Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістерді бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 19 ақпан N 16 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 6.04. 1999 ж. тіркелді. Тіркеу N 729. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 88 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу тәртібін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 206 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістер бекітілсін және жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң күшіне енгізілсін.
      2. Заң департаменті (Сизова С.И.):
      1) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістерді мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) осы қаулыны және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық филиалына (Астана қаласы), Алматы бас филиалына, облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне жіберсін.
      3. Мерзімдік басылымдар және іскерлік ақпарат бөлімі (Байменов Х.Қ.) осы қаулының және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістердің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З. Нәлібаевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                          Қазақстан Республикасы
                                          Ұлттық Банкі Басқармасының
                                          1999 жылғы 19 ақпан
                                          N 16 қаулысымен
                                          бекітілді

Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістер

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 206 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу" ережесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. 5.03.-тармақтың бiрiншi азатжолындағы "он" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2. 5.07-1-тармақтың бірінші азажолындағы "он" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3. 6.02-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6.02. Жеке тұлғалар - резиденттер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге қайдан алынғаны заңды-заңсыздығын құжаттармен көрсетілмейтін қолмақол шетел валютасын үш мың АҚШ долларына дейінгі баламамен әкете алады.
      Қазақстан Республикасынан баламасы үш мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол шетел валютасын әкеткенде Қазақстан Республикасының кеден органдарына осы соманың барлығына құжаттар тапсыруы қажет.
      Ондай құжаттар мынадай болуы мүмкін:
      - уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері белгіленген тәртіппен берген шетел валютасын сатып алғаны жөнінде анықтама-сертификаттар;
      - уәкілетті банктер берген валюталық есеп шоттан қаражат алғанын растайтын құжаттар;
      - Қазақстан Республикасына бұрын әкелінген шетел валютасының сомасы туралы кедендік декларация.
      Нақты бағасы және/немесе құны шетел валютасымен көрсетілген төлем құжаттарын әкеткенде (чектер, оның ішінде жол чектері, вексельдер) сомасы бойынша шектеулер қойылмайды."

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

      Оқығандар:
      Умбетова А.М.
      Икебаева А.Ж.

Об утверждении изменений в Правила проведения валютных операций в Республике Казахстан

Постановление Правления Национального банка Республики Казахстан от 19 февраля 1999 года № 16 Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 06.04.1999 г. за № 729. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 1 ноября 2010 года № 88

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 01.11.2010 г. № 88.

      В целях регулирования порядка проведения валютных операций в Республике Казахстан, Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить изменения в Правила проведения валютных операций в Республике Казахстан, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 мая 1997 г. N 206 V970328_ и ввести в действие по истечении 10 дней со дня опубликования.
      2. Юридическому департаменту (Сизова С.И.):
      1) направить настоящее постановление и изменения в Правила проведения валютных операций в Республике Казахстан на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан;
      2) довести настоящее постановление и изменения в Правила проведения валютных операций в Республике Казахстан до сведения областных филиалов Национального Банка Республики Казахстан, банков второго уровня и Министерства государственных доходов Республики Казахстан.
      3. Отделу периодических изданий и деловой информации (Байменов Х.К.) обеспечить публикацию настоящего постановления и изменений в Правила проведения валютных операций в Республике Казахстан в средствах массовой информации.

     4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Налибаева А.З.

     Председатель
      Национального Банка     

                            Изменения
                  в Правила проведения валютных
                 операций в Республике Казахстан

 
       В Правила проведения валютных операций в Республике Казахстан, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан 23 мая 1997 г. N 206, внести следующие изменения:
      1. в абзаце первом пункта 5.03 слово "десяти" заменить словом "трех";
      2. в абзаце первом пункта 5.07-1 слово "десяти" заменить словом "трех";
      3. пункт 6.02 изложить в следующей редакции:
      "6.02. Физические лица-резиденты могут вывозить за пределы Республики Казахстан, без подтверждения документами о легальности происхождения, наличную иностранную валюту в эквиваленте до трех тысяч долларов США.
      При вывозе наличной иностранной валюты из Республики Казахстан в эквиваленте свыше трех тысяч долларов США необходимо предоставление в таможенные органы Республики Казахстан документов на всю вывозимую сумму.
      Такими документами могут быть:
      - справки-сертификаты о покупке иностранной валюты, выданные в установленном порядке обменными пунктами уполномоченных банков и уполномоченных организаций;
      - документы, подтверждающие снятие средств с валютного счета, выданные уполномоченными банками;
      - таможенная декларация о сумме ввезенной ранее в Республику Казахстан иностранной валюты.
      При вывозе платежных документов (чеки, в том числе дорожные,  векселя), номинал и/или стоимость которых выражены в иностранной валюте, ограничения по сумме не устанавливаются".