Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 03.04.2015 № 11-1-2/130 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) Күші жойылдды - ҚР Сыртқы істер министрінің 2012.02.24 № 08-1-1-1/60 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
2) "Шетелдіктердің асырап алуына берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 11 сәуірдегі N 08-1/31 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2264 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған 2003 ж., N 25-26, 866-құжат) бұйрығында :
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктердің асырап алуына берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу туралы нұсқаулықта:
15-тармақта:
"жарты жылда бір рет" деген сөздер алынып тасталсын;
"барып тұруға міндетті" деген сөздер "барып тұрады" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
МИНИСТР
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметінің директоры
2005 жылғы 21 желтоқсан
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2005 жылғы 11 желтоқсан
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2005 жылғы 1 желтоқсан