Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 396 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу № 1015.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 26) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Банктерді қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.):

      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1995 жылғы 18 мамырдағы N 17 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы вексельдік есеп айырысу жүйесі туралы уақытша ереженің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.

      Ұлттық Банкі Төрағасы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 15 қарашадағы
N 396 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидалары

      Ескерту. Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 26) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің және бейрезидент-банктері филиалдарының (бұдан әрі – банктер) вексельдерін есепке алу тәртібін айқындайды.

      Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:

      1) вексельдер есебiн жүргiзу - бұл индоссамент бойынша төлем мерзiмi басталғанға дейiн банктердiң (есеп жүргiзу кеңселерiнiң) вексель ұсынушыға дисконтты есептен шығарып немесе онысыз вексельдiк соманы төлеумен вексельдердi қабылдауы;

      2) клиент - вексельдi есеп жүргiзуге ұсынатын адам;

      3) қайта тапсырылатын индоссамент - вексель ұстаушы жазған және вексель бойынша кейбiр құқықтарды индоссант белгiлеген шектерде қайта ауыстыру мақсатын көздейтiн вексельдегi жазу;

      4) вексельдi өтеу - вексель ұстаушы қандай болсын мiндеттемелердi төлеушiнiң орындауын талап ету құқығына ие болатын вексель ұстаушының вексельде төлеушi ретiнде көрсетiлген адаммен қарым-қатынас қалыптастыруы. Мұндайда, мiндеттеменiң сомасы вексель бойынша төлем сомасынан төмен болмауы тиiс;

      5) вексельдiң көшiрмесi - бұл вексельдiң түпнұсқасын индоссаменттермен және ондағы барлық басқа белгiлермен дәл көрсететiн көшiрме. Мұндайда, вексельдiң түпнұсқасы қолында бар адам көрсетiледi.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Банк вексельдiк сома мөлшерiн банк белгiлейтiн дисконт ұстап қалуға құқылы.

      3. Егер вексель бойынша төлем жасайтын орын банк тұрған орыннан өзге елдi мекенде көрсетiлсе, банк дисконт сомасына, сондай-ақ почта шығыстарын және басқа қаланың банктерiне вексельдердi инкассациялауға комиссиялық сыйақы қосуға құқылы. Почта шығыстарын алудың тәртiбi мен шарттарын банк пен почта байланысы ұйымының арасындағы шарт арқылы банк белгiлейдi.

      4. Егер вексельде "есеп жүргiзуге ұсынуды және ақша алуды сенемiн" немесе вексель бойынша құқықтарды жүзеге асырумен байланысты қандай болсын iс-әрекеттi орындау тапсырмасын көздейтiн кез келген басқа жазу жазылса, онда мұндай сенiмдегi адам (клиент) вексельдi есеп жүргiзуге берумен байланысты барлық ресiмдеудi жасауға құқылы.

      Вексельдi есеп жүргiзуге қабылдау туралы банк шешiм қабылдағаннан кейiн вексельдi банктiң пайдасына тек қана қайта тапсырым индоссаментiне қол қойған адам (заңды вексель ұстаушы) индоссирлей алады.

      5. Банктер есеп жүргiзуге сомасы теңгемен көрсетiлген вексельдердi, ал шетел валютасымен операциялар жүргiзуге лицензия болса - сомасы шетел валютасымен көрсетiлген вексельдердi қабылдауға құқылы.

      6. Форфейтинг - банктiң вексельдi индоссамент бойынша клиентке (өзiнiң индоссантына) регресс құқығынсыз вексель сомасын төлеп қабылдауы (сатып алуы). Банк форфейтинг операцияларын жүргiзуге тек қаржы нарығы мен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкілетті орган) форфейтинг операцияларын жүргiзуге лицензиясы болса ғана құқылы. Форфейтинг операциясын жүргiзген кезде банк сондай-ақ вексель сомасынан дисконт ұстап қалуға құқылы.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Вексельдердi есеп жүргiзуге қабылдау талаптары

      7. Банк есеп жүргiзуге тек қана жарамды вексельдердi қабылдайды.

      8. Вексель егер оның деректемелерi "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-9, 32, 74, 75-баптарына сай болса жарамды болып саналады. Вексель мәтiнiн тексеру тәртiбi осы Қағидалардың 4-тарауында белгiленген.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Банк қола, достық (қарама-қарсы) және қаржылық вексельдерге, сондай-ақ төлеушi немесе вексель берушi векселдер бойынша қабiлетi жоқ адамды көрсеткен вексельдерге есеп жүргiзуден бас тартуға мiндеттi.

      10. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен.

      11. Операциялар жүргiзудiң жалпы талаптары туралы ережеге банк вексельдердi есепке алуға қабылдаудың мынадай талаптарын кiргiзуге құқылы:

      1) вексель бойынша мiндеттi адамдардың санына талаптар, яғни вексельде өткiзiп беру жазуларының (индоссаменттердiң) белгiленген ең жоғары мөлшерiнiң болуы;

      2) төлеушiге немесе вексель бойынша мiндеттi басқа адамға авальдiң болуы (авалистiң төлем қабiлетi);

      3) аударма вексельдерi үшiн өтеудiң болуы;

      4) осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа талаптар.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Егер банк вексельдiң мазмұнынан төлем орны, вексель бойынша мiндеттi адамдар туралы бiрыңғай қорытынды жасай алмаса немесе вексельдiң мәтiнiнде вексель бойынша құқықтарды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейтiн басқа ақаулар болса, банк вексельдi есеп жүргiзуге қабылдаудан бас тартуға құқылы.

      13. Егер вексель бойынша төлем күнiне дейiн қалған мерзiм вексельдi төлем орнына жiберу (инкассация) үшiн қажеттi қолайлы мерзiмнен кем болса, банк вексельдi есеп жүргiзуге клиенттен қабылдаудан бас тартуға құқылы.

      14. Сондай-ақ векселдегi индосаменттер қатарының үздiксiздiгi банктiң вексельдi есеп жүргiзуге қабылдауының шарты болып табылады.

      15. Банктiң форфейтинг операцияларын жүргiзуiнiң мiндеттi талаптары:

      1) төлеушiнiң және вексель бойынша мiндеттi басқа адамдардың төлем қабiлетiн тексеру;

      2) осындай тәсiлмен есепке алынған барлық вексельдердi осы Қағидалардың нормаларына сәйкес қатаң жiктеу болып табылады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Вексельдердi есеп жүргiзуге қабылдау тәртiбi

      16. Вексельдi есеп жүргiзуге қабылдау туралы Банктiң шешiм қабылдауы үшiн клиент банкке мына құжаттарды:

      1) вексельдерге есеп жүргiзуге тапсырысты;

      2) вексельдiң түпнұсқасын (егер болса аллонжбен бiрге);

      3) вексельдiң нотариалды көшiрмесiн;

      4) егер вексель ұстаушы заңды тұлға болса, заңды тұлғаның лауазымды адамына сенiмхатты;

      5) авальдi, егер ол жеке актiмен берiлсе;

      6) алынып тасталды;

      7) банк белгiлеген басқа құжаттарды бередi.

      Егер есеп жүргiзу үшiн банкке вексельдiң көшiрмесi берiлсе, онда банк клиенттен немесе вексель бар адамнан құжаттың түпнұсқасын берудi талап етуге құқылы. Вексельдiң түпнұсқасы банкке берiлмеген жағдайда, банк вексельдiң көшiрмесiн есеп жүргiзуге қабылдаудан бас тартуға құқылы.

      Егер есеп жүргiзу үшiн банкке аударма вексельдiң акцептелмеген данасы берiлсе, онда банк клиенттен немесе аударма вексельдiң акцептелген данасы бар адамнан аударма вексельдiң акцептелген данасын берудi талап етуге құқылы. Аударма векселдiң акцептелген данасы банкке берiлмеген жағдайда, банк аударма вексельдiң акцептелмеген данасын қабылдаудан бас тартуға құқылы.

      Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен.

      17. Банк құжаттарды қабылдағанға дейiн өзiне берiлетiн әр вексельдiң құралуының дұрыстығын, сондай-ақ вексельдегi индоссаменттердің жүйелі қатарының үздiксiздiгін тексеруге мiндеттi.

      18. Құжаттарды қабылдағанда вексельдердi есеп жүргiзуге қабылдау туралы банк шешiм қабылдауы үшiн банктiң жауапты қызметкерi вексель түпнұсқасының, аллонждың (егер болса) және вексельдiң берiлген ксерокөшiрмесiнiң бiрдейлiгiн салыстырады, содан соң вексельдiң түпнұсқасын вексельдi есеп жүргiзуге ұсынған адамға қайтарады.

