"Қазақстан" астық синдикаты комитетiнiң өтiнiшiн және оның ұсынған бiрегей астық варрантын шығарудың, айналысының және өтеудiң тәртiбi туралы құжаттарды қарай келiп "Бағалы қағаздар рыногы туралы"
Z970077_
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңы 4-бабының бесiншi бөлiгiне және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755
U973755_
жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты қаулы етеді:
1. "Қазақстан" астық синдикатының қатысушылары шығарған "Бiрегей астық варранты" (бұдан әрi "БАВ" деп аталады) қоймалық коносаментi ордерлiк бағалы қағаз деп танылсын.
2. БАВ шығару, айналысы және өтеу процесiнде қалыптасқан қатынастардың "Қазақстан" астық синдикатының қатысушыларының 1998 жылғы 25 желтоқсандағы жиналысының шешiмiмен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының "БАВ" бiрегей астық варранты туралы", "Қазақстан" астық синдикаты туралы", "Қазақстан Астық Одағы жанындағы Экономикалық дауларды шешуге арналған аралық сот туралы", "Қазақстан" астық синдикатының астықтың резервтiк сақтандыру қоры туралы" Ережелермен, ал реттелмейтiн бөлiгiнде - Қазақстан Республикасының вексельдiк құқықтар нормаларымен реттелетiндiгi белгiленсiн.
3. "Қазақстан" астық синдикатының мынадай қатысушыларының БАВ-ның бiрiншi эмиссиясына КZ00UZW19993 ұлттық бiрiздендiру нөмiрi берiлсiн:
"Ақ-Бидай-2" ААҚ, "Ақ-Бидай" ЖШС, "Одақ" ЖШС, "Жалтыр" ААҚ,
"Ақмола-элеватор" ЖШС, "Ақмола-Астық" ЖШС, "Тобыл" ААҚ, "Тоғызақ" ААҚ, "Жаркөл" ААҚ, "Урицкий" ААҚ, "Қоскөл" ААҚ, "Ақсуат" ААҚ, "Булаев" ААҚ, "Смирнов" ААҚ, "Париж коммунасы атындағы" ААҚ.
4. Осы Қаулының қол қойылған күннен бастап күшiне енгiзiлетiндiгi белгiленсiн.
Ұлттық комиссиясының
Төрағасы