Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сатуды енгізу туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 28 наурыз N 55 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 2 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 725. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 15 қарашадағы N 346 қаулысымен. ~V990978

      Ішкі валюта рыногында қалыптасқан жағдайды, сондай-ақ елдің төлем балансының нашарлауын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Z952155_ Заң күші бар Жарлығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 54 V990724_ қаулысымен бекітілген "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сату туралы" нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді 50 процент мөлшерінде міндетті түрде сату осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап енгізілсін.
      2. Ішкі валюта рыногында міндетті түрде сатылуға тиісті шетел валютасының ұсынылған тізімі бекітілсін.
      3. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Қасымжанова Г.З.) осы қаулыны Ұлттық Банктің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      4. Мерзімді басылымдар және іскерлік ақпарат бөлімі (Байменов Х.Қ.) осы қаулыны республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
     Ұлттық Банк
     Төрағасы
                                             "Тауар (жұмыс, қызмет)        


                                             экспортынан шетел валютасымен

түскен түсімді міндетті түрде сатуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 55 қаулысына 1-қосымша


              Қазақстан Республикасының ішкі рыногында

             уәкілетті банктер арқылы міндетті түрде 
                   сатылуға тиісті валюталардың 
                           Тізімі
     Австрия шиллингi
     Ағылшын стерлинг фунты
     Бельгия франкi
     Голланд гульденi
     АҚШ доллары
     Еуро (Еуропалық одақтың бiрыңғай валютасы)
     Ирланд фунтi
     Испан песетi
     Итальян лирi
     Немiс маркасы
     Португал эскудосы
     Фин маркасы
     Француз франкi
     Швейцар франкi
     Жапон йенi

Оқығандар:     
          Умбетова А.М.
          Икебаева А.Ж.     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады