Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 54 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 23 желтоқсандағы N 183 қаулысы. Қазастан Республикасының Әділет министрілінде 2005 жылғы 26 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3391. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 25 ақпандағы N 13 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 25 ақпандағы N 13 қаулысымен.

---------------Қаулыдан үзінді----------------

      «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерін»"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы қаулының қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. ...
      1) ...
      2) ...
      4. ...
      5. ...

      Ұлттық Банк Төрағасы

      Дұрыс:
      ҚРҰБ Басқармасының және
      Директорлар кеңесінің
      хатшысы

                                 Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2008 жылғы 25 ақпандағы   
N 13 қаулысына қосымша    

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
күші жойылды деп танылатын нормативтік
құқықтық актілерінің
тізбесі

      1. ...
      2. ...
      3. ...
      4. ...
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сату туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 54 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 23 желтоқсандағы N 183 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 26 қаңтарда N 3391 тіркелген,»"Официальная газета" газетінде 2005 жылғы 12 наурызда N 11 (220) жарияланған).
___________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 54  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 724 тіркелген, 1999 жылғы 6 сәуірде "Казахстанская правда" газетінде N 63 (22780), 1999 жылғы 15-28 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарының N 6 (150) жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 63  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 728 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 16 сәуірдегі N 74  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 734 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 20 мамырдағы N 121  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 809 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:

     кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы  Заңына " деген сөздермен ауыстырылсын;

     көрсетілген қаулымен бекітілген Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы нұсқаулықта:
     кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы  Заңына " деген сөздермен ауыстырылсын;

     N 1 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

                                           "Тауар (жұмыс, қызмет) 
                                             экспортынан шетел
                                             валютасымен түскен
                                           түсiмдi мiндеттi түрде
                                          сату туралы нұсқаулыққа
                                                  1-қосымша

Банкке __________________________________ Сіздің ұйымның пайдасына
              (күні, айы, жылы)
________________________________________ сомасындағы қаражат түсті,
 (валютамен: сандармен және жазумен)

ол біздің банктегі Сіздің N _____ шотқа есепке алынды. Банкке 2
жұмыс күні ішінде экспорттық валюта түсімін міндетті сатуды және
қалған соманы Сіздің ағымдағы валюта шотына есепке алуды жүзеге
асыруға тапсырма ұсынуды сұраймыз.
     Сіздің ұйым валюта биржасында валюта сатуға тапсырма
ұсынбаған кезде банкке түскен күннен бастап 5 жұмыс күні өткеннен
кейін уәкілетті банк валюталық бақылау агенті ретінде Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы
N 54 қаулысымен бекітілген Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел
валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы нұсқаулықтың
12-тармағына сәйкес валюта түсімінің бір бөлігін міндетті түрде
сатуды жүзеге асырады. 

     Уәкілетті банктің
     жауапты орындаушысы

     Мөрдің орны                                     Қолы";

     N 2 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

                                           "Тауар (жұмыс, қызмет) 
                                             экспортынан шетел
                                             валютасымен түскен
                                            түсiмдi мiндеттi түрде
                                           сату туралы нұсқаулыққа
                                             2-қосымша есеп беру
                                             нысаны - апта сайын
                                            келесі аптаның 2-жұмыс
                                              күнінен кешіктірмей

       _____ жылғы "__" бастап "__" дейінгі _______________
     есепті аптада түскен валюталық түсімнің сомалары туралы

                       Мәліметтер
                                            мың валюта бірлігімен

N

Валюта түрі

Ағымдағы кезеңде
түскен шетел
валютасының сомасы

Міндетті түрде
сатылатын валю-
талық түсімнің
сомасы

бірегей-
лендіріл-
меген
соманы
Банктің
транзиттік
шотына

ұйымның
тран-
зиттік
шотына

өткен
кезең-
дерде
түскен,
бірақ
сатыл-
маған

есепті
кезеңде
түскен

I

II

III

IV

V

VI

1

Ағылшын фунт
стерлингі 

 

 

 

 

2

АҚШ доллары

 

 

 

 

3

Еуро

 

 

 

 

4

Швейцар франкі

 

 

 

 

5

Жапон йенасы

 

 

 

 

6

Ресей рублі

 

 

 

 

7

Басқалары

 

 

 

 

8

Қазақстан Респу-
бликасы Ұлттық
Банкінің шетел
валюталарының
орташа бағамына
қайта есептеу
бойынша мың АҚШ
долларындағы
барлығы 

 

 

 

 

кестенің жалғасы

Сатылған валюталық түсімнің сомасы

Ұйымның
ағымдағы
валюталық
шотына
есепке
алынған
валюта
сомасы

барлығы

валюта
биржа-
сында
сатыл-
ғаны

биржадан тыс
сатылғаны

өткен
кезеңдерде
түскеннен,
бірақ
сатыл-
маған

есепті
кезеңде
түс-
кеннен

оның
ішінде
Ұлттық
Банкке

басқа-
ларына

VII

VIII

IX

X

XI

XII

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              2-Қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау

Бағанның
N

Мақсаты

I          

Реті бойынша нөмірі

II         

Валютаның атауы

III        

Ұйымдар алатын шетел валютасындағы сомалар,
түскен төлемдерді бірегейлендіруге мүмкіндік
бермейтін, оның ішінде келісім-шарттар бойынша
түсімдерді қоспағанда мәміленің нақты паспорты
бойынша, төлем құжаттарының, басқа банктер ресім-
деген, тиісті банктерге аударылатын мәмілелердің
паспортының деректемелері көрсетіледі.

IV         

Есепті кезеңде түскен бірегейлендірілген
валюта түсімінің сомалары.

V          

Өткен кезеңдердің валюта түсімінің сатылмаған
бөлігінің осы есепті кезеңде сатылуға тиісті
сомасы көрсетіледі.
Мысалы:
Өткен кезеңде міндетті түрде сатылатын түсімнің
сомасы 50 000 USD құрады, бірақ тек 30 000 USD
ғана сатылды, осы бағанда осы сомалардың
арасындағы айырма - 20 000 USD қойылуы тиіс.

VI         

Осы кезеңде түскен таза валюта түсімінің
50% құрайтын сома көрсетіледі.
Мысалы:
Валюта түсімінің толық көлемі - 100 000 USD;
Бағанға міндетті түрде сатылатын, 50% құрайтын
сома - 50 000 USD жазылады.

VII        

Сатылған, өткен кезеңдерде түскен және сатылмаған
валюта түсімінің сомасы көрсетіледі.

VIII       

Есепті кезеңде түскен, нақты сатылған түсімнің
сомасы көрсетіледі.

IX         

Түскен уақытына қарамастан есепті кезеңде валюта
биржасында нақты сатылған түсімнің сомасы
көрсетіледі.

X          

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынған
бағам бойынша түскен уақытына қарамастан есепті
кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
нақты сатылған түсімнің сомасы көрсетіледі.

XI         

Коммерциялық Банкке нақты сатылған түсімнің, оның
есепті кезеңде түскеніне қарамастан, уәкілетті
Банк дербес сатып алған, және т.с. сомасы
көрсетіледі.

XII        

Валюталық түсімнің толық көлемінің 50% міндетті
түрде сатылғаннан кейін экспортер ұйымдардың
ағымдағы валюта шоттарына есепке алынған
валюталық түсімнің сомасы көрсетіледі. 

     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн ішінде қолданысқа енеді.
     3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):
     1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
     4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

     Ұлттық Банк
     Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады