Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының ішкі валюта рыногындағы жағдайдың тұрақтануын, елдің төлем балансының жақсарғанын ескере отырып және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Заң күші бар Жарлығына, сондай-ақ "Валюталық реттеу туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының аумағында тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен 50% түсімді міндетті түрде сату 1999 жылғы 16 қарашадан бастап тоқтатылсын.
2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сатуды енгізу туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 55 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Зерттеу және статистика департаменті (Айманбетова Г.З):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б. бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап екі күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Сембиев Н.К.) осы қаулыны республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева Ә.Ж.