"Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциз алымының маркаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 сәуiрдегi N 431 P990431_ қаулысын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
1. 1997 жылғы үлгiдегi акциз алымының маркаларымен таңбаланған, импортталған алкоголь өнiмiн түгендеудi жүргiзу жөнiнде осыған қосылған Нұсқау бекiтiлсiн.
2. Кеден басқармалары мен кедендер, кеден органының қызметi аймағында тұрған заңды және жеке тұлғалардың шетел өндiрiсiнiң, соның iшiнде ТМД-ға мүше елдер өндiрiсiнiң 1999 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша жаңа үлгiдегi акциз алымының маркаларымен таңбалауға жататын импортталған алкоголь өнiмiн түгендеудi жүргiзуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің Заң департаментi осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
4. Кеден басқармалары мен кедендердiң бастықтары осы бұйрықты жаңа үлгiдегi акциз алымының маркаларымен таңбалауға жататын алкоголь өнiмiн әкелудi және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың назарына жеткiзсiн.
5. Осы бұйрықтың орындалуына бакылау жасау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс Вице-министрi Ә.А. Бектасовқа жүктелсiн.
6. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап күшiне енедi.
Министрдің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрі
міндетін атқарушының
1999 жылғы 24 маусым
N 718 бұйрығымен
бекітілген
1997 жылғы үлгiдегi акциз алымының
маркаларымен таңбаланған, импортталған алкоголь
өнiмiн түгендеудi жүргiзу жөнiндегi
Нұсқау
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқау "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциз алымының маркаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 сәуiрдегi N 431 P990431_ қаулысына сәйкес әзiрленген.
2. Импортталған акцизделетiн тауарлардың мына түрлерi таңбалауға жатады:
ТМД СЭҚ ТН-нан 2204 (220430-дан басқа), 2205, 220600-ден-винолар, шампан винолары;
ТМД СЭҚ ТН-нан 2207, 2208-ден - арақ, ликер-арақ бұйымдары, күшейтiлген сусындар, күшейтiлген соктар, бальзамдар, коньяктар.
Мұның өзiнде, тауарлардың номенклатурасы тауарлардың кодымен де, атауымен де анықталады.
3. Голографиялық сызықшасы бар акциз алымының маркаларымен таңбалауға жататын импортталған алкоголь өнiмiн түгендеудi шетел өндiрiсiнің, соның iшiнде ТМД-ға мүше елдер өндiрiсiнiң алкоголь өнiмiнің импортын және/немесе оны сатуды голографиялық сызықшасы бар акциз алымының маркаларымен таңбалауға жататын тауарлардың санын анықтау, маркаларға тапсырыс беру және аталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында таңбалау мақсатында өз күшiмен жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрi - Кәсiпорындар) 1999 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша жүргiзедi.
2. Түгендеу жүргiзудiң тәртiбi
4. Осы Нұсқаудың 1-тармағында аталған акцизделетiн тауарларды түгендеудi жүргiзу үшiн әрбiр Кәсiпорында мынадай кұрамда комиссия құрылады: комиссия Төрағасы - түгендеу жүргiзiлетiн кәсiпорынның бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары, материалды жауапты адам, маман (дар).
Түгендеу жүргiзу кезiнде комиссия мүшелерiнің жоқ дегенде бiреуi қатыспаған жағдайда түгендеудің нәтижелерiнің күшi жоқ деп танылады.
5. Комиссия мүшелері заңдарға сәйкес мыналар үшін жауап береді:
түгендеу жүргізудің уақтылығы мен тәртібінің сақталуы;
тауарлардың натурадағы нақты қалдықтары туралы түгендеу тізімдеме- актілерге енгізілген деректердің толықтығы мен дұрыстығы;
түгендеу тізімдеме-актілерде түгендеуге жататын акцизделетін тауарлар атауының және түгенденетін акцизделетін тауарлар номенклатурасының оларды кедендік ресімдеу жүргізілген кеден декларацияларына немесе олардың Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынғанын растайтын басқа да құжаттарға сәйкестігінің дұрыс көрсетілуі.
6. Тауарлар туралы деректер (атауы; тауарлар номенклатурасының оларды кедендiк ресiмдеу жүргiзiлген кеден декларацияларына немесе шетел өндiрiсінің алкоголь өнiмi сатып алынған басқа құжаттарға сәйкестiгi; көлемi, саны) екi данада жасалатын түгендеу тiзiмдеме- актiлеріне жазылады. Түгендеу тiзiмдеме-актiсiнiң бiр данасы қызмет аймағында Кәсіпорын орналасқан кеден органына берiледi. Бұл кеден органы барлық Кәсіпорындар бойынша Жиынтық тiзiмдеме-актiнi екi данада ресiмдеудi жүзеге асырады. Жиынтық тiзiмдеме-актiнiң бiр данасы Алматы қаласы бойынша Бас кеден басқармасына (Акциз күзетіне) жiберiледi. Жиынтық тiзiмдеме-актінің екiншi данасы тиiстi кеден органында қалады.
7. Өтiнiм берiлген мәлiметтердi тексерудi жүзеге асыратын кеден органдарының лауазымды адамдары Кәсiпорын түгендеу тiзiмдеме-актiлерде көрсеткен кез-келген деректердiң растығын тексеруге, сондай-ақ таңбаланған тауарлардың қоймада бар-жоғын тексерудi жүзеге асыруға құқылы.
Тексеру түгендеу комиссиясы мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі.
8. Алкоголь өнiмiнiң нақты қалдықтарының тізiмдеме-актiлерде көрсетiлген деректерден алшақтығы (сәйкессiздiгi) табылған жағдайда кеден органдарының қызметкерлерi есепте табылған алшақтықтар туралы тиiстi салық комитетіне шара қолдану үшін хабарлайды.
9. Салыстырудан кейін және табылған алшақтықтар түзетiлгеннен кейiн түгендеу тiзiмдеме-актiсінің әр бетте түгендеу комиссиясының барлық мүшелерi әр бетте жазылған таңбаланған барлық тауарлардың жалпы санын (нақты көрсеткiштерде) сол бетте көрсете отырып қол қояды.
3. Жаңа үлгiдегi акциз алымының маркаларына тапсырыстар
қабылдаудың және маркаларды берудiң тәртiбi
10. Алкоголь өніміне жаңа үлгiдегi акциз алымының маркаларын алуға тапсырыс 1999 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша жүргiзiлген түгендеу деректерiмен бiрге қызмет аймағында Кәсіпорын орналасқан кеден органына берiлуге тиiс.
11. Соларға қатысты түгендеу жүргізiлген алкоголь тауарларын таңбалау үшін голографиялық сызықшасы бар акциз алымының маркаларын алуға тапсырысты қызмет аймағында Кәсіпорын орналасқан кеден органы мыналардың негiзінде қабылдайды:
Кәсіпорын N 1 Қосымшада келтірiлген нысанда үш данада берген акциз алымының маркаларын алуға өтiнiштiң;
заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (көшiрмесi);
салық төлеушi ретiнде тiркеу туралы салық органының анықтамасының;
қызметтiң тиiстi түріне лицензияның (көшiрмесi).
12. Өтініш кеден органында тiркеледi.
13. Кәсіпорын атынан акциз маркалары үшін ақша қаражаттары төленгенінен кейін Өтініштің бір данасы Алматы қаласы бойынша Бас кеден басқармасына (Акциз күзетіне) жіберіледі, екiнші тиiстi кеден органының істерінде қалады, үшіншісі Кәсіпорынға қайтып беріледі.
14. Жаңа үлгiдегi акциз маркалары үшін қызмет аймағында Кәсіпорын орналасқан кеден органының депозит шотына Кәсіпорын төлеген ақша қаражаттары Өтініш тiркелгеннен кейін келесі күннен кешiктiрiлмей Алматы қаласы бойынша Бас кеден басқармасының депозит шотына аударылады.
Алматы қаласы бойынша Бас кеден басқармасы аталған ақша қаражаттарын толық көлемінде жаңа үлгiдегі акциз алымының маркаларын дайындап шығару үшін есеп айырысу ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасына аударады.
15. Алматы қаласы бойышна Бас кеден басқармасы (Акциз күзетi) алған Өтініштердің негiзінде және голографиялық сызықшасы бар акциз алымының маркаларын сатып алуға ақша қаражаттарының келіп түсуiне қарай тапсырыстарды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң Банкнот фабрикасына орналастыруды жүргiзедi.
16. Осы Тәртіптiң 1-тармағында атынан акцизделетiн тауарлар түгендеу жүргiзу күніне таңбаланған 1997 жылғы үлгiдегi акциз алымы маркаларының құны, сондай-ақ түгендеу жүргiзу күніне қалдықта бар 1997 жылғы үлгiдегi акциз алымының пайдаланылмаған маркаларының құны Кәсiпорынның айналым шығындарына жатқызылады және қайтаруға жатпайды.
17. Таңбалауға жататын акцизделетін тауарларды түгендеудi жүргiзбеген Кәсіпорындардың жаңа үлгiдегі маркалар алуға Өтініштерін Қазақстан Республикасының кеден органдары осы Нұсқауға сәйкес қабылдамайды.
Тиiстi кеден органының голографиялық сызықшасы бар акциз алымының маркаларын алуға сенімхаты, акциз маркалары үшін ақша қаражаттарының аударылғандығы туралы төлем тапсырмасының көшірмесi, жаңа үлгiдегi акциз алымының маркаларын алатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың негізінде Алматы қаласы бойынша Бас кеден басқармасы (Акциз күзеті) акциз алымының маркаларын берудi жүргiзедi.
4. 1997 жылғы үлгiдегі акциз алымының маркаларын
жоюдың тәртiбi
18. Кәсiпорында Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспортталмаған 1997 жылғы үлгiдегі акциз маркалары болған және түгендеу жүргiзiлген күні Кәсіпорында қалдықтар болған жағдайда жеке тiзiмдеме-актiлер жасалады.
19. Акциз алымының пайдаланылмаған маркалары жағу жолымен жою үшiн қызмет аймағында Кәсіпорын орналасқан кеден органына қайтарылуға жатады.
20. Акциз алымының пайдаланылмаған маркаларын жою тиiстi кеден органының бiрiншi басшысының бұйрығымен анықталатын жерде комиссияның қатысуымен жүргізіледі.
21. Акциз алымының пайдаланылмаған маркаларын жою жөніндегі комиссияның құрамын тиісті кеден органының бірінші басшысы кемiнде бес адам құрамында бекiтедi.
22. 1997 жылғы үлгiдегi акциз алымының пайдаланылмаған маркаларын жою жөніндегi комиссияның құрамына тиiстi кеден органының бiрiнші басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген адам, Кәсіпорынның бас бухгалтерi мен өкiлi мiндеттi түрде кiруi керек.
23. Акциз алымының маркаларын нақты жою туралы жою актiсi үш данада жасалады, онда жойылған маркалардың нөмiрi мен саны көрсетiледi (N 2 Қосымша).
Актiнiң бiр данасы тиiстi кеден органында қалады, актінің екiнші данасы екi күн мерзiм ішінде Алматы қаласы бойынша Бас кеден органының Акциз күзетiне жіберiледi. Актінің үшiнші данасы Кәсіпорынға берiледi.
24. Алкоголь өнiмiн импорттаушы 1997 жылғы үлгiдегi акциз алымының пайдаланылмаған маркаларының орнына жаңа үлгiдегi акциз алымының маркаларын сатып алған кезде, егер акциз алымының маркаларын сатып алған кезде акциз төленбеген болса, акциз маркаларды сатып алған сәтте жалпы белгiленген тәртіп бойынша төленедi.
N 1 Қосымша
__________ облысы бойынша
Кеден басқармасының (кеденнің)
бастығына
______________________________
Акциз алымы маркаларын сатып алуға
Өтініш
________________________________________________________________
(ұйымның толық атауы, КҰЖЖ коды, мекен-жайы, банктегі деректемелері)
акциз алымы маркасын сатуды өтінеді:
_____________ санында _______________________________________ дана
(марка үлгісі) (жазбаша)
_____________ санында _______________________________________ дана
(марка үлгісі) (жазбаша)
____________ санында _______________________________________ дана
(марка үлгісі) (жазбаша)
Көрсетілген марка саны мынадай тауарларды таңбалау үшін қажет:
___________________________________________________________________
(номенклатура мен ыдыс үлгілері көрсетілген бөтелке саны)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
____________ облысы бойынша
Кеден басқармасының (кеденнің)
____________ депозиттік шотына
марка сатып алуға ақшалай қаражат
1999 ж._______ N___________ төлем тапсырмасымен
_____________________________ сомасында
(жазбаша)
Ұйымның басшысы _____________(Аты-жөні, қолы)
Бас бухгалтер _____________(Аты-жөні, қолы)
М.О.
Маркалар үшін ақшалай қаражаттың түскені туралы
Кеден органының белгісі
жауапты тұлғаның қолы, күні
N 2 қосымша
Акциз алымы маркаларын жою
Актісі
"Акцизделуге жататын тауарлардың жекелеген түрлерін акциз
алымы маркаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999.19.04. N 431 P990431_ қаулысына сәйкес біз,
мынадай құрамдағы комиссия:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
саны____________________________ дана 1997 жылғы үлгідегі акциз
алымы маркаларын өртеу арқылы есептеп шығарып, жоюды жүргіздік
соның ішінде: ТМД СЭҚ ТН 2204-тен (220430-дан басқа), 2205,
220600- шараптар, шампан шараптары________________________дана
N және сериясы ________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
ТМД СЭҚ ТН 2207, 2208-ден - спирттің барлық түрлері, арақ,
ликер-арақ бұйымдары, күшейтілген ішімдіктер, күшейтілген шырындар,
зәмзәм сулары, коньяктар _____________________________________ дана
N және сериясы ________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Төраға
1)___________________ ____________
(аты-жөні, лауазымы) (қолы)
Комиссия мүшелері:
2)___________________ ____________
(аты-жөні, лауазымы) (қолы)
3)___________________ ____________
(аты-жөні, лауазымы) (қолы)
4)___________________ ____________
(аты-жөні, лауазымы) (қолы)
5)___________________ ____________
(аты-жөні, лауазымы) (қолы)