"Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы" нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту жөнiнде

Күшін жойған

Қаулысы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 16 сәуiр N 74 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 16.04.1999 ж. тіркелді. Тіркеу N 734. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 25 ақпандағы N 13 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 25 ақпандағы N 13 қаулысымен.

-------------Қаулыдан үзінді----------------

      «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерін»"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы қаулының қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. ...
      1) ...
      2) ...
      4. ...
      5. ...

      Ұлттық Банк Төрағасы

      Дұрыс:
      ҚРҰБ Басқармасының және
      Директорлар кеңесінің
      хатшысы

                                 Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2008 жылғы 25 ақпандағы   
N 13 қаулысына қосымша    

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
күші жойылды деп танылатын нормативтік
құқықтық актілерінің
тізбесі

      1. ...
      2. ...
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сату туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту жөнінде" 1999 жылғы 16 сәуірдегі N 74 қаулысы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 16 сәуірде N 734 тіркелген,»"Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" 1999 жылғы N 6 жарияланған, 143-құжат).
      4. ...
      5. ...
___________________________________________________________

      Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату механизмiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 54  V990724_  қаулысымен бекiтiлген "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы" нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Заң департаментi (Сизова С.И.) осы қаулыны, "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы" нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеу шараларын қабылдасын. 
      3. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Қасымжанова Г.З.) 

 

мемлекеттiк тiркелгеннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және "Тауар 

(жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi 

түрде сату туралы" нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан 

Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi 

банктерге жiберсiн.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық 

Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн.

     

     Ұлттық Банк 

      Төрағасы                                     

     

                                           Қазақстан Республикасының

»                                          Ұлттық Банкi Басқармасының»

                                           1999 жылғы 16 сәуiрдегi N 74    

 

                                           қаулысымен бекiтiлген

                                           тiркеу ____ 

 

           Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының» 

      1999 жылғы 28 наурыздағы N 54   V990724_   қаулысымен бекiтiлген

         "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен

        түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы" нұсқаулыққа 

                      өзгерiстер мен толықтырулар 

 

 
      "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсiмдi мiндеттi түрде сату туралы" нұсқаулыққа мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1. 2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын: 
      "Валюта биржасының мүшесi болып табылмайтын уәкiлеттi банк осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес экспорттық валюта түсiмiн сатуды жүзеге асыратын, валюта биржасына сауда-саттыққа жiберiлген банкпен тиiстi шарт жасасу жолымен экспорттық валюта түсiмiн (өз түсiмiн де, клиенттердiң түсiмiн де) сатады". 
      2. 3-тармақтағы "сондай-ақ банктердiң банктiк қызметi үшiн шетел валютасындағы комиссиялары" деген сөздер алынып тасталсын. 
      3. 4-тармақтың 4.4-тармақшасындағы "бұған" деген сөздiң алдынан "сондай-ақ көрсеткен қызметi үшiн агенттiк келiсiмдер бойынша алынған шетел валютасы" деген сөздермен толықтырылсын. 
      4. 4-тармақтың 4.5.-тармақшасы мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын: 
      "- сақтандыру ұйымдарының шетелдiк сақтандырушылармен (қайта сақтандырушылармен) қайта сақтандыру операцияларынан". 
      5. 7-тармақтың екiншi азатжолындағы "қатар" деген сөз алынып тасталсын. 
      6. 7-тармақтың төртiншi азатжолындағы "ағымдағы валюта есепшоты" деген сөздерден кейiн "(ағымдағы валюта есепшоты заңды тұлғада болмаған жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын. 
      7. 12-тармақтағы "валюталық бақылау агентi ретiнде" деген сөздерден кейiн мынадай редакцияда жазылсын: мiндеттi түрде сатылуға тиiстi валюта түсiмiнiң бiр бөлiгiн, бес жұмыс күнi iшiнде валюта биржасында сатады, ол туралы экспортердiң»ұйымына хабарлайды. 
      8. 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Уәкiлеттi банктер бiр жұмыс күнi iшiнде Ұлттық Банк ұсынған тиiстi валютаның теңгеге, бiрақ мәмiле жасалатын күнi белгiленген ресми бағамнан жоғары емес бағамы бойынша экспорттық түсiмдi Ұлттық Банкке мынадай жағдайда сатуға мiндеттi: 
      - валюта биржасында қатарынан бес жұмыс күнi бойы сауда-саттық болмаған жағдайда; 
      - егер валюта түсiмi валюта биржасында қатарынан бес жұмыс күнi бойы сатылмаса. 
      Валюта қаражатын Ұлттық Банктiң валюталық корреспонденттiк есепшотына есептеу туралы корреспондент-банктен телекс немесе СВИФТ бойынша хабар алғаннан кейiн, Ұлттық Банк келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi банктiң корреспонденттiк есепшотына теңге баламасымен есептейдi. 
      Мөлшерi лот қалыптастыруға мүмкiндiк бермейтiн валюта түсiмi түскен жағдайда уәкiлеттi банк есеп лотты өз валюта қаражаты есебiне не валюта түсiмi транзиттiк есепшотқа есептелгеннен кейiн соңғы 5 жұмыс күнi iшiнде түскен валюта түсiмi есебiнен толықтыруға құқылы және валюта түсiмiн валюта биржасында 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей сатуды жүзеге асырады. 
      Ұлттық Банк шетел валютасын сатып алудан бас тартқан жағдайда не осы 

 

валютаның сомасы валюта биржасында сату үшiн лот қалыптастыра алмаса 

уәкiлеттi банктер екi жұмыс күнi iшiнде валюта түсiмiн банкаралық биржадан 

тыс валюта рыногында сатуға, не валюта түсiмiн экспортер - ұйыммен 

келiсiлген бағам бойынша өз бетiнше сатып алуға мiндеттi".

     9. Нұсқаулық мынадай мазмұндағы 14-1 тармақпен толықтырылсын:

     "Уәкiлеттi банктер белгiленген мерзiмде осы Нұсқаулықтың

2-қосымшасына сәйкес Ұлттық Банкке есеп бередi".

     

     Төраға

 

 №                                            N 2 қосымша

                                             есеп беру нысаны - апта сайын 

                                             келесi аптаның»2-шi жұмыс     

                                             күнiнен кешiктiрмей

 

                1999 жылғы "__"________ "_____"_______ аралығында 

                есеп беретiн апта үшiн экспорттық валюта түсiмiнен 

                            түскен сома туралы 

                               Мәлімет

---------------------------------------------------------------------------

Р!   Валютаның»түрлерi   !Экспорттық!Экспорттық валюта       !Клиенттердің.

/!                       !валюта     түсімін сатудан         !экспортер.

с!                       !түсімінен ! түскен жалпы сома      !лер ағымдағы 

N!                       !түскен    !                        !валюталық

N!                       !жалпы сома!                        !есепшотына

 !                       !          !                        !есептелген   

 !                       !          !                        !сома

---------------------------------------------------------------------------

                                    !барлығы!оның»iшiнде!оның  !

                                    !       !валюта     !ішінде!

                                    !       !биржасында !Ұлттық! 

                                    !       !           !Банкке!

---------------------------------------------------------------------------

1  Австрия шиллингi

2  Ағылшын стерлинг фунты

3  Бельгия франкi

4  Голланд гульденi

5  АҚШ доллары

6  Еуро

7  Ирланд фунты

8  Испан песетi

9  Итальян лирi 

10 Немiс маркасы

11 Португал эскудосы

12 Фин маркасы

13 Француз франкi

14 Швейцар франкi

15 Жапон иенi

16 Ресей рублi                          х        х         х

17 Басқалары                            х        х         х

18 ҚҰБ шетел валютасының

   орташа алынған бағамы

   бойынша мың»АҚШ

   долларымен қайта

   есептелгенi

     

     

Оқығандар:

          Умбетова А.М.

          Касымбеков Б.А.

     

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады