Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздар 1-бабының он екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар ретінде айқындалған "Бюджеттік жүйе туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 01 көкектегі
заңының
қабылдануына байланысты, сондай-ақ зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін кеңейту және зейнетақы активтерін инвестициялық кезінде тәуекелдерді төмендету мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі - "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
1. Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 12 қарашада 641 нөмірмен тіркелген Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру
қағидаларына
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2-тармақта:
1) тармақша "эмиссияланған" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Қағидалардың 3-1 тармақтарының шарттарына сәйкес айқындалған екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге және осы Қағидалардың 3-1 тармақтарының шарттарына сәйкес келетін екінші деңгейдегі банктер шығарған депозиттік сертификаттарға және/немесе бағалы қағаздары "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тізіміне "А" санаты бойынша енгізілгендердің - 20%-тен көп емес (осы Қағидалардың 5 және 6-тармағымен белгіленген шектеулермен қоса);";
2) 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Депозиттік сертификаттарына (ондағы депозиттерге) Қордың зейнетақы активтері орналастырылатын банкті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерді (өз капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарған сәйкес келмейтін бірінші топтағы банктерді қоспағанда) халықаралық стандарттарға өткізу туралы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші топқа жатқызу керек не оған аталған нормативтік құқықтық актілердің талаптары қолданылмау керек.";
3) 5-тармақта "банктік" деген сөз алып тасталсын;
4) 6-тармақта:
"банктік" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қордың зейнетақы және өз активтерін депозиттік сертификатқа (екінші деңгейдегі депозитке) орналастыру мерзімі үш айдан аспау керек. Осы мерзім аяқталғанға дейін Қор (Қордың Басқарушысы) депозиттік сертификатты өтеуге (осы екінші деңгейдегі банктің депозиттік сертификаттарын шығарудың, айналысының және өтеудің шарттарына сәйкес) ұсыну немесе есептелген сомаларды Қордың кастодиандағы инвестициялық шотқа есептеп сала отырып сату керек, ал Қордың кастодиандағы инвестициялық шотқа депозит бойынша депозит сомасындай болып та ол бойынша сыйақы (мүдде) сомасы болып та есептеліп салыну керек.";
5) 8-тармақта:
бірінші бөліктегі "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі "Қор Басқарушысының" деген сөздер "Қордың (Қор Басқарушысының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 8-1 тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Осы Қағидалардың 8-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген өтінішті Ұлттық комиссия осы Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес айқындалған мерзім ішінде алу керек. Егер, осы мерзімнің аяқталуына кемінде екі жұмыс күні қалса, өтініште оның кешіктіріліп ұсынылу себептері болу керек.";
7) 9-тармақтағы "Қор Басқарушысы" деген сөздер "Қор (Қордың басқарушысы)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Қаулының қабылданған күннен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Заң басқармасы осы Қаулыны мемлекеттік тіркеу мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлімі:
1) осы Қаулыны "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының назарына жеткізсін;
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны "Қазақстанның қор биржасы" ЖАҚ-ның (оған осы Қаулыны өзінің мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Комиссияның мүшелері