Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 551 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында лотереяларды ұйымдастыру мен өткізудің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1328 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметті лицензиялаудың ережесі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 8 шілдедегі
N 939 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметті лицензиялаудың
Ережесі
Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметті лицензиялаудың осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже), "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі
Заңына
сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметті лицензиялаудың тәртібін белгілейді. <*>
Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар осы Ережеге қосымшада келтірілген.
ЕСКЕРТУ. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695
қаулысымен
.
1. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таралатын лотереяларды (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялауды (бұдан әрі - лицензиялау) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таралатын лотереяларды (бұдан әрі - лотереялар) (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған заңды тұлғалардың бірыңғай тізілімін жүргізетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетi жүзеге асырады. Көрсетілген тізілімге лицензияны берудің, оның қолданылуын тоқтата тұрудың, қайта бастаудың және тоқтатудың, сондай-ақ кері қайтарып алудың барлық фактілері туралы мәліметтер енгізіледі. <*>
облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумағында лотореяларды (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметті лицензиялауды осы Ережеде белгіленген тәртіппен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жүзеге асырады. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695
қаулысымен
.
2. Лотереялар өткізуге тек лицензияда белгіленген аумақта ғана рұқсат етіледі.
3. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері лотереяларды ұйымдастыру және өткізу саласындағы қызметті жүзеге асыра алмайды.
4. Лицензия, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, иеліктен шығарылмайды, яғни лицензиат басқа адамдарға бере алмайды.
5. Лицензиялардың бланкілерін жасауды, есепке алуды және сақтауды лицензиар жүзеге асырады.
2. Лицензия алу үшін қажетті құжаттар
6. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) лицензиаттың осы Ережеде белгіленген біліктілік талаптарына сай келетіндігін растайтын құжаттар;
өтініш берушінің қаржы жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
егер сатылған билеттердің саны немесе басқа да жағдайлар оны жүргізуге мүмкіндік бермесе, лотереяларды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде нұсқамалық және әдістемелік материалдың бар екендігін растайтын құжаттар (жүлделік қорды қалыптастыру мен бөлудің тәртібі); лотерея билеттерінің иелеріне (қолма-қол лотерея билеттерінің иелерінен басқа) сомаларын қайтарудың тәртібі); лотереяға қатысушыларға қатысудың негізгі ережелері мен ойын нәтижелері, мерзімдерін көрсете отырып, ұтыстарды алу туралы хабарлаудың тәртібі; лотерея билеттерін тиісінше сақтау мен тасымалдаудың тәртібі; сатуға шығарылған билеттердің, сатылған және сатылмаған билеттердің есебін жүргізудің, сондай-ақ ұрланған билеттерді ойынға қатысудан шығарудың тәртібі; сатылмаған билеттерді кәдеге жаратудың (жою, басқа таралымдарға пайдалану) тәртібі;
лотереяларды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті өзінің немесе жалға алынған материалдық-техникалық базаның бар екендігін растайтын құжаттар;
4) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілгенін растайтын құжат.
3. Лицензия беру туралы өтінішті қараудың мерзімдері
7. Лицензия, егер заң актілерінде өзге мерзім белгіленбесе, барлық құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей беріледі.
4. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына арналған алым
8. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның мөлшері, оны төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгіленеді.
9. Кәсіпкерлік қызметтің тиісті түрімен айналысудың бүкіл кезеңіне лицензия беру лицензия берілуі сәтінде лицензиялық алымды бір жолғы төлеу арқылы жүзеге асырылады.
10. Лицензияны беру сенімхаттың негізінде басшыға немесе лицензиаттың уәкілетті өкіліне жүргізіледі.
11. Лицензия жоғалған жағдайда лицензиат лицензияның көшірмесін беру туралы өтініш беруге міндетті. Лицензия алған заңды тұлғаның өтініші бойынша лицензиар 10 күннің ішінде көшірме береді.<*>
ЕСКЕРТУ. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695
қаулысымен
.
12. Егер лицензиат өз қызметіне кіріспеген немесе оны тоқтатқан жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым мөлшерін қайтару немесе қайта есептеу жүргізілмейді.
13. Егер:
1) субъектілердің осы санаттары үшін қызметтің жекелеген түрін жүзеге асыруға заң актілерімен тыйым салынса;
2) осы Ереженің 6-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар берілмесе. Өтініш беруші аталған кедергілерді жойған жағдайда, өтініш жалпы негізде қаралады;
3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмесе;
4) өтініш беруші осы Ережеге сәйкес белгіленген біліктілік талаптарына жауап бермесе;
5) өтініш берушіге қатысты соттың оған қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынған шешімі болса лицензия берілмейді.
14. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге лицензиялар беру үшін белгіленген мерзімдерде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
6. Лицензияны беруден бас тартуға шағым жасау
15. Егер лицензия осы Ережеде белгіленген мерзімде берілмесе немесе бас тарту өтініш берушіге негізсіз болып көрінсе, ол бір ай мерзімде осы іс-әрекетке сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
7. Лицензияның қолданылуын тоқтату
16. Лицензия өзінің қолданылуын:
1) жүзеге асыруға лицензия берілген іс-әрекеттер толық көлемінде жасалған;
2) лицензия кері қайтарылып алынған;
3) заңды тұлға қайта құрылған немесе таратылған жағдайларда ғана тоқтатады.
17. Лицензияның қолданылуын тоқтатуға байланысты дауларды соттар шешеді.
8. Лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру
18. Лицензия, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе:
1) лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаған;
2) лицензиатқа қызметтің жүзеге асыруға оның лицензиясы бар түрімен айналысуға сот тыйым салған;
3) лицензиар ол бойынша лицензияның күшін тоқтата тұрған себептер жойылмаған жағдайларда сот тәртібімен кері қайтарылып алына алады.
19. Лицензиар тоқтата тұрудың себептерін көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты ай мерзімге дейін тоқтата тұруға құқылы.
20. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімге сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
21. Олар бойынша лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған себептер жойылғаннан кейін лицензияның қолданылуы қайта басталады.
9. Лицензиялау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік
22. Тиісті лицензиясыз не лицензиялық тәртіпті бұза отырып қызметпен айналысу заңдарда белгіленген әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
23. Лицензиялық тәртіп белгіленген қызметті лицензиясыз жүзеге асырудан алынған кіріс заңдарға сәйкес алып қоюға жатады.
24. Лицензиялық тәртіптің сақталуын бақылауды Лицензиар жүзеге асырады.
25. Лицензиялық қызметтің субъектісіне біліктілік талаптары:
1) өтініш берушінің тұрақты қаржы жағдайы болуы тиіс;
2) лотереяларды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде нұсқамалық және әдістемелік материалдардың болуы;
3) лотереяларды ұйымдастыру мен өткізу үшін қажетті өзінің немесе жалға алған материалдық-техникалық базасының;
лотерея билеттерін, заттай ұтыстарды сақтауға арналған үй-жайдың;
лотерея билеттерін сатудан алынған ақшалай қаражатты сақтауға арналған үй-жайдың болуы.
Қазақстан Республикасында
лотереяларды
(мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа)
ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі
қызметті лицензиялаудың ережесіне
қосымша
Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметті лицензиялаудың ережесінде пайдаланылған ұғымдар
Лотереялар - лотереяны ұйымдастырушы оның барысында лотереяға қатысушылар - лотереялар билеттері иелерінің арасында лотереяның жүлделік қорын ойнатуды ұйымдастыратын, бұл ретте лотерея билеттерінің кейбіреуіне ұтыстың түсуі лотерея қызметінің барлық субъектілерінің еркі мен әрекетіне қатысты болмайтын, тек қана кездейсоқтық және ешкім қолдан жасай алмайтын топтық немесе қауымдық ойын болып табылады; бұл ретте лотереялар мынадай түрлерге бөлінеді:
ақшалай лотереялар - ақшадан құралған жүлделік қоры бар лотереялар;
заттай лотереялар - мүліктен (ақшадан басқа) құралған жүлделік қоры бар және лотереяны өткізу шарттарына сәйкес ақшалай баламда көрсетілген лотереялар;
ақшалай-заттай лотереялар - ақшадан және өзге де мүліктен құралған және лотереяны өткізудің шарттарына сәйкес ақшалай баламда көрсетілген лотереялар;
таралымдық лотереялар - оны өткізу процесі таралымдарға - билеттерді сатуға шығарудан бастап жалпы ойнатуды өткізу мен осы билеттер бойынша ұтыстарды беруге дейінгі бір жолғы толық циклға созылатын лотереялар;
қолма-қол лотереялар - ұтыстың нәтижесі не билет сатып алынғаннан кейін оны дереу тексеру жолымен, не тікелей осы билетке ойнату жүргізу жолымен айқындалатын лотереялар;
ұтыс - лотерея билетіне лотереяның барлық жүлделік қорының немесе оның бөлігінің, сондай-ақ лотерея бойынша ұтып алынған және нақты қатысушының - ұтқан лотерея билеті иесінің меншігіне өтетін құндылықтың лотерея билетіне түсу фактісі;
лотереяның жүлделік қоры - лотереяға қатысушылар немесе өзге де тұлғалар қалыптастыратын және лотереяға қатысушылар арасында лотереяның шарттары бойынша ойын өткізу жолымен бөлінетін құндылықтардың жиынтығы. Лотереяның жүлделік қоры лотереяның шарттарына сәйкес азаматтық айналымнан алынбаған кез келген мүліктен құралуы мүмкін және ол қатысушыларға ұтыстарды төлеу мен беруден басқа ешқандай мақсатқа пайдаланыла алмайды. Жүлделік қор лотерея құрылтайшысының немесе ұйымдастырушысының меншігі болып табылмайды және оған олардың міндеттемелері бойынша өндіріп алу қолданылмайды;
ойын - оның барысында қатысушының билетіне ұтыстың түсу немесе түспеу фактісі белгіленетін лотереяның рәсімі;
лотерея билеті - нақты бір лотереяның шарттары талаптарға сәйкес келетін, лотереядағы ұтыстың оған түсу не түспеу фактісінің анықтығын кәміл айқындау үшін қажетті ақпаратты беруші;
лотереяға қатысушы - меншік құқығымен ойында жүлделік қорды ұтуға қатысуға құқық беретін лотерея билетіне ие жеке және заңды тұлға.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 8 шілдедегі
N 939 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министрінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды (мемлекеттіктен басқа) ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 қазандағы N 1325
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 43, 419-420-құжаттар).
2. "Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды (мемлекеттіктен басқа) ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 қазандағы N 1326
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 43, 420-құжат).
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 11 тамыздағы N 152
өкімі
.