Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу жөніндегі Ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 1999 жылғы 17 маусымдағ N 655 Бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 08-1-1-1/60 Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылдды - ҚР Сыртқы істер министрінің 2012.02.24 № 08-1-1-1/60 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Ескерту. Атауындағы "шетелдік азаматтарды" деген сөздер "шетелдіктерді" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2008.09.18 N 08-1-1-1/300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы консулдық қызметінің жұмысын жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңның 78-бабына сәйкес бұйрық етемін:
      1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу жөніндегі қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2008.09.18 N 08-1-1-1/300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

       Министр

Қазақстан Республикасы   
Сыртқы істер министрінің 
1999 жылғы 17 маусымдағы 
N 655 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының азаматтары
болып табылатын ұл (қыз) баланы асырап
алғылары келетін шетелдік азаматтарды
есепке алу туралы
Ереже

      Ескерту. Мәтіндегі "дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері", "дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер", "дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері" деген сөздер "шет елдердегі мекемелері", "шет елдердегі мекемелер", "шет елдердегі мекемелері", "шет елдердегі мекемелер" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 30 қарашадағы N 08-1/363 , бүкіл мәтін бойынша "шетелдік азаматтарды", "шетелдік азаматтар", "шетелдік азаматтардан" деген сөздер "шетелдіктерді", "шетелдіктер", "шетелдіктерден" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2008.09.18 N 08-1-1-1/300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен .

      1. Бұл ережелер Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 78-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) баланы асырап алғылары келетін шетелдіктерді есепке алу тәртібін анықтайды.

      2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) баланы асырап алғылары келетін шетелдіктер Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы Қазақстан Республикасының өкілетті органдарына (қорғаншылық және қамқорлық көрсету органдары) өтініш жасайды және ұл (қыз) бала асырап алғылары келетіндігі туралы жазбаша өтінішті; өздері тұратын елдің жергілікті органдарынан әлеуетті ата-ананың жеке мінез-құлықтары туралы, ұл (қыз) бала асырап алуларына рұқсат беретін және болашақ отбасындағы баланың қалыпты дамуына, тәрбиеленуіне және білім алуына қажетті жағдайлардың бар екендігін растайтын анықтаманы, қаржылай дербестігі туралы; отбасы жағдайы туралы анықтаманы; денсаулығы туралы дәрігерлік анықтаманы; сотталғаны туралы анықтама болуы не болмауы тапсырады.
      Қажет болған жағдайда, жоғарыда аталған барлық құжаттар Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде ресмилендіріліп, мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасымен бірге тапсырылуға тиіс.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 30 қарашадағы N 08-1/363, 2008.09.18 N 08-1-1-1/300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен.

      3. Шетелдіктерден құжаттар қабылдау кезінде консулдық лауазым иесі өтініш жасаушылардың Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 76, 79, 80 және 81-баптарында көрсетілген талаптарға сәйкес келетіндігін міндетті түрде тексереді. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда құжаттар қабылданбайды және оның себептері түсіндіріледі. Өтініш жасаушы көрсетілген талаптарға сәйкес келсе консулдық лауазым иесі өтініш жасаушы туралы мәліметтерді, оның материалдық және қаржылық жағдайлары, тұратын мекен-жайлары, ұл (қыз) бала асырап алу жөніндегі материалдардың келіп түскен және шет елдегі мекеме материалдарды қорғаншылық және қамқорлық көрсету органдарға жіберген күндерін көрсетіп Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген тұлға ретінде есепке алады.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2008.09.18 N 08-1-1-1/300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Б ұйрығымен

      4. Шет елдердегі мекемелері бала асырап алу жөніндегі материалдарды одан әрі қорғаншылық және қамқорлық көрсету органдарына жеткізу үшін екі дана етіп Консулдық қызмет департаментіне жібереді. Ұл (қыз) баланы асырап алу жөніндегі құжаттардың бір данасы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде сақталады.

      5. Қорғаншылық және қамқорлық көрсету органдарынан ұл (қыз) баланы асырап алу мүмкіндігі туралы жауап алынған кезде, шет елдердегі мекемелер өтініш жасаушыларға Қазақстан Республикасына келіп, Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 76-бабындағы 3-тармаққа сәйкес ұл (қыз) баланы асырап алуды ресімдеулері үшін виза береді.

      6. алынып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2008.09.18 N 08-1-1-1/300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен .

      7. Ұл (қыз) бала асырап алынған соң осы Ереженің 3-тармағында аталған журналға ұл (қыз) баланың асырап алынғандығы туралы жазылады.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2008.09.18 N 08-1-1-1/300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Б ұйрығымен

      8. Консулдық лауазым иесі кәмелеттік жасқа жеткенше Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 91-бабындағы талаптарды сақтай отырып, баланың тұрмыс жағдайы мен тәрбиесінің талапқа сәйкестігін тексеру мақсатында ұл (қыз) бала асырап алушыға келіп тұруға құқығы бар.
      Ескерту: 8-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 30 қарашадағы N 08-1/363 бұйрығымен .

      9. Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырап алғылары келетін шетелдіктер туралы ақпараттар жарты жылда бір рет Консулдық қызмет департаментіне жіберіліп тұрады.

Об утверждении Правил об учете иностранцев, желающих усыновить (удочерить) детей, являющихся гражданами Республики Казахстан

Приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 17 июня 1999 года № 655 Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15.09.99 г. за № 893. Утратил силу приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 08-1-1-1/60

      Сноска. Утратил силу приказом Министра иностранных дел РК от 24.02.2012 № 08-1-1-1/60 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      Сноска. Заголовок с изменениями, внесенными приказом и.о. Министра иностранных дел РК от 18.09.2008 N 08-1-1-1/300 (порядок введения в действие см. п.2 ).

      В целях совершенствования деятельности консульской службы Республики Казахстан и в соответствии со статьей 78 Закона Республики Казахстан "О браке и семье" приказываю:
 

      1. Утвердить прилагаемые Правила об учете иностранцев, желающих усыновить (удочерить) детей, являющихся гражданами Республики Казахстан.    
       Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными приказом и.о. Министра иностранных дел РК от 18.09.2008 N 08-1-1-1/300 (порядок введения в действие см. п.2 ).

     Министр

Правила
об учете иностранцев, желающих усыновить (удочерить)
детей, являющихся гражданами Республики Казахстан

      Сноска. По всему тексту Правил слова "дипломатические представительства, консульские учреждения", "дипломатических представительствах, консульских учреждениях", "дипломатические представительства и консульские учреждения", "дипломатических представительствах и консульских учреждениях" заменены словами "загранучреждения", "загранучреждениях", "загранучреждения", "загранучреждениях" - приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года N 08-1/363.
       По всему тексту Правил слова "иностранных граждан", "иностранные граждане", "иностранных гражданах" заменены соответственно словами "иностранцев", "иностранцы", "иностранцах" - приказом и.о. Министра иностранных дел РК от 18.09.2008 N 08-1-1-1/300 (порядок введения в действие см. п.2 ).

      1. Настоящие правила разработаны в соответствии со статьей 78 Закона Республики Казахстан "О браке и семье" и определяют порядок учета иностранцев, желающих усыновить (удочерить) детей граждан Республики Казахстан.
 

      2. Иностранцы, желающие усыновить (удочерить) детей граждан Республики Казахстан, обращаются в уполномоченные органы Республики Казахстан (органы опеки и попечительства) через загранучреждения Республики Казахстан и представляют письменное заявление о желании усыновить (удочерить) ребенка; справку-разрешение от местных органов страны пребывания о личных нравственных качествах потенциальных родителей, разрешающую усыновление (удочерение) детей и подтверждающую наличие условий в будущей семье для нормального развития, воспитания и образования ребенка; справку о финансовой состоятельности; справку о семейном положении; медицинскую справку о состоянии здоровья; справку о наличии или отсутствии судимости.
 

      Все указанные документы должны быть при необходимости легализованы в загранучреждениях Республики Казахстан и представлены вместе с заверенным переводом на государственный или русский языки.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями - приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года N 08-1/363; приказом и.о. Министра иностранных дел РК от 18.09.2008 N 08-1-1-1/300 (порядок введения в действие см. п.2 ).
 

      3. При приеме документов от иностранцев консульское должностное лицо в обязательном порядке проверяет соответствие заявителей условиям, указанным в статьях 76,   79, 80 и 81 Закона Республики Казахстан "О браке и семье". В случае соответствия заявителя указанным условиям консульское должностное лицо ставит заявителя на учет в качестве лица, желающего усыновить (удочерить) детей, являющихся гражданами Республики Казахстан, посредством внесения в отдельный журнал сведений о заявителе, о его материальном и финансовом состоянии, адреса его проживания, даты поступления и отправления загранучреждением материалов по усыновлению (удочерению) в органы опеки и попечительства. В случае несоответствия указанным условиям документы не принимаются и разъясняются причины отказа.
       Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными приказом и.о. Министра иностранных дел РК от 18.09.2008 N 08-1-1-1/300 (порядок введения в действие см. п.2 ).
 

      4. Загранучреждения направляют материалы по усыновлению в двух экземплярах в Департамент консульской службы для дальнейшего препровождения в органы опеки и попечительства. Один экземпляр документов по усыновлению (удочерению) хранится в загранучреждениях Республики Казахстан.
 

      5. При получении ответа из органов опеки и попечительства о возможном усыновлении (удочерении) ребенка, загранучреждения выдают визы заявителям для въезда в Республику Казахстан и оформления усыновления (удочерения) ребенка в соответствии с пунктом 3 статьи 76 Закона Республики Казахстан "О браке и семье".
 

      6. (Исключен - приказом и.о. Министра иностранных дел РК от 18.09.2008 N 08-1-1-1/300 (порядок введения в действие см. п.2 ).
 
 

      7. После усыновления (удочерения) в журнале, указанном в пункте 3 настоящих Правил, производится запись об усыновлении (удочерении).
       Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными приказом и.о. Министра иностранных дел РК от 18.09.2008 N 08-1-1-1/300 (порядок введения в действие см. п.2 ).
 

      8. Консульское должностное лицо до достижения совершеннолетия  с соблюдением условий  статьи 91 Закона Республики Казахстан "О браке и семье" имеет право посетить усыновителя (удочерителя) с целью проверки соответствии условий проживания, воспитания ребенка.
      Сноска. Пункт 8 с изменениями - приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года N 08-1/363.
 

      9. Информация об иностранцах, желающих усыновить (удочерить) детей граждан Республики Казахстан, раз в полгода направляется в Департамент консульской службы.