Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 22 қарашадағы № 99 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қарашада № 25437 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Төлем жүйелері департаменті (Е.Т. Ашықбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы мыналарды:

      1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 7-тармағының тоқсаныншы – тоқсан алтыншы абзацтарын;

      2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін бір жүз он бірінші – бір жүз он үшінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2021 жылғы 22 қарашадағы
№ 99 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдерді есепке алуы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 396 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1015 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 26) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдерді есепке алуы қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидалары";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 26) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің және бейрезидент-банктері филиалдарының (бұдан әрі – банктер) вексельдерін есепке алу тәртібін айқындайды.".

      2. "Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 199 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу қағидаларында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 25) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына, Халықаралық сауда палатасы қабылдаған Құжаттамалық аккредитив бойынша біріздендірілген дәстүрлерге және қағидаларға (Іnternatіonal Chamber of Commerce, UCP Publіcatіon № 600) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы банктерінің (бұдан әрі – банктер) құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Банк қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның аккредитив ашу (ұсыну) және растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау бойынша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиясы бар болса ғана аккредитив ашуды жүзеге асырады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Бенефициардың пайдасына төлемді жүзеге асыру кезінде эмитент банк (орындаушы банк) аккредитив сомасына төлем құжатын қалыптастырады, оның орындалуы "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабында, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларының 3-тарауында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларының 10-тармағында белгіленген тәртіппен және талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.".

      3. "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 34 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13256 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы банктерінің, бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 85) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы банктерінің, бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптар бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарда:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы банктерінің, бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптар";

      1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы банктерінің, бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 85) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрондық банктік қызметтер көрсету қамтамасыз етілетін Қазақстан Республикасы банктерінің, бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігіне және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Талаптарда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 1-бабында, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14337 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 212 қаулысымен бекітілген Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларында (бұдан әрі – № 212 қағидалар) көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйенің объектісі – ақпараттық жүйенің электрондық банктік қызмет көрсету кезінде жекелеген функцияларды орындау үшін ақпаратты беруге, өңдеуге және сақтауға арналған жекелеген құрауышы;

      2) банктің ақпараттық жүйесінің негізгі орталығы (бұдан әрі – негізгі орталық) – штаттық (күнделікті) режимде электрондық банктік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдардың және қызмет көрсететін қызметкерлердің жиынтығы;

      3) банктің ақпараттық жүйесінің резервтік орталығы (бұдан әрі – резервтік орталық) – негізгі орталықта төтенше жағдайлар туындаған немесе жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілген кезде электрондық банктік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдардың және қызмет көрсететін қызметкерлердің жиынтығы;

      4) банктің электрондық банктік қызмет көрсетуге арналған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – электрондық банктік қызмет көрсету қамтамасыз етілетін аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;

      5) жауапты қызметкер – банктің ақпараттық жүйесіндегі жұмыс үшін лауазымдық міндеттемелеріне сәйкес жауапты қызметкері;

      6) жұмыс орны – ақпараттық жүйені немесе ақпараттық жүйе объектілерін басқару үшін бағдарламалық-пайдалану интерфейсі орнатылған дербес компьютер (сервер);

      7) қалпына келтіру командасы – банктің ішкі құжаттарында белгіленген бос тұрып қалу уақытын ескере отырып толық қалпына келтіруді не ақпараттық жүйенің жұмысын резервтік орталыққа ауыстыруды қамтамасыз ететін банктің ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық жүйе объектілеріне қолжетімділікті және олардың толыққанды жұмысын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері;

      8) пайдаланушы – банктің электрондық банктік қызметті алу үшін ақпараттық жүйеге өтініш білдіретін клиенті не жауапты қызметкер;

      9) сәйкестендіру – ақпараттық жүйеге қол жеткізу субъектісінің немесе объектісінің түпнұсқалылығын қол жеткізудің ұсынылған деректемелерінің сәйкестігін анықтау арқылы растау.

      3. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, банктердің ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында операциялық тәуекелді, іркіліссіз қызметті, ақпараттық технологиялар тәуекелдерін, ақпарат қауіпсіздігін басқару Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19632 болып тіркелген "Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Банк клиенттерге жіберілетін, ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық және басқа құралдарға енгізілетін және клиенттің электрондық банктік қызметке қолжетімділігіне әсер ететін өзгерістерді (жаңартуларды) жоспарланып отырған қолданысқа енгізу туралы хабарламаларда қолжетімділігі жоспарланып отырған өзгерістерге әсер ететін электрондық банктік қызмет түрін, сондай-ақ олардың болжанып отырған қолжетімді болмау уақытын көрсетеді. Клиенттерге жоспарланып отырған өзгерістер туралы хабарламаны жеткізу жөніндегі ең төменгі талаптарда банктің интернет-ресурсына хабарландыруды орналастыру қамтылады.".

      4. "Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 201 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14310 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) 15-бабы екінші бөлігінің 16) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) болып табылатын банкаралық ақша аударымдары жүйесінің (бұдан әрі – жүйе) жұмыс істеу тәртібін айқындайды. Жүйенің операциялық орталығы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) болып табылады.

      Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу тәртібіне жүйеге қатысу талаптары, жүйенің жұмыс істеуінің құқықтық негізі, Ұлттық Банк пен Орталық жүйеде көрсететін қызметтер және пайдаланушының жүйемен өзара іс-әрекеті, ақпараттық қауіпсіздік рәсімдері, операциялық күннің ашылуы, операциялық күн ішінде жүйенің жұмыс істеуі, кезек, жүйедегі төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының аяқталуы (түпкіліктілігі), операциялық күн ішінде жүйеге ақша қабылдау және жүйеден ақша алу, жүйе арқылы трансшекаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру, операциялық күнді жабу, операциялық күн ішінде және соңында ақпараттық хабарлар беру және жүйедегі тәуекелдерді басқару жүйесі кіреді.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Жүйеде клиринг нәтижелері бойынша:

      1) төлем карточкаларын пайдалана отырып банкаралық операциялар;

      2) банкаралық клиринг жүйесіндегі;

      3) жаппай электрондық төлемдер жүйесіндегі;

      4) лездік төлемдер жүйесіндегі ақша аударымдары жүргізіледі";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Орталық басымдық кодтарын Ұлттық Банкпен келісу бойынша пайдаланушылардың әлеуметтік бағыттағы төлемдерді жүргізуін, пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы және валюта нарығындағы есеп айырысуларға қатысуын, төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған банктер арасындағы, банкаралық клиринг жүйесіндегі, жаппай электрондық төлемдер жүйесіндегі және лездік төлемдер жүйесіндегі операциялардың клиринг нәтижелері бойынша ақша аударымдарының аяқталуын қамтамасыз етуді ескере отырып әзірлейді.";

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Операциялық тәуекелді анықтау, өлшеу, мониторингін жүргізу және басқару үшін мынадай әдістер пайдаланылады:

      1) Ұлттық Банктің жүйені ұйымдастыруын және жұмыс істеуін бақылауды және қадағалауды Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес жүргізу;

      2) пайдаланушының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14289 болып тіркелген "Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 200 қаулысымен бекітілген төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды орындауын тексеру;

      3) Орталықтың операциялық тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі құжаттарда айқындалған әдістерге сәйкес жүйенің бағдарламалық-техникалық кешенінің тұрақты мониторингін және үздіксіз жұмысын жүргізуі;

      4) жүйе жұмысының ықтимал тоқтап қалу сценарилерін ескере отырып жүйе қызметін қалпына келтіру жоспарын өзекті жағдайда ұстау және Ұлттық Банктің Орталықпен бірлесіп жүйенің жұмысын негізгі орталықтан резервтік орталыққа ауыстыра отырып, осы жоспарды бір жыл ішінде кемінде екі рет тестіден өткізу;

      5) резервтік орталықтың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету;

      6) жүйенің бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмысында негізгі орталықта қалпына келтіруге келмейтін іркілістер мен тұрып қалулар орын алған кезде жүйенің жұмысын негізгі орталықтан резервтік орталыққа ауыстыру.".

      5. "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 47) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану тәртібін, сондай-ақ төлемдерді кодтау жүйесін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидаларда "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 1-бабында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) валюталар мен қорлар коды (бұдан әрі – валюта коды) – "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ҚР ҰС 07 ІSO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес белгіленген валюталар мен қорларды көрсетуге арналған үш мәнді алфавиттік код;

      2) төлем белгілеу коды – төлем белгілеудің үш мәнді цифрлық код белгісі.";

      2-қосымша осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      6. "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 282-бабына және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) 747-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 19, 24-баптарына, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 44) тармақшасына және 49-бабына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының банктерінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарында және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиясы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай ұйымның қызметін реттейтін заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайда, жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Банктік шот клиент пен банк арасында банктік шот шарты және (немесе) банктік салым шарты (бұдан әрі – банктік қызмет көрсету шарты) жасалған кезде банкке қағаз тасымалдағышта немесе электрондық түрде ұсынылған, банк белгілеген нысан бойынша клиенттің өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде ашылады.

      Тұрғын үй төлемдерін есептеуге және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Тұрғын үй қатынастары туралы заң) 101-5-бабына сәйкес мақсаттарға төлемдерді жүзеге асыруға арналған банктік шот банк, клиент – тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылатын қызметкер және қызметкері тұрғын үй төлемдерін алушы мемлекеттік мекеме арасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына (бұдан әрі – № 1727 қағидалар) 10-қосымшаға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына (бұдан әрі – № 49 қағидалар) сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 872 қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына (бұдан әрі – № 872 қағидалар) 8-қосымшаға сәйкес тұрғын үй төлемдері туралы шарт жасаған кезде ашылады.

      Клиент пен банк арасында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10610 болып тіркелген "Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес білім беру жинақтау салымы туралы шарт жасаған кезде "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заң) 7-бабына сәйкес білім беру жинақтау салымына арналған банктік шот ашылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Клиентке банктік шотты ашқан не клиент банкке өтініш жасаған кезде банктік шотты ашқаннан кейін банк клиентке еркін жазбаша нысанда немесе электрондық түрде растама береді, онда банктік шоттың нөмірі банктік қызмет көрсету шартында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, банктік шоттың нөмірі көрсетіледі.

      Клиент Қағидалардың 27, 27-1, 28, 28-2-тармақтарында көзделген тәртіппен ашылған ағымдағы шотты растау үшін банкке өтініш жасаған жағдайда, банк есепке алу үшін осындай шот ашылатын төлемдердің атауын көрсете отырып "арнайы шот" белгісін қосымша қояды.";

      14, 15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша банктік қызмет көрсету шартын банктің ішкі құжаттарында көзделген қауіпсіздік рәсімдерін қолдана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе динамикалық сәйкестендіруді пайдаланумен, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20160 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 қаулысымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды ескере отырып, электрондық түрде жасалады.

      15. Банктік шотты банктік қызмет көрсету шарты негізінде ашу кезінде клиенттің банктік шоттағы ақшаға иелік етуі мақсатында мынадай құжаттар пайдаланылады:

      1) Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері бар құжат;

      2) Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің банктік шотын жүргізуге (банктік шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жасалған кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.

      Банктік шот бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін клиент банкке өтініш білдірген кезде, клиентке қашықтан ашу тәсілімен банктік шот ашылған жағдайларды қоспағанда, банктік қызмет көрсету шарты жасалғаннан кейін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынуға жол беріледі.

      Клиенттің банктік шотты ашуы, банктік шоттағы ақшаға иелік етуі қашықтан орындалған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      Клиентпен қашықтықтан жүзеге асырылатын іскерлік қатынастар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17250 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 140 қаулысымен бекітілген Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарға сәйкес белгіленеді.

      16. Клиент бір банкте (оның филиалдары мен бөлімшелерінде) екінші және одан кейінгі банктік шоттарды ашқан жағдайда, банк клиенттің банктік шот ашу үшін көзделген құжаттарын (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін – бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсатын және клиент-жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжатты қоспағанда) мынадай жағдайлардың бірі болса:

      1) егер клиент алғашқы банктік шотты ашқан банкте (банктің филиалында, бөлімшесінде) банктік шот ашатын болса;

      2) егер клиентке алғашқы банктік шот ашылған банктің (банк филиалының, бөлімшесінің) Қағидаларға сәйкес банктік шот ашуға қажетті құжаттардың толық топтамасының бар екені туралы растауы болса;

      3) егер банкте (банк филиалында, бөлімшесінде) банктік шоттың бар екендігі туралы ақпаратпен әрбір клиент бойынша іс қалыптастыруға қажетті бағдарламалық жасақтама (бұдан әрі – электрондық досье) электронды түрде болса және банктік шотты ашқан сәтте клиенттің электрондық досьесінде өзгерістер болмаса, қайтадан тапсыруын талап етпейді.

      Қазақстан Республикасының резиденті-клиентке бір банкте екінші және одан кейінгі банктік шоттарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану арқылы қашықтықтан тәсілімен ашу клиенттің банктік шотты ашу үшін көзделген құжаттарды ұсынуынсыз жүзеге асырылады.

      17. Клиент-заңды тұлға бір банкте (банктің филиалында, бөлімшесінде) бірнеше банктік шоттарды ашқан жағдайда, банк Қағидалардың 2-тарауына сәйкес банктік шоттарды ашу үшін көзделген құжаттарды (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін – бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсатын қоспағанда) қайта ұсынуды талап етпейді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Ағымдағы шотты ашу үшін клиент банкке мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғалары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғалары және дара кәсіпкерлер:

      жеке басын куәландыратын құжат;

      2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар:

      жеке басын куәландыратын құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      нотариалдық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі (жекеше нотариустар үшін) не электрондық лицензияның "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры арқылы алынған көшірмесі;

      адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі (адвокаттар үшін) не электрондық лицензияның "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры арқылы алынған көшірмесі;

      атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі (жеке сот орындаушылары үшін) не электрондық лицензияның "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры арқылы алынған көшірмесі;

      медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі (кәсіби медиаторлар үшін);

      3) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары және олардың филиалдары мен өкілдіктері, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалары:

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде (қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін) көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын құжаттар;

      филиалдың немесе өкілдіктің (өзге ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін) басшысына заңды тұлға берген сенімхаттың көшірмесі;

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес бюджетке салықтардың және төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның рұқсаты (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін);

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалары:

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат немесе бейрезидент-заңды тұлға өкілдерінің шотқа иелік ету бойынша өкілеттіктерін растайтын және осы құжаттар нотариат куәландырған және (немесе) заңдастырылған және (немесе) апостиль қойылған жағдайда, осындай уәкілетті өкілдердің қол қою үлгілері бар құжаттар;

      сауда тізілімінен үзінді көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не осыған ұқсас сипаттағы, бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркелген күні және орны туралы ақпарат бар, белгіленген тәртіппен қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен расталған және қажет болған жағдайда заңдастырылған не апостиль қойылған басқа құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      5) шаруа (фермерлік) қожалықтары:

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      6) таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, олардың филиалдары, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы сот не акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесі;

      уәкілетті органның тарату комиссиясын тағайындау туралы шешімінің көшірмесі;

      уәкілетті органның банк және өзге де операцияларды жүргізуге не сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыру туралы шешімінің көшірмесі;

      7) шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктер:

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      дипломатиялық және консулдық өкілдіктің тіркелуін растау туралы нотаның көшірмесі.

      Банк осы тармақта көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алған жағдайда, оларды ұсыну талап етілмейді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Тұрғын үй төлемдерін есептеуге және Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 101-5-бабына сәйкес мақсатқа төлемдерді жүзеге асыруға арналған ағымдағы шот ашу үшін клиент банкке:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) ағымдағы шоттың мақсаты бар өтініш;

      3) № 1727 қағидаларға 4-қосымшаға, № 872 қағидаларға 5-қосымшаға не № 49 қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы (банкке ұсыну үшін) анықтама және (немесе) № 1727 қағидаларға 6-қосымшаға не № 49 қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы (банкке ұсыну үшін) анықтама ұсынады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Жинақ шотын ашу үшін салымшы-клиент банкке мыналарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғалары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғалары және дара кәсіпкерлер:

      жеке басын куәландыратын құжат;

      2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар:

      жеке басын куәландыратын құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      3) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары және олардың филиалдары мен өкілдіктері, қызметін Қазақстан Республикасында филиал және өкілдік арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалары:

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде (қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін) көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын құжаттар;

      заңды тұлға филиалдың немесе өкілдіктің (өзге ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін) басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалары:

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат немесе бейрезидент-заңды тұлға өкілдерінің шотқа иелік ету бойынша өкілеттіктерін растайтын және осы құжаттар нотариат куәландырған және (немесе) заңдастырылған және (немесе) апостиль қойылған жағдайда, осындай уәкілетті өкілдердің қол қою үлгілері бар құжаттар;

      сауда тізілімінен үзінді көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не осыған ұқсас сипаттағы, бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркелген күні және орны туралы ақпарат бар, белгіленген тәртіппен қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен расталған және қажет болған жағдайда заңдастырылған не апостиль қойылған басқа құжат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.

      Банк осы тармақта көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алған жағдайда, оларды ұсыну талап етілмейді.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Белгілі бір үшінші адамның-клиенттің атына жинақ шотын ашу үшін салымшы банкке мыналарды ұсынады:

      1) жеке тұлға:

      салымшының жеке басын куәландыратын құжат;

      жинақ шотын ашу және (немесе) жинақ шотындағы ақшаға иелік ету құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;

      он алты жасқа жетпеген, кәмелетке толмаған адамдар-клиенттер үшін – туу туралы куәлік;

      2) заңды тұлға, оның филиалдары мен өкілдігі:

      жинақ шотын ашу және (немесе) жинақ шотындағы ақшаға иелік ету құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;

      Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.

      Банк осы тармақта көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алған жағдайда, оларды ұсыну талап етілмейді.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкілдіктері ұсынатын қол қою үлгілері бар құжаттарда бірінші қол қою құқығы басшыда және (немесе) ол уәкілеттік берген басқа адамдарда болады. Екінші қол қою құқығы бас бухгалтерге және (немесе) басқа уәкілетті адамдарға беріледі.

      Бұл өкілеттіктер құрылтай құжаттары негізінде не тиісті заңды тұлғалар, филиалдар немесе өкілдіктер басшыларының бұйрықтары не Азаматтық кодекстің 1-бөлімінің 5-тарауында көзделген құжаттар негізінде беріледі.

      Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері үшін осы өкілеттіктер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9711 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және өкілеттіктері қағидаларының 2-тармағына сәйкес уақытша әкімшілікті тағайындау туралы уәкілетті органның шешімі негізінде беріледі.

      Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиялары үшін осы өкілеттіктер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20820 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 57 қаулысымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларының және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптардың 17-тармағына сәйкес уәкілетті органның тарату комиссиясын тағайындау туралы шешімі негізінде беріледі.";

      52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Қол қою үлгілері бар құжаттың "Банктің белгісі" бағанында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қоспағанда, банктің уәкілетті адамы бірінші не бірінші және екінші қол қою құқығы бар адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарының деректерін және банк айқындаған өзге мәліметтерді көрсетеді.

      53. Қол қою үлгілері бар құжатқа енгізілген тұлғалар қолдарының түпнұсқалығын банктің уәкілетті адамы заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының және өкілдіктерінің, дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, шаруа (фермерлік) қожалықтарының банкке қол қою үлгілері бар нотариат куәландырған құжатты ұсыну жағдайларын қоспағанда, қол қою үлгілері бар құжатта қол қою үлгілері бар тұлғалардың жеке қатысуы кезінде растайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалары бейрезидент-заңды тұлға өкілдерінің төлем құжаттарына қол қою құқығымен шотқа иелік ету бойынша өкілеттіктерін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, қойылған қолдардың түпнұсқалығы құжаттарды нотариат куәландырған немесе апостиль қойған (заңдастырған) кезде расталады.

      Ұлттық Банкте банктік шоттарды ашқан кезде қол қою үлгілері бар нотариат куәландырған құжат ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:

      "54-1. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен атқарушылық іс жүргізу берілген кезде атқарушылық іс жүргізу өзіне берілген жеке сот орындаушысы ақшаға иелік ету үшін осы параграфта айқындалған тәртіппен тиісті қол қою үлгілері бар құжатты ұсынады.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру немесе банктік шотта тұрған ақшаға тыйым салу Азаматтық кодекстің 740-бабына, "Қазақстан Республикасындағы кедендік бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 125-бабына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 161-бабына, Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінің 156-бабына, Салық кодексінің 118-бабына, Банктер және банк қызметі туралы заңның 51-бабына, КЖТҚҚ туралы заңның 13-бабына, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 62, 123-баптарына, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 27-бабының 11-тармағына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың клиенттің банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтату тұру туралы шешімдері және (немесе) өкімдері немесе клиенттің банктік шотында тұрған ақшаға тыйым салу туралы актілері негізінде жүзеге асырылады.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Банк уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқта тұру туралы шешімін және (немесе) өкімін тиісті уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға төмендегі негіздердің біреуі бойынша кері қайтарады:

      1) банктің және оның клиентінің деректемелері Банктер және банк қызметі туралы заңның 60-1, 61-2, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бұрын қабылданған шешімдерінде және (немесе) өкімдерінде көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген жағдайларды қоспағанда, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидалары) сәйкес банктің және оның клиентінің деректемелері уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімінде және (немесе) өкімінде көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген жағдайда;

      2) егер мемлекеттік кірістер органының клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16533 болып тіркелген "Өкімдердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 145 бұйрығына сәйкес келмейтін нысанда ресімделсе және ұсынылса;

      3) егер уәкілетті органның немесе оның аумақтық органдарының жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21209 болып тіркелген "Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған, сондай-ақ Республикалық палата мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы қағидаларын және өкімнің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 354 бұйрығына сәйкес келмейтін нысанда ресімделсе;

      4) егер мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұра туралы уәкілетті шешімі және (немесе) өкімі "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шартқа сәйкес банктік шотқа, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нотариустың депозиті талаптарымен енгізілген ақшаны, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары түрінде тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі банктік шоттардағы ақшаны, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесіндегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтау зейнетақы қорларының ақшасын, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және қызметі мәжбүрлеп тоқтату процесінде тұрған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасын есепке алуға арналған банктік шотқа ұсынылған жағдайда;

      5) егер уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімі және (немесе) өкімі өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына ұсынылған жағдайда кері қайтарады.

      Қағидалардың 63-тармағы 5) тармақшасының ережесі атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдардың, оның аумақтық органдарының өндіріп алушылардың, лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдеріне қолданылмайды.".

      7. "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 19, 24-баптарына, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-3) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағынын 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін, төлем құжаттарын ресімдеу нысандары мен тәртібін айқындайды, сондай-ақ банктердің, банктердің төлем агенттері мен қосалқы төлем агенттерінің және төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсеткенін растайтын құжаттың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.

      Осы Қағидалар "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң) белгіленген талаптар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде бастама жасалған, шарттарда және банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналым дәстүрлерінде реттелетін халықаралық қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарына байланысты қатынастарға қолданылмайды.

      Қағидалардың қолданысы төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылатын төлемдерге және (немесе) ақша аударымдарына, Қазақстан Республикасының аумағында аударым және жай вексельдермен операцияларды жүргізуге және чектерді қолдануға байланысты қатынастарға қолданылмайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Шетел валютасында ақша аударуға арналған өтінішті қоспағанда, қағаз тасымалдағыштағы және (немесе) электрондық нысандағы төлем тапсырмасында, төлем талабында, инкассолық өкімде, төлем ордерінде, төлем хабарламасында және аударуға арналған өтініште (бұдан әрі – төлем құжаты) мынадай деректемелер қамтылады:

      1) төлем құжатының атауы;

      2) төлем құжатының нөмірі, оның цифрлармен көрсетіліп жазылған күні, айы, жылы.

      Қағаз тасымалдағышта берілген төлем құжаттарында айды жазумен белгілеуге жол беріледі;

      3) заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің, аумақтық оқшауланған өкілдіктің (бұдан әрі – оқшауланған бөлімшелер) ұйымдық-құқықтық нысанын қоса алғанда, толық немесе қысқартылған атауы;

      4) дара кәсіпкердің толық немесе қысқартылған атауы, ақша жөнелтушінің және бенефициардың ұйымдық-құқықтық нысаны (бар болса);

      5) жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкердің толық немесе қысқарған атауы, ақша жөнелтушінің және бенефициардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      6) ақша жөнелтуші жеке тұлғаның және бенефициардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      7) ақша жөнелтушінің және бенефициардың жеке сәйкестендіру коды.

      Жеке тұлғада жеке сәйкестендіру коды болмаған жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ пошталық мекенжайы (ел, қала, көше, үйдің және пәтердің нөмірі) көрсетіледі.

      Аты мен әкесінің атын (ол бар болса) инициалдармен көрсетуге жол беріледі;

      8) ақша жөнелтуші банктің және бенефициар банктің ұйымдық-құқықтық нысанын қоса алғанда, толық немесе қысқарған атауы, олардың банктік сәйкестендіру кодтары;

      9) төлем белгілеу, сондай-ақ оның код белгіленімі.

      Төлем құжаттарындағы төлем белгілеудің код белгіленімінің дұрыс көрсетілуін бастамашы қамтамасыз етеді;

      10) цифрлармен және жазумен көрсетілген төлем сомасы. Жазумен берілген сомадағы тиындар цифрлармен көрсетіледі;

      Егер цифрлармен көрсетілген төлем сомасы тиын көрсетілмей теңгемен берілсе, онда тиын жазумен берілген сомада көрсетілмейді;

      11) Қағидаларда көзделген, сондай-ақ ақша жөнелтуші немесе бенефициар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар болып табылған жағдайларда жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) (бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН) көрсету талап етілмейтін төлем құжаттарын қоспағанда, ақша жөнелтушінің және бенефициардың ЖСН немесе БСН.

      Ақша жөнелтушінің ЖСН (БСН) көрсету талап етілмейтін төлем құжаттарында ақша жөнелтушінің (жеке және заңды тұлғалар үшін) мекенжайы не ақша жөнелтушінің (жеке тұлға үшін) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері көрсетіледі;

      12) ақша жөнелтушінің коды (Ажк) және бенефициардың коды (Бек);

      13) бастамашының немесе оның уәкілетті адамдарының қойылған қолдары.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын немесе әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, аударымдарды және (немесе) жарналарды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеу үшін қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде жөнелтуші төлем тапсырмасымен бір уақытта банкке көрсетілген жарналар және (немесе) аударымдар төленетін адамдардың тізімін ұсынады.

      Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, аударымдар және (немесе) жарналар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін адамдардың тізімдері (бұдан әрі – тізім) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20849 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 224 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 255 қаулысымен бекітілген Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ресімделеді.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Қарыз шарты бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын банк, банктік қарыз шарттары жөнінде өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, ипотекалық ұйым, агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымы ақша жөнелтушінің банкіне бенефициардың ақша жөнелтушінің банктік шотынан оның келісімінсіз ақшаны алып қоюға құқығы қамтылған және банктің, банктік қарыз шарттары жөнінде өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның, ипотекалық ұйымның, агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымының уәкілетті адамының төлем талабына қол қою өкілеттігін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе көшірмелерін қоса бере отырып ұсынады. Бас бухгалтердің, сондай-ақ бас бухгалтер ретінде төлем талабына қол қойған адамның өкілеттіктерін тексеру талап етілмейді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың көшірмелері нөмірленеді, оларды банктің, банктік қарыз шарттары жөнінде өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның, ипотекалық ұйымның, агроөнеркәсіп кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымының уәкілетті адамы "Көшірмесі дұрыс" белгісін қою, лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса), куәландыру күнін көрсете отырып қол қою арқылы растайды. "Көшірмесі дұрыс" деген жазу тырнақшасыз көрсетіледі.

      Ақша жөнелтушінің банкінде бұрын ұсынылған, бенефициардың банктік шоттан ақша жөнелтушінің келісімінсіз ақшаны алып қоюға құқығы қамтылған растайтын құжаттар болған жағдайда, қарыз шарты бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын кейіннен ұсынған кезде бенефициардың ақша жөнелтушінің банктік шотынан оның келісімінсіз ақшаны алып қоюға құқығы қамтылған құжаттарды оларды алғашқы ұсынған сәттен бастап алты ай ішінде қайтадан ұсыну талап етілмейді.

      Ақша жөнелтушінің банкінде бұрын ұсынылған, банктің, банктік қарыз шарттары жөнінде өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның, ипотекалық ұйымның, агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымының уәкілетті адамының төлем құжаттарына қол қою өкілеттігін растайтын құжаттар болған жағдайда, осындай адамды ауыстырған жағдайды қоспағанда, оның өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бермей төлем талабы кейіннен ұсынылады.

      Төлем талаптарын банктер арасында орнатылған электрондық байланыс арналары арқылы Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 56-бабында, сондай-ақ банктер арасындағы шартта белгіленген қорғау әрекеттерін сақтай отырып электрондық нысанда ұсынған кезде не ақша жөнелтушінің банкі клиент-ақша жөнелтушінің банктік шотына төлем талабын ұсынған кезде төлем талабына қол қойған уәкілетті адамның өкілеттіктерін растау талап етілмейді.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Инкассолық өкімде төлемнің белгіленуі және ақша жөнелтушінің банктік шотынан оның келісімінсіз ақшаны алып қою (өндіріп алу) құқығын көздейтін Қазақстан Республикасы заңының нормасына сілтеме көрсетіледі.

      Атқарушылық құжатта көрсетілген төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы:

      1) борышкер борышқа ішінара ақы төлеуді өз бетінше жүргізген және атқарушылық құжатта сот орындаушысының бұл туралы белгісі бар;

      2) бір атқару парағының негізінде борышты бірнеше бенефициардың пайдасына ортақ өндіріп алу жүзеге асырылатын;

      3) сот орындаушысының қаулысымен мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша берешек айқындалған жағдайларды қоспағанда, инкассолық өкімде көрсетілген сомаға сәйкес келеді.";

      80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Ақша жөнелтушінің банкі:

      1) егер төлем құжатында қолдан жасау белгілері болған жағдайларда, оның ішінде, егер төлем құжаты Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 56-бабында, Қағидаларда, жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасында жасалған шартта белгіленген рұқсат етілмеген төлемдерден қорғау әрекеттерінің тәртібін бұза отырып берілсе;

      2) егер төлем құжатында мынадай:

      Банктер және банк қызметі туралы заңның 60-1, 61-2, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген;

      бенефициарға құқық иеленуші - банк Банктер және банк қызметі туралы заңның 60-1, 61-2, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операциялардың шеңберінде қызмет көрсетілген жағдайларда ақша жөнелтушінің банк шоттарына бұрын ұсынылған инкассолық өкімдерді орындау жағдайларын қоспағанда, түзетулер, толықтырулар және түзетілген жерлері болған жағдайда төлем құжатын орындаудан бас тартады. Осындай инкассолық өкімдерді орындау бенефициар мен бенефициар банктің деректемелерін растайтын құқық иеленуші-банктің құжаты негізінде бенефициардың банктік деректемелерін (ЖСК, бенефициар банктің атауы және банктік сәйкестендіру коды) түзете отырып жүзеге асырылады;

      Банктер және банк қызметі туралы заңның 70-бабында белгіленген жағдайларда мәжбүрлеп тарату процесіндегі банкте бенефициарға қызмет көрсетілетін жағдайларда, ақша жөнелтушінің банк шоттарына бұрын ұсынылған инкассолық өкімдер мен төлем талаптарын орындау жағдайларын қоспағанда, түзетулер, толықтырулар және түзеткен жерлері болған жағдайда төлем құжатын орындаудан бас тартады. Осындай инкассолық өкімдер мен төлем талаптарын орындау бенефициар мен бенефициар банктің деректемелерін растай отырып, бенефициардың жаңа банктік шоты ашылған банк құжатының негізінде бенефициардың банктік деректемелерін (ЖСК, бенефициар банктің атауы және банктік сәйкестендіру коды) түзете отырып жүзеге асырылады;

      3) Банктер және банк қызметі туралы заңның 60-1, 61-2, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген жағдайларда, ақша жөнелтуші банктің төлем құжаттарында клиенттің ЖСК түзетуін қоспағанда, Қағидаларда көзделген жағдайларда төлем құжатын клиенттің басқа банктік шоттарынан орындау кезінде ақша жөнелтушінің ЖСК, ЖСН (БСН) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген;

      4) салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, бірыңғай жиынтық төлемін аударуға арналған төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтушінің ЖСН (БСН) мемлекеттік кірістер органы ұсынатын деректермен сәйкес келмеген;

      5) ақша жөнелтуші Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 31, 32, 35, 36, 37, 45 және 46-баптарында, Қағидаларда, сондай-ақ жөнелтуші мен банк арасында жасалған шарттың талаптарында белгіленген төлем құжатын жасау және ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды сақтамаған;

      6) Қағидаларға 1, 2, 4, 5, 12, 13, 14 және 15-қосымшаларда белгіленген нысандарға сәйкес келмеген;

      7) басқа деректемелер (ЖСК, ЖСН (БСН) банктің клиентін сәйкестендірсе, мемлекеттік кірістер органы ұсынған инкассолық өкімді, сондай-ақ Қағидалардың 150-тармағының талаптарына сәйкес банктің клиентін сәйкестендіру кезіндегі сот орындаушысының инкассолық өкімін қоспағанда, клиенттің атауы төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтушінің атауына сәйкес келмеген;

      8) төлем белгілеудің кодпен көрсетілуі оның мәтіндік бөлігіне сәйкес келмеген;

      9) бюджетке төлемдерді төлеу кезінде бюджеттік жіктеу коды цифрмен белгіленбеген;

      10) төлем құжатында көрсетілген сомалар цифрлармен және жазумен сәйкес келмеген;

      11) көлік құралына салық төлеу кезінде төлем құжатында көрсетілген көлік құралының сәйкестендіру нөмірі жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган ұсынған деректерге сәйкес келмеген;

      12) жөнелтуші және жөнелтушінің банкі арасында жасалған шарттың талаптарында белгіленген талаптар сақталмаған;

      13) Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары, Экспорттық-импорттық валюталық бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда;

      14) банктік шоттан ақшаны өндіріп алу туралы талап мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нотариус депозиті талабымен енгізілген ақшаны есептеуге арналған, сондай-ақ "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заң) 7-бабына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған банктік шотқа, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға; жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоттардағы ақшаға қойылған жағдайларда;

      15) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптар бойынша, сондай-ақ жеке әріптестің кредитор алдындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты және (немесе) концессия шарты бойынша талап ету құқығымен қамтамасыз етілген міндеттемелерін орындау шеңберінде ұсынылған талаптар бойынша ақшаны алып қоюды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттарға талап ұсынылған жағдайда;

      16) қарыз шарты бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу туралы төлем талабы алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған ағымдағы шотқа ұсынылған жағдайларда;

      17) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде ақшаны өндіріп алуды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар болған банктік шотқа талап ұсынылған жағдайда;

      18) егер қосымша құн салығы бойынша есеп айырысудың қозғалысын есепке алу үшін ашылған ағымдағы шоттан ақшаны алу мыналармен:

      импортқа және бейрезидент үшін қосымша құн салығын қоса алғанда, бюджетке қосымша құн салығын төлеумен;

      тауарларды жеткізушілерге қосымша құн салығын төлеумен;

      тауарларды сатып алушылардың (алушылардың) қосымша құн салығын төлеуімен;

      қосымша құн салығының сомаларын есепке алу және қозғалысы үшін ашылған өзге ағымдағы шотқа ақшаны есептеумен байланысты болмаған жағдайларда төлем құжатын орындаудан бас тартады.

      81. Бенефициардың банкі мына жағдайларда:

      1) жөнелтуші Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 31, 32, 35, 36, 37, 45 және 46-баптарында, Қағидаларда, сондай-ақ жөнелтуші мен банк арасында жасалған шарттың талаптарында белгіленген төлем құжатын жасау мен ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды сақтамаған;

      2) рұқсат етілмеген төлем анықталған, сондай-ақ бенефициардың пайдасына аударылатын ақшаны заңсыз алудың негізделген фактілері анықталған және расталған;

      3) ЖСК, ЖСН (БСН) бенефициардың деректемелеріне сәйкес келмеген, бенефициар банкінде ЖСК болмаған;

      4) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нотариус депозиті талабымен енгізілген ақшаны есептеу үшін клиент-жеке тұлғаның талабы бойынша ашылған, сондай-ақ Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңның 7-бабына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған ағымдағы шотқа ақшаны, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, егер есептелетін ақша сомасы көрсетілген талаптармен байланысты болмаған жағдайда жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоттардағы ақшаны есептеген;

      5) егер есептелетін ақша сомасы алименттерге (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаға) байланысты емес болған және (немесе) төлем белгілеудің кодтық белгісі есептеу үшін бөлінген алименттер (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақша) төлемін белгілеудің кодтық белгісіне сәйкес келмеген жағдайда, клиент-жеке тұлғаның талап етуі бойынша алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есептеу үшін ашылған ағымдағы шотқа ақшаны есептеген;

      6) егер есептелетін ақша сомасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған ақшалай талапты беруді қаржыландыру шарты, концессия шарты және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде төленетін инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеуге байланысты емес болған жағдайда, ақшаны инвестициялық шығындардың өтемақыларын есептеуге арналған ағымдағы шотқа есептеген;

      7) қосылған құн салығына салық бойынша есеп айырысулар қозғалысын есепке алу үшін ашылған ағымдағы шотқа ақшаны есептеу, егер есепке алынатын ақша сомасы қосылған құн салығына салық бойынша есеп айырысулар қозғалысымен, оның ішінде:

      импортқа салынатын және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоса алғанда, бюджетке қосылған құн салығын төлеумен;

      тауарларды жеткізушілерге қосылған құн салығын төлеумен;

      тауарларды сатып алушылардың (алушылардың) қосылған құн салығын төлеуімен;

      қосылған құн салығын төлеушінің өзге банктік шотынан ақшаны есептеумен;

      Салық кодексінің 101-бабында айқындалған тәртіппен бюджеттен қайтарылған ақшаны есептеумен;

      төлем қате болған не бенефициардың жабық банктік шотына ақша аударған жағдайларда қосылған құн салығына салық бойынша есеп айырысулар қозғалысын есепке алуға арналған ағымдағы шоттан бастама болған төлемді қайтаруға байланысты ақшаны есептеумен байланысты болмаса;

      8) Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында, Экспорттық-импорттық валюталық бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда төлем құжатын орындаудан бас тартады.

      Бенефициар банкінің төлем құжатында көрсетілген басқа деректемелері (ЖСК, ЖСН (БСН) бенефициарды сәйкестендіретін болса, бенефициардың атауы төлем құжатында көрсетілген атауына сәйкес келмеген жағдайда ол төлем құжатын орындайды.

      Банктің:

      1) ЖСК және БСН деректемелері сақталған кезде ақша жөнелтушінің және (немесе) бенефициардың ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, мемлекеттік орган және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесі қайта ұйымдастырылған және атауы өзгерген жағдайды;

      2) мемлекеттік кірістер органы бюджеттік жіктеу кодтарын өзгерткен жағдайды қоспағанда, төлем құжатының деректемелерін өзгертуіне жол берілмейді.

      Бенефициар банкінің Қағидалардың 95-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, төлем құжатының деректемелерін өзгертуіне жол берілмейді.";

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Банк Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 46 және 48-баптарында, Қағидаларда белгіленген мерзімде, Қағидалардың 80-тармағында көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ мынадай:

      1) егер ақша жөнелтуші мен банк арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ақша жөнелтуші қолма-қол ақшасыз төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыруға қажетті ақша сомасын қамтамасыз етпеген;

      2) КЖТҚҚ туралы заңда немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген не Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерімен жасалған шарттарда көзделген;

      3) клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдері және (немесе) өкімдері (клиенттің Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 27-бабының 12-тармағында көзделген банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салықтардың және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның өкімінде көрсетілген салық берешегінің сомасын өтеу жағдайын қоспағанда), мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою, клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы ақшамен қамтамасыз етілмеген актілер, сондай-ақ Азаматтық кодекстің 742-бабына сәйкес орындалуы тиіс нұсқаулар болған;

      4) төлем тапсырмасында көрсетілген төлем валютасы банк шотының валютасына сәйкес келмеген жағдайларда төлем тапсырмасын орындаудан бас тартады.

      Төлемді жасау күні банк белгілеген валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, оны конвертациялауды жүзеге асыру арқылы бенефициардың төлем сомасын банк шотының валютасымен есепке алу туралы жазбаша растауы болған кезде төлем валютасы банк шотының валютасына сәйкес келмейтін төлем тапсырмасын орындауға рұқсат етіледі. Бенефициардың аталған растауы онымен және банк арасындағы шартта көзделген конвертацияны жүзеге асыруға бенефициардың келісімі болған жағдайда талап етілмейді, онда конвертацияны жүзеге асырғаны үшін комиссияларды алудың мөлшері мен тәртібі айқындалады.";

      113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "113. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын банктердің электрондық терминалдары арқылы жүзеге асыру кезінде ақша жөнелтушіге чек беріледі, ол мынадай міндетті деректемелерді қамтиды:

      1) құжаттың нөмірі, жазу күні, айы, жылы;

      2) ақша жөнелтуші банктің және бенефициардың атауы;

      3) төлем сомасы;

      4) банктің комиссиялық сыйақы сомасы;

      5) төлем валютасы;

      6) төлем белгілеу;

      7) төлем белгілеу коды.

      Чек ақша жөнелтушіге қағаз тасымалдағышта не оны банк пен оның клиенті арасындағы шартқа сәйкес қысқа мәтіндік және (немесе) мультимедиялық хабарлар арқылы не банк пен оның клиенті арасындағы шартта көзделген өзге де тәсілмен клиент көрсеткен электрондық пошта мекенжайына және (немесе) ұялы байланыс құрылғысына жіберу арқылы электрондық түрде беріледі.";

      115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "115. Ақша жөнелтушіге банк беретін чектің бастапқы құжат мәртебесі бар және бенефициардың пайдасына қолма-қол ақшаны банкке салу жолымен электрондық терминал арқылы қолма-қол ақшасыз төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру фактісін растайды.";

      134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "134. Егер клиентке банк шоты мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға жеке сот орындаушысына, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны), Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындар өтемақыларын, нотариус депозиті талабымен немесе "эскроу" режимінде банк шотына енгізілген ақшаны, сондай-ақ Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңның 7-бабына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ақшаны, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары түрінде тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінде банк шоттарындағы ақшаны, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақ түріндегі ақшаны есепке алу үшін ашылса, бұл жөніндегі мәліметтер де клиенттің банктік шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтамаларда көрсетіледі.";

      139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "139. Егер жеке тұлға қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген болса, жеке тұлғаның немесе дара кәсіпкердің ағымдағы шотына бірнеше төлем талабы ұсынылған кезде олар банкке келіп түсу тәртібіне қарай күнтізбелік кезектілікпен не олардың тізілімде көрсетілген реттік нөмірлеріне сәйкес орындалады.

      Кезекті төлем талабын орындау алдыңғы төлем талабы толық орындалғаннан кейін не Қағидаларда айқындалған тәртіппен алдыңғы төлем талабы кері қайтарылған немесе қайтарылған соң ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте кезекті төлем талабын орындау алдыңғы төлем талабын орындау сәтінде ағымдағы шотта болған ақша сомасының (алдыңғы төлем талабын орындағаннан кейінгі ақша қалдығының) және ағымдағы шотта ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен кем емес соманы қамтамасыз етуді ескере отырып, кейіннен ағымдағы шотқа келіп түсетін ақшаның әрбір сомасының елу пайызы шегінде жүргізіледі.";

      145-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "145. Инкассолық өкімнің орындалуын тоқтата тұру немесе тоқтату:

      1) мемлекеттік органның, лауазымды адамның немесе инкассолық өкімді ұсынған не атқарушылық іс жүргізу берілген уәкілетті сот орындаушысының шешімі бойынша;

      2) сот актісі негізінде;

      3) банк қайта құрылымдалған, консервацияланған, сондай-ақ борышкер және (немесе) банк қайта ұйымдастырылған және таратылған жағдайларда жүргізіледі.

      Банктер көрсетілген шешімдерді, анықтамаларды, өкімдерді (өтініштерді) Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 241-бабының, Салық кодексінің 122-бабының, Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 58, 59 және 62-баптарының талаптарына сәйкес келген кезде орындауға қабылдайды.

      Банк осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар негізінде орындалуы тоқтата тұрылған немесе тоқтатылған инкассолық өкімге сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда, осы құжаттарды орындамай қайтарады.

      Банк Қазақстан Республикасының заңнамасымен нұсқауларды орындауды тоқтату тұруға (ақшаны алуды тоқтата тұруға) уәкілетті адамдардың шешімін алған жағдайда, банк нұсқауды шешімде көрсетілген мерзімде не уәкілетті адам осы шешімнің күшін жойғанға дейін сақтауы тиіс.

      Банк орындалуы тоқтатыла тұрған нұсқауларды сақтайды және осы тармақта көзделген құжаттарды алған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей баланстан тыс есепке қабылдайды. Нұсқауды баланстан тыс есепке қойған кезде банк келесі операциялық күннен кешіктірмей нұсқауды жөнелтушіге (бастамашыға) тиісті хабарлама жібереді.

      Банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде ақша алуды тоқтата тұруға (нұсқауды орындауға тыйым салуға) уәкілетті адамның шешімін алған кезде нұсқауды шешім қабылдаған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей тиісті шешімді қоса бере отырып жөнелтушіге не атқарушылық іс жүргізу берілген сот орындаушысына қайтарады.";

      171-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "171. Ақша жөнелтушінің банктік шотындағы ақшаға клиенттің ақшасына тыйым салу құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың немесе сот орындаушыларының тиісті шешімдерінің негізінде тыйым салу, банктік шоттардағы ақшаға (мүлікке) иелік етуге уақытша шектеу қою, сондай-ақ банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тиісті шешімдері негізінде ақша жөнелтушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Азаматтық кодекстің 740-бабында, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 161-бабында, Салық кодексінің 118-бабында, Кеден кодексінің 125-бабында, Банктер және банк қызметі туралы заңның 51-бабында және Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 62, 123-баптарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.".

      8. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 209 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14336 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды орнату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) 753-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 24-бабына, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) 15-бабы екінші бөлігінің 49) тармақшасына, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң) 5 және 9-баптарына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 16-баптарына, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және Ұлттық Банкте банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктік емес ұйымдар) ұлттық және шетел валютасында корреспонденттік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Шет мемлекеттің орталық (ұлттық) банкі корреспонденттік шот шартына қосылғаннан кейін Ұлттық Банк оған жеке сәйкестендіру кодын тағайындайды.

      Шет мемлекеттің орталық (ұлттық) банкінің төлем жүйелерінің қатысушысы мәртебесін алуға арналған өтініші бойынша Ұлттық Банк оған банк кодын, сондай-ақ банктік сәйкестендіру кодын береді не шет мемлекеттің орталық (ұлттық) банкі оны Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес Банктер анықтамалығына қосқаннан кейін ИСО (ІSO – Іnternatіonal Organіzatіon for Standartіzatіon) 9362: Банк Идентифиер Код (Bank Іdentіfіer Code) халықаралық стандартына сәйкес берілген банктік сәйкестендіру кодын пайдаланады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі (банктік емес ұйымы) корреспонденттік шот шартына қосылғаннан кейін Ұлттық Банк жеке сәйкестендіру кодын береді.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің (банктік емес ұйымының) төлем жүйелерінің қатысушысы мәртебесін алуға арналған өтініші бойынша Ұлттық Банк банктік сәйкестендіру кодын береді не Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі (банктік емес ұйымы) оны Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес Банктер анықтамалығына қосқаннан кейін ИСО (ІSO – Іnternatіonal Organіzatіon for Standartіzatіon) 9362: Банк Идентифиер Код (Bank Іdentіfіer Code) халықаралық стандартына сәйкес берілген банктік сәйкестендіру кодын пайдаланады.

      Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің (банктік емес ұйымының) өтініші бойынша Нұсқаулықта көзделген тәртіппен банк кодын береді.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Банктің корреспонденттік шотына ұсынылатын инкассолық өкімдер Азаматтық кодексте, Салық кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң), Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және № 208 қағидаларда белгіленген тәртіппен орындалады.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Ұлттық валютадағы қолма-қол ақшаны банкке (банктік емес ұйымға) немесе олардың филиалына беруді, сондай-ақ оларды банктен (банктік емес ұйымнан) немесе олардың филиалынан қабылдауды және қайта есептеуді Ұлттық Банктің филиалы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21229 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – № 120 қағидалар) сәйкес жүзеге асырады.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Мыналар:

      1) чекте көрсетілген соманың ақшаны резервтеуге арналған өтінімде көрсетілген сомадан асып кетуі;

      2) резервтеуге арналған өтінімнің болмауы;

      3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14346 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 204 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидаларында белгіленген талаптарды бұза отырып чекті ресімдеу;

      4) № 120 қағидаларда және (немесе) корреспонденттік шот және кассалық қызмет көрсету шарттарының талаптарында белгіленген өзге де талаптардың сақталмауы қолма-қол ақша беруден бас тартуға негіздеме болып табылады.".

      9. "Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14335 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 50) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін (бұдан әрі – Ұлттық Банк) және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерін қоспағанда, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (бұдан әрі – банктер) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банктік емес ұйымдар) арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу тәртібін айқындайды.

      Банктер арасында, сондай-ақ банктер мен банктік емес ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату тәртібі банктердің және банктік емес ұйымдардың ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттарын ашуды, жүргізуді және жабуды, банктердің және банктік емес ұйымдардың ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары лимитінің есебін қамтиды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Респондент корреспонденттік шотты ашу үшін корреспондентке Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларының 15-тармағында көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды:

      1) банктер үшін – банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) кредиттік серіктестіктерді қоспағанда, банктік емес ұйымдар үшін – банк операцияларын Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясыз жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, аударым операцияларын жүргізуге берілген лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасына корреспонденттік шот ашу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалығын Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасы резиденті болып табылатын мемлекеттің резиденті болып табылатын банктің уәкілетті тұлғасы немесе банктің үлестес тұлғасы осы құжаттардың түпнұсқасынан немесе нотариат куәландырған көшірмесінен куәландырған жағдайда, олар нотариаттың куәландыруынсыз қабылданады.".

      10. "Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 214 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14334 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-2) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы олардың атауларын, жеке сәйкестендіру кодтарын, банктік сәйкестендіру кодтарын, СВИФТ (SWІFT)-кодтарын және қатысушыны немесе төлем жүйесіне қатысушының маңызды клиентін айқындау үшін пайдаланылатын өзге де сәйкестендіргіштерді көрсете отырып, қатысушылар және төлем жүйесіне қатысушының маңызды клиенттері сәйкестендіргіштерінің тізімімен қоса Ұлттық Банкке электрондық форматта:

      1) 1-қосымша бойынша мәліметтерді – есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей тоқсан сайын;

      2) 2-қосымша бойынша мәліметтерді – есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей тоқсан сайын ұсынады.";

      1 және 2-қосымшалар осы Тізбеге 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      11. "Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14347 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-1) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-тарауына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 4-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) төлем ұйымдарының есептік тіркелуін, Ұлттық Банктің төлем ұйымдарының тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізуін, төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсетуін және төлем ұйымдарының филиалдарды ашу туралы хабарлауын қамтиды.".

      12. "Банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 219 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14340 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52) тармақшасына, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес, банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын мынадай талаптар бекітілсін:

      1) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) 50-бабының 5, 6, 7, 8 және 8-1-тармақтарында көзделген банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтамалар банкте, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда (бұдан әрі – банктер) клиенттің банктік шоты болған кезде ресімделеді және мыналарды қамтиды:

      анықтаманың күні;

      заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және клиенттің жеке сәйкестендіру коды;

      клиентке қызмет көрсететін банктің атауы және банктік сәйкестендіру коды;

      банктік шоттағы қалдық туралы мәліметтер көрсетілген жағдайда сұратылатын күнге жіберілетін қалдық.

      Банктер және банк қызметі туралы заңның 50-бабы 6-тармағының д-1) және д-2) тармақшаларына сәйкес ұсынылатын банктік шоттарда ақшаның болуы туралы мәліметтер өндіріп алынатын соманың шегінде көрсетіледі. Банктер және банк қызметі туралы заңның 50-бабы 7-тармағының ж) және з) тармақшаларына сәйкес ұсынылатын банктік шоттарда ақшаның болуы туралы мәліметтер өндіріп алынатын соманың шегінде көрсетіледі, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда – атқарушылық іс жүргізуді қозғаған сәттен бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер де көрсетіледі.

      Клиенттің банктік шоттарының бар екендігі және нөмірлері, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы қағаз тасымалдағышта ұсынылатын анықтамалар банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірме (бұдан әрі – үзінді көшірме) нысанында жіберіледі;

      2) үзінді көшірмеде мыналар қамтылады:

      үзінді көшірменің күні;

      үзінді көшірме берілетін кезең;

      заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және клиенттің жеке сәйкестендіру коды;

      клиентке қызмет көрсететін банктің атауы және банктік сәйкестендіру коды;

      заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және егер клиент ақша жөнелтуші (бенефициар) болып табылған жағдайда, бенефициардың (ақша жөнелтушінің) жеке сәйкестендіру коды;

      теңгемен банктік шот бойынша – бенефициар банкінің (ақша жөнелтуші банкінің) атауы, банктік сәйкестендіру коды, бенефициардың және ақша жөнелтушінің атауы және жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі.

      Бенефициар банктің (ақша жөнелтуші банктің) атауы және (немесе) банктік сәйкестендіру коды клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде қойылмайды;

      үзінді көшірме берілетін кезеңнің басындағы және соңындағы келіп түсетін және жіберілетін қалдық.

      Банктер және банк қызметі туралы заңның 50-бабы 7-тармағының ж) және з) тармақшаларына сәйкес ұсынылатын үзінді көшірмелерде банктік шотта ақша жеткіліксіз болған кезде атқарушылық іс жүргізу қозғалған сәттен бастап келіп түсетін және (немесе) жіберілетін қалдық туралы ақпарат қамтылады;

      төлемнің белгіленуі;

      үзінді көшірме берілетін кезеңдегі дебет және кредит бойынша айналымдар.

      Банктер және банк қызметі туралы заңның 50-бабы 7-тармағының ж) және з) тармақшаларына сәйкес ұсынылатын үзінді көшірмелерде банктік шотта ақша жеткіліксіз болған кезде атқарушылық іс жүргізу қозғалған сәттен бастап дебет және кредит бойынша айналымдар туралы ақпарат қамтылады;

      банктік шоттың валютасы;

      банктің уәкілетті адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және мөртабан (қағаз нұсқа үшін).

      Банктер және банк қызметі туралы заңның 50-бабының 6, 7-тармақтарында көзделген үзінді көшірмелерді ұсынған кезде, бар болса мынадай мәліметтер қосымша беріледі:

      үзінді көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банктік шотқа қойылған, орындалмаған инкассолық өкімдердің сомасы;

      үзінді көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банктік шотқа қойылған, орындалмаған төлем талаптарының сомасы;

      үзінді көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банктік шотқа қойылған, болашақтағы валюталау күні бар орындалмаған төлем тапсырмаларының сомасы;

      үзінді көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банктік шоттардағы ақшаға салынған өзге ауыртпалықтардың (тыйым салу) сомасы;

      уәкілетті мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы ұсынған өкімдерінің саны;

      банктік шот бойынша орын алған ауыртпалықтарды шегере отырып, үзінді көшірме берілетін кезеңнің соңындағы ақша сомасының қалдығы (оң немесе теріс).

      Банктік шотты белгілеу туралы ақпарат Банктер және банк қызметі туралы заңның 50-бабының 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес:

      мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 101-5-бабында көзделген тұрғын үй төлемдерін есепке алу үшін;

      алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке алу үшін;

      нотариус депозиті талаптарында;

      "Мемлекеттік жинақтаушы білім беру жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес жасалған жинақтаушы білім беру салымы туралы шарт бойынша;

      "эскроу" режимінде;

      тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтарын орналастыру үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінде;

      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде ақша есепке алу үшін;

      тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу үшін;

      әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін есептеу үшін;

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату (қызметін мәжбүрлеп тоқтату) процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасын есепке алу үшін;

      жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауы үшін;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке алу үшін ашылған банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтамалар және банктік шот бойынша үзінді көшірме қосымша көрсетіледі.".

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің төлемдер
және төлем жүйелері мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша
  Экономика секторларының және
төлемдер белгілеу кодтарын
қолдану қағидаларына
2-қосымша

Төлемдер белгілеу кодтарының жан-жақты кестесі

Төлемдер белгілеу кодтары

Операциялардың атауы

0-бөлім "Зейнетақы төлемдері және жәрдемақылар"

002

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің сомасынан, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының оның активтері сомасынан түскен комиссиялық сыйақысы

003

Инвестициялық шотқа аударым

004

Зейнетақы төлемдері шотына аударым

005

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған өсімпұл сомаларын қайтаруы

006

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарушының комиссиялық сыйақысы

007

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақысы

008

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған сомаларды қайтаруы

009

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының уақтылы аударылмағаны үшін өсімпұл

010

Міндетті зейнетақы жарналары

011

014 төлем белгілеу коды бойынша зейнетақы төлемдерін қоспағанда, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері

012

Әлеуметтік аударымдар

013

Ерікті зейнетақы жарналары

014

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері

015

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары

016

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржыландырылған зейнетақы қаражатын және базалық зейнетақы төлемдерін қайтаруы

017

Әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

018

Инвестициялық кіріс,


оның ішінде:


"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының инвестициялық қызметінен алынған инвестициялық кіріс

019

Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

020

Зейнетақылардан және жәрдемақылардан сомаларды ұстау, зейнетақылардан және жәрдемақылардан ұстап қалу сомаларын қайтару

021

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қате есептелген төлемдерді қайтаруы

022

Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар

023

Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару

024

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында аудару

025

2016 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған тұлғалардың пайдасына бюджет қаражат есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасынан елу пайызды қайтару

026

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруы

027

Еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының қаражатынан төленетін әлеуметтік төлем

028

Еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару

029

Жергілікті бюджеттерден трансферттер

030

Республикалық бюджеттен трансферттер,


оның ішінде:


Зейнетақы төлемдерін алушыларға мемлекет кепілдіктерінің сомаларын міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамында нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша инфляция деңгейін ескере отырып төлеу


Бір жасқа толғанға дейін бала күтіп-бағуға байланысты табысты жоғалтқан жағдайда міндетті зейнетақы жарналарын әлеуметтік төлемдерді алушыларға "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамынан субсидиялау


Бір жасқа толғанға дейін бала күтіп-бағуға байланысты табысты жоғалтқан жағдайда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын әлеуметтік төлемдерді алушыларға "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамынан субсидиялау

031

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қате төлемдерді, басқа да төлемдерді қайтаруы


басқа да төлемдерге мыналар жатады:


Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыны қайтару


қандастарға бір жолғы төлемдерді қайтару


банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жауапты болып танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне ай сайынғы төлемдерді қайтару


мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті қайтару


тұрғын үй көмегін қайтару


бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны қайтару

032

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары бойынша қате есепке алынған сомаларды, оның ішінде депозитор талап етпеген кепілдік берілген өтем сомалары бойынша қайтаруы

033

Зейнетақылар

034

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар

035

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды қайтару

036

Асыраушысынан айрылған жағдай бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар

037

Асыраушысынан айрылған жағдай бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды қайтару

040

Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және мүгедектерді жерлеуге арналған жәрдемақылар, жасына байланысты зейнетақы төлемдері алушыларды, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамынан төлемдерді алушыларды, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамында зейнетақы жинақтары бар өзге тұлғаларды жерлеуге арналған біржолғы төлемдер

041

Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және мүгедектерді жерлеуге арналған жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдері алушыларды, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамынан төлемдерді алушыларды, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамында зейнетақы жинақтары бар өзге тұлғаларды жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді қайтару

042

Жер асты және ашық тау-кен жұмысында, аса зиянды жұмыста және өте ауыр жұмыс жағдайларында жұмыс істеген, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақылар

043

Жер асты және ашық тау-кен жұмысында, аса зиянды жұмыста және өте ауыр жұмыс жағдайларында жұмыс істеген, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақылар алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақыларды қайтару

044

Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар төлеу

045

Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды қайтару

046

Асыраушысынан айрылған жағдайда "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының қаражатынан төленетін әлеуметтік төлемдер

047

Асыраушысынан айрылған жағдайға арналған әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару

048

Жұмысын жоғалтқан жағдайда "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының қаражатынан төленетін әлеуметтік төлемдер

049

Жұмысын жоғалтқан жағдайға арналған әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару


050-топ "Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар"

051

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына

052

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне

053

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға

054

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға

055

Ұлы Отан соғысында қайтыс болған әскерлердің жесірлеріне

056

Қайтыс болған әскери қызметшілер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына

057

Қайтыс болған соғыс мүгедектері мен соғысқа қатысушылардың әйелдеріне (ерлеріне)

058

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар еңбегі мен мінсіз қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған тұлғаларға

059

Анасына немесе әкесіне, асырап алушыға, мүгедек баланы тәрбиелейтін қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақылар


060-топ "Арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару"

061

Ұлы Отан соғысының қатысушылары бойынша

062

Ұлы Отан соғысының мүгедектері бойынша

063

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар бойынша

064

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар бойынша

065

Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың жесірлері бойынша

066

Қайтыс болған әскери қызметшілердің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары бойынша

067

Қайтыс болған соғыс мүгедектері мен соғысқа қатысушылардың әйелдері (ерлері) бойынша

068

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қайсар еңбегі мен мінсіз қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған тұлғалар бойынша

069

Анасына немесе әкесіне, асырап алушыға, мүгедек баланы тәрбиелейтін қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақыны қайтару


070-топ "Азаматтардың басқа санаттарына төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылар"

071

1 және 2-топтағы мүгедектерге

072

3-топтағы мүгедектерге

073

16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға

074

Көп балалы аналарға

075

Ақталған азаматтарға

076

Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға

077

Басқалары

078

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының аударым сомаларын қайтаруы


080-топ "Азаматтардың басқа санаттарына арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды қайтару"

081

1 және 2-топтағы мүгедектер бойынша

082

3-топтағы мүгедектер бойынша

083

16 жасқа дейінгі мүгедек балалар бойынша

084

Көп балалы аналар бойынша

085

Ақталған азаматтар бойынша

086

Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар бойынша

087

Басқалар бойынша

088

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының зейнетақы жинақтары бойынша кредиторлық берешегін өтеу

089

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары

090

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша қате есептелген сомаларын қайтаруы

091

Баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақылар, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының қаражатынан баланың бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер

092

Баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақылары, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының қаражатынан баланың бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді қайтару

093

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл сомасын қайтаруы

094

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін қате есептелген өсімпұл сомаларын қайтаруы

095

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін қате есептелген өсімпұл сомаларын қайтаруы

096

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының қаражатынан жүктілігі және босануына, жаңа туған нәрестені (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер

097

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының қаражатынан жүктілігі және босануына, жаңа туған нәрестені (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді қайтару

098

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

099

0-бөлім бойынша басқа төлемдер,


оның ішінде:


Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақы


қандастарға төленетін бір жолғы төлемдер


банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жауапты болып танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне ай сайынғы төлемдер


мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мақсаты


тұрғын үй көмегінің мақсаты


бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны


осы бөлімде ескерілмеген басқа да төлемдер (жәрдемақылар)

1-бөлім "Арнайы аударымдар"


110-топ "Өтеусіз аударымдар"

101

Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқарушысына аудару

102

Депозитор талап етпеген кепілдік берілген өтем сомасын "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ға аудару

103

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері

104

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бұрын төленген біржолғы зейнетақы төлемдерін "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамына қайтару

105

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім шеңберінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамынан зейнетақы жинақтарын төлеу

106

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне (отбасы мүшелеріне) зейнетақы мен зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының аумағында жеткізу

111

Емделуге арналған ақша аударымдары,


оның ішінде:


емделуге ақы төлеу үшін қайтарымсыз қаржылық (материалдық, демеушілік) көмек


бенефициар медициналық қызметтерді жеткізуші болып табылмаған жағдайда, бенефициардың емдеуге ақы төлеуге арналған ақшаны одан әрі пайдалануы үшін жеке тұлғалардың ақша аударымдары (оның ішінде банк шотын ашпай)

112

Білім беруге арналған ақша аударымдары,


оның ішінде:


оқытуға ақы төлеу үшін қайтарымсыз қаржылық (материалдық, демеушілік) көмек


бенефициар білім беру қызметтерін жеткізуші болып табылмаған жағдайда, бенефициардың оқытуға ақы төлеуге арналған ақшаны одан әрі пайдалануы үшін жеке тұлғалардың ақша аударымдары (оның ішінде банк шотын ашпай)

118

Алименттер

119

Басқа да өтеусіз ақша аударымдары,


оның ішінде:


басқа да мақсаттар (емделу мен оқытудан басқа) үшін қайтарымсыз қаржылық (материалдық, демеушілік) көмек


бенефициардың басқа да мақсаттар (емделу мен оқытудан басқа) үшін ақшаны одан әрі пайдалануы үшін жеке тұлғалардың ақша аударымдары (оның ішінде банк шотын ашпай)


зиянды өтеу, оның ішінде сот шешімі бойынша


гранттар (оның ішінде тендер бойынша жеңіп алынғандар)


аккредитив, кепілдік шарты, қарыз, басқа да шарт немесе келісімшарт бойынша (міндеттемелер бойынша бюджетке төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдан басқа) міндеттемелерді орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)


әр түрлі сипаттағы өтеусіз ақша аударымдары: қайырымдылық, сыйға тарту, сатылған лотерея билеттері және олар бойынша ұтыстар, мұрагерлік тәртібімен өтетін ақша қаражаттарын аудару

120

Мүшелік жарналар,


оның ішінде:


ұйымның капиталына қатысуды қамтамасыз етпейтін, бірақ ұйымның қандай да бір қызметті көрсетуін қамтамасыз ететін мүшелік жарна


"Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына төленетін жарна


биржадағы шетел валюталары, бағалы қағаздар бойынша сауда-саттыққа қатысуға арналған жарна


қызметкерлердің жалақысынан ұсталған кәсіподақ жарналары

121

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар

122

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар

123

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

124

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл

125

Медициналық сақтандыру қорының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар бойынша қате есептелген сомаларды қайтаруы

126

Медициналық сақтандыру қорының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша қате есептелген сомаларды қайтаруы

127

Медициналық сақтандыру қорының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар бойынша қате есептелген өсімпұл сомаларын қайтаруы

128

Медициналық сақтандыру қорының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша қате есептелген өсімпұл сомаларын қайтаруы


130-топ "Филиалдар мен өкілдіктерді қаржыландыру және филиалдар мен өкілдіктердің қаражатты қайтаруы"

131

Бас ұйымның өзінің филиалдарын және өкілдіктерін, оның ішінде сатып алулардың барлық түрлері бойынша қаржыландыруы

132

Бас ұйымның филиалдары мен өкілдіктерінің ақша аударымдары (ақша қайтаруы)

140

Жол чектері бойынша операциялар,


оның ішінде:


резидент банктің өз клиенттеріне банкке консигнация талаптарымен (клиенттің банкке консигнация талаптарымен келіп түскен жол чегін сатып алуы) келіп түскен жол чектерін сатуы


резидент банктің жол чектерінің эмитентіне сатылған жол чектері бойынша ақша сомасын аударуы


резидент банктің жол чектерінің эмитентіне банк кейіннен клиенттерге сату үшін сатып алған жол чектері сомасын төлеуі


резидент банктің өз клиенттеріне банкке алдын ала төлеу талаптарымен (клиенттің банкке алдын ала төлеу талаптарымен келіп түскен жол чегін, сатып алуы) келіп түскен жол чектерін сатуы


резидент банктің банк кассасында клиентке жол чегі бойынша ақша сомасын төлеуі


жол чектері эмитентінің резидент банкке сатылған жол чектері бойынша өтеу сомасын аударуы


қосалқы агенттермен алдын ала шарт бойынша жол чектері бойынша операциялар


қосалқы агенттермен консигнация шарты бойынша жол чектері бойынша операциялар

150

Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының корреспонденттік шоттары бойынша транзиттік аударымдар,


оның ішінде:


делдал банктің корреспонденттік шоттар бойынша бір банктен, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалынан екінші банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына ақша аударуы

160

Нетто-позициялар бойынша есеп айырысу,


оның ішінде:


төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған, операцияларды есепке алу нәтижелері бойынша есеп айырысу ұйымына ақша аудару


төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған, операцияларды есепке алу нәтижелері бойынша банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдары арасында ақша аудару


банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдары арасындағы қарсы төлемдер клирингінің нәтижелері бойынша таза позициялар сомасын аудару


170-топ "Конференцияға, аукционға, тендерге қатысу"

171

Кепілдік жарнасы,


оның ішінде:


конференцияға, аукционға, тендерге қатысу үшін жарна


конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдерді және шарттың, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін конкурсқа қатысушы-әлеуетті жеткізушілердің ақша аударуы

172

Кепілдік жарнасын қайтару,


оның ішінде:


конференцияға, аукционға, тендерге қатысу үшін жарнаны қайтару


конкурстық өтінімді қамтамасыз ету және шарттың, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомаларын қайтару


180-топ "Құжаттандырылған операциялар"

181

Аккредитив бойынша операция,


оның ішінде:


импортер-клиенттің шотынан аккредитив бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға орнын жабу шотына ақша аудару (жабу сомасы)


клиенттің банк шотынан (аккредитив бойынша ақы төлеуді өтеу) "Құжаттандырылған операциялар бойынша дебиторлар" шотын өтеуі


резидент банктің экспортер-клиенттің шотына ақша аударуы

182

Кепілдік бойынша операциялар,


оның ішінде:


кепілгер банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының клиент алдындағы кепілдік міндеттемелерін орындауы кезінде кепілгер-банкке борышкер банкінің (борышкердің) ақша аударуы


кепілдік бойынша орнын жабу шотына борышкер клиенттің шотынан орнын жабу сомасын есептен шығару


клиенттің банк шотынан (кепілдік бойынша ақы төлеуді өтеу) "Құжаттандырылған операциялар бойынша дебиторлар" шотын өтеуі

183

Бірыңғай жиынтық төлемі

184

Бірыңғай жиынтық төлемінің қате аударылған (есепке алынған) сомаларын қайтару

190

1-бөлім бойынша басқа да аударымдар,


оның ішінде:


1-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып ресімделген, төлем құжаттары бойынша ақша қайтаруды қоса алғанда, бұрын есепке алынбаған төлемдер


1-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару


төлем мақсаты сәйкестендірілмеген жағдайда, анықтағанға дейін шоттан сомаларды кері қайтару


инкассалық өкімге қоса берілетін атқару құжатында төлем белгілеуін (мақсатын) анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтер болмаған жағдайда инкассалық өкімнің негізінде берешекті өтеу бойынша аударымдар

191

Жеке тұлғалар арасында мезеттік төлемдер және (немесе) ақша аударымдары

192

Электрондық ақшаны шығару

193

Электрондық ақшаны өтеу

194

Электрондық ақшаны сатып алу

195

Электрондық ақшаны өткізу

2-бөлім "Шетел валютасымен және бағалы металдармен операциялар"


210-топ "Сатып алу",


оның ішінде:


алдын ала ақыны қоса алғанда

211

Биржада теңгеге шетел валютасын сатып алу,


оның ішінде:


биржада шетел валютасын сатып алу-сату жөніндегі мәмілелердің неттингі бойынша операциялар

212

Монетарлық алтынды сатып алу

213

Биржадан тыс теңгеге шетел валютасын сатып алу,


оның ішінде:


қолма-қол емес шетел валютасына қолма-қол теңгені беру


Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қолма-қол емес шетел валютасымен ақы төлеу үшін клиенттің банк шотына теңгені есептеуі


биржадан тыс шетел валютасын сатып алу-сату жөніндегі мәмілелердің неттингі бойынша операциялар

219

Басқа да бағалы металдарды сатып алу,


оның ішінде:


тазартылған алтынды және басқа бағалы металдарды сатып алу


бағалы металдардың неттингі бойынша операциялар


220-топ "Сату"

221

Биржада теңгеге шетел валютасын сату

222

Монетарлық алтынды сату

223

Биржадан тыс теңгеге шетел валютасын сату,


оның ішінде:


қолма-қол емес теңгеге қолма-қол шетел валютасын беру


клиенттің өзінің банк шотынан теңгемен банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына қолма-қол емес шетел валютасын сатуы

229

Басқа да бағалы металдарды сату,


оның ішінде:


тазартылған алтынды және басқа бағалы металдарды сату

230

Шетел валюталарын айырбастау,


оның ішінде:


басқа шетел валютасына екінші шетел валютасын сатып алу (сату)


басқа шетел валютасына бір шетел валютасын сатып алу-сату жөніндегі мәмілелердің неттингі бойынша операциялар

290

2-бөлім бойынша басқа да төлемдер,


оның ішінде:


2-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып ресімделген, төлем құжаттары бойынша ақша қайтаруды қоса алғанда, бұрын есепке алынбаған төлемдер


2-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару


тазартылған бағалы металдардағы металл шоттар бойынша сыйақыны орналастыруға, өтеуге және есептеуге байланысты операциялар

3-бөлім "Салымдар (депозиттер)"


310-топ "Салымдарды (депозиттерді) орналастыру",


оның ішінде:


банкаралық депозиттер


қолма-қол ақша салу немесе клиент-салым иесінің өзге банк шоттарынан ақша аудару

311

Талап ету бойынша салымдарды (банктік салым шарты негізінде ашылған) орналастыру

312

Қысқа мерзімді салымдарды (бір жылдан аспайтын) орналастыру

314

Ұзақ мерзімді салымдарды (бір жылдан асатын) орналастыру

315

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының талап ету бойынша салым бойынша есептелген сыйақыны клиенттің банк шотына есептеуі

316

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қысқа мерзімді салым бойынша клиенттің банк шотына есептелген сыйақыны есептеуі

317

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының ұзақ мерзімді салым бойынша клиенттің банк шотына есептелген сыйақыны есептеуі

318

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының клиенттің шартты салым бойынша банк шотына есептелген сыйақыны есептеуі

319

Шартты салымдарды орналастыру


320-топ "Салымнан (депозиттен) алу",


оның ішінде:


банкаралық депозиттерді


қолма-қол ақшаны алу немесе кейіннен клиент-салым иесінің өзге банк шотына ақша аудару жолымен негізгі соманы және есептелген сыйақыны

321

Талап еткенге дейінгі бойынша салымнан (банктік салым шарты негізінде ашылған) алу

322

Қысқа мерзімді салымнан (бір жылдан аспайтын) алу,


оның ішінде:


толық соманы төлеу және ішінара алу


қысқа мерзімді салым бойынша мерзімі өткен берешекті төлеу

324

Ұзақ мерзімді салымнан (бір жылдан асатын) алу


толық соманы төлеу және ішінара алу


ұзақ мерзімді салым бойынша мерзімі өткен берешекті төлеу

329

Шарпы салымнан ақша алу


330-топ "Ағымдағы немесе корреспонденттік шотына ақша орналастыру"

331

Ағымдағы немесе корреспонденттік шотқа қолма-қол ақша салу

332

Заңды тұлғаның банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына осы заңды тұлға қызметкерлерінің банк шоттарына кейіннен есептеу үшін жалақыны, еңбек демалысының ақысын аударуы

333

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының клиенттің банк шотына ағымдағы немесе корреспонденттік шот бойынша есептелген сыйақыны есептеуі

334

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының клиенттің банк шотына қолма-қол валютамен ақы төлеу үшін қолма-қол емес ақшаны есептеуі,


оның ішінде:


қолма-қол шетел валютасымен ақы төлеу үшін қолма-қол емес шетел валютасын (оның ішінде комиссиялық сыйақыны ескере отырып)


қолма-қол теңгемен ақы төлеу үшін қолма-қол емес теңгені (оның ішінде комиссиялық сыйақыны ескере отырып)


340-топ "Ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарынан ақша алу"

341

Ағымдағы немесе корреспонденттік шоттардан қолма-қол ақша алу,


оның ішінде:


бас банкте ашылған ағымдағы немесе корреспонденттік шоттан Қазақстан Республикасының резидент банкінің филиалында, бейрезидент-банкінің филиалында

342

Клиенттің банкте, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалында ашылған өзінің бір ағымдағы шотынан осы банкте, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалында ашылған өзінің басқа ағымдағы шотына ақша аудару

343

Клиенттің бір банктегі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалындағы өзінің ағымдағы шотынан басқа банктегі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалындағы өзінің ағымдағы шотына ақша аудару

344

Қолма-қол емес валютаға қолма-қол ақша беру (сату),


оның ішінде:


қолма-қол емес теңгеге қолма-қол теңгені


қолма-қол емес шетел валютасына қолма-қол шетел валютасын

345

Клиенттің берілген қарыз сомасын ағымдағы немесе корреспонденттік шоттан қолма-қол алуы

346

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының чек бойынша ақша төлеуі

350

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бір банктегі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының өзінің корреспонденттік шотынан жеке қаражатын басқа банктегі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалындағы өзінің корреспонденттік шотына аударуы


360-топ "Сенімгерлік басқарудағы ақша"

361

Сенімгерлік басқаруға ақша беру

362

Сенімгерлік басқаруға берілген ақшаны қайтару

390

3-бөлім бойынша басқа да төлемдер,


оның ішінде:


3-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып ресімделген, төлем құжаттары бойынша ақша қайтаруды қоса алғанда, бұрын есепке алынбаған салымдар (депозиттер) бойынша төлемдер


3-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару

4-бөлім "Қарыздар"


410-топ "Қарыздар беру",


оның ішінде:


Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының берілетін қарыз сомасын банк шотына есептеуі


қайтарымды қаржылық көмек беру


жеке төлем құжатымен ресімделмеген жағдайда, қарыз бойынша ілеспе төлемдер, қызмет көрсетуші банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына комиссиялық сыйақылар

411

Қысқа мерзімді қарыздар беру (бір жылдан аспайтын),


оның ішінде:


овердрафт, овернайт беру

413

Ұзақ мерзімді қарыздар беру (бір жылдан астам)


оның ішінде:


бір жылдан астам мерзімге қайтарылатын қаржылай көмек беру

419

Басқа да қарыздар беру (мерзімсіз қарыздар және басқа қарыздар),


оның ішінде:


мерзімсіз қарыздар, мерзімсіз қайтарылатын қаржылай көмек беру


420-топ "Қарыздарды өтеу",


оның ішінде:


негізгі борышты және есептелген сыйақыны өтеу (оның ішінде, мерзімінен бұрын)


мерзімі өткен берешекті өтеу: негізгі борыш және сыйақы


уақытша қаржылай көмекті қайтару

421

Қысқа мерзімді қарыздарды өтеу (бір жылдан аспайтын),


оның ішінде:


овердрафтты, овернайтты өтеу

423

Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу (бір жылдан астам)

424

Қаржы лизингі

429

Басқа да қарыздар,


оның ішінде:


мерзімсіз қарызды өтеу, уақытша мерзімсіз қаржылай көмекті қайтару

430

Заңды немесе жеке тұлғаларға бұрын төленген шығыстарды өтеу, оның дебиторлық берешегін өтеу

490

4-төлем бойынша басқа төлемдер,


оның ішінде:


4-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып ресімделген төлем құжаттар бойынша қаражатты қайтаруды қоса алғанда, қарыздар бойынша бұрын есепке алынбаған төлемдер


4-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару


қарызды өтеуге артық есептелген ақшаны қайтару

5-бөлім "Қазақстан Республикасының бейрезиденттері шығарған бағалы қағаздар, вексельдер және депозиттік сертификаттар және шетелдік капиталға инвестициялар"

510

Жарғылық капиталға қатысуды растайтын акцияларды және құжаттарды сатып алу, төлеп алу,


оның ішінде:


капиталдың мөлшері азайған кезде бейрезиденттер шығарған акциялардың құнын қайтару


бейрезиденттер шығарған акцияларды кері төлеп алу


бейрезидент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарна


капиталдың мөлшері азайған кезде бейрезидент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарнаны қайтару


бейрезидент-заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесті кері төлеп алу


520-топ "Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу"

521

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу

522

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу

529

Басқа да мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу


530-топ "Мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу"

531

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу

532

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу

539

Басқа да мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу


540-топ "Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды, вексельдерді және депозиттік сертификаттарды сатып алу"

541

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельдерді сатып алу

542

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельдерді сатып алу

543

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттарды сатып алу

544

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттарды сатып алу

545

Облигацияларды сатып алу

548

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар басқа мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу

549

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар басқа мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу


550-топ "Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды, вексельдерді және депозиттік сертификаттарды өтеу"

551

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельдерді өтеу

552

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельдерді өтеу

553

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттады өтеу

554

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар депозиттік сертификаттарды өтеу

555

Облигацияларды өтеу

558

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар басқа мемлекеттік емес бағалы қағаздарды өтеу

559

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар басқа мемлекеттік емес бағалы қағаздарды өтеу


560-топ "Капиталға инвестициялар және бағалы қағаздар бойынша шығыстар"

561

Бөлінген таза кіріс және дивидендтер,


оның ішінде:


Бейрезиденттер шығарған акциялар бойынша дивидендтер төлеу, сондай-ақ акционерлік қоғам болып табылмайтын бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтайшыларына пайданың бір бөлігін төлеу

562

Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы (пайыздық)

563

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар, вексельдер және депозиттік сертификаттар бойынша сыйақы

570

Бағалы қағаздармен кері РЕПО операцияларын ашу

580

Бағалы қағаздармен тікелей РЕПО операцияларын жабу

590

5-бөлім бойынша басқа төлемдер,


оның ішінде:


5-бөлімнің төлемдері. бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып ресімделген төлем құжаттары бойынша қаражатты қайтаруды қоса алғанда, бағалы қағаздар бойынша бұрын есепке алынбаған төлемдер


5-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару

6-бөлім "Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған бағалы қағаздар мен вексельдер және Қазақстан Республикасы резиденттерінің жарғылық капиталына қатысу"

610

Жарғылық капиталға қатысуды растайтын акцияларды және құжаттарды сатып алу, төлеп алу,


оның ішінде:


капиталдың мөлшері азайған кезде резиденттер шығарған акциялардың құнын қайтару


резиденттер шығарған акцияларды кері төлеп алу


резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарна


капиталдың мөлшері азайған кезде акционерлік қоғам болып табылмайтын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына жарнаны қайтару


резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесті кері төлеп алу


620-топ "Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу"

621

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу,


оның ішінде:


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бір жылдан аспайтын айналыс мерзімі бар қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерін сатып алу


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттарын сатып алу

623

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу,


оның ішінде:


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бір жылдан астам бес жылға дейін айналыс мерзімі бар ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алу


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бір жылдан астам бес жылға дейін айналыс мерзімі бар ортамерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді сатып алу


бес жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алу


бес жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді сатып алу


бес жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақ мерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелерді сатып алу


екі және үш жыл айналыс мерзімі бар арнайы ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алу


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің еуроноттары үшін төлемдер


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің еуроноттары бойынша купон үшін төлемдер

629

Басқа да мемлекеттік қағаздарды сатып алу


630-топ "Мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу"

631

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу,


оның ішінде:


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бір жылдан аспайтын айналыс мерзімі бар қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерін өтеу


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұзақ мерзімді ноттарын өтеу

633

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу,


оның ішінде:


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыс мерзімі бір жылдан астам бес жылға дейін ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерін өтеу


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бір жылдан астам бес жылға дейін айналыс мерзімі бар ортамерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерін өтеу


бес жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеу


бес жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді өтеу


бес жылдан астам айналыс мерзімі бар ұзақ мерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелерді өтеу


екі және үш жыл айналыс мерзімі бар арнайы ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерді өтеу

639

Басқа да мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеу


640-топ "Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды және вексельдерді сатып алу",


оның ішінде:


есепке алу кеңселерінің индоссамент бойынша вексельдерді төлем мерзімі басталғанға дейін вексельді ұсынушыға вексель сомасын төлей отырып қабылдауы (вексельдерді есепке алу)

641

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельдерді сатып алу

642

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельдерді сатып алу

645

Облигацияларды сатып алу

647

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар басқа да борыштық мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу

648

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар басқа борыштық мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу

649

Басқа да мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу


650-топ "Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды және вексельдерді өтеу",


оның ішінде:


вексель бойынша ақы төлеу, оның ішінде инкассоға ұсынылған


клиенттің банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы есепке алған вексельдерді өтеуі

651

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар вексельдерді өтеу

652

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар вексельдерді өтеу

655

Облигацияларды өтеу

657

Бір жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар басқа да борыштық мемлекеттік емес бағалы қағаздарды өтеу

658

Бір жылдан астам өтеу мерзімі бар басқа да борыштық мемлекеттік емес бағалы қағаздарды өтеу

659

Басқа да мемлекеттік емес бағалы қағаздарды өтеу


660-топ "Капиталға инвестициялар және бағалы қағаздар бойынша шығыстар"

661

Бөлінген таза кіріс және дивидендтер


Резиденттер шығарған акциялар бойынша дивидендтер төлеу, сондай-ақ акционерлік қоғам болып табылмайтын резидент заңды тұлғаның құрылтайшыларына пайданың бір бөлігін төлеу

662

Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша (пайыздық) сыйақылар

663

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар және вексельдер бойынша сыйақы


670-топ "Бағалы қағаздармен кері РЕПО операциясын ашу"

671

Мемлекеттік бағалы қағаздармен кері РЕПО операциясын ашу

672

Мемлекеттік емес бағалы қағаздармен және вексельдермен кері РЕПО операциясын ашу


680-топ "Бағалы қағаздармен тікелей РЕПО операциясын жабу"

681

Мемлекеттік бағалы қағаздармен тікелей РЕПО операциясын жабу

682

Мемлекеттік емес бағалы қағаздармен және вексельдермен тікелей РЕПО операциясын жабу

690

6-бөлім бойынша басқа да төлемдер,


оның ішінде:


6-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып ресімделген төлем құжаттары бойынша қаражатты қайтаруды қоса алғанда, бағалы қағаздар бойынша бұрын есепке алынбаған төлемдер


6-бөлімнің төлемдері бойынша қате есептен шығарылған соманы қайтару

7-бөлім "Тауарлар және материалдық емес активтер"

710

Жылжымайтын мүлікті және 711, 712 және 713 төлемдер белгілеу кодтары бар тауарларды қоспағанда, тауарлар үшін төлемдер,


оның ішінде:


Ауыл, орман және балық шаруашылықтарының өнімі үшін төлемдер


өңдеу өнеркәсібінің өнімі үшін төлемдер (тамақ өнімдері, сусындар, темекі өнімдері, тоқыма, киім, тері және теріден жасалған бұйымдар, ағаш және ағаштан жасалған бұйымдар және тығындар, сабаннан және өру материалдарынан жасалған бұйымдар, қағаз және қағаз бұйымдары, химиялық заттар және химия өнімдері, фармацевттік өнімдер және фармацевттік негізгі дәрі-дәрмектер, резеңке және пластмасса бұйымдары, минералдық металл емес басқа да бұйымдар, негізгі металдар, дайын металл бұйымдар, компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер, электр жабдығы, машиналар және жабдық, автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер, басқа да көлік жабдығы, жиһаз, басқа да дайын өнімдер)


қызметкерлердің тауарлар сатып алуы үшін есебіне берілген соманы заңды тұлғаның өз шотынан корпоративтік төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялары есепке алуға арналған банк шотына аударуы


заңды тұлға сатып алатын суық, ыстық су, электр энергиясы, жылыту (газбен, ыстық сумен) үшін төлемдер


тауар жеткізушіге тауар бойынша төлемді бөліп төлегені үшін сыйақы

711

Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелмей шетелден тауарлар сатып алу және сату

712

Қазақстан Республикасының аумағына бұрын әкелінген шетелдік тауарларды олардың бастапқы жай-күйін айтарлықтай өзгертпей шетелге сату

713

Қазақстан Республикасының аумағынан бұрын әкетілген отандық тауарларды олардың бастапқы жай-күйін айтарлықтай өзгертпей шетелден сатып алу


720-топ "Жылжымайтын мүлік үшін төлемдер"

721

Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік үшін төлемдер


оның ішінде:


Қазақстан Республикасының аумағындағы үйлер мен ғимараттар


тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін құрылыс ұйымдарының шоттарына жеке тұлғалар аударатын төлемдер (Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй сатып алғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеу)


бірлескен қызмет шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікке үлестік қатысуды қамтамасыз ететін ақша аударымдары


бірлескен қызмет шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті пайдаланудан пайданы төлеу

722

Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жердегі жылжымайтын мүлік үшін төлемдер,


оның ішінде:


Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жердегі үйлер мен ғимараттар


бірлескен қызмет шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жердегі жылжымайтын мүлікке үлестік қатысуды қамтамасыз ететін ақша аударымдары


бірлескен қызмет шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жердегі жылжымайтын мүлікті пайдаланудан пайданы төлеу

730

Өндірілмеген қаржылық емес активтерді сатып алу,


оның ішінде мынадай төлемдер үшін:


жер және оның қойнауы, оның ішінде жерді тұрақты пайдалану құқығы үшін төлемдер


бағдарламалық қамтамасыз ету


Патенттер


Гудвилл


сауда маркалары


тауарлық белгілер

780

Ұсынылмаған тауарлар үшін қаражатты қайтару,


оның ішінде:


ұсынылмаған тауарлар, материалдық емес активтер үшін қаражатты қайтару

790

7-бөлім бойынша басқа да төлемдер,


оның ішінде:


7-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұза отырып ресімделген төлем құжаттары бойынша қаражатты қайтаруды қоса алғанда, бұрын есепке алынбаған тауарлар бойынша төлемдер

8-бөлім "Қызметтер"


810-топ "Көлік, қойма шаруашылығының қызметі"

811

Әуе көлігі қызметі үшін төлемдер,


оның ішінде:


экипажымен бірге әуе көлігін жалдау


әуе көлігінің жолаушылар тасымалдау бойынша қызметі


әуе көлігінің жүк тасымалдау бойынша қызметі және ғарыштық көлік қызметі

812

Су көлігі қызметі үшін төлемдер,


оның ішінде:


экипажымен теңіз көлігін жалдау


теңіз жолаушылар көлігінің қызметі


теңіз жүк көлігінің қызметі


ішкі су көлігінің жолаушылар тасымалдау бойынша қызметі


ішкі су көлігінің жүк тасымалдау бойынша қызметі

813

Теміржол көлігінің қызметі үшін төлемдер,


оның ішінде:


экипажымен бірге теміржол көлігін жалдау


жолаушылардың қалааралық теміржол көлігінің қызметі


теміржол жүк көлігінің қызметі

814

Құрлықтағы өзге көлік қызметі үшін төлемдер,


оның ішінде:


экипажымен бірге өзге құрлық көлігін жалдау


жолаушылардың басқа да құрлық көлігінің қызметтері


жүк тасымалдаулары бойынша автомобиль көлігінің қызметтері және тасымалдаулар бойынша қызметтер

815

Құбыр жолы арқылы тасымалдау қызметі үшін төлемдер

816

Сақтау және қоймаға алу қызметі үшін төлемдер

817

Қосалқы көлік қызметі үшін төлемдер

818

Почта және курьерлік қызмет үшін төлемдер,


оның ішінде:


ұлттық пошта қызметтері (пошта қызметтері, газеттер және басқа да мерзімді басылымдармен, хаттармен, посылкалар және бандерольдермен байланысты қызметтер, пошта бөлімшелерінің қызметтері, өзге де пошта қызметтері)


ұлттық пошта қызметтерін қоспағанда, курьерлік қызметтер (хатты, тамақты, басқа да тауарларды жеткізу бойынша курьерлік қызметтер)

819

Көлік қызметтері бойынша басқа да төлемдер

821

Құрылыс қызметтері үшін төлемдер,


оның ішінде:


ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызу бойынша жұмыстар, оның ішінде объектілер құрылысы кезінде сатып алынатын және пайдаланылатын тауарлардың құны


көпірлерді, жолдарды және теміржолдарды тұрғызу бойынша құрылыс жұмыстары, оның ішінде объектілерді тұрғызу кезінде сатып алынатын және пайдаланылатын тауарлардың құны


өзге де инженерлік құрылыстарды салу бойынша құрылыс жұмыстары, объектілерді тұрғызу кезінде сатып алынатын және пайдаланылатын тауарлардың құны


ғимараттарды бөлшектеу және бұзу жөніндегі және құрылыс учаскесін дайындау бойынша жұмыстар


ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу


электрмонтаж жұмыстары


сумен жабдықтау, жылыту және ауаны баптау жүйелерін орнату бойынша жұмыстар


монтаждау (орнату) бойынша басқа да жұмыстар


құрылыс және аяқтау цикліндегі әрлеу жұмыстары


шатыр тіреуіш орнату бойынша жұмыстар (шатыр аражабыны)


басқа да топтамаларға енгізілмеген, өзге де мамандандырылған құрылыс жұмыстары


құбырларды, байланыс желілерін және электр тарату желілерін (күш кабельдерін) төсеу бойынша жұмыстар


электр станцияларын, тау-кен және өндеу өнеркәсібі үшін құрылыстарды салу бойынша жұмыстар


өзге де құрылыстық-монтаждау жұмыстары (оның ішінде дауалдар мен қоршауларды; терезе қақпағын және қалқандарды; жолдар, әуежай мен портар үшін жарық беру және сигнализация жүйелерін орнату бойынша жұмыстар)


құрылысты аяқтау бойынша жұмыстар (сылақ жұмыстары, ағаш орнату жұмыстары, едендерді жабу және қабырғаларды қаптау бойынша жұмыстар, сырлау және шыны жасау жұмыстары)


ғимаратты немесе құрылысты салу немесе бұзу үшін операторы бар жабдықты жалдау бойынша қызметтер

822

Тауарларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер үшін төлемдер,


оның ішінде:


үйлер мен ғимараттарды жөндеуді (құрылыс қызметтеріне қосылады), компьютерлерді жөндеуді (компьютер қызметтеріне қосылады) және мұнай мен газ ұңғымаларын (кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметтерге кіреді) қоспағанда, кез келген тауарларды, оның ішінде су және әуе кемелерін және басқа көлік құралдарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер


830-топ "Сақтандыру қызметтері үшін төлемдер"

831

Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысы (жарна),


оның ішінде:


"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының не ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуы

832

Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру өтемақысы,


оның ішінде:


сақтандыру ұйымының өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін аударуы


сақтандыру ұйымының аннуитеттік сақтандыру бойынша мерзімдік (өмір бойы) сақтандыру төлемдері

833

Басқа да сақтандыру сыйлықақылары,


оның ішінде:


сақтандырудың басқа түрлері бойынша (өмірді сақтандыруды қоспағанда) сақтандыру сыйлықақысы (жарна)

834

Басқа да сақтандыру өтемақысы,


оның ішінде:


сақтандыру ұйымының басқа сақтандыру төлемдерін (өмірді сақтандыру жөніндегі төлемдерді қоспағанда) кейіннен жеке тұлғалардың шоттарына есеп алу үшін банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына аударуы


"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін аударуы

835

Қайта сақтандыруға беру

836

Қайта сақтандырушыға өтеу

837

Сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша комиссиялық сыйақы,


оның ішінде:


сақтандыру агенттеріне комиссиялық төлемдер

838

Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасын қайтару

839

Басқа да сақтандыру қызметтері,


оның ішінде:


актуарлық қызметтер

қосалқы сақтандыру қызметтері (консультациялық қызметтер, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы бағалау бойынша қызметтер)

841

842 және 843 төлемдер белгілеу кодтары бар төлемдерді қоспағанда, қаржылық қызметтер үшін төлемдер,


оның ішінде:


банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы


қаржы ұйымдарының (сақтандыру ұйымдары және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы көрсететін қызметті қоспағанда) делдалдық және қосалқы қызметтері


бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына операцияларды жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы


ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін комиссиялық сыйақы


андеррайтинг шартына сәйкес сыйақы төлеу


Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде тозған валютаны айырбастағаны үшін комиссиялық сыйақы


қарыздарды (қаржы лизингін қоса алғанда) беруге байланысты комиссиялық сыйақы


қаржылық консультациялық қызметтер

842

Интернет-банкингтің қызметі үшін комиссиялық сыйақы

843

Ұялы банкинг қызметі үшін комиссиялық сыйақы

844

Делдалдардың сауда мәмілелер бойынша қызметтері үшін төлемдер,


оның ішінде:


сауда-делдал фирмаларға, брокерлерге, дилерлерге, сауда агенттеріне теңіз және әуе кемелеріндегі сауда мәмілелерін, аукциондық мәмілелерді қоса алғанда, тауарлармен және қызметтермен жасалған сауда мәмілелерінен комиссиялық сыйақы


агенттіктердің сыйақы үшін немесе шарт негізінде ұсынылатын жылжымайтын мүлікпен байланысты қызметтері


850-топ "Басқа да іскерлік қызмет көрсету"

851

Компьютерлік қызметтер үшін төлемдер,


оның ішінде:


компьютерлік бағдарламалау бойынша қызметтер


бағдарламалық қамтамасыз етуді шығарғаны үшін қызметтер


компьютерлік технологиялар саласындағы кеңес беру қызметтері


компьютерлік жабдықты басқару бойынша қызметтер


компьютерлерді және перифериялық құрылғыларды жинақтау, орнату, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер


ақпараттық технологиялар және компьютерлік жүйелер саласындағы қызметтер


деректерді, сайттарды өңдеу бойынша қызметтер және осыған ұқсас қызметтер


процессингтік қызметтер (төлемдерді және төлем карточкаларын пайдаланумен басқа операцияларды жүзеге асыру кезінде қалыптастырылатын ақпаратты жинау, өңдеу және беру)


нақты уақыт режимінде деректер массивін құру, сақтау және олармен жұмыс істеу; деректерді табуляциялауды, компьютерлік уақытты ұжымдық пайдалану режимінде немесе сағат бойынша белгіленген кесте негізінде деректерді өңдеуді, тұрақты негізде сыртқы пайдаланушылардың есептеу кешендерін басқаруды қоса алғанда деректерді өңдеу


веб порталдарға қызмет көрсету

852

Байланыс қызметі үшін төлемдер,


оның ішінде:


сымды телекоммуникациялық (деректер мен хабарламаларды жіберу бойынша, тіркелген телефон, телекоммуникациялық сым желілерін ұсыну бойынша жеке желілер, телекоммуникациялық сым желілері бойынша деректерді жіберу бойынша, Интернеттің сым арқылы өткізілетін желіаралық байланыс, кабельдік инфрақұрылым бойынша бағдарламаларды тарату бойынша) қызметтер


сымсыз телекоммуникациялық (мобильдік байланыс және телекоммуникациялық сымсыз желілерді ұсыну бойынша жеке желілер, сымсыз телекоммуникацияларды ұсыну бойынша, телекоммуникациялық сымсыз желілер бойынша деректерді жіберу бойынша, Интернеттің сымсыз желіаралық байланыс қызметтері, сымсыз желілер бойынша бағдарламаларды тарату бойынша) қызметтер


спутник байланыс қызметтері


өзге де телекоммуникациялық қызметтер

853

Зияткерлік меншікті пайдаланғаны үшін төлем,


оның ішінде:


меншік (патенттер, авторлық құқық, сауда маркалары, технологиялық процестер, дизайн сияқты) құқығын пайдаланғаны үшін төлемдер


тұпнұсқаларды және прототиптерді (кітаптар және қолжазбалар, компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету, кинематография жұмыстары, дыбысжазбалары сияқты) қайта жасағаны және (немесе) жасалғандарды тартқаны үшін төлемдер

854

Заң қызметтері үшін төлемдер,


оның ішінде:


заң кеңестері мен консультациялары; заң, сот және заңнамалық процестерде қызметтерді ұсыну; заң құжаттамасын дайындау; төрелік қызметтері; жеке сот орындаушылардың қызметтері

855

Лизинг бойынша төлемдер (ағымдағы жалдау),


оның ішінде:


үй-жайлардың, уақытша сақтау қоймаларының, тұйық жерлердің операциялық лизингі (ағымдағы жалдау)


меншікті мүлікті жалға беру бойынша қызметтер


машиналар мен жабдықтарды операторсыз жалға беру бойынша қызметтер


жеке қолданатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жалға алу және жалға беру бойынша қызметтер


машиналарды, жабдықты және өзге де материалдық құралдарды жалға беру бойынша қызметтер


жалға алушының жалдау шартына сәйкес жалға берілетін үй-жай бойынша жалға берушіге төлемі (оның ішінде коммуналдық шығыстарды, байланыс қызметтері үшін, ғимаратты күзеткені үшін шығыстарды және басқаларды төлеу)


заңды тұлғаның жеке тұлғаның пайдасына осы жеке тұлғаның жеке мүлігін жалға алғаны үшін төлемі

856

Коммуналдық қызметтер үшін төлемдер,


оның ішінде:


жеке тұлғалардың коммуналдық қызметтерді сатып алуы: суық, ыстық су, электр энергиясы, жылыту (газбен, ыстық сумен), кәріз, газ, лифт, үй-жайларды ұстау, қоқыс шығару, ұжымдық антенна, есептегіштерге техникалық қызмет көрсету, газ жүйесіне техникалық қызмет көрсету, радиохабар үшін ақы төлеу

857

Ақпараттық қызметтер үшін төлемдер,


оның ішінде:


бұқаралық ақпарат құралдарын жаңалық мәліметтерімен, фотография материалдарымен және тақырыпты мақалалармен жабдықтауды қоса алғанда, ақпараттық агенттіктердің қызметтері


дерекқорларды жасау, сақтау және тарату


мерзімді баспа басылымдарына поштамен және өзге де тәсілдер арқылы жеткізумен тікелей жеке жазылу


телефон анықтама орталықтарының қызметтері

858

Жарнама және нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы қызметтер үшін төлемдер,


оның ішінде:


жарнама агенттіктері арқылы жарнаманы жобалау, жасау және маркетингі


жарнама уақытын сатып алуды және сатуды қоса алғанда, жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру


көрмелерді және сауда жәрмеңкелерін ұйымдастыру, тауарларды шетелде жарнамалау


маркетингтік зерттеулер, түрлі проблемалар бойынша қоғам пікіріне пікіртерім жүргізу

859

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметтер үшін төлемдер,


оның ішінде:


бухгалтерлік қызметтер


салық салу саласындағы кеңес беру қызметтері


басқару мәселелері бойынша кеңес беру қызметтері, бас компаниялардың қызметтері


сәулет, инженерлік ізденістер саласындағы және осы салаларда техникалық консультацияларды ұсыну бойынша қызметтер


техникалық сынақтар мен талдау бойынша қызметтер

жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер бойынша қызметтер


қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер бойынша қызметтер


жобалау (дизайн) бойынша қызметтер


суретке түсіру саласындағы қызмет


ауызша және жазбаша аударма бойынша қызметтер


хатшы қызметтері


ветеринарлық қызметтер


кешенді кеңселік әкімшілік қызметтер


фотокөшірме қызметтері, құжаттарды дайындау бойынша қызметтер және өзге де мамандандырылған кеңселік қосалқы қызметтер


конференцияларды ұйымдастыру бойынша қызметтер


орау қызметтері


ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер (ветеринарлық қызметтерді қоспағанда)


орман шаруашылығы саласындағы қызметтер (орманды баптау және ағаш дайындау)


тау-кен өнеркәсібі саласындағы қосалқы қызметтер (мұнай және табиғи газ ұңғымаларын бұрғылау бойынша қызметтер, бұрғылау мұнараларын орнату, жөндеу және бөлшектеу бойынша қызметтер және мұнай мен табиғи газ өндіру саласындағы өзге де қосалқы қызметтер, өңделетін алаңда жүзеге асырылатын тасымалдау үшін табиғи газды сұйылту және қайта газдандыру бойынша қызметтер)


басқа топтамаларға енгізілмеген, кәсіби, ғылыми және өзге де техникалық қызметтер, оның ішінде коммерциялық қосалқы қызметтер


газеттерді басу бойынша қызметтер және басқа да баспа, баспаға және таралымға дайындау, түптеу, өндеу және онымен байланысты қызметтер


кітаптарды, мерзімді және басқа басылымдарды басып шығару бойынша қызметтер


визалық қолдауды ресімдеу


радиациялық зерттеу


делдалдар сауда мәмілелері және сақтандыру агенттері жылжымайтын мүлікпен операцияларға немесе сақтандыруға байланысты жүргізетін бағалауды қоспағанда, бағалау бойынша қызметтер


тергеу жүргізу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметтер


технологиялық процестерді және автоматтандырылған өндіріс құрылғыларын бақылау үшін жабдықты жобалау бойынша қызметтер


электр энергиясын өндіру және болу бойынша қызметтер


суды бөлу бойынша қызметтер


құбырлар бойынша газды отынды болу бойынша қызметтер


заңды тұлғаларға жуу және құрғақ тазалау бойынша қызметтер


жабдықты жинау, орнату бойынша қызметтер (компьютерлік жабдықты, сондай-ақ жиналатын құрылғылардан объектілерді монтаждауды және тұрғызуды қоспағанда)


ғимараттарды тазалау бойынша қызметтер (дезинфекция, дератизация және дезинсекция, терезелерді жуу бойынша, дәстүрлі тазалау бойынша, арнайы тазалау бойынша, пештерді және мұржаларды тазалау бойынша қызметтер)


қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, қайталама шикізатты алу, рекультивация бойынша қызметтер


860-топ "Жеке тұлғаларға арналған қызметтер және мәдениет және демалыс саласындағы қызметтер"

861

Білім беру қызметтері үшін төлемдер,


оның ішінде:


жеке тұлғаларға білім беру бойынша қызметтер үшін және заңды тұлғаларға олардың қызметкерлерін оқытқаны үшін төлемдер (мектеп жасына дейінгі тәрбие және оқыту, орта білім, жоғары білім, басқа білім, курстар, тренингтер, семинарлар, іс-тәжірибеден өту саласында)

862

Медициналық қызмет үшін төлемдер,


оның ішінде:


емханалардың қызметтері, дәрігерлік және стоматология практикасы саласындағы, адам денсаулығын қорғау бойынша, ауыруға қарау бойынша қызметтер

869

Мәдениет және демалу салаларындағы қызметтер үшін төлемдер,


оның ішінде:


шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызметтер (әртіс-орындаушылардың, авторлардың, композиторлардың, мүсіншілердің, кескіндемешілердің, графикалық суретшілердің қызметтері, көріністік іс-шараларды өндіру және ұсыну саласындағы, театр жабдықтарын пайдалану бойынша қызметтер)


кітапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың және басқа да мәдени мекемелердің қызметі


құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызметтер


спорт қызметтері және демалысты ұйымдастыру бойынша қызметтер (спорт құрылыстарын пайдалану бойынша, спорт


клубтарының, фитнес клубтарының, ойын-сауық парктарының және тақырыпты парктардың, демалыс парктарының және пляждардың, фейерверктерді және "жарық пен дыбыс" көрсетілімдерін көрсету бойынша қызметтер, ойын автоматтарының қызметтері)


шаштараздар мен сән салондарының қызметтері


кино-, бейнефильмдерді және радио-, теледидар бағдарламаларын шығару бойынша қызметтер


фонограммаларды және дыбысжазбаларын шығару бойынша қызметтер


дыбыс- және бейнежазбаларды көшіру бойынша қызметтер


радиохабар саласындағы қызметтер


телебағдарламаларды жасау және тарату бойынша қызметтер, телехабарлар түпнұсқалары

871

Сапарлар,


оның ішінде:


жол жүру (билеттер) құнын қоспағанда, сатып алынған туристік жолдамалардың құны (билеттер үшін тікелей ақы төленген кезде көлік түріне қарай 811, 812, 813, 814 төлемдер белгілеу кодтары көрсетіледі)


билеттер құнын қоса есептегенде, туристік жолдамалардың құны (олардың ақысы бір төлем құжатымен төленген жағдайда)


саяхат бюроларының және туристік агенттердің қызметтері


өкілдік және іссапар шығыстары


заңды тұлғаның өз қызметкерінің банк шотына не корпоративтік төлем карточкаларын пайдалана отырып операцияларды есепке алуға арналған банк шотына кейіннен аудару үшін өкілдік және іссапар шығыстарының сомасын банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына аударуы

872

Тұру және тамақтану қызметтері үшін төлемдер,


оның ішінде:


қонақүйлердің қызметтері


демалыс күндеріне және басқа да қысқа мерзімді түру кезеңдеріне үй-жайларды беру бойынша қызметтер


жылжымалы саяжайлар мен тұрғын автотіркемелерге арналған кемпингтердің, тұрақтардың қызметтері


мейрамханалар қызметі мен тамақ өнімдерін жеткізу бойынша қызметтер


тапсырыс бойынша дайын тағамды жеткізу қызметтері және дайын тағамды жеткізу бойынша қызметтер


сусындармен қамтамасыз ету қызметтері


заңды тұлғаның қонақүйде түру қызметтері үшін жеке тұлғаның пайдасына өтем жасауы

880

Көрсетілмеген қызметтер үшін қаражатты қайтару,


оның ішінде:


Қазақстан Республикасының резидент банктері филиалдарының және бейрезидент-банктері филиалдарының клиенттерден пайдаланылмаған жол чектерінің қалдықтарын сатып алуы

890

8-бөлім бойынша басқа да төлемдер,


оның ішінде:


8-бөлімнің төлемдері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып ресімделген төлем құжаттары бойынша қаражаттың қайтарылуын қоса алғанда, бұрын есепке алынбаған қызметтер бойынша төлемдер


8-бөлімнің төлемдері бойынша қателесіп есептен шығарылған соманың қайтарылуы


көрсетілген қызметтер үшін, сондай-ақ қызмет құны азайған жағдайда артық аударылған ақшаның қайтарылуы

9-бөлім "Бюджетке және бюджеттен төленетін төлемдер"

911

Есептелген (есепке жазылған) және бюджетке төленетін өзге міндеттемелер

912

Бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша өсімпұл

913

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар

917

Салықтар мен төлемдер төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кезде бюджетке түсетін түсімдер

918

Салықтар мен төлемдер төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кездегі өсімпұл

925

Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар төлеу


960-топ "Бюджеттен қайтару (есепке алу)"

961

Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төленген қосылған құн салығына салықты салық берешегін өтеу есебінен есепке алу

962

Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару

963

Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтару

966

Мемлекеттік кірістер органының салықты, бюджетке төлемдерді қайтару мерзімін бұзғаны үшін салық төлеушінің пайдасына жасалатын өсімпұл


970-топ "Бюджеттен артық қосылған құн салығын қайтару (есепке алу), төленген сомаларды өзге қайтарулар (есепке алулар)"

971

Бюджеттен артық (қателесіп) төленген сомаларды банк шотына қайтару

973

Есепке алынған қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асқан сомасын есепке алу

974

Есепке алынған қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асқан сомасын қайтару

975

Бір бюджеттік сыныптау кодынан басқа бюджеттік сыныптау кодына есепке алу

976

Бір мемлекеттік кірістер органынан басқа мемлекеттік кірістер органына есепке алу

997

Бейрезиденттен жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу кезінде төленген қосылған құн салығын қайтару

999

Қосылған құн салығының бақылау шоты бойынша операциялар

      Ескертпе:

      1. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар қаржы мәмілесі жасалатын базалық активтің түріне қарай тиісті бөлімнің төлем белгілеу коды (бұдан әрі – код) көрсетіле отырып коды белгіленеді.

      2. 1-бөлім "Арнайы аударымдар" бойынша

      "Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының корреспонденттік шоттары бойынша транзиттік аударымдар" 150 кодын делдал банк көрсетеді. Транзиттік төлемді алған кезде бенефициар банкі ақпараттық жүйеде мәмілелерге сәйкес келетін экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын көрсетеді. Бенефициар банкі осы төлемнің қажетті деректемелерін клиенттер арасындағы сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызметтер үшін ақы төленетін шарт негізінде көрсетеді.

      "Аккредитив бойынша операция" 181 коды эмитент-банк аккредитив бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етуге бұйрық беруші клиенттің шотынан аталған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының шотына ақша сомасын (өтемін) аударған (аккредитивті орындаудың сыйақы сомасын аударуды қоспағанда) кезде, аккредитивті қайтарып алу кезінде ақшаны қайтарған кезде көрсетеді. Аккредитивтер бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде эмитент-банктің бенефициардың шотына ақша аударуына төлем белгілеуге байланысты код қойылады, оның ішінде:

      1) эмитент-банктің аккредитивтің қолданылу мерзіміне оның басқаруына берілген аккредитивтің сомасына осы ақшаны аккредитив бойынша төлеу үшін пайдалану ықтималдығы шартымен аккредитив бойынша ақшамен ақы төлеуі (орны жабылған аккредитивтерде);

      2) клиенттің ағымдағы шотынан резиденттің немесе бейрезиденттің пайдасына аккредитив бойынша ақы төлеу (орны жабылмаған аккредитивтерде);

      3) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының "Құжаттандырылған операциялар бойынша дебиторлар" шотынан меншікті қаражаты есебінен аккредитив бойынша ақы төлеу (орны жабылмаған аккредитивтерде ақы төлеу кезінде клиенттің шотында ақшасы болмаған жағдайда);

      4) резидент банктің корреспонденттік шотына бейрезидент-банктің ақша аударуы.

      "Кепілдік бойынша операциялар" 182 коды эмитент банк бұйрық беруші клиенттің шотынан осы банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының шотына кепілдік бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етуге ақша сомасын (өтемін) аударған (кепілдік бойынша сыйақы сомасын аударуды қоспағанда), кепілдікті жою кезінде ақшаны қайтарған кезде көрсетеді. Кепілдік берілген жағдай басталған кезде кепілгер-банктің клиентке ақша аударуына белгілеуге байланысты код қойылады.

      "Электрондық ақшаны шығару" 192 коды электрондық ақша эмитентінің электрондық ақшаны жеке тұлғаға немесе агентке олардың номиналдық құнына тең ақша сомасына айырбастау арқылы беруі.

      "Электрондық ақшаны өтеу" 193 коды электрондық ақша эмитентінің өзі шығарған, электрондық ақшаның иесі ұсынған не иеленушісі оларды ұсынбастан ауыстыруға жататын электрондық ақшаны олардың номиналдық құнына тең ақша сомасына айырбастауды жүзеге асыруы.

      "Электрондық ақшаны сатып алу" 194 коды электрондық ақша жүйесінің агенті электрондық ақша эмитентінен немесе иесінен - жеке тұлғадан электрондық ақшаны ары қарай жеке тұлғаларға өткізу үшін сатып алуы.

      "Электрондық ақшаны өткізу" 195 коды агент тараптардың құқықтары мен міндеттері, электрондық ақшаны өткізу тәртібі мен талаптары айқындалатын, электрондық ақша эмитентімен немесе электрондық ақша жүйесінің операторымен жасалған шарттың негізінде жеке тұлғаларға электрондық ақшаны өткізу.

      3. 3-бөлім "Салымдар (депозиттер)" бойынша

      3-бөлімі "Салымдар (депозиттер)" Төлемдер белгілеу кодтары жан-жақты кестесінің басқа бөлімдеріне жатқызылған тауарлар, қызметтер, арнайы аударымдар, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары үшін өзге тұлғаларға төлеген төлемдер кірмейді.

      Төлем бастамашысында қолма-қол ақшаны банк шотынан алу мақсаттары туралы ақпарат болған кезде төлем белгілеуге сәйкес келетін код көрсетіледі. Аталған ақпарат болмаған жағдайда 321 "Талап еткенге дейінгі салымнан (банктік салым шарты негізінде ашылған) алу", 341 "Ағымдағы немесе корреспонденттік шоттардан қолма-қол ақша алу", 346 "Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының чек бойынша ақша төлеуі" кодтары көрсетіледі.

      4. 5 "Қазақстан Республикасының бейрезиденттері шығарған бағалы қағаздар, вексельдер және депозиттік сертификаттар және шетелдік капиталға инвестициялар" және 6 "Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған бағалы қағаздар мен вексельдер және Қазақстан Республикасы резиденттерінің жарғылық капиталына қатысу" бөлімдері бойынша бейрезидентке бағалы қағаздарды сатуды мәмілеге қатысушы резидент осы бағалы қағаздарды бейрезиденттің сатып алуы ретінде код белгілейді.

      5. 7 "Тауарлар және материалдық емес активтер" және 8 "Қызметтер" бөлімдері бойынша 7 "Тауарлар және материалдық емес активтер" және 8 "Қызметтер" бөлімдерінде тауарлар мен қызметтердің түрлері "Экономикалық қызмет түрлері жөніндегі өнім сыныптаушысы" (ЭҚТӨС) ҚР МЖ 04 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышын және Халықаралық валюта қорының ТБН6 (Төлем балансы мен халықаралық инвестициялық позиция жөніндегі нұсқау, алтыншы басылым) халықаралық әдіснамасын ескере отырып жасалды.

      Тауарлар және материалдық емес активтер, қызметтер үшін төлемдерге алдын ала төлем (аванстық төлемдер) кіреді.

      7 "Тауарлар және материалдық емес активтер" бөліміне 2 "Шетел валютасымен және бағалы металдармен операциялар" бөліміне жатқызылған бағалы металдар кірмейді.

      "Өндірілмеген қаржылық емес активтерді сатып алу" 730 коды мына:

      1) жер және оның қойнауы, оның ішінде жер қойнауын тұрақты пайдалану құқығы үшін төлемдер;

      2) тауарлар өндіру және қызмет көрсету үшін пайдаланылатын материалдық активтер, алайда, олар өндіріс нәтижесі болып табылмайды;

      3) меншікке сатып алынған материалдық емес активтер (оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, гудвилл, сауда маркалары, тауар белгілері) үшін төлемдер кезінде көрсетіледі. Материалдық емес активтерді пайдалану құқығын алу "Зияткерлік меншікті пайдаланғаны үшін төлем" 853 коды бойынша көрсетіледі.

      Заңды тұлғалар электр энергиясын, газды және суды (коммуналдық қызметтер) пайдаланғаны үшін ақы төлеген кезде "Жылжымайтын мүлікті және 711, 712 және 713 төлемдер белгілеу кодтары бар тауарларды қоспағанда, тауарлар үшін төлемдер" 710 коды қойылады.

      6. 9-бөлім "Бюджетке және бюджеттен төленетін төлемдер" бойынша

      Бұл бөлімге мемлекеттік бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен төлемдерді қайтару (зейнетақылар мен жәрдемақыларды қоспағанда) бойынша кодтар кіреді.

      "Есептелген (есептеп шығарылған) және бюджетке төленетін өзге міндеттемелер" 911 коды Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген есептелген (есепке жазылған) және өзге де бюджетке міндеттемелерді (өсімпұл мен айыппұлдарды қоспағанда) аударған кезде көрсетіледі. Салықтар мен төлемдер төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде есептелген сомалары оған жатпайды.

      "Бюджетке төленетін міндеттемелер бойынша өсімпұл" 912 коды салықтарды, бюджетке төленетін міндетті және өзге де төлемдерді төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін бюджетке міндеттемелер бойынша өсімпұлдың есептелген сомасын төлеген кезде көрсетіледі. Оған салықтар төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде төленетін өсімпұл сомалары жатпайды.

      "Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар" 913 коды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс) сәйкес есептелген әкімшілік құқық бұзушылықтар және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес соттар салатын қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін салынатын айыппұл сомаларын төлеген кезде көрсетіледі.

      "Салықтар мен төлемдер төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кезде бюджетке түсетін түсімдер" 917 коды төлеу мерзімі өзгертілген (ұзартылған) салықтар мен төлемдер сомасын бюджетке төлеген кезде көрсетіледі.

      "Салықтар мен төлемдер төлеу мерзімі өзгерген (ұзартылған) кездегі өсімпұл" 918 коды салықтар мен төлемдер төлеу мерзімдері өзгерген (ұзартылған) кезде есептелген өсімпұл сомаларын төлеген кезде көрсетіледі. Оған салықтар мен төлемдер төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін бюджетке міндеттемелер бойынша есептелген өсімпұл сомалары жатпайды.

      "Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар төлеу" 925 коды кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар төлеу кезінде көрсетіледі.

      "Бюджеттен артық (қателесіп) төленген сомаларды банк шотына қайтару" 971 коды бюджетке артық (қателесіп) төленген салық сомаларын, төлемдерді және өзге міндеттемелерді банк шотына қайтару кезінде көрсетіледі.

      "Есепке алынған қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асқан сомасын есепке алу" 973 коды есепке алынған қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асқан сомаларын аудару кезінде қойылады.

      "Есепке алынған қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асқан сомасын қайтару" 974 коды есепке алынған қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асқан сомасын қайтаруды аудару кезінде қойылады.

      "Бір бюджет сыныптамасының кодынан басқа бюджет сыныптамасының кодына есепке алу" 975 коды бюджетке төленетін соманы артық немесе қателесіп төлеген, салықтар мен төлемдер сомаларын және бюджетке өзге міндеттемелерді бюджет сыныптамасының бір кодынан бюджет сыныптамасының басқа кодына аударған кезде көрсетіледі.

      "Бір мемлекеттік кірістер органынан басқа мемлекеттік кірістер органына есепке алу" 976 коды салықтар, төлемдер және бюджетке басқа да міндеттемелерді басқа мемлекеттік кірістер органдарына қате есептеген кезде, артық немесе қате төленген салықтарды, төлемдерді және бюджетке басқа да міндеттемелерді басқа мемлекеттік кірістер органдарына аударған кезде көрсетіледі.

      "Қосылған құн салығының бақылау шоты бойынша операциялар" 999 коды Қазақстан Республикасының аумағында екінші деңгейдегі банкінде ашылған қосылған құн салығының бақылау шотына ақша аудару кезінде, оның ішінде импортқа және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоса алғанда, бюджетке қосылған құн салығын төлеу; тауар жеткізушілерге қосылған құн салығын төлеу; тауар сатып алушыларға (алушыларға) қосылған құн салығын төлеу; қосылған құн салығын төлеушінің өзге банк шотынан ақшаны есепке алу кезінде көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің төлемдер
және төлем жүйелері мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
2-қосымша
  Жүйелік маңызы бар немесе
маңызды төлем жүйесі
операторының немесе
операциялық орталығының
төлемдер және (немесе) ақша
аударымдары бойынша
мәліметтер беру қағидаларын
бекіту туралы қағидаларына
1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Әкімшілік деректер нысаны www.natіonalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-ОР

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Мәліметтерді ұсынатын тұлғалар тобы: жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы, Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну бойынша өкілеттіктерді өкілдікке беру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында құрылған шетелдік төлем жүйесі операторының өкілдігі.

      Әкімшілік деректерді ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей. Егер айдың он бесінші күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

  Нысан

__________________________________________________________________ (жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығының толық атауы)

Төлем жүйесінің атауы

Төлем жүйесінің атауы

Төлем жүйесінің атауы

Төлем жүйесінің атауы

Төлем жүйесіне қатысушының сәйкестендіргіші - ақша жөнелтуші

Төлем жүйесіне қатысушының сәйкестендіргіші - ақша алушы

1

2

3

4

5

6













      кестенің жалғасы

Ақша жөнелтуші

Бенефициар

Резиденттік белгісі

Резиденттік белгісі

Резиденттік белгісі

Резиденттік белгісі

Резиденттік белгісі

Резиденттік белгісі

7

8

9

10

11

12




















      кестенің жалғасы

Төлемдер бойынша мәліметтерді нақтылау

Төлем белгілеу коды

Төлем саны

Төлем сомасы, теңге

Төлем валютасы

13

14

15

16









      Атауы ________________ Мекенжайы_______________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы __________________________________ __________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)       қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берілген адам

      ____________________________________________ ___________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефоны

      Күні 20 __ жылғы "_____" ____________

  Төлемдер және (немесе) ақша
аударымдары бойынша
мәліметтер нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер (индексі: 1-ОР, кезеңділігі тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 15-бабының екінші бөлігінің 52-2) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      3. Нысанды жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы тоқсайн сайын жасайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.

      4. Нысан бойынша мәліметтер ақша жөнелтушілер болып табылатын маңызды клиенттер бойынша, сол сияқты бенефициарлар болып табылатын маңызды клиенттер бойынша беріледі.

      5. Нысан төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) мақсаты үшін пайдаланылады.

      6. Нысанға бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам және жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының орындаушысы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру

      7. Нысан теңгемен толтырылады. Егер төлем және (немесе) аударым валютасы теңгеден айрықшаланатын болса, соманың баламасы төлем және (немесе) аударым жасалған күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледі.

      8. Нысанда төлем және (немесе) ақша аударымы туралы мына ақпаратты қамтитын 16 баған бар:

      1) 1-бағанда мәліметтер ұсынылатын төлем жүйесінің атауы көрсетіледі;

      2) 2-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымын жүргізу ортасы көрсетіледі:

      01 – ел аумағында;

      02 – халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;

      3) 3-бағанда төлем жүйесінің түрі көрсетіледі:

      01 – банкаралық ақша аударымы жүйесі;

      02 – банкаралық клиринг жүйесі;

      03 – банк шотын ашпай электрондық терминалдар арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау арқылы көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ететін төлем жүйелері;

      04 – электрондық ақша жүйелері;

      05 – корреспонденттік қатынастардың жүйелері (Қазақстан Республикасы банктерінің, Қазақстан Респуликасының бейрезидент-банктері филиалдарының немесе Қазақстан Республикасының банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының, Қазақстан Республикасының банктерінде немесе Қазақстан Республикасының банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарында ұлттық валютамен ашылған корреспонденттік шоттар);

      06 – ақша аударымы жүйесі;

      07 – төлем карточкаларының жүйелері, олар арқылы төлем карточкаларымен есеп айырысулар бойынша банкаралық төлемдер жүргізілді;

      08 – төлем жүйелерінің өзге де түрлері.

      4) 4-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымының белгісі көрсетіледі:

      01 – жіберілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;

      02 – келетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;

      5) 5-бағанда төлем жүйесіне қатысушы ақша жөнелтушінің сәйкестендіргіші көрсетіледі;

      6) 6-бағанда төлем жүйесіне қатысушы ақша алушының сәйкестендіргіші көрсетіледі;

      Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін төлем жүйесіне қатысушының сәйкестендіргіші ретінде банктік идентификациялау коды көрсетіледі.

      Өзге қатысушылар үшін бизнес идентификациялау кодтары, жеке идентификациялау кодтары және қатысушыны айқындау үшін пайдаланылатын өзге де сәйкестендіргіштер көрсетіледі;

      7) 7-бағанда ақша жөнелтушінің резиденттік белгісі көрсетіледі;

      8) 8-бағанда ақша жөнелтушінің экономика секторының коды көрсетіледі;

      9) 9-бағанда төлемге немесе ақша аударымына бастамашы болған елдің екі мәндік коды көрсетіледі;

      10) 10-бағанда бенефициардың резиденттік белгісі көрсетіледі;

      11) 11-бағанда бенефициардың экономика секторының коды көрсетіледі;

      12) 12-бағанда төлем немесе ақша аударымы жіберілген елдің екі мәндік коды көрсетіледі.

      Елдердің кодтары "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлік. Елдің кодтары" ІSO 3166-1 ҚР ҰС Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.

      7, 8, 9, 10, 11 және 12-бағандар төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының ақпараттық жүйесінде резиденттік белгісін, экономика секторын, ақша жөнелтуші елдің немесе бенефициардың елін идентификациялау үшін деректер болған кезде толтыруға жатады;

      13) 13-бағанда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес Ұлттық Банк бекітетін Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес төлем белгілеу коды көрсетіледі;

      14) 14-бағанда есепті кезеңдегі төлемдердің саны көрсетіледі. Бір төлемді көрсеткен кезде бағанда 1 мәні көрсетіледі. Жаңа төлемнің және (немесе) ақша аударымының өлшемдері 1 - 13 аралығындағы бағандардағы өлшемдермен сәйкес келген жағдайда, бұл бағандағы мән 1-ге өсіріледі, ал 14-бағандағы мән жаңа төлемнің сомасына ұлғайтылады;

      15) 15-бағанда төлемнің үтірден кейін екі белгіге дейінгі теңгемен сомасы көрсетіледі;

      16) 16-бағанда төлем валютасының коды "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ІSO 4217 ҚР ҰС Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің төлемдер
және төлем жүйелері мәселелері
бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
3-қосымша
  Жүйелік маңызы бар немесе
маңызды төлем жүйесі
операторының немесе
операциялық орталығының
төлемдер және (немесе) ақша
аударымдары бойынша
мәліметтер беру қағидаларын
бекіту туралы қағидаларына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Әкімшілік деректер нысаны www.natіonalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Маңызды клиенттер жүргізген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 2-ОР

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін

      Мәліметтерді ұсынатын тұлғалар тобы: жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы, Маңызды клиенттер жүргізген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну бойынша өкілеттіктерді өкілдікке беру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында құрылған шетелдік төлем жүйесі операторының өкілдігі

      Әкімшілік деректерді ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей. Егер айдың он бесінші күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Есепті айда нысанда көрсетілуге жататын төлемдер және (немесе) ақша аударымдары болмаған кезде, жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы, шетелдік төлем жүйесі операторының өкілдігі бұл туралы Ұлттық Банкке есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.

  Нысан

__________________________________________________________________ (жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығының толық атауы)

Төлем жүйесінің атауы

Төлем жүйесіне қатысушының сәйкес тендіргіші

Төлемді жүргізу ортасы

Төлем белгісі

1

2

3

4





      кестенің жалғасы

Маңызды клиенттің деректері

Төлем жүйесіне қатысушының сәйкестендіргіші

Атауы

БСН / ЖСН

Резиденттік белгісі

Экономика секторы

Елі

5

6

7

8

9

10







      кестенің жалғасы

Маңызды клиенттің қарсы агентінің деректері

Төлем белгілеу

Есепті кезеңдегі төлемдердің саны

Төлем сомасы, теңге

Төлем валютасы

Атауы

БСН/ЖСН

Резиденттік белгісі

Экономика секторы

Елі

11

12

13

14

15

16

17

18

19










      Атауы ________________ Мекенжайы_______________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы __________________________________       __________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)       қолы, телефоны

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берілген адам

      ____________________________________________       ___________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефоны

      Күні 20 __ жылғы "_____" ____________

  Маңызды клиенттер жүргізген
төлемдер және (немесе) ақша
аударымдары жөніндегі
мәліметтер нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Маңызды клиенттер жүргізген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі мәліметтер (индексі: 2-ОР, кезеңділігі тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Маңызды клиенттер жүргізген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 15-бабының екінші бөлігінің 52-2) тармақшасына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      3. Нысанды жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.

      4. Нысан бойынша мәліметтер ақша жөнелтушілер болып табылатын маңызды клиенттер бойынша, сол сияқты бенефициарлар болып табылатын маңызды клиенттер бойынша беріледі.

      5. Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторы немесе операциялық орталығы есепті тоқсаннан кейінгі соңғы күнтізбелік 12 (он екі) айдағы деректерге дербес жүргізілген талдау негізінде төлем жүйесінің маңызды клиенттерін айқындайды

      6. Нысан төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) мақсаты үшін пайдаланылады.

      7. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) және жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының орындаушысы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру

      8. Нысан теңгемен толтырылады. Егер төлем және (немесе) аударым валютасы теңгеден айрықшаланатын болса, соманың баламасы төлем және (немесе) аударым жасалған күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледі.

      9. Нысанда төлем және (немесе) ақша аударымы туралы мына ақпаратты қамтитын 19 баған бар:

      1) 1-бағанда мәліметтер ұсынылатын төлем жүйесінің атауы көрсетіледі;

      2) 2-бағанда маңызды клиентке қызмет көрсететін төлем жүйесіне қатысушының сәйкестендіргіші көрсетіледі;

      3) 3-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымын жүргізу ортасы көрсетіледі:

      01 – ел аумағында;

      02 – халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;

      4) 4-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымының белгісі көрсетіледі;

      01 – маңызды клиент жіберген төлем және (немесе) ақша аударымы:

      02 – маңызды клиентке келетін төлем және (немесе) ақша аударымы;

      5) 5, 6, 7, 8 және 9-бағандарда маңызды клиенттің банктік деректемелері, оның ішінде оның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі, экономика секторының коды, елдің екі мәндік коды көрсетіледі:

      төлем және (немесе) ақша аударымы белгісі бойынша 01 – маңызды клиент төлемге және (немесе) ақша аударымына бастама жасаған елдің қоды;

      төлем және (немесе) ақша аударымы белгісі бойынша 02 – маңызды клиент төлемді және (немесе) ақша аударымын алған елдің қоды;

      6) 10-бағанда маңызды клиенттің қарсы агентіне қызмет көрсететін төлем жүйесіне қатысушының сәйкестендіргіші көрсетіледі;

      төлем және (немесе) ақша аударымы белгісі бойынша 01 – маңызды клиент төлемді және (немесе) ақша аударымын жіберген клиент;

      төлем және (немесе) ақша аударымы белгісі бойынша 02 – маңызды клиент төлемді және (немесе) ақша аударымын алған клиент;

      7) 11, 12, 13, 14 және 15-бағандарда маңызды клиенттің қарсы агентінің банктік деректемелері, оның ішінде атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі, экономика секторының коды, елдің екі мәндік коды көрсетіледі:

      төлем және (немесе) ақша аударымы белгісі бойынша 01 – маңызды клиенттің қарсы агенті төлемді және (немесе) ақша аударымын алған елдің қоды;

      төлем және (немесе) ақша аударымы белгісі бойынша 02 – маңызды клиенттің қарсы агенті төлемді және (немесе) ақша аударымын жіберген елдің коды;

      7, 8, 9, 13, 14 және 15-бағандар төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының ақпараттық жүйесінде резиденттік белгісін, экономика секторын, маңызды клиенттің немесе қарсы агенттің елін сәйкестендіру үшін деректер болған кезде толтыруға жатады;

      8) 16-бағанда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес Ұлттық Банк бекітетін Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес төлем белгілеу коды көрсетіледі;

      9) 17-бағанда есепті кезеңдегі төлемдердің саны көрсетіледі. Бір төлемді көрсеткен кезде бағанда 1 мәні көрсетіледі. Жаңа төлемнің және (немесе) ақша аударымының өлшемдері 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 және 16 аралығындағы бағандардағы өлшемдермен сәйкес келген жағдайда, бұл бағандағы мән 1-ге өсіріледі, ал 17-бағандағы мән жаңа төлемнің сомасына ұлғайтылады;

      10) 18-бағанда төлемнің үтірден кейін екі белгіге дейінгі теңгемен сомасы көрсетіледі;

      11) 19-бағанда төлем валютасының коды "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ІSO 4217 ҚР ҰС Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады