Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының облигацияларын шығарудың уақытша тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 қыркүйек N 1437

      "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының

облигацияларын шығарудың уақытша тәртібі бекітілсін.
     2. Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының облигацияларын 
орналастырудан қаржы қаражаты Алматы қаласының жергілікті бюджетіне түседі 
деп белгіленсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Қазақстан 
Республикасы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік эмиссиялық бағалы
қағаздар шығаруының жалпы тәртібі бекітілгенге дейін қолданылады.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
                                      Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                      1999 жылғы 22 қыркүйектегi
                                        N 1437 қаулысымен
                                             бекiтiлген
     
     Алматы қаласы жергiлiкті атқарушы органының
            облигацияларын шығарудың
                Уақытша тәртібі
     
                 1. Жалпы ережелер
     


      1. Осы Уақытша тәртiп Қазақстан Республикасының аумағында Алматы қаласы жергiлiктi атқарушы органының айналым мерзiмдерi алты, тоғыз және он екi ай облигацияларын (бұдан әрi - облигациялар) шығарудың, орналастырудың және өтеудiң тәртiбiн айқындайды.
      2. Облигациялар мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру мақсатында Алматы қаласының жергілiктi атқарушы органы (бұдан әрi - Эмитент) шығарады.
      3. Облигациялар құжаттамалық емес нысанда шығарылады, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" жабық акционерлiк қоғамындағы (бұдан әрi - Депозитарий) оларды ұстаушылардың "депо" шоттарында және мемлекеттiк бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қатысушылардың олардың инвесторлары жөнiндегi ашық "депо" шоттарына тиістi жазбалар жүргізу жолымен орналастырылады және айналымда болады.

             2. Шығару және орналастыру

      4. Әр шығарылымның Эмитент бекiткен шығару параметрлерiне орай қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы беретiн ұлттық бiрдейлендiрiлген нөмiрi болады.
      5. Облигациялардың бастапқы құны 100 АҚШ долларына тең.
      6. "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамы облигацияларды бастапқы орналастыруды жүзеге асыратын Қаржылық агент (бұдан әрi - Қаржылық агент) болады. Эмитент пен Қаржылық агенттiң арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен, осы Уақытша тәртiппен және Эмитент пен Қаржылық агенттiң арасында жасалатын облигацияларды бастапқы орналастыру, олардың айналымы және өтеу туралы келiсiммен реттеледi.
      7. Облигациялар инвесторлардың - жеке және заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидентi еместердiң арасында аукциондық әдiспен айқындалатын дисконтирлендiрiлген баға бойынша орналастырылады. Аукционға қатысушылардың өтiніштерiн қанағаттандыру Эмитенттің келiсiмiмен бәсекелi емес өтiнiштер ескерiле отырып эмиссияның жарияланған көлемiне қол жеткiзiлгенге дейiн облигация үшiн ең жоғары дисконтирлендiрiлген баға бойынша берiлген ұсыныстан басталады.
      8. Облигацияларды орналастыру жөнiндегі аукциондарды Эмитент белгiлеген кесте бойынша Қаржылық агент жүргізедi. Эмитент кезектi аукционды өткiзу күнiне дейiн жетi күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, өз кезегiнде бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушыларға облигациялардың аукционын өткiзу күнi мен шарттары туралы құлақтандыратын Қаржылық агентке облигациялардың аукционын өткiзудiң күнi мен шарттарын хабарлайды. Аукциондарды өткiзудiң тәртiбi "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының актiлерiмен реттеледi.
      9. Облигациялар эмиссиясының көлемiн Қазақстан Республикасы Yкiметінiң тиiстi қаулысымен бекiтiлген қарыз алу лимитiнiң шегінде Эмитент белгілейдi. Әр эмиссияның шартын, оның iшiнде бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының немесе инвестордың бiр аукционында облигациялар сатып алуының ең жоғарғы көлемiн, бәсекелі емес өтiнiштердi қанағаттандырудың процентiн әр шығарылым үшiн Эмитент айқындайды.
      Облигациялар бойынша сыйақының (мүдденің) ставкасы аукционға қатысуға өтiніштердiң жиынтық ведомосының негізiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсіледi.
      10. Облигациялар сатып алуға ақы төлеудi бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар әр эмиссияның шарттары жариялануы жағдайында ақы төлеу күнінiң алдындағы күнгі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы бойынша Эмитент белгiлеген төлем күнi сағат 11.00-ге (Алматы уақытымен) дейiн теңгемен жүргізедi.
      11. Резидент еместердiң облигацияларды сатып алуының көлемiн эмиссияның шарттарын жариялаудың алдында, Эмитент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiседi.

                     3. Облигациялардың айналымы

      12. Облигациялардың айналымы бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар Қаржылық агенттен облигацияларды сатып алғаны үшiн Эмитенттiң шотына ақшаның түскенi туралы құлақтандыру алған сәтiнен басталады және олар өтелгенге дейiн бес жұмыс күнi қалғанда тоқтатыла тұрады.
      13. Заңды және жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi облигацияларды ұстаушылар бола алады. Бұл ретте облигациялардың аукционына тек бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар ғана тiкелей қатысады. Бағалы қағаздар рыногына қалған қатысушылар (инвесторлар) бастапқы орналастыру аукциондарына тек бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар арқылы ғана қатысады.
      14. Облигациялармен бағалы қағаздардың қайталама рыногындағы барлық операциялар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      15. Қазынашылық мiндеттемелерге арналған меншiк құқықтарының есебi мен ауысуы облигацияларды ұстаушылардың жазбаша тапсырмасының және/немесе электрондық тапсырмасының негізiнде сатушы мен сатып алушының "депо" шотына тиiстi жазбалар енгiзу жолымен Депозитарий арқылы жүзеге асырылады.

                      4. Облигацияларды өтеу

      16. Сыйақыны (мүдденi) есептеу осы Тәртiптiң 7-тармағына сәйкес аукционда айқындалатын сыйақының (мүдденiң) ставкасы бойынша инвесторлар бастапқы орналастыру бойынша аукциондарда сатып алынған облигацияларға ақы төлеген күннен кейiнгі күннен басталады, өтеу күнiн қоса алғанда, айналымның кезеңi бойы жүргiзiледi.
      17. Эмитент облигацияларды өтеудi бастапқы құны бойынша, тиiсiнше, инвесторлар бастапқы орналастыру бойынша аукциондарда сатып алынған облигацияларға ақы төлеген күннен кейiнгi күннен бастап жүз сексен екiншi, екi жүз жетпiс үшiншi немесе үш жүз алпыс төртiншi күнтiзбелiк күнде жүргiзедi.
      18. Депозитарий облигацияларды өтеу күнiне дейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей Эмитентке Депозитарийдiң деректерiнiң негізiнде қалыптастырылған және олар бойынша өтем жүргізiлуi тиiс, облигациялардың саны мен әрбiр бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы бойынша төлемдердiң сомалары туралы мәлiметті қамтитын жиынтық ведомост жолдайды.
      19. Облигацияның бастапқы құнын өтеудi, өз кезегінде ведомосқа сәйкес бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының шоттарына ақша аударуды жүзеге асыратын, Депозитарийдiң шотына ақша аудару жолымен Алматы қаласы жергiлiктi бюджетiнiң қаражаты есебiнен Эмитент жүзеге асырады.
      20. Эмитент облигациялардың бастапқы құнын өтеудi өтем күнiнiң

алдындағы күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы 
бойынша теңгемен жүргiзедi.
     21. Эмитент облигацияларды өтегеннен кейiн 5 күннiң iшiнде 
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Депозитарийдiң 
облигациялардың өтелгендiгi туралы мәлiметiнiң көшiрмесi мен жүргiзiлген 
өтемдi растайтын құжаттардың көшiрмесiн ұсынады.
     22. Облигациялармен операциялар бойынша салық салудың тәртiбi 
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен айқындалады.
     
     
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Қасымбеков Б.А.      
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады