Ескерту: Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының ІI сайланған VIII сессияның 29.07.2004 N 76 шешімімен.
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Алматы қаласы жергiлiктi атқарушы органының» облигациясын шығарудың» уақытша тәртiбiн бекiту туралы" 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1437 Қаулысына сәйкес және 1999 жылдың 1 қыркүйегiндегi I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХХУIII сессиясы шешiмiнiң негiзiнде II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 1999 жылғы қала бюджетiнiң кiрiс және шығыс бөлiгiне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен бюджеттiк жiктелiс кодтары бойынша келiсiлген 400,0 (төрт жүз) миллион теңге көлемiнде белгiленген тәртiппен облигациялар шығару жолымен инвестициялық жобаларды iске асыру жөнiндегi кiрiстер мен шығыстар енгiзiлсiн.
2. 2000 жылғы Алматы қаласының бюджетiн бекiту кезiнде қала бюджетiнiң кiрiс және шығыс бөлiгiне енгiзiлсiн:
- кiрiстер бойынша - кредиттер бойынша қаражатты қайтару;
- шығыстар бойынша - облигациялық займға қызмет ету және 400,0 (төрт жүз) миллион теңге көлемiнде облигациялар эмиссиясын өтеу.
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының II-шi сессиясының
төрағасы Е.Тәжиев
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы Ж.Төрегелдинов