Қазақстан Республикасында лотереяларды ұйымдастыру мен өткізудің жекелеген мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1328 Қаулысы. Күші жойылды - Қзақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер енгізілсін: 
      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N  2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N  1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
      аталған қаулының қосымшасында: 
      атауындағы "оның ішінде патент түрінде" деген сөздер алынып тасталсын; 
      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын: 

      "18. Қазақстан Республикасының Республиканың бүкіл 
      Мемлекеттік кіріс министрлігі аумағында лотереяларды 
      (мемлекеттік(ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыру
      мен өткізу". 

      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N  857 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастырумен және өткізумен байланысты қызметті лицензиялаудың тәртібі туралы ережені әзірлеп, заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады