Алматы қаласында автономдық жылу жүйесін қондыру тәртібі туралы

Алматы қаласы Әкімінің шешімі 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 1236 Алматы қалалық Әділет басқармасымен 2000 жылғы 22 ақпанда N 102 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 2006 жылғы 7 наурыздағы N 33 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті және өкілетті органдары туралы"  Z934100_  , "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы"  Z933200_  , "Энергия үнемдеу туралы"  Z970210_  заңдарына сәйкес Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, осы ретте автономдық жылу жүйесін өз бетімен қондыруға жол бермеуді бақылауды жүзеге асыру жолында Алматы қаласының Әкімі 
                       ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 
      1. Қаланың орталық және оңтүстік бөліктерінде автономдық жылу көздерін қондыруға тыйым салынсын. Сондай-ақ жылу жүйесі бар жерлерде орталық жылу жүйесін автономдық жылу жүйесіне ауыстыруға рұқсат берілмесін. 
      2. Қаланың оңтүстік аудандарында және басқаларында орталық жылу жүйесі болмаса да, автономдық жылу көздерін қалалық қызметтердің рұқсатымен орнатылсын: Сәулет және қала құрылысы департаменті, Энерго үнемдеу департаменті, Қоршаған ортаны қорғау басқармасы. 
      3. Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы департаменті автономдық жылу жүйесін қондыруды есепке және бақылауға алсын. 
      4. Автономдық жылу жүйесін орнатуды заңды және жеке тұлғалардың өтініші бойынша Алматы қаласы Әкімінің шешіміне сәйкес жүргізілсін. 
      5. Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы департаментіне мыналар жүктелсін: 
      - автономдық жылу жүйесін қондыруды есепке алу және тіркеу; 
      - автономдық жылу жүйесін қондыру жөнінде "Тапсырыс берушінің" жоба құжатын келістіруді бақылауға алсын. 
      6. Қоршаған ортаны қорғау басқармасы ауаға артық заттардың шығуына жол бермеуді тұрақты бақылауға алуда жүзеге асырсын. 
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары М.Т.Дұлқайыровқа жүктелсін. 

 
      Алматы қаласының Әкімі 

О порядке установки автономных систем отопления в г.Алматы

Решение Акима города Алматы от 22 декабря 1999 года N 1236. Зарегистрировано управлением юстиции города Алматы 22.02.2000 г. за N 102. Утратило силу решением Акима города Алматы от 7 марта 2006 года N 33

      В соответствии с Законами Республики Казахстан " О местных  представительных и исполнительных органах Республики Казахстан", " Об архитектуре  и градостроительстве в Республике Казахстан", " Об энергосбережении ", с целью недопущения ухудшения экологического состояния города Алматы, осуществления контроля и недопущения самостоятельной установки автономных систем отопления, Аким 
                          РЕШИЛ: 
      1. Запретить строительство автономных источников теплоснабжения в центральной и южной частях города, а также перевод систем отопления объектов с централизованного на автономное, расположенных в зоне теплофикации. 
      2. В южных районах города и других, не охваченных централизованным теплоснабжением, установка автономных источников тепла осуществляется только по разрешению городских служб: Департамента архитектуры и градостроительства, Департамента энергосбережения, Управления охраны окружающей среды. 
      3. Департаменту архитектуры и градостроительства г. Алматы обеспечить контроль и учет в установке автономных систем отопления. 
      4. Установку автономных систем теплоснабжения осуществлять в соответствии с решением Акима г. Алматы, по заявлению юридических и физических лиц.
     5. Возложить на Департамент архитектуры и градостроительства г. Алматы:
     - учет и регистрацию заявок на установку автономных систем отопления;
     - осуществление контроля за согласованиями проектной документации "Заказчика" по установке автономных систем отопления.
     6. Управлению охраны окружающей среды осуществлять систематический контроль за соблюдением нормативов предельно допустимых выбросов вредных веществ в атмосферу.
     7. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима г. Алматы Дулкаирова М.Т.

 

 

      Аким г. Алматы