"Бірегей астық варранты" қоймалық коносаментін ордерлік бағалы қағаз деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы директораты 1999 жылғы 9 көкек N 289 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы директоратының 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 760 қаулысымен.

       "Қазақстан" астық синдикаты комитетiнiң өтiнiшiн және оның ұсынған бiрегей астық варрантын шығарудың, айналысының және өтеудiң тәртiбi туралы құжаттарды қарай келiп "Бағалы қағаздар рыногы туралы"  Z970077_  Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңы 4-бабының бесiншi бөлiгiне және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755  U973755_  жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан" астық синдикатының қатысушылары шығарған "Бiрегей астық варранты" (бұдан әрi "БАВ" деп аталады) қоймалық коносаментi ордерлiк бағалы қағаз деп танылсын. 
      2. БАВ шығару, айналысы және өтеу процесiнде қалыптасқан қатынастардың "Қазақстан" астық синдикатының қатысушыларының 1998 жылғы 25 желтоқсандағы жиналысының шешiмiмен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының "БАВ" бiрегей астық варранты туралы", "Қазақстан" астық синдикаты туралы", "Қазақстан Астық Одағы жанындағы Экономикалық дауларды шешуге арналған аралық сот туралы", "Қазақстан" астық синдикатының астықтың резервтiк сақтандыру қоры туралы" Ережелермен, ал реттелмейтiн бөлiгiнде - Қазақстан Республикасының вексельдiк құқықтар нормаларымен реттелетiндiгi белгiленсiн. 
      3. "Қазақстан" астық синдикатының мынадай қатысушыларының БАВ-ның бiрiншi эмиссиясына КZ00UZW19993 ұлттық бiрiздендiру нөмiрi берiлсiн:
     "Ақ-Бидай-2" ААҚ, "Ақ-Бидай" ЖШС, "Одақ" ЖШС, "Жалтыр" ААҚ,
"Ақмола-элеватор" ЖШС, "Ақмола-Астық" ЖШС, "Тобыл" ААҚ, "Тоғызақ" ААҚ, "Жаркөл" ААҚ, "Урицкий" ААҚ, "Қоскөл" ААҚ, "Ақсуат" ААҚ, "Булаев" ААҚ, "Смирнов" ААҚ, "Париж коммунасы атындағы" ААҚ.
      4. Осы Қаулының қол қойылған күннен бастап күшiне енгiзiлетiндiгi белгiленсiн.     

      Ұлттық комиссиясының
          Төрағасы

О признании складского коносамента "Унифицированный зерновой варрант" ордерной ценной бумагой

Постановление Национальной комиссии по ценным бумагам Республики Казахстан от 09 апреля 1999 года N 289. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19.05.1999 г. N 766. Утратило силу - постановлением Директората Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 25 января 2001 года N 760

      Рассмотрев обращение Комитета зернового синдиката "Казахстан" и представленные им документы о порядке выпуска, обращения и погашения унифицированного зернового варранта, Директорат Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам (далее именуемой "Национальная комиссия") в соответствии с частью пятой статьи 4 Закона Республики Казахстан "О рынке ценных бумаг" Z970077_  от 05 марта 1997 года и подпунктом 21) пункта 4 Положения о Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 13 ноября 1997 года N 3755 U973755_  постановляет:

      1. Признать складской коносамент "Унифицированный зерновой варрант" (далее - именуемый "УЗВ"), выпускаемый участниками зернового синдиката "Казахстан", ордерной ценной бумагой.

      2. Установить, что отношения, складывающиеся в процессе выпуска, обращения и погашения УЗВ, регулируются Положениями "Об унифицированном зерновом варранте "УЗВ" Республики Казахстан", "О зерновом синдикате "Казахстан", "О третейском суде для разрешения экономических споров при Зерновом Союзе "Казахстана", "О страховом резервном фонде зерна зернового синдиката "Казахстан", утвержденными решением собрания участников зернового синдиката "Казахстан" от 25 декабря 1998 года, а в неурегулированной части - нормами вексельного права Республики Казахстан.

      3. Присвоить национальный идентификационный номер KZ00UZW19993 первой эмиссии УЗВ следующих участников зернового синдиката "Казахстан: ОАО "Ак-Бидай-2", ТОО "Ак-Бидай", ТОО "Одак", ОАО "Жалтырский", ТОО "Акмола-элеватор", ТОО "Акмола-Астык", ОАО "Тобольский", ОАО "Тогузакский", ОАО "Джаркульский", ОАО "Урицкий", ОАО "Коскульский", ОАО "Аксуатский", ОАО "Булаевский", ОАО "Смирновский", ОАО "им.Парижской Коммуны".
      4. Установить, что настоящее Постановление вступает в силу с даты принятия.

      Председатель комиссии