      19. Банкте есеп жүргiзу туралы мәселесi шешiлiп жатқан вексель осы банкке сақтауға өткiзiлуi мүмкiн.

      20. Банк вексель ұстаушыдан вексельдiң тауарлар сатып алу-сату, жұмысты орындау, қызмет көрсету (қаржылық қызмет көрсетуді қоспағанда) шарттары негiзiнде берiлгенiн растайтын кез келген ақпаратты сұрауға құқылы.

      Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен.

      21. Вексель мәтiнiн және осы Қағидаларда көзделген басқа iс-жосықтың сақталуын тексергеннен кейiн банк вексельдердi есепке алуға қабылдау туралы шешiм қабылдайды. Аталған шешiмдi вексельде көрсетiлген сомаға банктiң кредит беруге өкiлеттi тиiстi органы қабылдайды.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Вексельдi есепке алуға қабылдау немесе одан бас тарту туралы банк шешiм қабылдауға мiндеттi мерзiмдi банк операциялар жүргiзудiң жалпы талаптары туралы ережеде белгiлейдi. Аталған мерзiм осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық пакетiн берген күннен бастап он банктiк күннен аспауы керек.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Вексельдi есеп жүргiзуге қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы банктiң уәкiлеттi органы шешiм қабылдағаннан кейiн банк қабылданған шешiм туралы жазбаша хабарламаны клиентке банк аталған шешiмдi қабылдағаннан кейiн келесi күннен кешiктiрмей беруге (жiберуге) мiндеттi.

      24. Вексельдi банктiң меншiгiне берудi индоссамент оның пайдасына ресiмдейдi.

      25. Форфейтингтi банкке индоссамент клиенттiң қосатын "маған айналымсыз" деген ескертуiмен ресiмдейдi.

4-тарау. Вексель мәтiнiн және вексель бойынша мiндеттi
адамдардың төлем қабiлетiн тексеру

      26. Банк деректемелерi заң талабына сай вексельдердi есепке алуға қабылдайды. Егер вексельде осы Қағидалардың 27, 31-тармақтарында көрсетілген деректемелер болмаса, банк оны есепке алуға қабылдаудан бас тартуға мiндеттi.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Есепке алуға ұсынылған аударма вексельдiң мәтiнiнде осы Қағидалардың 28-30-тармақтарында көзделгеннен басқа жағдайларда мына деректемелер:

      1) құжаттың тура сол мәтiнiне кiргiзiлген және осы құжат құралған тiлде жазылған "вексель" деген атау;

      2) белгiленген ақша сомасын төлеуге ештеңемен шартталмаған бұйрық;

      3) төлем жасалуы тиiс орынды көрсету;

      4) төлем мерзiмiн көрсету;

      5) төлем жасалуы тиiс орынды көрсету;

      6) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем жасалуы тиiс адамның аталуы;

      7) вексельдiң құралу күнiн немесе орнын көрсету;

      8) вексель беретiн адамның (вексель берушiнiң) қолы болуы тиiс.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Егер аударма вексельде төлем мерзiмi көрсетiлмесе, онда төлем мерзiмi талап ету бойынша көрсетiлген болып саналады.

      29. Ерекше нұсқау болмаса, төлеушiнiң атауымен қатар жазылған орын төлем орны және сонымен бiрге төлеушiнiң тұрағы немесе мекен-жайы болып саналады.

      30. Егер аударма вексельде оны құрау орны көрсетiлмесе, онда ол вексель берушiнiң атауымен қатар көрсетiлген орында қол қойылған болып мойындалады.

      31. Есепке алуға ұсынылатын жай вексельдiң мәтiнiнде осы Қағидалардың 32-34-тармақтарында көрсетiлгеннен басқа жағдайларда мына деректемелер:

      1) құжаттың тура сол мәтiнiне кiргiзiлген және осы құжат құралған тiлде жазылған "вексель" деген атау;

      2) белгіленген ақша сомасын төлеуге ештеңемен шартталмаған уәде;

      3) төлем мерзiмiн көрсету;

      4) төлем жасалуы тиiс орынды көрсету;

      5) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем жасалуы тиiс адамның аталуы;

      6) вексельдiң құралу күнiн немесе орнын көрсету;

      7) вексель беретiн адамның (вексель берушiнiң) қолы болуы тиiс.

      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Егер жай вексельде төлем мерзiмi көрсетiлмесе, онда вексель ұсыну бойынша мерзiммен берiлген болып саналады.

      33. Ерекше нұсқау болмаса, төлеушiнiң атауымен қатар жазылған орын төлем және сонымен бiрге төлеушiнiң тұрағы немесе мекен-жайы болып саналады.

      34. Егер жай вексельде оны құрау орны көрсетiлмесе, онда ол вексель берушiнiң атауымен қатар көрсетiлген орында қол қойылған болып қаралады.

      35. Банк вексель берушiнiң, төлеушiнiң және вексель бойынша мiндеттi басқа адамдардың бар екенiн тексеруге мiндеттi, бiрақ индоссанттар қолдарының растығын тексеруге мiндеттi емес.

      36. Егер аударма вексель бойынша төлеушi немесе жай вексель бойынша вексель берушi ойдан шығарылған адамдар болса, онда банк мұндай вексельдiң ұсынылуы туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға мiндеттi. Мұндай вексельдi бiле тұра есеп жүргiзуге қабылдаған банк Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген бойынша жауап бередi.

      37. Вексель бойынша мiндеттi басқа адамдардың вексельдегi қолдары жалған қойылуы құжатты вексельдiк күшiнен айырмайды.

      38. Егер вексель бойынша төлем мерзiмi өтiп кетсе, банк вексельдерге есеп жүргiзуден бас тартуға мiндеттi.

      Егер төлем мерзiмi ұсыну бойынша көрсетiлген вексельдiң құралу сәтiнен бiр жыл өтсе, сондай-ақ егер вексельдiң өзiнде оны төлемге ұсыну үшiн одан ұзақ мерзiм көрсетiлгеннен басқа жағдайда, банк вексельдi есеп жүргiзуге қабылдаудан бас тартуы тиiс. Бұл жағдайда банк өзiнiң бас тартуын төлем мерзiмiнiң өтiп кетуiмен дәлелдеуi тиiс.

      39. Клиенттен құжаттарды алғаннан кейiн және вексельдi есеп жүргiзуге қабылдау туралы шешiм қабылдағанға дейiн банк клиенттiң және төлеушiнiң төлеу қабiлетiн талдауға, сондаи-ақ банк көрсетiлген адамдардың вексель бойынша өз мiндеттемелерiн өтеуге қабiлетсiздiгiне әкелуi мүмкiн факторларды зерттеуге құқылы.

      40. Банк вексель бойынша мiндеттi басқа адамдардың төлеу қабiлеттiлiгiн тексеруге құқылы.

5-тарау. Есеп жүргiзуге қабылданған вексельдердi тiркеу және сақтау тәртiбi

      41. Есеп жүргiзуге қабылданған әрбiр вексель бойынша банк есеп жүргiзуге қабылданған вексельдерге қатысты барлық құжаттар тiгiлетiн жеке "вексельдiк жеке iс қағаз" ашады.

      42. Есеп жүргiзуге қабылданған вексельдер банкте қатаң есеп құжаттары ретiнде сақталуы тиiс.

      43. Вексельдердi төлемге немесе вексель бойынша төлем алуға уақтылы ұсыну үшiн банк мына белгiлер бойынша:

      1) клиент (атауы және қажеттi деректемелерi);

      2) вексель бойынша төлем мерзiмдерi;

      3) вексель бойынша төлем орны;

      4) төлеушi (атауы және қажеттi деректемелерi);

      5) басқа белгiлерi бойынша вексельдерге қосымша тiркеу жүргiзе алады.

      44. Банк активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібі мен талаптарын реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес эмитенттердің кластық деңгейі бойынша есепке алынатын барлық вексельдерді жіктейді, сондай-ақ есепке алынатын вексельдер бойынша провизиялар қалыптастырады.

      Ескерту: 44-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен.
      45. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.05.2005 N 61 қаулысымен.
      46. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.05.2005 N 61 қаулысымен.

6-тарау. Өзiнiң портфелiндегi вексельдермен банк жүргiзетiн операциялар

      47. Банк есепке алған және өзiнiң порфелiндегi вексельдермен мынадай операцияларды:

      1) төлем мерзiмi басталғанда вексель бойынша төлем алуды;

      2) вексельді индоссамент жасауды жүзеге асыруға құқылы.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      48. Банк алынған вексельді банктің жасауы үшін рұқсат етілген ғана мәмілелер бойынша банк заңдарына сәйкес әрі қарай индоссамент жасай алады.

      49. Төлемді уақытылы алу жөніндегі шараларды банк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескеріп дербес жүзеге асырылады.

      Ескерту: 49-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен.
      50. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      51. Валюталық операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар есеп жүргізу кеңселері (банктер) римессаны тек қана одан әрі шетел кредиторына олардың алдындағы берешекті өтеуге беру үшін пайдалана алады.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      52. Банк есеп жүргізуге қабылданған векселдерден заңмен белгіленген талаптарға сәйкес көшірмелер алуға құқылы.

7-тарау. Қорытынды ережелер

      53. Банк осы Қағидалардың талаптарын орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жауапкершілік атқарады.

      Осы Қағидалармен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      54-55. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен.

      Төраға

Об утверждении Правил учета векселей банками второго уровня Республики Казахстан, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 ноября 1999 года N 396 Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29.12.99г. за N 1015.

      Сноска. Заголовок - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.11.2021 № 99 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 26) части второй статьи 15 Закона Республики Казахстан "О Национальном Банке Республики Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.11.2021 № 99 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила учета векселей банками второго уровня Республики Казахстан, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.11.2021 № 99 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту банковского надзора (Жумагулов Б.К.):

      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления и Правил учета векселей банками второго уровня Республики Казахстан;

      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление и Правила учета векселей банками второго уровня Республики Казахстан до сведения филиалов Национального Банка Республики Казахстан.

      3. Со дня государственной регистрации Правил учета векселей банками второго уровня Республики Казахстан в Министерстве юстиции Республики Казахстан признать утратившим силу Временное положение о вексельной системе расчетов в Республике Казахстан, утвержденное постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 мая 1995 года N 17.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Кудышева М.Т.

Председатель


Национального Банка



  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 15 ноября 1999 года N 396

Правила учета векселей банками второго уровня Республики Казахстан, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан

      Сноска. Заголовок - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.11.2021 № 99 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Настоящие Правила учета векселей банками второго уровня Республики Казахстан, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 26) части второй статьи 15 Закона Республики Казахстан "О Национальном Банке Республики Казахстан" и определяют порядок учета векселей банками второго уровня и филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан (далее – банки).

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.11.2021 № 99 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) учет векселей - это прием векселей банками (учетными конторами) по индоссаменту до наступления срока платежа с выплатой вексельной суммы предъявителю векселя, за вычетом дисконта или без него;

      2) клиент - лицо, предъявляющее вексель к учету;

      3) препоручительный индоссамент - надпись на векселе, совершенная векселедержателем и имеющая цель перенесения некоторых прав по векселю в пределах, установленных индоссантом;

      4) покрытие векселя - установление векселедателем таких отношений с лицом, указанным в векселе в качестве плательщика, в силу которых векселедатель обладает правом требования исполнения плательщиком каких-либо обязательств. При этом сумма такого обязательства должна быть не ниже суммы платежа по векселю;

      5) копия векселя - это копия в точности воспроизводящая оригинал векселя с индоссаментами и всеми другими отметками, которые на нем находятся. При этом, в ней указывается лицо, в руках которого находится оригинал векселя.

      Сноска. В пункт 1 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с постановлением Правления Национального Банка РК от 29.10.2018 № 246 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      2. Банк вправе удержать из вексельной суммы дисконт, размер которого устанавливается банком самостоятельно.

      3. Если место платежа по векселю указано в ином населенном пункте, чем место нахождения банка, банк вправе включить в сумму дисконта также почтовые расходы и комиссионное вознаграждение иногородним банкам за инкассацию векселей. Порядок и условия взимания почтовых расходов банком определяется договором между банком и организацией почтовой связи.

      4. Если вексель содержит надпись "доверяю предъявить к учету и получить деньги" или любую другую надпись, имеющую в виду поручение на выполнение каких-либо действий, связанных с осуществлением прав по векселю, то такое доверенное лицо (клиент) имеет право осуществить все формальности, связанные с передачей векселя к учету.

      После принятия банком решения о приеме векселя к учету, индоссировать вексель в пользу банка может только лицо, подписавшее препоручительный индоссамент (законный векселедержатель).

      5. Банки вправе принимать к учету векселя, сумма которых выражена в тенге, а при наличии лицензии на осуществление операций в иностранной валюте - векселя, сумма которых выражена в иностранной валюте.

      6. Форфейтинг - прием (покупка) векселя банком по индоссаменту с выплатой вексельной суммы без права регресса на клиента (своего индоссанта). Банк вправе проводить форфейтинговые операции при наличии лицензии уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган) на проведение форфейтинговых операций. При осуществлении форфейтинга банк также вправе удержать из вексельной суммы дисконт.

      Сноска. Пункт 6 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 29.10.2018 № 246 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Условия приема векселей к учету

      7. Банк принимает к учету только действительные векселя.

      8. Вексель считается действительным, если его реквизиты соответствуют требованиям статей 1-9, 32, 74, 75 Закона Республики Казахстан "О вексельном обращении в Республике Казахстан (далее - Закон). Порядок проверки вексельного текста установлен главой 4 настоящих Правил. <*>

      Сноска. В пункт 8 внесены изменения - Постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 мая 2005 года N 61 (порядок введения в действие см. п.3); от 29.10.2018 № 246 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      9. Банк обязан отказать в учете бронзовых, дружеских (встречных) и финансовых векселей, а также векселей, плательщиком или векселедателем по которым указано недееспособное лицо.

      10. (Пункт 10 исключен - Постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 мая 2005 года N 61 (порядок введения в действие см. п.3)

      11. В правила об общих условиях проведения операций банк вправе включить следующие условия приема векселей к учету:

      1) требования к количеству лиц, обязанных по векселю, т.е. наличие на векселе определенного максимального количества передаточных надписей (индоссаментов);

      2) наличие аваля за плательщика или другого обязанного по векселю лица (платежеспособность авалиста);

      3) наличие покрытия для переводных векселей;

      4) иные условия, не противоречащие настоящим Правилам и законодательству Республики Казахстан. <*>

      Сноска. В пункт 11 внесены изменения - Постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 мая 2005 года N 61 (порядок введения в действие см. п.3); от 29.10.2018 № 246 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      12. Банк вправе отказать в приеме к учету векселя, если из его содержания банк не может сделать однозначный вывод о месте платежа, лицах, обязанных по векселю, или текст векселя содержит иные дефекты, которые не позволяют осуществить права по векселю.

      13. Банк вправе отказать клиенту в приеме к учету векселя, если срок, оставшийся до даты платежа по векселю, менее разумного срока, необходимого для пересылки (инкассации) векселя к месту платежа.

      14. Условием принятия банком векселя к учету является также непрерывность ряда индоссаментов на векселе.

      15. Обязательными условиями проведения банком форфейтинговых операций являются:

      1) проверка платежеспособности плательщика и других лиц, обязанных по векселю;

      2) строгая классификация всех учтенных таких способом векселей в соответствии с нормами настоящих Правил.

      Сноска. В пункт 15 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с постановлением Правления Национального Банка РК от 29.10.2018 № 246 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Порядок принятия векселей к учету

      16. Для принятия решения банком о приеме векселя к учету клиент предоставляет в банк следующие документы:

      1) заявку на учет векселей;

      2) оригинал векселя (вместе с аллонжем, если таковой имеется);

      3) нотариально заверенную копию векселя;

      4) доверенность на должностное лицо юридического лица в случае, если векселедержателем является юридическое лицо;

      5) аваль в случае, если он дан отдельным актом;

      6) (исключен - N 61 от 13.05.2005 г.)

      7) другие документы, установленные банком.

      Если в банк для учета представляется копия векселя, то банк вправе потребовать от клиента или от лица, у которого вексель находится, передачи ему подлинника документа. В случае непередачи оригинала векселя банку, банк вправе отказать в приеме копии векселя к учету.

      Если в банк для учета представляется неакцептованный экземпляр переводного векселя, то банк вправе потребовать от клиента или от лица, у которого находится акцептованный экземпляр переводного векселя, передачи ему акцептованного экземпляра переводного векселя. В случае непередачи акцептованного экземпляра переводного векселя банк вправе отказать в приеме неакцептованного экземпляра переводного векселя к учету. <*>

      Сноска. В пункт 16 внесены изменения - Постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 мая 2005 года N 61 (порядок введения в действие см. п.3).

      17. Банк до принятия документов обязан проверить правильность составления каждого передаваемого ему векселя, а также непрерывность последовательного ряда индоссаментов на векселях.

      18. При приеме документов для принятия банком решения о приеме векселя к учету, ответственный работник банка сверяет идентичность оригинала векселя, аллонжа (если имеется) и представленной ксерокопии векселя, после чего возвращает оригинал векселя лицу, предъявившему вексель к учету.

      19. Вексель, в отношении которого банком решается вопрос об учете, может быть сдан в данный банк на хранение.

      20. Банк вправе запросить у векселедержателя любую информацию, подтверждающую, что вексель выдан на основе договоров купли-продажи товаров, выполнения работ, оказания услуг (за исключением финансовых услуг). <*>

      Сноска. В пункт 20 внесены изменения - Постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 мая 2005 года N 61 (порядок введения в действие см. п.3).

      21. После проверки вексельного текста и соблюдения иных процедур, предусмотренных настоящими Правилами, банк принимает решение о принятии векселей к учету. Указанное решение принимается соответствующим органом банка, полномочным выдавать кредиты на сумму, указанную в векселе.

      Сноска. В пункт 21 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с постановлением Правления Национального Банка РК от 29.10.2018 № 246 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      22. Срок, в течение которого банк обязан принять решение о приеме или отказе в приеме векселя к учету, устанавливается банком в правилах об общих условиях проведения операций. Указанный срок не может превышать десяти банковских дней со дня представления полного пакета документов, указанных в пункте 16 настоящих Правил.

      Сноска. В пункт 22 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с постановлением Правления Национального Банка РК от 29.10.2018 № 246 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      23. После принятия уполномоченным органом банка решения о приеме или отказе в приеме векселя к учету банк обязан передать (направить) клиенту письменное уведомление о принятом решении не позднее следующего дня после принятия банком указанного решения.

      24. Передача векселя в собственность банка оформляется индоссаментом в его пользу.

      25. Форфейтинг оформляется индоссаментом на банк с оговоркой, включаемой клиентом "без оборота на меня".

Глава 4. Проверка вексельного текста и
платежеспособности лиц, обязанных по векселю

      26. Банк принимает к учету векселя, реквизиты которых соответствуют требованиям законодательства. Банк обязан отказать в приеме векселя к учету, если в нем отсутствуют реквизиты, указанные в пунктах 27, 31 настоящих Правил.

      Сноска. В пункт 26 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с постановлением Правления Национального Банка РК от 29.10.2018 № 246 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      27. В тексте переводного векселя, предъявленного к учету, должны содержаться следующие реквизиты, за исключением случаев, предусмотренных в пунктах 28-30 настоящих Правил:

      1) наименование "вексель", включенное в самый текст документа и выраженное на том языке, на котором этот документ составлен;

      2) ничем не обусловленный приказ уплатить определенную сумму денег;

      3) наименование того, кто должен платить (плательщика);

      4) указание срока платежа;

      5) указание места, в котором должен быть совершен платеж;

      6) наименование того, кому или приказу кого платеж должен быть совершен;

      7) указание даты и места составления векселя;

      8) подпись того, кто выдает вексель (векселедателя).

      Сноска. В пункт 27 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с постановлением Правления Национального Банка РК от 29.10.2018 № 246 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      28. Если в переводном векселе не указан срок платежа, то считается, что срок платежа указан по предъявлении.

      29. При отсутствии особого указания место, обозначенное рядом с наименованием плательщика, считается местом платежа и вместе с тем местом жительства или местом нахождения плательщика.

      30. Если в переводном векселе не указано место его составления, то он признается подписанным в месте, обозначенном рядом с наименованием векселедателя.

      31. В тексте простого векселя, предъявляемого к учету, должны присутствовать следующие реквизиты, за исключением случаев, предусмотренных в пунктах 32-34 настоящих Правил:

      1) наименование "вексель", включенное в самый текст документа и выраженное на том языке, на котором этот документ составлен;

      2) ничем не обусловленное обещание уплатить определенную сумму денег;

      3) указание срока платежа;

      4) указание места, в котором должен быть совершен платеж;

      5) наименование того, кому или приказу кого платеж должен быть совершен;

      6) указание даты и места составления векселя;

      7) подпись того, кто выдает вексель (векселедателя).

      Сноска. В пункт 31 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с постановлением Правления Национального Банка РК от 29.10.2018 № 246 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      32. Если в простом векселе не указан срок платежа, то считается, что вексель выдан со сроком платежа по предъявлении.

      33. При отсутствии особого указания место составления документа считается местом платежа и вместе с тем местом жительства или местом нахождения векселедателя.

      34. Если в простом векселе не указано место его составления, то он рассматривается как подписанный в месте, обозначенном рядом с наименованием векселедателя.

      35. Банк обязан проверить существование векселедателя, плательщика и других лиц, обязанных по векселю, но не обязан проверять подлинность подписей индоссантов.

      36. В случае, если плательщик по переводному векселю или векселедатель по простому векселю окажутся лицами вымышленными, то банк обязан незамедлительно сообщить о предъявлении такого векселя в правоохранительные органы. Банк, заведомо принявший такой вексель к учету, несет ответственность, установленную законодательными актами Республики Казахстан.

      37. Наличие на векселе подложных подписей иных лиц, обязанных по векселю, не лишает документ силу векселя.

      38. Банк обязан отказать в учете векселей, если срок платежа по векселю истек.

      Если с момента составления векселя, срок платежа по которому указан по предъявлении, истек один год, банк также должен отказать в приеме векселя к учету, за исключением случая, если в самом векселе указан более продолжительный срок для его предъявления к платежу. В данном случае банк должен мотивировать свой отказ истечением срока платежа.

      39. После получения от клиента документов и до принятия решения о приеме векселя к учету банк вправе проанализировать платежеспособность клиента и плательщика, а также изучить факторы, которые могут привести к неспособности указанных лиц погасить свои обязательства по векселю.

      40. Банк имеет право проверить платежеспособность иных лиц, обязанных по векселю.

Глава 5. Порядок регистрации и
хранения векселей, принятых к учету

      41. По каждому векселю, принятому к учету, банк заводит отдельные "вексельное досье", в которое подшиваются все документы, относящиеся к векселю, принятому банком к учету.

      42. Векселя, принятые к учету должны храниться в банке, как документы строгой отчетности.

      43. Для своевременного предъявления векселя к платежу или получению платежа по векселю банк может вести дополнительную регистрацию векселей по следующим признакам:

      1) клиент (наименование и необходимые реквизиты);

      2) сроки платежа по векселю;

      3) место платежа по векселю;

      4) плательщик (наименование и необходимые реквизиты);

      5) по другим признакам.

      44. Банк классифицирует все учитываемые векселя по уровню классности эмитентов, а также формирует провизии по учитываемым векселям в соответствии с нормативным правовым актом уполномоченного органа, регулирующим порядок и условия классификации активов, условных обязательств и создания провизий (резервов) против них. <*>

      Сноска. Пункт 44 - в редакции Постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 мая 2005 года N 61 (порядок введения в действие см. п.3).
      45. (Пункт 45 исключен - Постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 мая 2005 года N 61 (порядок введения в действие см. п.3)
      46. (Пункт 46 исключен - Постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 мая 2005 года N 61 (порядок введения в действие см. п.3)

Глава 6. Операции, осуществляемые банком с
векселями, находящимися в его портфеле

      47. Банк вправе осуществлять следующие операции с векселями, принятыми к учету и находящимися в его портфеле:

      1) при наступлении срока платежа получить платеж по векселю;

      2) индоссировать вексель.

      Сноска. Пункт 47 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 29.10.2018 № 246 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      48. Банк может индоссировать полученный вексель дальше только по сделкам, разрешенным для заключения банком, в соответствии с банковским законодательством.

      49. Мероприятия по своевременному получению платежа осуществляются банком самостоятельно с учетом требований, установленных законодательством Республики Казахстан. <*>

      Сноска. В пункт 49 внесены изменения - Постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 мая 2005 года N 61 (порядок введения в действие см. п.3).
      50. Исключен постановлением Правления Национального Банка РК от 29.10.2018 № 246 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      51. Учетные конторы (банки), имеющие лицензию Национального Банка Республики Казахстан на проведение валютных операций, могут использовать погашения задолженности перед ним.

      Сноска. Пункт 51 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 29.10.2018 № 246 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      52. Банк имеет право снимать с векселя, принятого к учету, копии в соответствии с требованиями, установленными Законом.

Глава 7. Заключительные положения

      53. За неисполнение или ненадлежащее исполнение требований настоящих Правил банк несет ответственность в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан.

      Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, разрешаются в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан. <*>

      Сноска. Пункт 53 - в редакции Постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 мая 2005 года N 61 (порядок введения в действие см. п.3); внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с постановлением Правления Национального Банка РК от 29.10.2018 № 246 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).
      54. (Пункт 54 исключен - Постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 мая 2005 года N 61 (порядок введения в действие см. п.3)
      55. (Пункт 55 исключен - Постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 мая 2005 года N 61 (порядок введения в действие см. п.3)

Председатель