"Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiн" бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасының қаулысы 1997 жылғы 23 мамыр N 206 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 24 маусымда тіркелді. Тіркеу N 328. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 115 қаулысымен. ~V011561

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң валюталық реттеудiң негiзгi органы ретiндегi өкiлеттiгiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу" Ережесiн айтылған ескертпелер мен ұсыныстар ескерiле отырып бекiтiлсiн және бекiтiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасы бекiткен (1994 жылғы 24 қарашадағы N 23 хаттама) "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу" ережесiнiң күшi осы Қаулымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу" Ережесiн күшiне енген күннен бастап жойылған деп танылсын.
      3. Заң департаментi (Өртембаев А.К.):
      а) осы қаулыны және "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiн" Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн;
      б) осы қаулыны және "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын

жүргiзу ережесiн" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы 
аумақтық бас) басқармаларына жiберсiн.
     4. Мерзiмдi басылымдар және iскерлiк ақпараттар бөлiмi "Қазақстан 
Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiн" республикалық 
бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
     5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары О.С. Ержановқа жүктелсiн.

     Ұлттық Банк
      Төрағасы
                                                  Қазақстан Республикасы
                                               Ұлттық Банкi Басқармасының
                                                 1997 жылғы 23 мамырдағы
                                               N 206 қаулысымен бекiтiлген

                 Қазақстан Республикасында валюта
                       операцияларын жүргiзу
                              ЕРЕЖЕСI

     1. Жалпы ережелер



      1.01. Осы Ереже валюта операцияларын жүргiзу тәртiбiн реттейдi және валюта бақылауының негiзгi принциптерiн белгiлейдi.
      1.02. Қазақстан Республикасында резиденттер мен резидент еместер жүргiзетiн валюта операциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде, салық және кеден заңдарында көзделгендерден басқа жағдайларда уәкiлеттi банктер мен уәкiлеттi банктiк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1.02.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.

      1.03. Жеке тұлғалар, резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасына шетелдерден әкелiнген, аударылған немесе жiберiлген, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында алынған немесе сатып алынған валюта құндылықтарын иелене алады, уәкiлеттi банктердiң шоттарында сақтай алады және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған мақсаттарға пайдалана алады.
      1.04. Резиденттер арасындағы операциялар бойынша барлық төлемдер Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде валюта, салық және кеден заңдарында көзделгендерден басқа жағдайларда тек қана Қазақстан Республикасының валютасымен жүргiзiлуi тиiс.
      1.05. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi шетелдiк инвестордың және мемлекет уәкiлдiк берген заңды тұлғаның немесе мемлекеттiк органның қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес көлемi 100 млн. АҚШ долларынан кем болмайтын аса маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн құрылған заңды тұлғаларға - резиденттерге Қазақстан Республикасының резиденттерiмен бiрге шетел валютасымен операциялардың жекелеген түрлерiн жүргізуге рұқсат етуге құқылы.
      1.06. Қазақстан Ұлттық Банкi заңды тұлғалардың - резиденттердiң экспорттық валюта түсiмiн мiндеттi түрде сатуы тәртiбiн белгiлеуге құқылы.
      Заңды тұлғалардың - резиденттердiң экспорттық валюта түсiмiн мiндеттi түрде сатуы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүргiзiлуi тиiс.
      1.07. Тазартылған алтын құймаларымен валюта операцияларын жүргізу тәртібі осы қатынастарды реттеп отыратын, қолданылып жүрген заңдармен белгіленеді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1.07.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      1.08. Шет мемлекеттердiң ақша белгiлерiне теңгенiң ресми бағамын салық салу, бухгалтерлiк есеп және кеден төлемдерiнiң мақсаты үшiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.

      2. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы
         валюта операциялары

      2.01. Заңды тұлғалар - резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша шетел валютасымен төлемдердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайлардан басқасы аударым тәртібімен жүзеге асырылады. <*>
      Қазақстан Ұлттық Банкi резиденттердiң экспорттық операцияларының валюталық төлемдерiне шектеу қоюға құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 2.01-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      2.02. Басқа заңды тұлғалар арасындағы шарттарға үшiншi тұлғалардың - резиденттердiң шетел валютасымен және теңгемен төлем жасауына басқа осындай шарттар бойынша төлемшiлер мен жоғарыда айтылған үшiншi тұлғалар - резиденттер арасында тиiстi шарт болғанда ғана жол берiледi.
      2.03. Резиденттер мен резидент еместердiң уәкiлеттi банктер арқылы жүзеге асыратын ағымдағы валюта операциялары шектеусiз жүргізiледi.
      Егер экспорттық-импорттық мәмiлелердi кредиттеуге немесе кредит алуға яки кредит беруге байланысты ағымдағы валюта операциялары бойынша тараптардың бірі екінші тарап міндеттемені орындағаннан кейін 180 күн ішінде жүзеге асырмаған болса, онда мұндай операциялар капиталдың қозғалысына байланысты валюта операциялары болып саналады және де осы Ереженiң 2.04 және 2.05-тармақтарына сәйкес лицензиялануы немесе тiркелуi керек. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2.03.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      2.04. Капитал қозғалысына байланысты валюта операцияларын Қазақстан Ұлттық Банкiнде тiркеу немесе лицензиялау тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен реттеледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2.04.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      2.05. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2.05.-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.

      3. Уәкiлеттi банктердiң заңды тұлғалардың - резиденттердiң
         валюта операцияларын жүргiзуi

      3.01. Заңды тұлғалар - резиденттер валюта операцияларын жүргiзу үшiн уәкiлеттi банктерде валюта шоттарын ашуға мiндеттi.
      Заңды тұлғалардың - резиденттердiң уәкiлеттi банктерде шетел валютасымен шоттар ашуы, жүргiзуi және жабуы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен жүргiзедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3.01.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      3.02. Заңды тұлғалардың - резиденттердiң уәкiлеттi банктердегi шоттарына аударым тәртiбiмен түскен шетел валютасы қолданылып жүрген заң талаптары сақталған болса шектеусіз қабылданады.
      Заңды тұлғалар - резиденттер өздерінің уәкілетті банктердегі шоттарындағы шетел валютасын қолданылып жүрген заңға қайшы келмейтін мақсатқа пайдалана алады.
      Заңды тұлғалардың - резиденттердің валюта шотындағы қолма-қол ақша қаражаты резидент еместерге жалақы төлеуге және олардың қызметкерлерінің шетелдік іссапарларға шығуына байланысты жұмсалуы мүмкін.
      Заңды тұлғалардың - резиденттердің бұрын алынған қолма-қол валюта қаражатының пайдаланылмаған бөлігі олардың уәкілетті банктердегі шотына 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей міндетті түрде есептелуге тиіс.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізуге берген лицензиясы бар заңды тұлғалар - резиденттер айырбас операцияларын жүргізу үшін уәкілетті банктердегі өздерінің шоттарынан қолма-қол шетел валютасын ала алады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3.02.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      3.03. Заңды тұлғалар - резиденттер резидент еместердiң пайдасына төлем жасағанда уәкiлеттi банктерге тиiстi дәрежеде ресiмделген құжаттарды (шарттарды, контракттарды, келiсiмдердi, инвойстарды, коносаменттердi және басқаларды) табыс етуге мiндеттi.
      Валюта операцияларын жүргiзген кезде ол бойынша лицензия немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде тiркелгенi туралы куәлiк талап етiлетiн заңды тұлға-резиденттер уәкiлеттi банкке осындай лицензиялар немесе тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқаларын және көшiрмелерiн беруге мiндеттi. Берiлген құжаттар тексерiлгеннен кейiн олардың көшiрмелерi уәкiлетті банкте қалады, ал түпнұсқалары заңды тұлғаға қайтарылады. Сонымен бiрге уәкiлеттi банк тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасына немесе капитал қозғалысына байланысты операциялар жүргiзуге берiлген лицензияға төлем жасалған күндер мен төлем сомалары туралы белгi қоюға тиiс. <*>
      Уәкiлеттi банктер валюта заңдарының сақталуын тексеру мақсатында жүргiзiлген валюта операциялары жөнiнде қосымша қажеттi ақпарат пен құжаттарды талап етуге құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 3.03.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 3.03.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2000.05.16 N 209 V001165_ қаулысымен.
      3.04. Заңды тұлғалар - резиденттер iшкi рынокта шетел валютасын резидент еместерден есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн және шетел валютасымен уәкiлеттi банктерден алған кредиттер бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн ғана, сондай-ақ заң актiлерiне көзделген басқа жағдайларда ғана сатып алады.
      Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жөнiндегi ұйымның жеке тұлғалардың шетел валютасындағы салымдары (депозиттерi) бойынша өтем жасау үшiн iшкi рынокта шетел валютасын сатып алуына болады. <*>
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізуге берген лицензиясы бар заңды тұлғалар - резиденттер қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізу үшін уәкілетті банктерден қолма-қол шетел валютасын қолма-қол немесе аударып есеп айырысу арқылы сатып ала алады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3.04.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 3.04.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2000.05.16 N 209 V001165_ қаулысымен.
      3.05. Заңды тұлғалар - резиденттер шетел валютасын сатып алу үшiн өтiнiштi ресiмдеген кезде сатып алудың мақсатын көрсетуге, сондай-ақ резидент еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру немесе уәкiлеттi банктерден алған кредиттер бойынша мiндеттемелердi орындау қажет екенiн растайтын құжаттарды қоса беруi, сөйтiп осы валюта сатып алынған бастап отыз банктiк күн iшiнде пайдаланылмаған жағдайда iшкi валюта рыногындағы ағымдық рынок бағамы бойынша оны сатуға банкке уәкiлеттiк беруi тиiс.
      3.06. Заңды тұлғалардың - резиденттердiң iшкi валюта рыногында сатып алған шетел валютасы заңды тұлғалардың - резиденттердiң шоттарына есептелiнген күннен бастап отыз банктiк күн iшiнде резидент еместерге немесе уәкiлеттi банкке аударылуы тиiс.
      Заңды тұлғалар - резиденттер сатып алынған валютаны толық немесе iшiнара пайдаланбаған жағдайда, ол отыз банктiк күн iшiнде iшкi валюта рыногында мiндеттi түрде сатылуы тиiс.
      3.07. Уәкiлеттi банктер заңды тұлғалардың - резиденттердiң валюта операцияларын жүргiзуге көрсетiлген банк қызметi үшiн төлем ақыны - тараптардың келiсiмi бойынша теңгемен немесе шетел валютасымен алады.
      3.08. Теңгемен алынған кредиттердi, сондай-ақ сыйақы (мүдде) және олар бойынша басқа да төлемдердi шетел валютасымен өтеуге болмайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3.08.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      3.09. Тауар экспорты мен қызметi үшiн, сондай-ақ кредит және/немесе инвестициялар түрiнде заңды тұлғалар - резиденттер төлем ретiнде алған шетел валютасы, егер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осы резиденттер алған Қазақстан Ұлттық Банкi лицензиясында басқаша көрсетiлмесе, олардың уәкiлеттi банктердегi шоттарының есебiне мiндеттi түрде есептелуi керек. <*>
      Жарғылық қызметі қайырымдылық қызметін жүзеге асыруға бағытталған заңды тұлғалардың пайдасына сыйлық, қайырмалдық, қайырымдылық жарналары және басқа түсім ретінде қолма-қол ақшамен де аударым арқылы да түскен шетел валютасы олардың уәкілетті банктеріндегі шотына міндетті түрде есептелуі тиіс. <*>
      Заңды тұлғалардың - резиденттердiң пайдасына сыйлық, құрмалдық, қайырымдылық жарналарынан және басқа да пайдасына түсiмдерден түскен шетел валютасы олардың уәкiлеттi банктердегi шоттарына мiндеттi түрде есептелуi керек.
      ЕСКЕРТУ. 3.09.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 3.09.-тармақ толықтырылды және өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1998.09.29. N 189 V980654_ қаулысымен.
      3.10. Уәкiлеттi банктер заңды тұлғаларға - резиденттерге шетел валютасымен аударым тәртiбiмен ғана кредиттер беруге құқылы.
      3.11. Валюта құндылықтарын уәкiлеттi банктер заңды тұлғаларға резиденттерге шетел валютасымен және теңгемен кредиттер беруге кепiлдiк ретiнде қабылдауы мүмкiн.
      Борышкер алған кредиттi уақтылы қайтармаған жағдайда валюта құндылықтары кредиттi және ол бойынша сыйақы (мүдде) өтеу үшiн заңда белгiленген тәртiппен сатылуы мүмкiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3.11.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      4. Уәкiлеттi банктердiң заңды тұлғалардың - резидент еместердiң
         валюта операцияларын жүргiзуi

      4.01. Заңды тұлғалар - резидент еместер валюта операцияларын жүргiзу үшiн уәкiлеттi банктерде шетел валютасымен және/немесе теңгемен банк шоттарын ашуға мiндеттi.
      Заңды тұлғалардың - резидент еместердiң уәкiлеттi банктерде банктiк шоттардың ашуы, жүргiзуi, жабуы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде және осы Ережеге сәйкес белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4.01.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      4.02. Қазақстан Республикасының халықаралық мекемелер шоттарының шарттары мен келiсiмдерiне сәйкес ерекше мәртебесi бар тәртiбi осы шарттар мен келiсiмдерге және осы Ережеге сәйкес белгiленедi.
      4.03. Заңды тұлғалардың - резидент еместердiң уәкiлеттi банктердегi шоттарына аударым тәртiбiмен түскен шетел валютасы шектеусiз қабылданады.
      Заңды тұлғалар - резидент еместер өздерінің уәкілетті банктердегі шоттарындағы ұлттық және/немесе шетел валютасын қолданылып жүрген заңға қайшы келмейтін мақсатқа пайдалана алады.
      Заңды тұлғалардың - резидент еместердің валюта шотындағы қолма-қол ақша қаражаты өз қызметкерлеріне жалақы төлеуге және олардың іссапарларға шығуына байланысты, сондай-ақ қайырымдылық көмек көрсету үшін жұмсалуы мүмкін. <*>
      Заңды тұлғалардың - резидент еместердің бұрын алынған қолма-қол валюта қаражатының пайдаланылмаған бөлігі олардың уәкілетті банктердегі шотына 10 күннен кешіктірілмей міндетті түрде есептелуге тиіс. <*>
      Осы тармақтың үшінші және төртінші азатжолында көрсетілген нормалар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық қызметтерге, өкілдік мекемелерге, халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне және оларға теңестірілген басқа да ұйымдарға қолданылмайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4.03.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 4.03.-тармақ өзгертілді және бесінші азатжолмен толықтырылды
               - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1998.09.29. N 189 V980654_
               қаулысымен.
      4.04. Заңды тұлғалар - резидент еместер Қазақстан Республикасының iшкi рыногында шетел валютасын ағымдағы валюта операцияларын жүргiзу нәтижесiнде, сондай-ақ заң актiлерiнде көзделген басқа жағдайларда алынған теңгелей ақша қаражатына ғана сатып ала алады. Заңды тұлғалар - резидент еместер мұндай операцияларды жүргiзгенде тиiстi дәрежеде ресiмделген құжаттарды (шарттарды, контракттарды, келiсiмдердi, инвойстарды, коносаменттердi және басқаларды) уәкiлеттi банктерге табыс етуге мiндеттi.
      4.05. Уәкiлеттi банктер заңды тұлғаларға - резидент еместерге шетел валютасымен және теңгемен кредиттер беруге құқылы. Шетел валютасымен 180 күннен астам мерзiмге кредит беру үшiн тиiстi лицензия Қазақстан Ұлттық Банкiнде болуы қажет. Шетел валютасымен және теңгемен кредиттер аударым жасау тәртiбiмен ғана берiледi. <*>
      Заңды тұлғалардың - резидент еместердiң теңгемен алынған кредиттердi шетел валютасымен сатып алуға пайдалануына болмайды.
      ЕСКЕРТУ. 4.05.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      4.06. Валюта құндылықтарын уәкiлеттi банктер заңды тұлғаларға резидент еместерге шетел валютасымен және теңгемен кредиттер беру үшiн кепiл ретiнде қабылдай алады.
      Борышкер алған кредиттерiн уақтылы қайтармаған жағдайда валюта құндылықтары кредиттi және ол бойынша сыйақы (мүдде) өтеу үшiн заңда белгiленген тәртiппен сатылуы мүмкiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4.06.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.

      5. Жеке тұлғалардың - резиденттердiң және резидент еместердiң
         шетел валютасымен жүргiзетiн операциялары

      5.01. Валюта операцияларын жүргiзу үшiн жеке тұлғалар резиденттер және резидент еместер осы Ережеде көзделген жағдайлардан басқа кезде уәкiлеттi банктерден валюта шоттарын ашады.
      Жеке тұлғалардың - резиденттердiң және резидент еместердiң уәкiлеттi банктерде шетел валютасымен шоттар ашуы, жүргiзуi және жабуы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде және осы Ережеге сәйкес белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. <*>
      Жеке тұлғалардың - резиденттердiң және резидент еместердiң шетел валютасымен алынған қаражатын уәкiлеттi банктер олардың валюта шоттарына шектеусiз салуға және осы шоттардан шектеусiз алуға тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 5.01.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      5.02. Жеке тұлғалардың шетел валютасындағы шоттары бойынша кәсiпкерлiк қызметтi, оның iшiнде үшiншi адам ретiнде заңды тұлғалар арасындағы контрактiлерге ақы төлеу бойынша жүзеге асыруға байланысты операциялар жүргiзуге болмайды.
      Егер жеке тұлғалар - резиденттер және резидент еместер заңды тұлға құрмай шаруашылық субъектiлерi ретiнде тiркелген болса, оларға осы Ережелердiң 3.01 және 4.01 тармақтарына сәйкес валюта шоты ашылады. Осы Шоттардағы шетел валютасындағы қаражатты пайдалану тәртiбi заңды тұлғалар - резидент және резидент еместер үшiн осы Ережелерде белгiленген пайдалану тәртiбiне жатады.
      5.03. Валюта операцияларын баламасы үш мың АҚШ долларынан астам сомаға жүргiзген кезде жеке тұлғалар резиденттер және резидент еместер уәкiлеттi банктерге тиiстi дәрежеде ресiмделген құжаттарды (шарттарды, контрактiлердi, келiсiмдердi, инвойстердi, коносаменттердi және басқалары) тапсырады. <*> <*>
      Валюта операцияларын жүргiзген кезде ол бойынша лицензия немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде тiркелгенi туралы куәлiк талап етiлетiн жеке тұлға-резиденттер уәкiлеттi банкке осындай лицензиялар немесе тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқаларын және көшiрмелерiн беруге мiндеттi. Берiлген құжаттар тексерiлгеннен кейiн олардың көшiрмелерi уәкiлеттi банкте қалады, ал түпнұсқалары жеке тұлғаға қайтарылады. Сонымен бiрге уәкiлеттi банк тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасына немесе капитал қозғалысына байланысты операциялар жүргiзуге берiлген лицензияға төлем жасалған күндер мен төлем сомалары туралы белгi қоюға тиiс. <*>
      Уәкiлеттi банктер валюта заңдарының сақталуын тексеру мақсатында жүргiзiлген валюта операциялары жайында қосымша қажеттi ақпарат пен құжаттарды талап етуге құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 5.03.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 5.03.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1999.02.19. N 16 V990729_ қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 5.03.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2000.05.16 N 209 V001165_ қаулысымен.
      5.04. Жеке тұлғалар - резиденттер және резидент еместер Қазақстан Республикасының iшкi валюта рыногында шетел валютасын уәкiлеттi банктер мен уәкiлеттi банктiк емес қаржы мекемелерi арқылы шектеусiз сатып алуға құқылы.
      5.05. Жеке тұлғалар - резиденттер мен резидент еместер қолма-қол шетел валютасын Қазақстан Республикасының аумағында тек банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті банктер мен уәкiлеттi ұйымдар арқылы айырбас операцияларын жүргізу үшін, өздерінің валюта шоттарына есептеу үшін, осы Ережеде көзделген жағдайларда шот ашпай-ақ уәкілетті банктер арқылы аударымды жүзеге асыру және Қазақстан Ұлттық Банкінің тиісті лицензиясы бар заңды тұлғалар сататын тауарлар мен қызмет үшін, сондай-ақ қайырымдылық көмек көрсету үшін есеп айырысуға пайдалануға құқылы. <*> <*>
      ЕСКЕРТУ. 5.05.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 5.05.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.09.29. N 189 V980654_ қаулысымен.
      5.06. Уәкiлеттi банктер жеке тұлғаларға - резиденттерге және резидент еместерге шетел валютасымен және теңгемен кредиттер беруге құқылы. Жеке тұлғаларға - резидент еместерге шетел валютасымен 180 күннен астам мерзiмге кредит беру үшiн тиiстi лицензия Қазақстан Ұлттық Банкiнде болуы қажет. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5.06.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      5.07. Валюта құндылықтарын уәкiлеттi банктер жеке тұлғаларға резиденттерге және резидент еместерге шетел валютасымен және теңгемен кредиттер беру үшiн кепiл ретiнде қабылдай алады.
      Борышкер алған кредиттерiн уақтылы қайтармаған жағдайда валюта құндылықтары кредиттi және ол бойынша сыйақы (мүдде) өтеу үшiн заңда белгiленген тәртiппен сатылуы мүмкiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5.07.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      5.07.-1. Жеке тұлғалар - резиденттер мен резидент еместердің баламасы үш мың АҚШ долларына дейінгі сомаға бір жолғы аударым түріндегі ағымдағы валюта операциялары шот ашпай-ақ уәкілетті банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. <*>
      Егер осы аударымдар кәсіпкерлік қызметті, инвестициялық қызметті немесе жылжымайтын мүлік сатып алуды жүзеге асыруға байланысты болса, осы тармақтың нормасы жеке тұлғалар - резиденттер мен резидент еместердің аударымдарына қолданылмайды.
      ЕСКЕРТУ. 5.07-1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1999.02.19. N 16 V990729_ қаулысымен.
      5.07.-2. Шетел валютасын Қазақстан Республикасынан аударуды және Қазақстан Республикасына аударылған шетел валютасын алуды жеке тұлға немесе оның уәкілетті өкілі жеке басын куәландыратын құжатты және аударым жасауға берілген тапсырманы немесе аударымды алуға берілген өтінішті көрсету арқылы жүзеге асырады.

     Қазақстан Республикасынан шетел валютасын аударуға арналған 
тапсырмада мыналар көрсетілуі тиіс:
     жіберушінің аты-жөні;
     жіберушінің жеке басын растайтын құжат туралы мәлімет (номері, 
сериясы, кім және қашан берілген);
     СТН (егер жіберуші Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес 
салық төлеуші болып табылған жағдайда);
     алушының деректемелері (егер алушы заңды тұлға болса);
     алушының аты-жөні, сондай-ақ банктің алушының жеке басының ұқсастығын 
анықтауына мүмкіндік беретін басқа да деректер (егер алушы жеке адам 
болса);
     қызмет етуші банктің деректемелері;
     аударым сомасы және аударымның мақсаты;
     күні және жеке адамның қойған қолы.


      Жіберуші Қазақстан Республикасынан шетел валютасын аударуға арналған тапсырмада осы аударым кәсіпкерлік қызметпен, инвестициялық қызметпен немесе жылжымайтын мүлікке құқық алумен байланысты еместігін растайтын жазу болуы тиіс. <*>
      5.07.-3. Қазақстан Республикасына аударылған шетел валютасын алуға арналған өтініште мыналар көрсетілуі тиіс:
      жіберушінің аты-жөні;
      жіберушінің жеке басын растайтын құжат туралы мәлімет (номері, сериясы, кім және қашан берген);
      СТН (егер жіберуші Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес салық төлеуші болып табылған жағдайда);
      аударым сомасы және аударымның мақсаты;
      күні және жеке адамның қойған қолы.
      Алушы адамның Қазақстан Республикасына шетелден аударылған шетел валютасын алуға берген өтінішінде осы аударымның шетелдегі кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызметпен байланысты еместігін растайтын жазу болуы тиіс. <*>
      5.07.-4. Жеке тұлға осы ережеде белгіленген талаптарға жауап бермейтін құжаттарды берсе, сондай-ақ көрсетілген құжаттарды беруден бастартса, уәкілетті банк шетел валютасын аударуды немесе беруді жүзеге асырмайды. <*>
      5.07.-5. Банк-корреспонденттің төлем нұсқаулығы болмауына байланысты немесе аударымды алушының келмеуіне байланысты аударымды төлеу мүмкін болмаған жағдайда, уәкілетті банк Қазақстан Республикасына аударылған шетел валютасын түскен күннен бастап 180 күннен кейін банккорреспондентке қайтарып жібереді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-бөлім мынадай мазмұндағы 5.07.-1, 5.07.-2., 5.07.-3.,
               5.07.-4. және 5.07.-5.-тармақтармен толықтырылды - ҚР Ұлттық
               Банкі Басқармасының 1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.

