--------------Бұйрықтан үзінді--------------
"Заңға тәуелдi актiлердi жетiлдiру бойынша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Заң қызметi департаментi (Д.В. Вагапов) қоса берiлген тiзбеде көрсетiлген бұйрықтардың күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне белгiленген тәртiппен бiр апталық мерзiмде хабарласын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнің
2005 жылғы 3 маусымдағы
N 211 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң күшiн
жойған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi
5. "Ұйымдар және лотерея өткiзу бойынша қызметке берiлетiн лицензиялар ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 7 қазандағы N 1215 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 20 қазандағы N 942 тiркелген)...
--------------------------------------------
"Қазақстан Республикасында лотерея (мемлекеттіктен ұлттықтан)басқа) ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 шілдедегі 939 P990939_ қаулысын орындау үшін Бұйырамын:
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасында лотерея (мемлекеттіктен (ұлттықтан)басқа) ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметке Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің лицензия беру ережесі бекітілсін.
2. Департамент құрылымында лицензиялау және бөлшек сауда желісінде салық салу бөлімін құру көзделіп, ҚР МКМ Өндірістік емес төлемдер департаментіне лицензия беру жөніндегі функция жүктелсін.
3. Осы бұйрықтың орындалу барысын бақылауды өзіме қалдырамын.
Министрдің м.о.
"Бекітілді"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінің
1999 жылғы 7 қазан
N 1215 бұйрығымен
Қазақстан Республикасында лотереялар (мемлекеттiктен
(ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi
қызметке Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс
министрлiгiнiң лицензия беру
Ережесі
Осы Ереже "Қазақстан Республикасында лотереялар (мемлекеттiктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 шiлдедегi N 939 қаулысына сәйкес әзiрленiп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң уәкiлеттiгiне жатқызылған Қазақстан Республикасында лотереялар (мемлекеттiктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметке лицензия беру тәртiбiн айқындайды.
I. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасында лотереялар (мемлекеттiктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және өткiзудiң жекелеген мәселелерi "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1328 P981328_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi лицензия беру жөнiнде уәкiлеттi орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi (бұдан әрi - Лицензиар) лицензияны белгiленген нысанда (N 1 қосымша) бередi.
ІI. Лицензия алу үшін кажеттi құжаттар
3. Лицензияланатын қызметпен айналысу құқығына лицензия осы қызмет түрiне арнайы қойылатын талаптарға бiлiк деңгейi сәйкес келетiн субьектiге берiледi.
4. Лицензия алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттар тапсыруы тиiс:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен нысанда (N 2 қосымша) өтiнiш;
2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 шiлдедегi N 939 қаулысымен белгiленген бiлiктiлiк талаптарына өтiнiш берушiнің сәйкестiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқасы;
өтiнiш берушiнiң қаржы жағдайы туралы аудиторлық қорытынды; лотереялар ұйымдастыру және өткізу жөнiнде нұсқаулық және әдiстемелiк материалдың (жүлделiк қорды құрау және бөлу тәртiбi) бар екенiн растайтын құжаттар; егер сатылған билеттер саны және басқа да жағдайлар оны өткiзуге мүмкіндiк бермесе, лотерея билеттерi иелерiне (бiр сәттiк лотерея билеттерi иелерiнен басқа) соманы қайтару тәртiбi; ойынға қатысу және нәтижелерi, мерзiмiн көрсетіп ұтысты алудың негiзгi ережелерi туралы лотереяға қатысушыларға хабарлау тәртiбi; сатуға шығарылған, сатылған және сатылмаған билеттердi есепке алу, сондай-ақ қолды болған билеттердi ойыннан шығару тәртiбi; сатылмаған билеттердi (жою, басқа таралымдарда пайдалану) өткiзу тәртiбi; лотереялар өткiзу шарттары.
лотереялар ұйымдастыру және өткiзу үшiн қажеттi өзiндiк немесе жалға алынған материалдық-техникалық базаның бар екенiн растайтын құжаттар.
4) лицензияланатын қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензиялық алым сомасы түгел бюджетке енгiзiлгенiн растайтын құжат;
5) Лицензиар бекiткен лотереялар өткiзу шарттары (N 4 қосымша).
III. Лицензия беру тәртiбi
5. Лицензия лотереяның тек бiр түрiне берiледi, яғни Лицензиат лотереяның әрбiр түрiне жеке лицензия алуы тиiс. Лицензия ол берiлген күннен бастап қызметтің бүкiл кезеңiне берiледi.
6. Лицензия алуға өтiнiштi барлық қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш келiп түскен күннен бастап Лицензиар мiндеттi түрде тiркеуге тиiс.
7. Өтiнiштi қарау нәтижесi бойынша Лицензиар бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм шығарады.
