-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
42. "Табиғат қорғау заңдылығын бұзғаны және қоршаған ортаны ластандырғаны үшiн төлемдердi есептеу және төлеу тәртiбi туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы" Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінiң 1999 жылғы 18 маусымдағы N 693 V990925_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
"Табиғат қорғау заңдылығын бұзғаны және қоршаған ортаны ластандырғаны үшін төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі туралы" Нұсқауды бекіту туралы
Бұйырамын:
1. "Табиғат қорғау заңдылығын бұзғаны және қоршаған ортаны ластандырғаны үшін төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі туралы" Нұсқау қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін Нұсқау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Өндірістік емес төлемдер Департаментінің Директоры Х.Қ. Махашовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.
Министр
Бекітілді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 18 маусымдағы N 693 бұйрығымен
Қоршаған ортаны ластағаны және
табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін
төлемдерді есептеу мен енгізудің тәртібі туралы
Нұсқау
1. Жалпы ережелер
1. Осы нұсқау "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі N 160-1 заңының Z970160_ , "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1.04.99 жылғы N 357-1 Z990357_ , 358-1 Z990358_ заңының, "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының тиісті бюджет жылына заңының, "Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем алу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1.12.1998 жылғы N 1213 P981213_ қаулысының негізінде әзірленген.
2. Қазақстан Республикасындағы табиғи ресурстар жалпы және арнайы табиғат пайдалануда орналасқан.
Жалпы табиғат пайдалану халықтың өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру және азаматтар мен ұйымдарға табиғи ресурстарды бермей тегін жүзеге асырылады. Егерде бұл заңда тікелей көзделген болса, жалпы табиғат пайдалану бойынша шектеуге жол беріледі.
Арнайы табиғат пайдалану кезінде табиғи ресурстар табиғат пайдаланушыларға белгіленген тәртіпте беріледі. Арнайы табиғат пайдалану құқығы тұрақты не уақытша, иеліктен айыру немесе иеліктен айырмау, ақы үшін немесе тегін берілген, бастапқы немесе қайталама болуы мүмкін.
Арнайы табиғат пайдалану немесе шектелген табиғат пайдаланудың (сервитуттар) туу құқығы ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
3. Осы Нұсқауда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
қоршаған орта - табиғи объектiлердiң, оның iшiнде тiрi және тiрi емес атмосфералық ауа, су, топырақ, жер қойнауы, жануарлар және өсiмдiк әлемiн қоса жиынтығы, сондай-ақ олар әсер ететiн климат;
табиғат пайдалану - адамның шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи ресурстарды пайдалануы;
қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға потенциялды қауiптi химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс және тұтыну қалдықтарының түсуi, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелiстердiң, магниттiк аймақтардың және өзге де зиянды физикалық әсер етулердiң ықпалы.
4. Табиғат пайдалануға лимиттер мен квоталар белгiлi бiр мерзiмге табиғат пайдаланушылар белгiлеген табиғи ресурстарды шектi пайдаланудың (алудың) қоршаған ортаға ластайтын заттардың тастамалары мен шығарып тастаулары, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру мөлшерлерi.
5. Табиғат пайдалануға рұқсат қоршаған ортаны қорғау саласында арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк орган табиғат пайдаланушыға беретiн және табиғат пайдаланушының табиғи ресурстарды пайдалануға (алуға), қоршаған ортаға ластаушы заттарды лақтыруға және тастауға, нақты мерзiмдерi мен көлемдерiн, табиғат пайдалану шарттары мен қолданылатын технологиялар нормаларын көрсете отырып өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыруға құқығын растайтын құжат болып табылады.
6. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында егер ол Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға қарсы келмейтiн болса, шетел ұйымдары мен азаматтардың қызметiне жол берiледi немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiм-шарттарда бекiтiледi.
2. Төлемдер құрамы
7. Қоршаған ортаны ластағаны және табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшiн төлемдер мыналардан тұрады:
- ластайтын заттар тастамалары (шығарып тастаулар), белгiленген лимиттер (нормативтiк төлемдер) шегiндегi өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру үшiн төлемдерден;
- ластайтын заттар тастамалары (шығарып тастаулар), белгiленген лимиттерден (нормативтен тыс төлемдер) жоғары өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру үшiн төлемдерден;
- табиғат қорғау заңдарын бұзу нәтижесiнде талап-қуынымдық тәртiпте алынатын қоршаған орта мен табиғи ресурстарға келтiрiлген залалдың орнын толтыру үшiн қаражаттардан;
- өз уақытында аударылмаған төлемдер үшiн айыппұл санкцияларының (өсiмдерiнiң) сомасынан;
- авариялық тастамалары, ластайтын заттарды шығарып тастау үшiн айыппұл төлемдерiнен;
- табиғат қорғау заңдылығында жауапты лауазым иелерi және табиғат қорғау заңдылығын бұзған кiнәлi азаматтардан әкiмшiлiк тәртiпте өндiрiп алынатын айыппұл қаржыларынан;
- заңдарға қайшы келмейтiн басқа да төлемдерден.
3. Төлемшiлер
8. Қазақстан Республикасы аумағында арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылатын меншiк нысанына қарамастан заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдердi қоршаған ортаны ластау көзiнiң (объектiнiң) орналасқан жерi бойынша енгiзедi.
9. Егерде заңды және жеке тұлғалардың қызметi басқа мемлекеттер аумағында жүргiзiлсе, бiрақ Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын ластауға әкеп соқса, онда осы қатынастан туындайтын салдар халықаралық шарттармен реттеледi.
4. Салық салынатын объектiлер
10. Салық салынатын объектiлер болып мыналар танылады:
- нормативтiк тастамалар, ластайтын заттарды шығарып тастаулар,
өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға (белгiленген лимиттер шегiнде) құқық; - нормадан жоғары тастамалар, қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығарып тастаулар, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға (белгiленген лимиттен аса) құқық. 11. Белгiленген тәртiпте лимиттелетiн қоршаған ортаны ластаудың түрлерi: - тұрақты (ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған) және жылжымалы көздерден атмосфераны ластайтын тастамалар; - қоршаған ортаға ақпалы сулармен ластайтын заттардың тастамалары; - өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру, сақтау және көму; - табиғат қорғау заңдарында көзделген ластаудың басқа түрлерi. 5. Төлемдердiң ставкалары
12. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 160-1 заңының 29-бабына сәйкес қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдердiң ставкаларына белгiленген лимиттер шектерiнде жыл сайын Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң жергiлiктi органдары есеп айырысады және Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен келiсiм бойынша облыстар (Астана және Алматы қалалары) әкiмдерi бекiтедi. Бекiтiлген ставкалар белгiленген тәртiп бойынша салық қызметi органдарына және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы табиғат пайдаланушыларға есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 желтоқсаннан кешiктiрмей жеткiзiледi.
Қоршаған ортаны нормативтiк ластау үшiн төлемдердi табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны нақты ластау мөлшерлерi үшiн төлейдi.
Нормативтер шегiндегi қоршаған орта үшiн төлемдер өнiмнiң (жұмыс пен қызмет көрсетудiң) өз құнына енгiзiледi.
13. Нормативтен жоғары төлемдер бекітiлген нормативтiк ставкаларға еселiк мөлшерде белгiленедi. Белгiленген нормативтерден асыру үшiн төлемдердiң алу еселiгi Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi бекiткен бiрыңғай әдiстеме бойынша белгiленедi.
Егер табиғи ортаны ластау тастамалар (шығарып тастаулар) және қалдықтарды орналастыруға рұқсат белгiленген тәртiпте ресiмделмей жiберiлсе, ластайтын заттардың барлық массасы өз бетiмен ластау деп қарастырылады және ол үшiн төлем еселiк мөлшерде алынады.
14. Төлемдер көлемдерi шағын кәсiпорындар үшiн (жиынтық жылдық көлемi 100 ең төменгi есептi көрсеткiшке дейiн) қоршаған ортаны қорғаудың облыстық (қалалық) қорлары төлемдердi есептi жылда алдын-ала толық төлей отырып, қоршаған ортаны ластағаны үшiн лимит сатып алу нысанында жеткiзуге жол берiледi.
6. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн есеп берудiң
және төлемдер енгiзудiң тәртiбi
15. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер және табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшiн айыппұлдар бюджеттiк классификацияға сәйкес бюджетке есептеледi.
16. Тоқсан, жарты жыл, тоғыз ай мен жыл аяқталғаннан кейiн есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-i күнiнен кешiктiрмей табиғат пайдаланушылар орналасқан жерi бойынша салық органдарына қоса берiлген нысанға сәйкес төлемдер бойынша есептер бередi. Есеп әрбiр тоқсанға дербес жасалады.
Аталған есеп айырысуларды салық органдарына берместен бұрын олардың дұрыс жасалуын табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғаудың жергiлiктi қорында анықтайды.
Қоршаған ортаны нақты ластау мөлшерi үшiн тиесiлі соманы табиғат пайдаланушылар есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сы күнiнен кешiктiрмей тоқсан сайын енгiзедi.
17. Табиғат қорғау заңдарын бұзуға кiнәлi лауазымды және жеке тұлғаларға әкiмшiлiк тәртiпте салынатын айыппұлдар бюджеттiк классификацияның тиiстi кодына Қазақ КСР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексте белгiленген тәртiпте өндiрiп алынады.
18. Төлем төлеу қоршаған ортаны ластайтын көздiң (объектiнiң) орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
19. Төлемшiлер қызмет көрсететiн банкке төлемдердiң кезеңi мен түрiн (ластану түрлерi бойынша қуыным, айыппұлдар, нормативтiк және нормативтен жоғары төлемдер және т.б.) мiндеттi түрде көрсете отыра 4 данада төлемдiк тапсырыс бередi. Бiр дана қызмет көрсететiн банкiде қалдырылады, екiншiсi төлемшiге қайтарып берiледi, қалған екеуi-салық органдары мен қоршаған ортаны қорғаудың жергiлiктi қорына берiледi.
7. Жауапкершiлiк және бақылау
20. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзған кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауап бередi.
21. Мемлекеттiк бақылау барысында табылған және өндiрiстiк есеп пен статистикалық есеп мәлiметтерiнде көрсетiлмеген қоршаған ортаны лимиттен тыс, соның iшiнде өз еркiмен және авариялық ластау табиғат қорғау заңдарын бұзу болып табылады, талаптық-қуынымдық тәртiпте залалды (зиянды) өтеуге әкеп соғады.
21. "Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем алу Ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы желтоқсандағы N 1213 қаулысына сәйкес:
төлемдердi уақтылы енгiзбегенi үшiн төлеген күндi қоса әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерiнде өсiм есептеледi;
төлемдердi келесi есептi кезеңнен астам мерзiмге кешiктiру төлемнен жалтару болып табылады, ол қолданылып жүрген заңдарға сәйкес талаптық-қуынымдық тәртiпте салық органдары қоршаған ортаны қорғаудың жергiлiктi қорларымен бiрге қарыздар мен өсiмдердi алуына негiз бередi;
табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаның ластану мөлшерi туралы ақпаратты жасырып қалуы немесе бұрмалауы қолданылып жүрген қылмыстық, әкiмшiлiк заңдарға сәйкес бұзушыларға жауапкершiлiк мiндет жүктейдi;
қоршаған ортаның ластануына төлемдердiң дұрыс есептелуi, уақтылы аударылуы үшiн бақылауды салық қызметi органдары және ластану объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша қоршаған ортаны қорғаудың жергiлiктi қорлары жүзеге асырады;
қоршаған ортаның ластануына лимиттердi және табиғат қорғау заңдарының
талаптарын сақтау үшiн бақылауды, айыппұлдарды өндiрiп алуды Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң аумақтық органдары жүзеге асырады. 22. Салық органдары әрбiр төлемшiге жеке шоттар ашады, оларда төлемдер мен төленуге тиiстi айыппұл санкцияларының есептелуiн және олардың нақты түсуiн көрсетедi. 23. Салық органдары және қоршаған ортаны қорғаудың жергiлiктi қорлары тоқсан сайын 5-i күнiне дейiн салық төлеушілердің жеке шоттарындағы қосымша есептелген сомаларды көрсету үшін алдыңғы тоқсанға тексеріс актілерімен айырбас жасасады. 1999 жылдың __________ тоқсаны үшін табиғат қорғау қорына төлемдер есебі _______________________________________________________ заңды тұлғаның атауы, мекен-жайы, телефоны __________________________________________________________________________ Рет Ластайтын Өлшем Тастаманың Өлшем Оның Нормативті Норма. саны заттардың, бірлігі рұқсат бірлі. ішінде, тастама тивті өндірістік, етілген гін. норма. үшін тастама тұрмыстық нормативі дегі, дан ставка үшін қызмет қал. (өлшем нақты тыс (шыға. төлем дықтарының бірлігін. таста. рып сомасы атауы де шыға. ма тастау, (шыға. рып тас. (шыға. орналас. рып тас. тау, ор. рып тыру) тау, ор. наластыру) тастау, теңге. налас. орналас. мен тыру) тыру) теңгемен _________________________________________________________________________ таблицаның жалғасы _________________________________________________________________________ Еселік Нормадан Нормадан Жиынтық Нақты Есепті Өсіп отыратын коэф. жоғары жоғары тас. төлем төлем тоқсан жиынтықпен фициенті тастама тама үшін теңге. теңге. жиынтығы қарыз үшін став. төлем сома. мен мен бойынша ка (шыға. сы (шыға. қарыз рып тастау, рып тастау, орналас. орналас. тыру) тыру) теңгемен теңгемен _________________________________________________________________________ Кәсіпорын басшысы _________________ Есеп қабылданды ___________________ қолы,аты-жөні СК қыз-ің лауазымы, аты-жөні Бас бухгалтер _________________ _________________ салық комитеті қолы,аты-жөні _____жылғы "____" қолы________ М.О. Есепті қоршаған ортаны қорғау қорының __________ жергілікті өкілі тексерген ___________________________________ жылғы "____" ______ есепті тексерген тұлғаның лауазымы, аты-жөні, қолы Тексеретін органның мөр немесе мөртабаның орны Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.