Ескерту: ҚР Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 11 қарашадағы N 480 бұйрығы мен күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесінен үзінді: "Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қарашадағы N 1675 қаулысына сәйкес Бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын... Министр
1. "Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 292 бұйрығы V990811_ . _________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 519 P990519_ қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 P981334_ қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тапсырысты республикалық және
жергілікті бюджеттердің есебінен қаржыландырудың ережесі бекітілсін. 2. Мемлекеттік мекемелер-бағдарламалардың әкімшілері, аумақтық қаржы органдары және Қазынашылық органдары мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде орындалатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру кезінде аталған ережені басшылыққа алсын. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 15 маусым N 292 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тапсырысты республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен қаржыландырудың ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже мемлекеттік мекемелер-бағдарламалар әкімшілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шығыстарын төлеудің негізгі шарттарын және тәртібін қарастырады.
2. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналып республикалық немесе жергілікті бюджеттерде көзделген қаражаттың есебінен жүргізіледі.
3. Мемлекеттік мекемелер-бағдарламалардың әкімшілері (бұдан әрі - Тапсырыс беруші) мемлекеттік тапсырыс негізінде бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жүзеге асыру үшін мемлекеттік тапсырысты орындауға заңды немесе жеке тұлғалармен (бұдан әрі - Атқарушылар) шарттар (келісім-шарттар) жасасады.
Мемлекеттік мекемелер-республикалық бағдарламалар әкімшілерінің аумақтық органдарына республикалық бюджеттің есебінен мемлекеттік тапсырысты орындауға Атқарушылармен шарттар (келісім-шарттар) жасасуға жол беріледі.
4. "Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегінің өсуін алдын алу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1336 P981336_ қаулысына сәйкес мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған барлық азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркелуге жатады.
4-1. Қазақстан Республикасы Үкiметiмен айқындалған республикалық программалар (подпрограммалар) бойынша мемлекеттiк тапсырысты қаржыландырудың ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi белгiлей алады. <*>
Ескерту: 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 11 қаңтардағы N 8 бұйрығымен. V001070_
2. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру шарттары
5.Мемлекеттiк тапсырыс ретінде қаржыландыру нысаны белгiленген тәртiппен айқындалған бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) екi топқа бөлiнедi: <*>
- орындалатын жұмыстың (көрсетілетін қызметтердің) көлеміне сәйкес қаржыландырылатын бағдарламалар (кіші бағдарламалар);
- мемлекеттік тапсырыс құнының бір өлшеміне шағып қаржыландырылатын бағдарламалар (кіші бағдарламалар).
Мемлекеттiк бюджет қаржысы есебiнен орындалатын мемлекеттiк тапсырыс туралы Ережеде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi әзiрлейтiн және бекiтiлетiн әрбiр бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша жоғарыда аталған топтың бiреуi айқындайтын есептесудiң принципi көрсетiледi. <*>
Ескерту: 5-тармақтың бірінші, төртінші абзацтары жаңа редакцияда
жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы
N 8 бұйрығымен. V001070_
6. Бірінші кезеңде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарттар (келісім-шарттар) әрбір бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша бекітілген бюджеттің жылдық сомасының 70 %-і шегіндегі сомаға жасалады. Екінші кезеңде, бірінші кезеңде жасалған шарттар (келісім-шарттар) бойынша міндеттемелерді орындау үшін бөлінген ақша лимиттерін игергеннен кейін республикалық бюджетті атқарудың белгіленген қаржылық рәсімдеріне сәйкес әрбір бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша бекітілген бюджеттің жылдық көлемдері шегінде қалған сомаға қосымша шарттар (келісім-шарттар) жасалады. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарттар (келісім-шарттар) облыс (Астана және Алматы ққ.) Әкімдері белгілейтін мөлшерде жасалады.
Мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарттар (келісім шарттар), осы қаржы жылына арналған республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген жылдық сомадан, осы қаржы жылында қайта тiркелген, өткен қаржы жылындағы мiндеттемелер алып тасталынған сомаға жасалуы мүмкін. <*>
Ескерту: 6-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы
министрлігінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы
N 8 бұйрығымен. V001070_
7. Шарт (келісім-шарт) ағымдағы қаржы жылы шегіндегі мерзімге жасалады.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттен нақтыланған жағдайда шарттар (келісім-шарттар) қазынашылық органдарында өзгертілуге және қайта тіркелуге жатады.
8. Егер шарттар (келісім-шарттар) бір бағдарламаны (кіші бағдарламаны) орындау үшін бірнеше Атқарушымен жасалатын болса, осындай шарттардың (келісім-шарттардың) жалпы сомасы осы бағдарлама, кіші бағдарлама бойынша шарт жасасуға жол берілетін шектегі сомадан аспауы тиіс.
9. Мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт (келісім-шарт) мынаны:
осы ережеге, осы қосымшаларда айлар бойынша сомалар республикалық және жергiлiктi бюджет тiзiмдемесi шығындарының шеңберінде болуға тиiс. 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша сандық (заттық) және құндық түрдегі орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемін; <*>
егер бағдарлама (кіші бағдарлама) бірінші топқа жататын болса, орындалатын жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін, және егер екінші топқа - мемлекеттік тапсырыс құнының жалпы көлемі немесе өлшем мөлшері көрсетілген есептер міндетті түрде жасалуын және қазынашылық органдарына тапсырылуын көздейтін шарттарды;
шарттың (келісім-шарттың) ережелерін орындамағаны үшін тараптардың жауапкершілігін қамтуы тиіс.
Ескерту: 9-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 11 қаңтардағы N 8 бұйрығымен. V001070_
10. Қазынашылық органдары шарттарды (келісім-шарттарды) тіркеген кезде осы Ереженің 9-тармағында аталған шарттардың бар-жоғын тексереді.
11. Орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) актісі (бағдарламаның 1-тобы) және есептеулер (бағдарламаның 2-тобы) мынаны:
- Тапсырыс беруші мен Атқарушының атауын;
- шарттың (келісім-шарттың) әрекет басталғаннан бергі орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) жалпы сомасын;
- Атқарушыға аударылған аванстың сомасын;
- орындалатын жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) бойынша бұрын актіленген сомаларды;
- белгілі бір уақыт кезеңінде (күні көрсетіледі) заттай түрдегі 1-топ үшін өздерінің көлемін көрсете отырып, орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) түрлері және 2-топ үшін мемлекеттік тапсырыс құны өлшемінің нақты саны;
- аталған жұмыстың (қызметтің) түрлерін орындауға Атқарушының жұмсаған нақты шығындарының сомасын;
- қаржыландырылатын айға бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша лимиттің қалдығынан аспауы тиіс емес авансты ескере отырып, орындалатын жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) төлеуге Атқарушыға аударылуға қажетті соманы;
- Тапсырыс беруші мен Атқарушы басшыларының қолы және мөрлерінің таңбасын қамтуы тиіс.
12. Актіде көрсетілген деректердің ақиқаттығы үшін Тапсырыс беруші және Атқарушы жауап береді.
13. Қазынашылықтың жауапты атқарушысы төлем тапсырмасында көрсетілген соманың және авансты ескере отырып, орындалатын жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) төлеуге Атқарушыға аударылуға қажетті соманың сәйкестігіне көзін жеткізе отырып бақылау жасауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру тәртібі
14. Мемлекеттік тапсырысты орындағаны үшін Атқарушымен есеп айырысу екінші деңгейдегі банктеріндегі не Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарындағы олардың шоттары арқылы жүргізіледі. Бұл ретте қаражат екінші деңгейдегі банктердегі немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарындағы Тапсырыс берушінің бюджеттік шотынан Атқарушының шотына аударылады.
15. Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) орындау үшін әрбір Атқарушыға аванс беру республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілген шығыстар тізбесіне сәйкес қаржыландыру басталатын сол айдың сомасынан аспайтындай мөлшерде жүргізіледі.
16. Қазынашылықтың аумақтық органдары үшін, егер бағдарламалар (кіші бағдарламалар) 1-топқа жататын болса, мекеменің - әкімшінің (кез келген деңгейдегі бюджеттік ақшаның билік етушісінің) бюджеттік шотынан мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын жұмыстардың (қызмет көрсетулерді) Атқарушының есептік шотына аудару үшін Орындалатын жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) актісі, егер - екінші топқа жататын болса, тиісті есептеулер негіз болып табылады. Бұл ретте төлем тапсырысында: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1268 P981268_ қаулысымен бекітілген Тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша ресімделген хаттаманың нөмірі мен күні, шарттың (келісім-шарттың) нөмірі мен күні, мемлекеттік мекеме міндеттемесінің нөмірі болуы керек.
17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдары ақшаларды аудару кезінде ағымдағы көзін жеткізе отырып бақылауды (13-т. сәйкес) және тексеру жүргізу кезінде кейінгі бақылауды жүзеге асырады.
Ескерту: 1 және 2 қосымшалар алынып тасталды - ҚР Қаржы
министрлігінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 8
бұйрығымен. V001070_
Республикалық және жергілікті
бюджеттер есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру Ережесіне 1-қосымша <*>
Ескерту: 3-қосымша 1-қосымша болып жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы
министрлігінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 8 бұйрығымен. V001070_ ___________________жылға арналған мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын жұмыс (қызметтер) жоспары Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ---------------- Бағдарлама ---------------- Кіші бағдарлама ---------------- Мемлекеттік тапсырысты атқарушысы ---------------- ---------------------------------------------------- ! Жұмыс жоспары ! Сомасы ! ! (мың теңге) ---------------------------------------------------- қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша желтоқсан ---------------------------------------------------- жиыны ---------------------------------------------------- Мемлекеттік тапсырысты атқарушы ___________________________ Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қаржы бөлімшесінің жетекшісі_____________________ Ескерту: Осы нысан 1-топқа жататын мемлекеттік тапсырыс негізінде қаржыландырылатын бағдарлама (кіші бағдарлама) үшін толтырылады.
Республикалық және жергілікті
бюджеттер есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру Ережесіне 2-қосымша <*>
Ескерту: 4-қосымша 2-қосымша болып жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 8 бұйрығымен. V001070_ Бекітемін: Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің жетекшісі _____________________ "___"_______________ж. ___________________ жылға арналған мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын жұмыс (қызметтер) жоспары Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ---------------- Бағдарлама ---------------- Кіші бағдарлама ---------------- Мемлекеттік тапсырысты атқарушысы ---------------- (теңге) ---------------------------------------------------------------------- Кодтар ! Атауы ! Жиыны !қаңтар!ақпан!наурыз!сәуір!мамыр! ---------------------------------------------------------------------- !Жалпы саны, бірлік. ! !Шығыстарға __________! ! (баға бірлігі)! ! ! !Жалпы санына арналған! !жалпы шығыстар ! --------------------------------------------------------------------- таблицаның жалғасы: --------------------------------------------------------------------- маусым !шілде ! тамыз !қыркүйек ! қазан !қараша !желтоқсан --------------------------------------------------------------------- Мемлекеттік тапсырысты атқарушы __________ Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қаржы бөлімшесінің жетекшісі__________ Ескерту: Осы нысан 2-топқа жататын мемлекеттік тапсырыс негізінде қаржыландырылатын бағдарлама (кіші бағдарлама) үшін толтырылады.
Мемлекеттік тапсырысты
республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен қаржыландырудың уақытша ережесіне 3-қосымша
Бекітемін
Мемлекеттік мекеме-бағдарламалар
әкімшісінің басшысы
_________________________________ 1999 ж. "___" _____________
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) жоспары Мемлекеттік мекеме-бағдарламалардың әкімшісі Коды Бағдарлама ____________ Кіші бағдарлама ____________ Мемлекеттік тапсырысты орындаушы ____________ ---------------------------------------------- 1999 жылға арналған жұмыстардың ! 1999 жылға (қызмет көрсетулердің) жоспары ! сомасы ! (мың теңге) ---------------------------------------------- Мемлекеттік тапсырысты орындаушы ___________ Мемлекеттік мекеме-бағдарламалардың әкімшісі қаржы бөлімшесінің басшысы _________________ Ескерту: Осы нысан І топқа жатқызылған мемлекеттік тапсырыс негізінде қаржыландырылатын бағдарламалар (кіші бағдарламалар) үшін толтырылады.
Мемлекеттік тапсырысты
республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен қаржыландырудың уақытша ережесіне 4-қосымша
Бекітемін
Бағдарламалардың мемлекеттік әкімші-мекемесінің басшысы _________________________________ 1999 ж. "___" _____________
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) жоспары Мемлекеттің мекеме-бағдарламалардың әкімшісі ________ Коды Құн бірлігіне арналған шығыстардың негізгі түрлері ____________ бағдарлама бойынша ________ ____________ Кіші бағдарлама бойынша ________ ____________ Мемлекеттік тапсырысты орындаушы ________ ____________ (теңге) ------------------------------------------------------ Коды ! Атауы ! Болжам ! ! 1999 жыл ! ! (мың теңге) ------------------------------------------------------ Жалпы саны, бірл. _________________ үшін шығыстар (құн бірлігі) Жалпы сан үшін барлық шығыстар ------------------------------------------------------ Мемлекеттік мекеме-бағдарламалардың әкімшісі Мемлекеттік тапсырысты қаржы бөлімшесінің басшысы _________________ орындаушы ___________ Ескерту: Осы нысан І топқа жатқызылған мемлекеттік тапсырыс негізінде қаржыландырылатын бағдарламалар (кіші бағдарламалар) үшін толтырылады.