Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті және өкілетті органдары туралы"
Z934100_
, "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы"
Z933200_
, "Энергия үнемдеу туралы"
Z970210_
заңдарына сәйкес Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, осы ретте автономдық жылу жүйесін өз бетімен қондыруға жол бермеуді бақылауды жүзеге асыру жолында Алматы қаласының Әкімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаланың орталық және оңтүстік бөліктерінде автономдық жылу көздерін қондыруға тыйым салынсын. Сондай-ақ жылу жүйесі бар жерлерде орталық жылу жүйесін автономдық жылу жүйесіне ауыстыруға рұқсат берілмесін.
2. Қаланың оңтүстік аудандарында және басқаларында орталық жылу жүйесі болмаса да, автономдық жылу көздерін қалалық қызметтердің рұқсатымен орнатылсын: Сәулет және қала құрылысы департаменті, Энерго үнемдеу департаменті, Қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
3. Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы департаменті автономдық жылу жүйесін қондыруды есепке және бақылауға алсын.
4. Автономдық жылу жүйесін орнатуды заңды және жеке тұлғалардың өтініші бойынша Алматы қаласы Әкімінің шешіміне сәйкес жүргізілсін.
5. Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы департаментіне мыналар жүктелсін:
- автономдық жылу жүйесін қондыруды есепке алу және тіркеу;
- автономдық жылу жүйесін қондыру жөнінде "Тапсырыс берушінің" жоба құжатын келістіруді бақылауға алсын.
6. Қоршаған ортаны қорғау басқармасы ауаға артық заттардың шығуына жол бермеуді тұрақты бақылауға алуда жүзеге асырсын.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары М.Т.Дұлқайыровқа жүктелсін.
Алматы қаласында автономдық жылу жүйесін қондыру тәртібі туралы
Күшін жойғанАлматы қаласы Әкімінің шешімі 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 1236 Алматы қалалық Әділет басқармасымен 2000 жылғы 22 ақпанда N 102 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 2006 жылғы 7 наурыздағы N 33 шешімімен
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз