Ескерту: Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 2001.07.11. N 1/72 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Этил спирті мен ішімдік өнімдерін өндіру және айналымын Мемлекеттік реттеу туралы" Заңның 15 бабын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласының Әкімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылғы 12 шілдедегі N 623 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
- 1 Тармақ мына мазмұнмен толықтырылсын "ішімдік өнімдері бөлшек саудасы";
- N 1 Қосымша мына мазмұндағы 8 тармақпен толықтырылсын: "8. Аудан әкімі аппараты жанындағы сарапшы комиссия ішімдік өнімдерінің бөлшек саудасы жөніндегі қызметін қорытындылайды".
Алматы қаласының Әкімі В.Храпунов