Осы шешiмдi Казақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi жұмыс комиссиясы мүшелерiнің дауысқа салу (жай дауыс көпшiлiгi) нәтижесi бойынша қабылданады. Комиссия мыналардан құралады:
- ҚР МКМ-нiң Заң департаментiн қадағалайтын вице-министр - комиссия төрағасы;
- ҚР МКМ-нiң Өндiрiстiк емес төлемдер департаментiн қадағалайтын вице-министр - комиссия төрағасының орынбасары;
- ҚР МКМ-нің Өндiрiстiк емес төлемдер департаментiнің директоры - комиссия мүшесi;
- ҚР МКМ-нiң Заң департаментiнiң директоры - комиссия мүшесi;
- ҚР МКМ-нің Өндiрiстiк емес төлемдер департаментi бөлiм бастығы - комиссия мүшесi;
- ҚР МКМ-нiң Өндiрiстiк емес төлемдер департаментi бас маманы - комиссия хатшысы.
Егер дауыс беру нәтижесiнде жұмыс комиссиясы мүшелерiнiң дауыс саны тең болса, жұмыс комиссиясының төрағасы дауыс берген нұсқа бойынша шешiм қабылданады.
8. Лицензиардың лицензия беру туралы шешiмi жазбаша қорытынды түрiнде ресiмделiп, ол толтырылған Лицензиямен Министрге қол қоюға берiледi.
9. Лицензия бiр данада ресiмделедi.
10. Лицензия иесi бұл туралы Лицензиарға бiр ай бұрын хабарлап, одан бас тартуға құқылы.
11. Оның тұжырымдамасы мен технологиясын өзгертпейтiн лотерея шарттарын өзгерту қажет болса, ұйымдастырушы лотереяны өзгерген шарттарын қайта тiркеуге мiндеттi.
IY. Лицензия беруден бас тарту
12. Егер:
1) заң актiлерiнде субьектілердiң жекелеген санаттарына осы қызмет түрiмен айналысуға тыйым салынса;
2) Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар (осы Ереженiң II тарауы) тапсырылмаса (немесе толық тапсырылмаса). Өтiнiш берушi аталған кемшiлiктердi жойса, осы Ереженiң III тарауына сәйкес жалпы негiзде қаралады;
3) Қазақстан Республикасында лотереялар (мемлекеттiктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алым енгiзiлмесе, лицензия берiлмейдi.
13. Лицензия беруден бас тартылса, өтiнiш берушiге лицензия беруге белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
Ү. Лицензияның күшін тоқтату
14. Мынадай жағдайларда лицензия өз күшiн тоқтатады:
1) лицензия қайтып алынса:
2) занды тұлға кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатса, қайта ұйымдастырылса немесе таратылса:
3) осы қызмет түрiн жүзеге асырушы тұлғаға (тұлғаларға) қатысты қылмыстық iс қозғалса.
15. Лицензия күшiн тоқтатса, Лицензиар мынадай деректер бар хабарлама тапсырады:
- Лицензиат атауы;
- басшысының тегi мен аты-жөнi;
- салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
- хабарландырылған күнi;
- лицензия күшiн тоқтату жөнiндегi себептердi негiздеу;
- шағым беру тәртiбi.
16. Лицензиар жiберетiн кез келген хабарлама немесе басқа да құжаттар:
- фирмалық бланкiде жазбаша түрде жасалуы;
- лауазымды адамның тегі мен аты-жөнінің бас әріптері көрсетілген қолы қойылуы;
- почтамен жіберілуі немесе Лицензиатқа жеке тапсырылуы тиіс.
17. Хабарлама Лицензиатқа жеке тапсырылуы мүмкін. Сонымен қатар, егер құжат Лицензиаттың ресми мекен-жайына не басқа мекен-жайына тапсырыстық почтамен жіберілсе, Лицензиар құжатты тапсыру туралы талаптарды орындады деп саналады. Почта хабарламаны тапсырған күн Лицензиаттың хабарламаны алған сәті, ал құжаттың тапсырылуы фактісін почтадан Лицензиар алған күн Лицензиатқа хабарлама тапсырылуы фактісін Лицензиардың тануы болып табылады.
VI. Лицензияны қайтарып алу және оның күшін тоқтату
18. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, мынадай жағдайларда лицензия сот тәртібімен қайтарып алынуы мүмкін.
1) егер оған лицензия алынған лотерея ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті Лицензиат үш ай қатарынан жүзеге асырмаса;
2) Лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаса;
3) Қазақстан Республикасында лотереялар (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметпен айналысуға сот Лицензиатқа тыйым салса;
4) олар бойынша Лицензиар лицензия күшін тоқтатқан себептер жойылмаса;
5) Лицензиат лицензия алу кезінде көпе-көрінеу жалған ақпарат берсе.
19. Лицензиат күшін тоқтату рәсімі осы ереженің Ү тарауы 14, 15, 16-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
20. Лицензиар күшін тоқтату себептерін көрсетіп, алты айға дейін мерзімге лицензия күшін тоқтатуға құқылы.
21. Лицензиат лицензия күшін тоқтату туралы шешімге сот тәртібімен шағым беруге құқылы.
22. Олар бойынша лицензия күші тоқтатылған себептер жойылғаннан кейін лицензия күші Лицензиардың жазбаша рұқсаты алынғаннан кейін жаңғыртылады.
ҮІІ. Есепке алу және бақылау
23. Лицензиар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 шілдедегі N 1196 P971196_ қаулысына сәйкес бланкілер дайындауға тапсырыс береді, сондай-ақ лицензия бланкілерін есепке алу мен сақтауды жүзеге асырады.
24. Лицензиар қоса берілген нысанда лицензияларды тіркеу кітабын жүргізеді, онда лицензиаттар туралы мәліметтер көрсетіледі, сондай-ақ берілген, күшін тоқтатқан, қайтарып алынған лицензиялар мен күші тоқтата тұрылған лицензиялар тіркеледі (N 3 қосымша).
Лицензияларды тіркеу кітабы міндетті түрде нөмірленіп, Лицензиар мөрінің таңбасымен бекітілуі және бірінші басшысының қолымен куәландырылуы тиіс.
25. Лицензиар лицензияларды есепке алу, сондай-ақ лицензия ережелері сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
26. Лицензиаттардың лицензиялық заңдар талаптарын сақтауын тексеруді Лицензиар, сондай-ақ оның тапсырмасымен аумақтық салық органдары жылына бір мәртеден асырмай жүргізеді.
ҮІІІ. Қорытынды ереже
27. Осы Ереже, сондай-ақ кейін оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Әдістеме Кеңесінде келісілуі тиіс.
Мемлекеттік лицензия
_________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы) _________________________________________________________________
______________________________________________________ айналысуға
("Лицензиялау туралы" заңды күші бар, Қазақстан Республикасы
_________________________________________________________________
Президентінің Жарлығына сәйкес қызмет түрінің (іс-әрекет) атауы)
________________________________________________________ берілген
Лицензия қолданылуының айрықша жағдайлары _______________________
("Лицензиялау туралы"
_________________________________________________________________
заңды күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының
_________________________________________________________________
4-бабына сәйкес)
Филиалдары, өкілеттері __________________________________________
(орналасқан жері, реквизиттері)
_________________________________________________________________
Лицензия берген орган ___________________________________________
(лицензиялау органының толық атауы)
_________________________________________________________________
Басшысы (уәкілетті адам) _________________________________________________________________
(лицензияны берген орган басшысының уәкілетті адамының аты-жөні)
Лицензия берілген күні "___"_________199__ж.
Лицензияның нөмірі _________________________
______________________ қаласы
N 1900021
N 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Кіріс министрлігі
(лицензиялау органының толық атауы) ___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
Өтініш
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында (іс-әрекет) аумақта
немесе ҚР аумағынан тыс) лотерея (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа)
ұйымдастыру мен өткізуге лицензия беруіңізді сұраймын.
(қызмет түрін көрсету)
Ұйым туралы мәлімет:
1. Меншік нысаны _____________________________________
2. Құрылған жылы _____________________________________
3. Тіркелгені туралы куәлік___________________________________
4. Мекен-жайы_________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көшесі, үйдің N телефон, факс)
5. Есеп айырысу шоты__________________________________________
(Шот N Банктің атауы мен орналасқан жері)
6. Филиалдары, өкілдіктері____________________________________
(Орналасқан жері және деректемелері)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 тамыздағы N 939
қаулысына сәйкес қоса берілген құжаттардың толық тізбесі.
Басшы _______________ ______________
(қолы) (аты-жөні)
Мөр орны
199____ жылғы"____"____________
Өтініш 199___ жылғы "____"_____________ қарауға қабылданды. _________________________________________________________________
(қолы, лицензиялау органы жауапты адамының аты-жөні)
N 3 қосымша
_________________________________________________________________________
N р/с!Лицензиат атауы! Мекен-жайы!Өтініштің тіркелу!Лицензия N,!Алушыға
күні,кіріс нөмірі қойылған берілген
күні күні,
қолы
_________________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6
________________________________________________________________________
N 4 қосымша
Лотерея ұйымдастыру және өткізу
_________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, СТТН)
Лотерея өткізу шартында мынадай мәліметтер болуы тиіс:
1. Лотерея түрі мен тұрпатын сипаттау
2. Лотереяны ұйымдастыру технологиясын сипаттау
3. Лотерея билеттері басылымының жалпы сомасы
4. Билеттер саны, олардың нөмірлері
5. Әр түрінен бір билеттің құны ұтыс ойнының соңына дейін тұрақты
сомасы бойынша теңге
6. Заттай ұтыстар атауы, олардың саны мен құны
7. Алынған ұтыстар саны мен сомасы
8. Алынған ұтыстар тәртібі мен мерзімдері
9. Заттай ұтыстар иелеріне өз еркімен құнын қолма-қол ақшамен алу
құқығын ұсыну
10. Сатуға шығарылған сатылатын және сатылмаған билеттерді есепке
алу тәртібі
11. Талап етілмеген ұтыстарды сақтау және оларды ұтыстарды алу
мерзімі өткеннен кейін талап ету тәртібі.
12. Бақылау жасайтын органға құжаттаманы көрсету тәртібі
13. Қазақстан Республикасы аумағында өткізілетін лотерея өткізу
мерзімдері мен орнын лицензиялаушы органмен келісім бойынша оның
ұйымдастырушылары айқындайды.
Басшы_________ ______________
(қолы) (аты-жөні)
Мөр орны
199__ жылғы"__"____________