Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 292 бұйрығына N 1 өзгеріс пен толықтырулер енгізу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1999 жылғы 2 тамыз N 395 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 тамыздағы N 879 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 11 қарашадағы N 480 бұйрығымен. (Бұйрықтан үзіндіні төменнен қараңыз.)


     Ескерту: ҚР Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 11 қарашадағы N 480       
              бұйрығы мен күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесінен    
              үзінді: 
     
     "Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын республикалық және 
жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қарашадағы N 1675 қаулысына 
сәйкес Бұйырамын:
     1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы 
министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын...
     
     
     Министр
     
     


      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 292 бұйрығына N 1 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 395 бұйрығы V990879_ . ______________________________________________________________
      "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 7 сәуірдегі және "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 маусымдағы N 834 P990834_ және "Мир" мемлекетаралық телерадикомпаниясының мәселелері" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 553 P930553_ қаулыларына, 1999 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы бекіткен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Шаруашылық Басқармасы туралы ережеге сәйкес

           Бұйырамын:

      1. "Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 292 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
      1) Ережеге N 1-қосымшада:
      "Ресми делегацияларға қызмет көрсету", "Іскерлік ынтымақтастық шеңберінде ТМД елдерімен ақпараттық саясатты жүргізу" және "Ауыл шаруашылығында реформаларды мемлекетті қолдау" деген жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "10.3.212.46.31 Ормандар мен жануарлар әлемін жердегі қорғау, 1-топ";
      2) Ережеге N 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "6.2.258.57 Жергілікті деңгейде мүгедектерді әлеуметтік қолдау, 1-топ
      6.2.258.57.32 Санаторлық-курорттық емдеу жөніндегі жеңілдіктер, 1-топ
      6.2.258.58 Жергілікті деңгейде ішкі әскерлер мен мерзімді қызметтің әскери қызметшілерін әлеуметтік қолдау, 1-топ
      6.2.258.58.30 Қоғамдық көліктің барлық түрлеріне - қалалық, қалааралық және жергілікті бағыттағы (таксиден басқа) жүру жөніндегі жеңілдіктер
      6.2.258.59 Жергілікті деңгейде 1999 жылғы 7 сәуірге дейін "Отан", "Даңқ" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы" жоғарғы атағына, республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарды әлеуметтік қолдау, 1-топ

     6.2.258.59.30 Қоғамдық көліктің барлық түрлерінде - қалалық, 
қалааралық және жергілікті бағыттағы (таксиден басқа) жүру жөніндегі 
жеңілдіктер, 1-топ
     6.2.258.59.31 Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулерге арналған 
шығыстар бойынша жеңілдіктер, 1-топ".
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
     орынбасары -
     Қаржы министрі
     
     
     Оқығандар:
             Омарбекова А.Т.
             Икебаева Ә.Ж.
          
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады