1999 жылғы 6 сәуірде N 63 (22780) жарияланған).
2. ...
3. ...
4. ...
5. ...
___________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына және "Валюталық реттеу туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң»Басқармасы қаулы етеді :
Ескерту: Кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 23 желтоқсандағы N 183 қаулысымен .
1. Ұсынылып отырған Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы нұсқаулық бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының»Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы күшiне енген кезден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң»Директораты мәжiлiсiнiң 1994 жылғы 11 наурыздағы N 5 хаттамасымен бекiтiлген Кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, ұйымдардың тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан түскен валюта түсiмiнiң» 50%-iн Қазақстан банкаралық валюта биржасы арқылы мiндеттi түрде сату тәртiбi туралы нұсқаулықтың»күшi жойылды деп танылсын.
3. Заң департаментi (Сизова С.И.):
1) осы қаулыны және Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн;
2) осы қаулыны және бекiтiлген Нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
4. Мерзiмдi басылымдар және iскерлiк ақпарат бөлiмi (Байменов Х.Қ.) осы қаулыны және Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы нұсқаулықты республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының»Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.З.Нәлiбаевқа жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 28 наурыздағы
N 54 қаулысымен бекiтiлген
"Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен
түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы"
Нұсқаулық
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына және "Валюталық реттеу туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалды және оларды меншiк түрiне қарамастан барлық заңды тұлғалардың (бұдан әрi "ұйымдар" деп аталады) тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан (бұдан әрi "өнiм экспорты" деп аталады) түскен валюта түсiмiн мiндеттi түрде сату тәртiбiн белгiлейдi.
Осы тәртiп еркiн айналымдағы және басқа шетел валюталарындағы экспорттық түсiмнiң»бөлiгiн мiндеттi түрде сатуда қолданылады, оның тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) бекiтедi.
Ескерту: Кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 23 желтоқсандағы N 183 қаулысымен .
1. Жалпы ережелер
1. Мiндеттi түрде сатуға жататын тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан түскен шетел валютасындағы түсiм мөлшерi, шетел валюталарының»тiзбесiн және мiндеттi түрде сату тәртiбiн енгiзу күнi Ұлттық Банк Басқармасының» қаулысымен белгiленедi және қаулы қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
2. Ұйымдар iшкi валюта рыногындағы экспорттық валюта түсiмiнiң» бөлiгiн уәкiлеттiк берiлген банктер арқылы мiндеттi түрде сатады. Уәкiлеттi банктер экспорттық валюта түсiмiнiң бөлiгiн банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - валюта биржасы) жүргiзетiн сауда-саттыққа қатысу жолымен сатады.
Валюта биржасының мүшесi болып табылмайтын уәкiлеттi банк осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес экспорттық валюта түсiмiн сатуды жүзеге асыратын, валюта биржасына сауда-саттыққа жiберiлген банкпен тиiстi шарт жасасу жолымен экспорттық валюта түсiмiн (өз түсiмiн де, клиенттердiң түсiмiн де) сатады.
Ескерту: 2-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.04.16. N 74 қаулысымен .
3. Өнiм экспорты үшiн, оның ішінде резиденттердің Қазақстан Республикасының аумағында резидент еместерге тауарларды (жұмыс, қызмет) сатудан түскен төлем ретiнде алынған шетел валютасы, сондай-ақ Ұлттық Банктiң лицензияларына сәйкес бөлшек сауданы жүзеге асыратын ұйымдардың валюта түсiмi және қолма-қол шетел валютасы үшiн қызмет көрсету, экспорттық валюта түсiмiне (бұдан әрi - валюта түсiмi) жатады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiне консигнацияға алынған тауарлар сатылған жағдайда, консигнант-ұйым алған шетел валютасындағы комиссиялық сома мiндеттi түрде сатылуға тиiс.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.04.16. N 74 қаулысымен , 1999.05.20. N 121 қаулысымен .
4. Шетел валютасындағы мынадай түсiмдер валюталық түсiмге жатпайды:
4.1. Инвестиция түрiндегi түсiмдер (кредиттердi қоса) және олардан түскен кiрiстер:
- жарғы капиталының жарналары;
- алынған кредиттер, шарттарында негiзгi борышты және сыйақыны (мүдденi) тауармен (жұмыспен, қызметпен) өтеу мүмкiндiгi көзделген кредиттерден басқасы, сондай-ақ меншiк құқығы кредиторға не үшiншi адамға кепiл ретiнде өткен жағдайда, кепiлге берiлетiн кредиттер;
- Қазақстан Республикасының банктерi берген кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) алу;
- Қазақстан Республикасының банктерi берген ұйымдар көрсеткен қаржы көмегін қайтару кредиттер бойынша негiзгi сомаларды өтеу;
- борыштық және басқа бағалы қағаздарды сатудан түскен түсiмдер;
- сатып алынған бағалы қағаздарды өткiзуден және өтеуден түскен түсiмдер;
- сатып алынған бағалы қағаздар бойынша басқа кiрiстер;
- дивидендтер, бөлiнген кiрiстер;
- депозитке орналастырылатын қаражат;
- орналастырылған депозиттерден алынған кiрiстер.
Ескерту: 4.1-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1999.05.20. N 121 қаулысымен .
4.2. Қайырымдылық мақсаттарына арналған қайырмалдық түрiнде түскен түсiмдер.
4.3. Қазақстан Республикасының»iшкi валюта рыногында сатып алынған шетел валютасы.
4.4. Консигнацияға алынған импорт тауарларын сатудан түскен шетел валютасы, сондай-ақ көрсеткен қызметі үшін агенттік келісімдер бойынша алынған шетел валютасы бұған саудадағы үстеме баға кiрмейдi.
Ескерту: 4.4-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.04.16. N 74 қаулысымен .
4.5. Шетел валютасымен мынадай операциялар жүргiзуден:
- банктердiң»бұрын шетел валютасымен сатып алынған тазартылған алтынды сату бойынша операциялардан;
- овердрафттан (төлем көлемi клиент есепшотындағы қаражат қалдығынан асқан жағдайда, банк беретiн қысқа мерзiмдi кредит);
- форекс операцияларынан (iшкi және сыртқы валюта рыноктарында шетел валютасын теңгеге де және басқа шетел валютасына сатып алу) түскен түсiмдер;
- Қазақстан Республикасының резидент еместерiн сақтандыру жөнiндегi сақтандыру ұйымдарының операцияларынан, сондай-ақ шетелдiк сақтандырушылармен (қайта сақтандырушылар мен) қайта сақтандыру операцияларынан.
Ескерту: 4.5-тармаққа толықтыру, өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.04.16. N 74 қаулысымен , 1999.05.20. N 121 қаулысымен .
5. Ұйымдар валюта түсiмiнiң»барлық сомасынан сатылуға тиiстi валюта түсiмi бөлiгiнiң»есебiн жүргiзедi.
6. Қазақстан Республикасының»Ұлттық Банкi алған, сондай-ақ көлемi 100 миллион АҚШ долларынан кем болмайтын аса маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң»шешiмiне сәйкес шетелдiк инвестордың»және мемлекет уәкiлдiк берген заңды тұлғаны»немесе мемлекеттiк органның»қатысуымен құрылған заңды тұлғалардың - резиденттердiң» шетел валютасы мiндеттi түрде сатуға жатпайды.
2. Ұйымдардың валюта түсімін
міндетті түрде сату тәртібі
7. Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшiн уәкiлеттi банктерде:
- шетел валютасымен толық көлемдегi түсiмдердi есепке алу үшiн транзиттiк валюта есепшоты;
- валюта түсiмiн мiндеттi түрде сатқаннан кейiн ұйымның қарамағында қалған қаражат есебiн жүргiзуге арналған ағымдағы валюта есепшоты (егер ұйымдарда валюта есепшоты болмаған жағдайда) қатар ашылады.
Ұйымдар алған шетел валютасы, түскен соманы теңестiретiн төлем құжаттарының деректемелерi, оның iшiнде нақты мәмiле паспорты бойынша:
- егер ол валюта түсiмiне жататын болса, ұйымның транзиттiк валюта есепшотына;
- осы Нұсқаулықтың 4-тармағында аталған басқа жағдайларда ағымдағы валюта есепшотына мiндеттi түрде есептелуге тиiс.
Уәкiлеттi банк ұйымдар алған шетел валютасын, түскен соманы теңестiретiн төлем құжаттарының деректемелерiн, оның iшiнде ұйымнан түскен сома туралы хабар алған уақытпен қатар нақты мәмiле паспорты бойынша транзиттiк есепшотқа есептейдi. Ұйым банктен жазбаша хабар алғаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде контрактiнiң (келiсiмнiң, шарттың) деректемелерiн және мәмiле паспортының номерiн көрсете отырып түскен соманың сипаты жөнiнде банктi хабардар етуге, сондай-ақ уәкілеттi банкке валюта түсiмiнің бөлiгiн мiндеттi түрде сатуға және валюта түсiмiнің қалған бөлiгiн ағымдағы валюталық есепшотқа аудару туралы тапсырма беруге мiндеттi.
Уәкiлеттi банк түскен соманы теңестiргеннен кейiн келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей валюта түсiмiн ұйымның транзиттiк валюта есепшотына есептейдi, басқа түсiмдердi ұйымның ағымдағы валюталық есепшотына есептейдi.
Егер шетел валютасымен теңестiрiлген түсiмдер басқа банктер ресiмдеген контрактiлерге, мәмiле паспортына жатқызылған жағдайда, уәкiлеттi банк көрсетiлген соманы тиiстi банкке аударады.
Ұйым шетел валютасымен түскен соманың сипаты туралы жазбаша түсiнiктеме бермегенде, валюталық бақылау агентi болып саналатын уәкiлеттi банк, банктiк транзиттiк валюта есепшотына шетел валютасымен түскен түсiмдердi есептеген күннен бастап 5 жұмыс күнi өтiсiмен шетел валютасымен түскен түсiмдердің бөлiгiн валюта биржасының кезектi саудасында ерiксiз сатады, бұл жөнiнде ұйымға хабарлайды. Сонымен бiрге мiндеттi түрде сатудан кейiн шетел валютасының сомасы және баламасы сатылған шетел валютасына тең теңгемен қалған сома, олардың жай-жапсарын анықтағанға дейiн банктің транзиттiк есепшотына есептеледi.
Валюта түсiмi қолма-қол шетел валютасымен түскенде, ұйым барлық қолма- қол шетел валютасын уәкiлеттi банкке өткiзуге мiндеттi. Банк салынған қаражатты ұйымның транзиттiк валюта есепшотына есептейдi және валюта түсiмнiң бөлiгiн iшкi валюта рыногындағы валюта биржасында сатуды жүзеге асырады.
Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.04.16. N 74 қаулысымен , 1999.05.20. N 121 қаулысымен .
8. Транзиттiк валюта есепшотынан валюта түсiмiн мiндеттi түрде сатуды және оның қалған бөлiгiн ұйымдардың»ағымдағы валюта есепшотына есептеп жазуды валюта түсiмi өз пайдасына түскен ұйымның тапсырмасы бойынша уәкiлеттi банктер жүзеге асырады.
9. Ұйымның транзиттiк валюта есепшоты есебiне валюта түсiмiн есептеп жазу барысында уәкiлеттi банктер осы Нұсқаулықтың N 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей бұл туралы электронды байланыс құралдарымен (телекс, телефакс, телефонограмма, электронды почта және басқалармен) ұйымға хабарлайды.
10. Ұйым аталған хабарламаны алғаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi банкке валюта түсiмiн мiндеттi түрде сатуға және сонымен бiр уақытта валюта түсiмiнiң»қалған бөлiгiн өзiнiң»ағымдағы валюта есепшотына аудару туралы тапсырма беруге мiндеттi.
11. Уәкiлеттi банк ұйымнан аталған валютаны сатуға тапсырма алғаннан кейiн мiндеттi түрде сатылуға тиiс шетел валютасының»бөлiгiн валюта биржасында сатылған күнгi сауда нәтижесiнде анықталған биржа бағамы бойынша келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей сатады.
Уәкiлеттi банк клиенттiң валюта түсiмiн мiндеттi түрде сатудан түскен қаражатын бұл қаражат уәкiлеттi банктiң корреспонденттiк есепшотына түскен күнi сатушы-ұйымның банктiк есепшотына теңгемен есептейдi. Қаражат банктiң» операция күнi аяқталғаннан кейiн теңгемен түссе, есептеу келесi операция күнi жүргiзiледi.
Теңгемен жүргiзiлетiн банктiк есепшот басқа банкте болған жағдайда, уәкiлеттi банк клиенттiң валюта түсiмiн мiндеттi түрде сатудан теңгемен түскен қаражатын клиенттiң банкiне теңгемен аударуды осы тармақтың екiншi азатжолында белгiленген мерзiмiнде, клиенттiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.
12. Ұйым осы Нұсқаулықтың»10-тармағында көрсетiлгендей уәкілетті банкке шетел валютасымен түскен күннен бастап 5 жұмыс күн iшiнде тапсырманы ұсынбаса, валюталық бақылау агентi болып міндетті түрде сатылуға тиісті валюта түсімінің бір бөлігін, бес жұмыс күні ішінде валюта биржасында сатады, ол туралы экспортердің ұйымына хабарлайды.
Ескерту: 14-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.04.16. N 74 қаулысымен , 1999.05.20. N 121 қаулысымен .
13. Уәкiлеттi банктер бiр жұмыс күнi iшiнде Ұлттық Банк ұсынған тиiстi валютаның теңгеге, бiрақ мәмiле жасалатын күнi белгiленген ресми бағамнан жоғары емес бағамы бойынша экспорттық түсiмдi Ұлттық Банкке мынадай жағдайда сатуға мiндеттi:
- валюта биржасында қатарынан бес жұмыс күнi бойы сауда-саттық болмаған жағдайда;
- егер валюта түсiмi валюта биржасында қатарынан бес жұмыс күнi бойы сатылмаса.
Валюта қаражатын Ұлттық Банктiң валюталық корреспонденттiк есепшотына есептеу туралы корреспондент-банктен телекс немесе СВИФТ бойынша хабар алғаннан кейiн, Ұлттық Банк келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi банктiң корреспонденттiк есепшотына теңге баламасымен есептейдi.
Мөлшерi лот қалыптастыруға мүмкiндiк бермейтiн валюта түсiмi түскен жағдайда уәкiлеттi банк есепшотты өз валюта қаражаты есебiне не валюта түсiмi транзиттiк есепшотқа есептелгеннен кейiн соңғы 5 жұмыс күнi iшiнде түскен валюта түсiмi есебiнен толықтыруға құқылы және валюта түсiмiн валюта биржасында 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей сатуды жүзеге асырады.
Ұлттық Банк шетел валютасын сатып алудан бас тартқан жағдайда не осы валютаның сомасы валюта биржасында сату үшiн лот қалыптастыра алмаса уәкiлеттi банктер екi жұмыс күнi iшiнде валюта түсiмiн банкаралық биржадан тыс валюта рыногында сатуға, не валюта түсiмiн экспортер - ұйыммен келiсiлген бағам бойынша өз бетiнше сатып алуға мiндеттi.<*>
Ескерту: 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.04.05. N 63 қаулысымен , 1999.04.16. N 74 қаулысымен .
14. Уәкiлетттi банктер транзиттiк валюта есепшоттарындағы қалдықтар бойынша сыйақы (мүдде) есептемейдi.
Комиссиялық алым валюталық биржада бекiтiлген жалпы тәртiпке сәйкес валюта биржасының»пайдасына төленедi.
Шетел валютасын сатып алушылардан комиссиялық сыйақыны өндiрiп алу мөлшерiн және тәртiбiн валюталық биржаның»өзi белгiлейдi.
14.1. Уәкiлеттi банктер белгiленген мерзiмде осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес Ұлттық Банкке есеп бередi.
Ескерту: 14.1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.04.16. N 74 қаулысымен .
3. Бақылау және жауапкершілік
15. Уәкiлеттi банктер мiндеттi түрде сатылуға тиiстi валюта түсiмiнiң ұйымның транзиттiк есепшотына мiндеттi түрде және дер кезiнде есептелуi, сондай-ақ оның дер кезiнде сатылуы және тиiстi есеп айырысу жүргiзiлуi үшiн қолданылып жүрген заңға сәйкес жауап бередi.
Ұйымдар осы Нұсқаулық талаптарын бұзғаны үшiн қолданылып жүрген заңға сәйкес жауап беретiн болады.
Заңды тұлғалардың»және уәкiлеттi банктердiң лауазымды адамдары осы Нұсқаулықты бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының»заң актiлерiне сәйкес жауап бередi.
Төраға
Тауар (жұмыс, қызмет)
экспортынан шетел
валютасымен түскен
түсiмдi мiндеттi түрде
сату туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі
басқармасының 1999.05.20. N 121 қаулысымен , 2004 жылғы
23 желтоқсандағы N 183 қаулысымен .
Банкке __________________________________ Сіздің ұйымның пайдасына
(күні, айы, жылы)
________________________________________ сомасындағы қаражат түсті,
(валютамен: сандармен және жазумен)
ол біздің банктегі Сіздің N _____ шотқа есепке алынды. Банкке 2
жұмыс күні ішінде экспорттық валюта түсімін міндетті сатуды және
қалған соманы Сіздің ағымдағы валюта шотына есепке алуды жүзеге
асыруға тапсырма ұсынуды сұраймыз.
Сіздің ұйым валюта биржасында валюта сатуға тапсырма
ұсынбаған кезде банкке түскен күннен бастап 5 жұмыс күні өткеннен
кейін уәкілетті банк валюталық бақылау агенті ретінде Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы
N 54 қаулысымен бекітілген Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел
валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы нұсқаулықтың
12-тармағына сәйкес валюта түсімінің бір бөлігін міндетті түрде
сатуды жүзеге асырады.
Уәкілетті банктің
жауапты орындаушысы
Мөрдің орны Қолы
Тауар (жұмыс, қызмет)
экспортынан шетел
валютасымен түскен
түсiмдi мiндеттi түрде
сату туралы нұсқаулыққа
2-қосымша
Ескерту: N 2 қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 1999.04.16. N 74 қаулысымен .
Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі
басқармасының 1999.05.20. N 121 қаулысымен , 2004 жылғы
23 желтоқсандағы N 183 қаулысымен .
есеп беру нысаны - апта сайын
келесі аптаның 2-жұмыс
күнінен кешіктірмей
_____ жылғы "__" бастап "__" дейінгі _______________
есепті аптада түскен валюталық түсімнің сомалары туралы
Мәліметтер
мың валюта бірлігімен
N |
Валюта түрі |
Ағымдағы кезеңде |
Міндетті түрде |
||
бірегей- |
ұйымның |
өткен |
есепті |
||
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
1 |
Ағылшын фунт |
||||
2 |
АҚШ доллары |
||||
3 |
Еуро |
||||
4 |
Швейцар франкі |
||||
5 |
Жапон йенасы |
||||
6 |
Ресей рублі |
||||
7 |
Басқалары |
||||
8 |
Қазақстан Респу- |
кестенің жалғасы
Сатылған валюталық түсімнің сомасы |
Ұйымның |
||||
барлығы |
валюта |
биржадан тыс |
|||
өткен |
есепті |
оның |
басқа- |
||
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
2-Қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау
Бағанның |
Мақсаты |
I |
Реті бойынша нөмірі |
II |
Валютаның атауы |
III |
Ұйымдар алатын шетел валютасындағы сомалар, |
IV |
Есепті кезеңде түскен бірегейлендірілген |
V |
Өткен кезеңдердің валюта түсімінің сатылмаған |
VI |
Осы кезеңде түскен таза валюта түсімінің |
VII |
Сатылған, өткен кезеңдерде түскен және сатылмаған |
VIII |
Есепті кезеңде түскен, нақты сатылған түсімнің |
IX |
Түскен уақытына қарамастан есепті кезеңде валюта |
X |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынған |
XI |
Коммерциялық Банкке нақты сатылған түсімнің, оның |
XII |
Валюталық түсімнің толық көлемінің 50% міндетті |