Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешектерінің өсуін болдырмау жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 25 желтоқсан N 1336. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.27. N 1101 қаулысымен.

      Бюджеттік қаражаттардың жұмсалуына қаржылық бақылау жасауды күшейту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 44-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешектерінің пайда болуын, өтелуін және өсуін болдырмауды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 
      1. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелердің бюджеттік ақшаның есебінен жасалатын барлық азаматтық-құқықтық мәмілелері аумақтық қазынашылық органдарында тіркеуден өтеді деп белгіленсін. Тіркеу кезінде жасалатын мәміле сомасының жылдық сметалық (бюджеттік) мақсатқа не Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген шығыстар түрлерін олардың бюджеттік ақшамен қамтамасыз етілуі дәрежесі бойынша топтарға бөлуге байланысты бюджеттік ақшалардың бөлінген лимиттеріне сәйкестігіне тексеру жүргізіледі. 
      2. Мемлекеттік бюджеттің есебінен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасатын мемлекеттік мекемелер оларды бір қаржы жылынан аспайтын мерзімге жасасуға міндетті. Бір қаржы жылынан артық мерзімге жасалатын мәмілелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің немесе тиісті қаржы органының келісімімен кейін ғана аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.06.05. N  703   қаулысымен.
         3. Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік бюджеттің есебінен жасасатын мәмілелер аумақтық қазынашылық органдарында тіркелгеннен кейін жасалған деп саналады. 
      4. Бір қаржы жылы мерзіміне жасалған және аумақтық қазынашылық органдарында тіркелген, бірақ ағымдағы қаржы жылында аяқталмаған азаматтық-құқықтық мәмілелер келесі қаржы жылында қайта тіркеуге жатады. 
      5. Мемлекеттік мекемелер сметалық бюджеттік мақсаттардың немесе бөлінген лимиттердің көлемінен тыс, қарызға сатып алған тауарлар, жұмыстар (қызмет көрсетулер) бюджеттік ақшаның есебінен төлеуге жатпайды. Мемлекеттік мекемелердің басшылары санкцияланбаған сатып алу үшін заңдарда белгіленген тәртіппен жауап береді. 
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1998 жылдың 21 желтоқсанына дейін мемлекеттік мекемелердің жылдық сметалық (бюджеттік) мақсаттар бойынша, бюджет қаражатының іс жүзіндегі бөлінген лимиттері бойынша және мәмілелерді ресімдеместен шығыстар бойынша тиісті қаржылық міндеттемелерін шектеу мақсатында мемлекеттік бюджет шығыстарының түрлерін топтарға бөлуді жүргізсін. 
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1999 жылдың 1 сәуіріне дейін Мемлекеттік мекемелер бюджеттің есебінен жасасатын азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеудің тәртібін Үкіметке бекітуге ұсынсын.
     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті 1999 жылдың 1 сәуіріне дейін мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген уақытша тәртіп бойынша тіркелгені үшін ақы алмастан жүргізсін.
     8. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады