Ескерту: ҚР Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 11 қарашадағы N 480 бұйрығы мен күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесінен үзінді: "Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қарашадағы N 1675 қаулысына сәйкес Бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын... Министр
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 292 бұйрығына N 1 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 395 бұйрығы V990879_ . ______________________________________________________________
"Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 7 сәуірдегі және "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 маусымдағы N 834 P990834_ және "Мир" мемлекетаралық телерадикомпаниясының мәселелері" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 553 P930553_ қаулыларына, 1999 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы бекіткен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Шаруашылық Басқармасы туралы ережеге сәйкес
Бұйырамын:
1. "Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 292 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
1) Ережеге N 1-қосымшада:
"Ресми делегацияларға қызмет көрсету", "Іскерлік ынтымақтастық шеңберінде ТМД елдерімен ақпараттық саясатты жүргізу" және "Ауыл шаруашылығында реформаларды мемлекетті қолдау" деген жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"10.3.212.46.31 Ормандар мен жануарлар әлемін жердегі қорғау, 1-топ";
2) Ережеге N 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"6.2.258.57 Жергілікті деңгейде мүгедектерді әлеуметтік қолдау, 1-топ
6.2.258.57.32 Санаторлық-курорттық емдеу жөніндегі жеңілдіктер, 1-топ
6.2.258.58 Жергілікті деңгейде ішкі әскерлер мен мерзімді қызметтің әскери қызметшілерін әлеуметтік қолдау, 1-топ
6.2.258.58.30 Қоғамдық көліктің барлық түрлеріне - қалалық, қалааралық және жергілікті бағыттағы (таксиден басқа) жүру жөніндегі жеңілдіктер
6.2.258.59 Жергілікті деңгейде 1999 жылғы 7 сәуірге дейін "Отан", "Даңқ" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы" жоғарғы атағына, республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарды әлеуметтік қолдау, 1-топ
6.2.258.59.30 Қоғамдық көліктің барлық түрлерінде - қалалық, қалааралық және жергілікті бағыттағы (таксиден басқа) жүру жөніндегі жеңілдіктер, 1-топ 6.2.258.59.31 Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулерге арналған шығыстар бойынша жеңілдіктер, 1-топ". 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.