-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi: 43. "Жер салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" N 34 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 4 тамыздағы N 929 V990903_ бұйрығы. ----------------------------------------------------- "Салық салу мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі N 440-1 Z990440_ Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Бұйырамын: 1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының мынадай нұсқаулары бекітілсін: N 33 V950078_ "Заңды тұлғалардың табыс салығын бюджетке төлеу және есептеу тәртібі туралы" ; N 34 V950075_ "Жер салығын төлеу және есептеу тәртібі туралы"; N 36 V950074_ "Акциздерді төлеу және есептеу тәртібі туралы"; N 37 V950077_ "Қосылған құн салығын төлеу және есептеу тәртібі туралы"; N 38 V950071_ "Мүлік салығын төлеу және есептеу тәртібі туралы"; N 39 V950072_ "Көлік құралдары салығын төлеу және есептеу тәртібі туралы"; N 43 V950080_ "Салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілік ережелер туралы"; N 46 V990717_ "Әлеуметтік салықты төлеу және есептеу тәртібі туралы";
"Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты акциздер мен оларды қолдану тәртібі туралы" V950115_ ҚР МКМ нұсқауы;
"Ойын бизнесі субъектілеріне салық салудың оңайлатылған режимі туралы" V990780_ ҚР МКМ нұсқауы.
2. Әдістеме департаменті мен Өндірістік емес төлемдер департаменті (Н.Д.Үсенова., А.Б. Тілегенов):
- аталған Нұсқауларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келіссін;
- келісілген Нұсқауларды мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
Министр
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 4 тамыз N 929 бұйрығымен бекітілді
"Жер салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" V950075_
N 34 Нұсқауға өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
1. Бүкiл мәтiндегi:
"Салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығы" деген сөздер "Салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы N 2235 Заңы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлыққа" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңның", "Заңмен", "Заңда", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер мемлекеттiк меншiк болып табылады. Мемлекеттiк меншiктен жер учаскелерiн жеке меншiкке беру, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, ақы төленiп жүргiзiледi.
Мемлекеттiк меншiктегi жерлердегi жер учаскелерi мынадай болуы мүмкiн:
1) жеке меншiкке өтеусiз берiлдi немесе сатылды;
2) тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiледi;
3) "Жер туралы" (бұдан әрi- Жарлық) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығымен, өзге де заңдар актiлерi мен мемлекеттiк шарттарда көзделген жағдайлардағы өзге де құқықтық нысандарда iске асырылады.
Жерге жеке меншiк азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгi түрiнде болып келедi.
Жер иесiне оған тиесiлі жердi иелену, пайдалану және билiк ету құқықтары жатады.
Шетел азаматтары мен заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар, егер өзге де Жарлықпен немесе басқа да заңдарда көзделмесе, жер құқықтық қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтары және заңды тұлғаларымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және мiндеттердi орындайды.
Мемлекет берген жер үшiн төлем жер учаскесiнiң сапасы, орналасқан жерi және сумен қамтамасыз етiлуiне қарай айқындалған жер салығы немесе жал төлемi нысандарында алынады.
Осы Нұсқауда қолданылатын ұғымдар мынадай мағыналарды бiлдiредi:
жерге жеке меншік құқығы - азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың Жарлықпен және өзге де заңдармен белгіленген жағдайлар мен шектерде олардың жер учаскелерін иелену, пайдалану және билік ету құқығы;
жер пайдалану құқығы - мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін мерзімсіз (тұрақты жер иелену) немесе белгілі бір мерзімде (уақытша жер пайдалану) тұлғаның иелену және пайдалану құқығы. Жер пайдаланушы Жарлықпен белгіленген жағдайлар мен шектерде оған жер пайдалану құқығына билік етуге құқылы. Уақытша жер пайдалану құқығы қысқа мерзімді (3 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (3 жылдан 99 жылға дейін) болуы мүмкін. Бастапқы және қайталама жер пайдалану құқығына бөлінеді;
жер учаскесі - жер құқықтық қатынастар субъектілері үшін Жарлықпен
белгіленген тәртіпте бекітілген, жабық шекараларда бөлінген жер бөлшегі.; төлемнің базалық ставкасы - жерді пайдалануға мемлекет беретін немесе жеке меншікке берілетін жер үшін төлем нормативі. 3. 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Жер салығы төлеушілері біртұтас жер салығы төлеушілерінен басқа меншігінде тұрақты пайдалану немесе бастапқы өтеусіз уақытша пайдалануға жер учаскелері бар заңды тұлғалар (оның ішінде резидент еместер), өкілдіктер мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер мен жеке тұлғалар болып табылады." 4. 11-тармақта: "0,12-ге дейін" сөздері "0,50-ге дейін" сөздерімен ауыстырылсын; "0,12-ден 0,25-ке дейін" сөздері" 0,50-ден асатын" сөздерімен ауыстырылсын; "0,25 гектардан асатын алаң үшін - 0,01 гектар үшін 400 теңге" сөздері алып тасталсын; мысал мынадай редакцияда жазылсын: "Мысал.
Жеке тұлға иелігінде көлемі 0,70 гектар қосалқы, бағбандық, бау-бақша және саяжайлық шаруашылық жүргізу үшін берілетін жер учаскесі бар.
Заңның 108-бабы 4-тармағына сәйкес салық ставкасы 0,50 гектарға дейінгі көлемінде 0,01 гектар үшін 20 теңге мөлшерінде, 0,50 гектардан асатын алаң көлеміне - 0,01 гектар үшін 100 теңгеде белгіленген. Аталған ставкаларға жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейтін коэффициент қолданылады, 1999 жылғы коэффициент 1,57 болды.
1999 жыл үшін жер салығы мөлшері мынаны құрады:
1) 0,50 гектарға дейінгі алаңға
0,50 га : 0,01 га х 20 теңге х 1,57 = 1570 теңге;
2) 0,50 гектардан асатын алаңға
(0,70 га - 0,50 га) : 0,01 га х 100 теңге х 1,57 = 3140 теңге.
Жалпы 1570 теңге + 3140 теңге = 4710 теңге.
Сөйтіп, 1999 жыл үшін жер салығы мөлшері мынаны құрады."
5. Мынадай мазмұндағы 12-1 тармағымен толықтырылсын:
"12-1. 2000 жылдан бастап ауыл шаруашылығы емес жер пайдаланушылар-заңды тұлғалар 15 ақпанға дейiнгi мерзiмде тең үлеспен жер салығы сомасын бөле отырып, 7-қосымшаға сәйкес алдағы жылға жер салығы бойынша Ағымдағы төлемдер есебiн ұсынады."
6. 13-тармақта:
бiрiншi абзацта "өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер" деген сөздерiнен кейiн "(бiртұтас жер салығын төлеушiлерден басқа)" деген сөздерiмен толықтырылсын;
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ағымдағы жылдағы 1 шілдеге дейiнгi жер учаскелерінің алаңдар мөлшерлерiнің ұлғаюы немесе кемуi жағына өзгерiстер жағдайынан бастап ауыл шаруашылығы емес жер пайдаланушылар-заңды тұлғалар жер алаңдарының өзгерген күнiнен бастап 30 күнтiзбелiк күн iшiнде салық органына 8-қосымшаға сәйкес Есеп тапсыру қажет.
Ағымдағы жылдағы 1 шiлдеден кейiнгi (яғни Декларация ұсынғаннан кейiн) жер учаскелерiнiң алаңдар мөлшерлерiнiң ұлғаюы немесе кемуi жағына өзгерiстер жағдайынан бастап ауыл шаруашылығы емес жер пайдаланушылар-заңды тұлғалар жер алаңдарының өзгерген күнiнен бастап 30 күнтiзбелiк күн iшiнде салық органына қосымша декларация тапсыру қажет.
Бұл жағдайларда төлем мерзiмi деп алдағы (келесi) жер салығын төлеу мерзiмi есептеледi."
7. 17-тармақтағы "жеке тұлғалар" деген сөздерден кейiн "(бiртұтас жер салығын төлеушiлерден басқа)" деген сөздерiмен толықтырылсын.
8. 18-тармақтағы "жер учаскелерi" деген сөздерден кейiн "(бiртұтас
жер салығын төлеушiлерден басқа)" деген сөздерiмен толықтырылсын. 9. 27-1 тармағында: "0,12-ге дейiнгi" деген сөздерi "0,50-ге дейiнгі" деген сөздерiмен ауыстырылсын; "0,12-ден 0,25-ке дейiнгi" деген сөздер "0,50-ден асатын" деген сөздерiмен ауыстырылсын; "0,25 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшiн 400 теңге" деген сөздер алып тасталсын. 10. нұсқауға 4-қосымшада: "Павлодар 3,00 0,3" жолдары бойынша "3,00" сандары "5,00" сандарымен ауыстырылсын. 11. 62-тармақта: 8) тармақшада: бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"8) салық төлеушiге инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органмен
келiсiм-шартқа сәйкес келiсiм-шарт жасау сәтiнен бастап 5 жылға дейiнгi мерзiмге жер салығын төлеуден босатылуы мүмкiн;" екiншi және үшiншi абзацтар алып тасталсын; төртінші абзацтағы "жобаның бағыты, уақыты және ақталу жағдайы" деген сөздер "экономиканың негізгі капиталы мен басым секторына инвестициялар мөлшерлері" деген сөздермен ауыстырылсын; 9) тармақшасы ", Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқарушы жүйесінің еңбекпен түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары". 12. мынадай мазмұндағы 7-қосымшамен толықтырылсын: 13. мынадай мазмұндағы 8-қосымшамен толықтырылсын: 14. Осы өзгерістердің 4, 9-тармақтарының ережелері 1999 жылғы 1 сәуірден бастап енгізіледі. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының 1995 жылғы 27 маусымдағы N 34 нұсқауына 7 қосымша Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі Кәсіпорын (бірлестік, ұйым) мөртабаны _______________ (банк шоттары) СТТН ___________________________ _______________________________бойынша (салық төлеушінің мекен-жайы) (заңды тұлға атауы) ______________________ (телефон) __________________________________________________________________________ Салық салынатын Жер учаскесінің 1 га немесе 1 шаршы Жер салығының объектілер тіз. көлемі метрге ставка сомасы, теңге бесі және олардың (га, шаршы метр) орналасқан жері __________________________________________________________________________ Жиынтығы: __________________________________________________________________________ Барлығы жер салығын төлеуге тиеселі Мынадай мерзімдерде: _____жылғы 20 ақпанға дейін ____ теңге _____жылғы 20 тамызға дейін__ теңге _____жылғы 20 мамырға дейін ____ теңге _____жылғы 20 қарашаға дейін __теңге Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі Біз осы есепте көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен шындығы үшін заң алдында жауап береміз. Басшы___________ __________ (аты-жөні) (қолы) Бас бухгалтер ___________ __________ (аты-жөні) (қолы) ____________күні МО Есеп жасау бойынша қызмет көрсеткен аудитор ___________________ __________ (аты-жөні, СТТН) (қолы) МО Салық органының басшысы ________________ _______________ (аты-жөні) (қолы) Бөлім бастығы ______________ ______________ (аты-жөні) (қолы) Ескерту. Ауыл шаруашылығы жер пайдаланушылары мен жер иелері үшін жер салығын төлеу мерзімі - ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешеуілдетпеу. Жер салығы бойынша есепті ағымдағы жылдың 15 ақпанынан кешеуілдетпей объектілер орналасқан жердегі салық комитетіне ұсынылады. Ай ішінде оның ұсынылған сәтімен жер салығы қосымша декларация салық жылы ортасында қайта жүргізілген жер учаскесі бойынша түседі. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының 1995 жылғы 27 маусымдағы N 34 нұсқауына 8 қосымша Жер салығы бойынша өзгерістер есебі Кәсіпорын (бірлестік, ұйым) мөртабаны _______________ (банк шоттары) СТТН ___________________________ _______________________________бойынша (салық төлеушінің мекен-жайы) (заңды тұлға атауы) ______________________ (телефон) __________________________________________________________________________ Салық салынатын Жер учаскесінің 1 га немесе 1 шаршы Жер салығының объектілер тіз. көлемі метрге ставка сомасы, теңге бесі және олардың (га, шаршы метр) орналасқан жері __________________________________________________________________________ 1 2 3 4 __________________________________________________________________________ Жиынтығы: __________________________________________________________________________ Барлығы жер салығын төлеуге тиесілі мынадай мерзімдерде: _____жылғы 20 ақпан дейін ____ теңге _____жылғы 20 тамыз дейін__ теңге _____жылғы 20 мамыр дейін ____ теңге _____жылғы 20 қараша дейін __теңге Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі Біз осы есепте көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен шындығы үшін заң алдында жауап береміз. Басшы___________ __________ (аты-жөні) (қолы) Бас бухгалтер ___________ __________ (аты-жөні) (қолы) ____________күні МО Есеп жасау бойынша қызмет көрсеткен аудитор ___________________ __________ (аты-жөні, СТТН) (қолы) МО Салық органының басшысы ________________ _______________ (аты-жөні) (қолы) Бөлім бастығы ______________ ______________ (аты-жөні) (қолы) Ескерту. Есеп жер учаскесінің көлемі өзгерген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде салық органына тапсырылады. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.