      6. Валюта құндылықтарын әкелу және әкету

      6.01. Қазақстан Республикасына резиденттердiң және резидент еместердiң валюта құндылықтарын әкелуi кеден заңдарының талаптарын сақтай отырып, шектеусiз жүзеге асырылады.
      6.02. Жеке тұлғалар - резиденттер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге қайдан алынғаны заңды-заңсыздығын құжаттармен көрсетілмейтін қолма-қол шетел валютасын үш мың АҚШ долларына дейінгі баламамен әкете алады.
      Баламасы үш мың АҚШ долларынан асатын шетел валютасын Қазақстан Республикасынан әкеткен кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарына баламасы үш мың АҚШ долларынан асатын сомаға құжат ұсыну қажет. <*>
      Ондай құжаттар мынадай болуы мүмкін:
      - уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері белгіленген тәртіппен берген шетел валютасын сатып алғаны жөнінде анықтама-сертификаттар;
      - уәкілетті банктер берген валюталық есеп шоттан қаражат алғанын растайтын құжаттар;
      - Қазақстан Республикасына бұрын әкелінген шетел валютасының сомасы туралы кедендік декларация.
      Нақты бағасы және/немесе құны шетел валютасымен көрсетілген төлем құжаттарын әкеткенде (чектер, оның ішінде жол чектері, вексельдер) сомасы бойынша шектеулер қойылмайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6.02-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.02.19. N 16 V990729_ қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 6.02-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               2000.05.16 N 209 V001165_ қаулысымен.
      6.03. Жеке тұлғалардың - резиденттердiң нақты құны және/немесе бағасы шетел валютасымен көрсетiлген шетел валютасы немесе төлем құжаттарын әкетуi олармен әкелу кезiнде жасалған декларацияға сәйкес жүргiзiледi. Әкелу кезiнде өзi толтырған декларацияда көрсетiлген сома асып кеткен жағдайда, резидент емес осы Ереженiң 6.02-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетуге тиiс.
      6.04. Нақты құны және/немесе бағасы шетел валютасымен көрсетiлген бағалы қағаздарды әкету бағалы қағаздар туралы заңдармен реттеледi.
      6.05. Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссиялаған бағалы металдардан жасалған және заңды төлем қаражаты болып табылатын металл ақшаны Қазақстан Республикасына еркiн әкелуге және одан еркiн әкетуге болады.
      6.06. Валюта құндылықтарын әкелудiң және әкетудiң кедендiк ресiмдеу тәртiбi кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Валюта бақылауы
      7.01. Валюта бақылауының мақсаты валюта операцияларын жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерiнiң заңдарды сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
      7.02. Валюта бақылауының негiзгi бағыттары:
      жүргiзiлген валюта операцияларының қолданылып жүрген заңдарға сәйкестiгiн және оларды жүзеге асыру үшiн қажеттi лицензиялар мен куәлiктердiң болуын анықтау;
      шетел валютасындағы төлемдердiң контракт шарттарына сәйкес келуi тұрғысынан негiздiлiгiн тексеру;
      валюта операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудiң толықтығын және дұрыстығын тексеру.
      7.03. Валюта бақылауы органдары мен агенттерi өз құзыры шегiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi жүргiзетiн валюта операцияларының қолданылып жүрген заңға лицензиялардың немесе тiркеу куәлiктерiнiң шарттарына сәйкестiгi тұрғысынан бақылау жасауды жүзеге асыруға мiндеттi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7.03.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.05.06. N 101 V980085_ қаулысымен.
      7.04. Валюта бақылауы органдары өз құзыры шегiнде нормативтiк актiлер шығарады, анықталған тәртiп бұзушылықтарға жол бермеу жөнiнде талаптар қояды және Қазақстан Республикасының барлық резиденттерi мен резидент еместерi орындауға мiндеттi болып табылатын заңдарда көзделген басқа шараларды қолданады.
      7.05. Валюта бақылауы агенттерi құқық қорғау органдары мен Қазақстан Ұлттық Банкiне олардың клиенттерi валюта операцияларын жүргiзген кезде жiберген валюта заңдарын бұзудың өздерiне мәлiм болған фактiлерi туралы хабарлауға мiндеттi.
      7.06. Валюта бақылауы агенттерi өз қызметiн жүзеге асыру үшiн осы Ереженiң 7.07-тармағында көзделген жағдайлардан басқа кезде өз клиенттерiнен тек олар арқылы жүргiзiлетiн валюта операцияларын бойынша ақпарат сұрап алуға құқы бар.
      7.07. Валюта бақылауы органдары өз қызметiн жүзеге асыру үшiн валюта бақылауы агенттерiн тартуға және олардың мiндеттi түрде орындауы үшiн жекелеген тапсырмалар беруге құқы бар. Валюта бақылауы агенттерi валюта бақылауы органдарының мұндай тапсырмаларын орындауға және олардың орындалғаны туралы белгiленген мерзiмде есеп берiп отыруға мiндеттi.
      7.08. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер:
      валюта бақылауы органдары мен агенттерi жүргiзген тексеру актiлерiмен танысуға;
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен валюта бақылауы агенттерi мен органдарының iс-әрекетiне шағым жасауға;
      Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
      7.09. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер:
      валюта бақылауы органдары мен агенттерiне барлық сұраған құжаттар мен валюта операцияларын жүзеге асыру жөнiндегi ақпараттарды беруге;
      валюта бақылауы органдары мен агенттерiне өздерi жүргiзген тексеру барысында, сондай-ақ олардың нәтижесi бойынша түсiнiктеме беруге;
      валюта бақылауы органдары мен агенттерi жүргiзген тексеру актiлерiнде баяндалған фактiлермен келiспеген жағдайда, бұл актiге қол қоюдан бас тарту себебiне жазбаша түсiнiктеме беруге;
      өздерi жүргiзетiн валюта операциялары бойынша есеп жүргiзуiн және

есеп берiп, олардың кемiнде бес жыл сақталынуын қамтамасыз етуге;
     валюта бақылауы органдарының анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою 
жөнiндегi талаптарын (нұсқауын) орындауға;
     Қазақстан Республикасының валюта заңдарында белгiленген басқа
талаптарды орындауға мiндеттi.

     8. Осы Ереженi бұзғандығы үшiн жауапкершiлiк
     8.01. Осы Ереженi бұзғандығы үшiн Қазақстан Республикасының 
қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап бередi.

     Ұлттық Банк
      Төрағасы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады