Женевада 1973 жылғы 26 маусымда Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 58-сессиясы қабылдаған Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас туралы конвенция (138-конвенция) бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Жұмысқа қабылдау үшiн ең төменгi жас туралы
(2002 жылғы 18 мамырда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)
Женевада Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшiлiк Кеңесi шақырған және
1973 жылғы 6 маусымда өзiнiң елу сегiзiншi сессиясына жиналған,
Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас Конференциясы
сессияның күн тәртiбiнiң төртiншi тармағы болып табылатын жұмысқа қабылдау үшiн ең төменгi жас туралы бiр қатар ұсыныстар қабылдауға қаулы ете отырып,
Өнеркәсiптегi ең төменгi жас туралы 1919 жылғы конвенция, Теңiзде жұмыс iстеу үшiн ең төменгi жас туралы 1920 жылғы конвенция, ауыл шаруашылығындағы ең төменгi жас туралы 1921 жылғы Конвенция, Флоттағы көмiр тиеушiлер мен от жағушылар үшiн ең төменгi жас туралы 1921 жылғы конвенция, Өнеркәсiптiк емес жұмыстарға ең төменгi жас туралы 1932 жылғы конвенция, Теңiзде жұмыс iстеу үшiн ең төменгi жас туралы 1936 жылғы Конвенция (қайта қаралған), Өнеркәсіптегi ең төменгі жас туралы 1937 жылғы конвенция (қайта қаралған), Өнеркәсiптiк емес жұмыстарға ең төменгi жас туралы 1937 жылғы конвенция (қайта қаралған), Балықшылардың ең төменгi жасы туралы 1959 жылғы конвенция және Жерасты жұмыстарына жiберiлетiн ең төменгi жас туралы 1965 жылғы конвенция ережелерiн назарға ала отырып,
осы мәселе бойынша бала еңбегiн толық жою мақсатымен шектелген экономикалық секторларға қолданылатын қазiргi актiлердi бiртiндеп ауыстыра алатын жалпы актiнi әзiрлеу уақыты келдi деп есептей отырып,
осы ұсыныстарға халықаралық конвенция нысанын берудi шеше отырып,
бiр мың тоғыз жүз жетпiс үшiншi жылғы маусым айының жиырма алтыншы күнi Ең төменгi жас туралы 1973 жылғы конвенция болып аталатын төмендегi Конвенцияны қабылдады:
1-бап
Осы Конвенцияны күшiнде деп танитын Ұйымның әрбiр Мүшесi бала еңбегiн тиiмдi жоюды және жеткiншектердiң дене және ақыл-ой сезiмiнiң толық дамуына сәйкес дәрежеге дейiн жұмысқа қабылданатын ең төменгi жасты бiртiндеп көтерудi қамтамасыз ету мақсатымен ұлттық саясатты iске асыруды мiндеттенедi.
2-бап
1. Осы Конвенцияны бекiтетiн Ұйымның әрбiр Мүшесi, бекiту туралы құжатқа қоса берiлетiн өтiнiшiнде, өз аумағы шегiнде және өзiнiң аумағында тiркелген көлiк құралдарында жұмысқа қабылдау үшiн ең төменгi жасты көрсетедi; осы Конвенцияның 4-8 баптарының ережелерiн сақтау шарты бойынша осы жасқа жетпеген бiрде-бiр жеткiншек жалдамалы жұмысқа немесе кез-келген кәсiп бойынша басқа да жұмысқа жiберiлмейдi.
2. Осы Конвенцияны бекiткен Ұйымның әрбiр Мүшесi, кейiннен, қосымша өтiнiштер арқылы ең төменгi жасты бұрынғы белгiленген жастан жоғарырақ етiп белгілейтiнi туралы Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорын хабардар ете алады.
3. Осы баптың 1-тармағы негiзiнде белгiленетiн ең төменгi жас мiндеттi орта бiлiмдi аяқтайтын жастан төмен болмауы тиiс және қандай жағдайда болса да он бес жастан төмен болмауы керек.
4. Осы баптың 3-параграфының ережелерiне қарамастан, экономикасы мен бiлiм жүйесi жеткiлiктi дамымаған Ұйым Мүшесi кәсiпкерлердiң және еңбекшiлердiң мүдделi ұйымдарымен, ондайлар бар болса, кеңескеннен кейiн он төрт жасты ең төменгi деп бастапқыда бекiте алады.
5. Алдағы тармақтың ережелерiне сәйкес он төрт жасты ең төменгi деп белгiлеген Ұйымның әрбiр Мүшесi Халықаралық Еңбек Ұйымы Жарғысының 22-бабына сәйкес осы Конвенцияны орындау туралы өзiнiң есеп беруiне:
а) осындай шешiмдi қабылдауға мәжбүр еткен себептер өзгермедi деп; немесе
б) белгiлi бiр күннен бастап өзiнiң төмендегi ережелермен пайдалану құқығынан бас тартатыны туралы өтiнiш енгiзедi.
3-бап
1. Жал бойынша жұмыстың немесе өзiнiң сипаты бойынша немесе оны жүзеге асыратын мән-жайлардың күшiне қарай жеткiншектiң денсаулығына, қауiпсiздiгiне немесе адамгершiлiгіне зиян келтiре алатын басқа жұмыстың кез-келген түрiне қабылдау үшiн ең төменгi жас он сегiз жастан төмен болмауы тиiс.
2. Осы баптың 1-тармағы қолданылатын жал бойынша жұмыстың немесе басқа жұмыстың түрлерiн ұлттық заңдар немесе ережелер, немесе кәсiпкерлердiң және еңбекшiлердiң тиiстi ұйымдарымен, ондайлар бар болса, кеңескеннен кейiн құзыреттi өкiмет органдары белгiлейдi.
3. Осы баптың 1-тармағына қарамастан, ұлттық заңнамалар немесе ережелер, немесе құзыреттi өкiмет органдары кәсiпкерлердiң және еңбекшiлердiң мүдделi ұйымдарымен, ондайлар бар болса, кеңескеннен кейiн, он алтыдан жас емес адамдарға жал бойынша жұмысты немесе жұмыстың басқа да түрiн, осы жеткiншектердiң денсаулығы, қауiпсiздiгi және адамгершiлiгi толық қорғалған және осы жеткiншектер тиiстi қызмет саласы бойынша жеткiлiктi арнайы бiлiм алған, не кәсiби даярлаудан өткен жағдайда рұқсат ете алады.
4-бап
1. Құзыреттi өкiмет органы қажеттiлiгiне қарай кәсiпкерлердiң және еңбекшiлердiң тиiстi ұйымдарымен, ондайлар бар болса, кеңескеннен кейiн осы Конвенцияны қолдану аясынан, жал бойынша жұмыстың не басқа да жұмыстың, қолданылуына байланысты соларға қатысты ерекше және елеулi мәселелер пайда болатын, шектелген санаттарын алып тастауы мүмкiн.
2. Осы Конвенцияны бекiтетiн Ұйымның әр Мүшесi Халықаралық Еңбек Ұйымы Жарғысының 22-бабына сәйкес берiлетiн Конвенцияны қолдану туралы өзiнiң бiрiншi баяндамасында осы баптың 1-тармағына сәйкес алынып тасталуы мүмкiн барлық санаттарды, ондай алынып тастаудың себептерiн көрсете отырып, тізiп айтып бередi және келесi баяндамаларда өз заңнамаларының ережесi және осындай алынып тасталған санаттарға байланысты практикасы туралы және осындай санаттарға қатысты Конвенция ережелерi қандай дәрежеде қолданылып немесе қолданылуы көзделiп жатқаны туралы хабарлайды.
3. Осы Конвенцияның 3-бабымен қамтылатын жал бойынша жұмыс немесе басқа да жұмыс осы баптың күшiне қарай Конвенцияның қолдану аясынан алынып тасталмайды.
5-бап
1. Экономикасы мен әкiмшiлiк аппараты жеткiлiктi дамымаған Ұйым Мүшесi кәсiпкерлердiң және еңбекшiлердiң тиiстi ұйымдарымен, ондайлар бар болса, кеңескеннен кейiн бастапқыда осы Конвенцияның қолдану аясын шектеуi мүмкiн.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерiн қолданатын Ұйымның әрбiр Мүшесi бекiту туралы құжатқа қоса берiлетiн өтiнiште осы Конвенция ережелерiн қолданатын экономика қызметiнiң салаларын және кәсiпорын түрлерiн атап көрсетедi.
3. Конвенция ережелерi жоқ дегенде: өңдеу өнеркәсiбiнiң шахтадағы және карьердегi; құрылыстағы; электрмен, газбен және сумен қамтамасыз ету қызметтерiндегi; санитарлық-техникалық қызметiндегi; көлiктердегі, қоймалардағы және байланыс қызметтерiндегi; сондай-ақ негiзiнен коммерциялық мақсаттарға өнiм өндiретiн плантацияларда және ауыл шаруашылық кәсiпорындарындағы жұмыстарға, бiрақ жергiлiктi тұтыну өнiмдерiн өндiретiн және жалдамалы еңбекшiлердi тұрақты пайдаланбайтын отбасылық және шағын шаруашылықтарды қоспағанда қолданылады.
4. Осы Конвенцияның қолдану аясын шектеген Ұйымның әрбiр Мүшесi аталмыш баптың ережелерiне сәйкес:
а) Халықаралық Еңбек Ұйымы Жарғысының 22-бабына сәйкес берiлетiн өзiнiң баяндамаларында жеткiншектердiң және балалардың осы Конвенцияның қолданылу аясынан алынып тасталған қызмет салаларындағы жал бойынша жұмыстарға не басқа да жұмыстарға алынуына қатысты жалпы ережелер туралы және осы Конвенцияның ережелерiн кеңiрек қолдану жолында жүзеге асырылған қандай да болмасын прогресс жөнiнде хабарлайды;
б) кез-келген, уақытта Конвенцияның қолдану аясын Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жiберiлген өтiнiшi арқылы ресми түрде кеңейте алады.
6-бап
Осы Конвенция жалпы, кәсiби немесе техникалық бiлiм беру мектептерiнде немесе басқа бiлiм беру орындарында балалар және жеткiншектер атқаратын жұмыстарға, немесе кемiнде он төрт жастағы азаматтар кәсiпорындарда атқаратын жұмыстарға, егер сондай жұмыс құзыреттi өкiмет органдары кәсiпкерлердiң және еңбекшiлердiң тиiстi ұйымдарымен кеңескеннен кейiн, ондайлар бар болса, белгiлеген шарттарына сәйкес орындалатын болса, қолданылмайды, және мыналардың ажырамас бөлiгi болып табылады:
а) негiзгi жауапкершiлiгiн мектеп немесе кәсiби даярлау мекемесi көтеретiн бiлiм беру немесе даярлау курсының;
б) құзыреттi өкiмет органдарымен мақұлданған негiзiнен не толығынан кәсiпорындарда жүзеге асырылатын кәсiби даярлау бағдарламаның;
с) кәсiптi таңдауға немесе кәсiби даярлау түрiн жеңiлдетуге бағытталған кәсiби бағдар бағдарламасының.
7-бап
1. Ұлттық заңнамалармен немесе ережелермен жал бойынша жұмысқа немесе басқа жұмысқа он үш жастан он беске жасқа дейiнгi тұлғалар:
а) олардың денсаулығы немесе дамуына зиянды болып көрiнбейтiн; және
б) мектепке баруына, өкiметтiң құзыреттi органдары бекiткен кәсiби бағдарлау немесе даярлау бағдарламаларына немесе олардың алған бiлiмiн пайдалану қабiлеттерiне зиян келтiрмейтiн жеңiл жұмыстарға алынулары мүмкiн.
2. Ұлттық заңнамалармен немесе ережелермен жал бойынша жұмысқа немесе басқа жұмысқа кемiнде он бес жастағы, бiрақ міндеттi мектеп бiлiмiн әлi алып болмаған тұлғалар осы баптың 1-тармағының а) және б) тармақшаларының талаптарын орындаған жағдайда жiберiлуi мүмкiн.
3. Құзыреттi өкiмет органы жал бойынша жұмысқа немесе басқа жұмысқа осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес қабылдауға болатын қызмет салаларын айқындайды және жұмыс күнiнiң ұзақтығы мен осындай жал бойынша жұмыс немесе басқа жұмыс орындауға мүмкiндiк беретiн жағдайларды белгiлейдi.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына қарамастан, 2-баптың 4-тармағының ережелерiн қолданатын Ұйымның Мүшесi өзiне қажеттi мерзiмге 1-тармақтағы он екi және он төрт жасты он үш және он бес жасқа, ал осы баптың 2-тармағындағы - он төрт жасты он бес жасқа ауыстыруына болады.
8-бап
1. Құзыреттi өкiмет органы кәсiпкерлердiң және еңбекшiлердiң тиiстi ұйымдарымен кеңескеннен кейiн, ондайлар бар болса, рұқсат қағазын беру арқылы осы Конвенцияның 2-бабында көзделген жал бойынша жұмысқа немесе басқа жұмысқа қабылдауға тыйым салынғаннан ерекше жеке жағдайларда, өнер көрсету сияқты мақсаттарға рұқсат ете алады.
2. Осылайша берiлген рұқсат қағаздары жұмыс күнiнiң ұзақтығын шектейдi және жал бойынша жұмысты немесе басқа жұмысты орындауға мүмкiндiк беретiн шарттарды белгiлейдi.
9-бап
1. Құзыреттi өкiмет органдары барлық қажеттi шараларды, соның iшiнде осы Конвенцияның ережелерiн тиiмдi жүзеге асуын қамтамасыз ету үшiн тиiстi жазалау шараларын қабылдайды.
2. Ұлттық заңнамалар немесе ережелер, немесе құзыреттi өкiмет органдары Конвенцияның орындалуын қамтамасыз ететiн ережелердi сақтау үшiн жауапты адамдарды белгiлейдi.
3. Ұлттық заңнамалар немесе ережелер немесе құзыреттi өкiмет органдары кәсiпкер жүргiзуге және беруге тиiстi тiзiлiмдердi не басқа құжаттарды белгiлейдi; ондай тiзiлiмдер немесе құжаттар кәсiпкер жалдаған немесе соған жұмыс iстейтiн жасы он сегiзден төмен адамдардың, мүмкiн болса лайықты түрде куәландырылған, тегiн және жасын немесе туу күнiн көрсетедi.
10-бап
1. Осы бапта көзделген шарттар бойынша осы Конвенция Өнеркәсiптегi ең төменгi жас туралы 1919 жылғы конвенцияны, Теңiздегi жұмыстар үшiн ең төменгi жас туралы 1920 жылғы конвенцияны, Ауыл шаруашылығындағы ең төменгi жас туралы 1921 жылғы конвенцияны, Флоттағы көмiр тиеушiлер және кочегарлар үшiн ең төменгi жас туралы 1921 жылғы конвенцияны, Өнеркәсiптiк емес жұмыстардағы ең төменгi жас туралы 1932 жылғы конвенцияны, Теңiздегi жұмыстар үшiн ең төменгi жас туралы 1936 жылғы конвенцияны (қайта қаралған), Өнеркәсiптегi ең төменгi жас туралы 1937 жылғы конвенцияны (қайта қаралған), Өнеркәсiптiк емес жұмыстарға ең төменгi жас туралы 1937 жылғы конвенцияны (қайта қаралған), Балықшылардың ең төменгi жасы туралы 1959 жылғы конвенцияны және Жерасты жұмыстарына рұқсат етiлетiн ең төменгi жас туралы 1965 жылғы конвенцияны қайта қарайды.
2. Осы Конвенцияның күшiне енуi Жерасты жұмыстарына рұқсат етiлетiн ең төменгi жас туралы 1965 жылғы Конвенцияны бекiту үшiн жабылып қалуына соқтырмайды.
3. Өнеркәсiптегi ең төменгi жас туралы 1919 жылғы конвенция, Теңiздегi жұмыстар үшiн ең төменгi жас туралы 1920 жылғы конвенция, Ауыл шаруашылығындағы ең төменгi жас туралы 1921 жылғы конвенция және Флоттағы көмiр тиеушiлер және кочегарлар үшiн ең төменгi жас туралы 1921 жылғы конвенция, егер осы Конвенциялардың тараптары осы Конвенцияны бекiтiп не сол туралы Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына өтiнiш жасап осымен келiскенде, әрi қарай бекiтiлу үшiн жабылады.
4. Осы Конвенцияның мiндеттерi мынадай жағдайларда қабылданады:
а) Өнеркәсiптегi ең төменгi жас туралы 1937 жылғы (қайта қаралған) конвенцияның тарапы болып табылатын Ұйым Мүшесiмен; және осы Конвенцияның 2-бабына сәйкес он бестен төмен емес ең төменгi жас белгiленсе, онысы Өнеркәсiптегi ең төменгi жас туралы 1937 жылғы конвенция күшiнiң өз-өзiнен дереу жойылуына әкеп соқтырады;
б) осы Конвенцияның тарапы болып табылатын Ұйым Мүшесiмен Өнеркәсiптiк емес жұмыстардағы ең төменгi жас туралы 1932 жылғы конвенцияда белгiленген өнеркәсiптiк емес жұмыстарға қатысты болғанда, онысы Өнеркәсiптiк емес жұмыстардағы ең төменгi жас туралы 1932 жылғы конвенция күшiнiң өз-өзiнен дереу жойылуына әкеп соқтырады;
с) Өнеркәсiптiк емес жұмыстардағы ең төменгi жас туралы (қайта қаралған) 1937 жылғы конвенцияда белгiленген өнеркәсiптiк емес жұмыстарға қатысты болғанда осы Конвенцияның тарапы болып табылатын Ұйым Мүшесiмен және егер осы Конвенцияның 2-бабына сәйкес он бестен төмен емес жас белгiленгенде, онысы Өнеркәсiптiк емес ең төменгi жас туралы (қайта қаралған) 1937 жылғы конвенция күшiнiң өз-өзiнен дереу жойылуына әкеп соқтырады;
d) Теңiздегi жұмыстардағы ең төменгi жас туралы 1936 жылғы конвенцияның тарапы болып табылатын Ұйым Мүшесiмен теңiздегi жұмыстарға қатысты және егер осы Конвенцияның 2-бабына сәйкес ең төменгi жас он бестен төмен болмай белгiленсе немесе Ұйым Мүшесi осы Конвенцияның 3-бабы теңiздегi жұмыстарға қатысты қолданылатынын нақтылайтын болса, онысы Теңiздегi жұмыстар үшiн ең төменгi жас туралы (қайта қаралған) 1936 жылғы конвенция күшiнiң өз-өзiнен дереу жойылуына әкеп соқтырады;
е) Теңiздегi балық аулау кәсiбiне қатысты балықшылардың ең төменгi жасы туралы (қайта қаралған) 1959 жылғы конвенцияның тарапы болып табылатын Ұйым Мүшесiмен, және де осы Конвенцияның 2-бабына сәйкес он бестен төмен болмай ең төменгi жас белгiленсе не Ұйым Мүшесi осы Конвенцияның 3-бабы теңiзде балық аулау кәсiбiне қатысты қолданылатынын нақтылайтын болса, онысы Балықшылардың ең төменгi жасы туралы 1959 жылғы конвенция күшiнiң өз-өзiнен дереу жойылуына әкеп соқтырады;
f) Жер асты жұмыстарына рұқсат етiлетiн ең төменгi жас туралы конвенцияның тарапы болып табылатын Ұйым Мүшесiмен, және де осы Конвенцияның 2-бабына сәйкес жоғары аталған 1965 жылғы Конвенцияға сәйкес белгiленген ең төменгi жастан төмен болмай ең төменгi жас белгiленсе, не Ұйым Мүшесi осы Конвенцияның күшiне қарай шахтадағы жерасты жұмыстарына рұқсат етiлу бойынша қолданылатынын нақтылайтын болса, онысы Жерасты жұмыстарына рұқсат етiлетiн ең төменгi жас туралы 1965 жылғы конвенция күшiнiң өз-өзiнен дереу жойылуына әкеп соқтырады.
5. Осы Конвенцияның қабылдануы, егер осы Конвенция күшiне енсе және енген кезде:
а) осы Конвенцияның 12-бабына сәйкес 1919 жылғы өнеркәсiптегi ең төменгi жас туралы Конвенцияның күшiн жоюға соқтырады;
б) ауыл шаруашылыққа қатысты осы Конвенцияның 9-бабына сәйкес 1921 жылғы ауыл шаруашылықтағы ең төменгi жас туралы Конвенцияның күшiн жоюға соқтырады;
с) теңiздегi жұмыстарға қатысты осы Конвенцияның 10-бабына сәйкес 1920 жылғы теңiздегi жұмыстар үшiн ең төменгi жас туралы Конвенция күшiнiң жойылуына және осы Конвенцияның 12-бабына сәйкес флоттағы көмiр тиеушiлердiң және кочегарлардың ең төменгi жасы туралы Конвенцияның күшiн жоюға соқтырады.
11-бап
Осы Конвенцияны бекiту туралы ресми құжаттар тiркеу үшiн Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жiберiледi.
12-бап
1. Осы Конвенция бекiту туралы құжаттарын Бас Директор тiркеген Халықаралық Еңбек Ұйымының Мүшелерiн ғана байланыстырады.
2. Ол Ұйымның екi Мүшесiнiң бекiту туралы құжаттарын Бас Директор тiркегеннен кейiн он екi ай өткен соң күшiне енедi.
3. Соңынан бұл Конвенция Ұйымның әрбiр Мүшесiне қатысты өзiнiң бекiту туралы құжатын тiркелген күннен кейiн оң екi ай өткен соң күшiне енедi.
13-бап
1. Ұйымның осы Конвенцияны бекiтушi кез келген Мүшесi ол алғаш күшiне енгiзiлген сәтiнен он жыл мерзiм өткен соң оны Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жiберiлген және онда тiркелген күшiн жою туралы актi арқылы күшiн жоя алады. Күшiн жою осы күшiн жою туралы актiнi тiркелгеннен кейiн бiр жылдан соң күшiне енедi.
2. Ұйымның осы Конвенцияны бекiтушi кез келген Мүшесi жоғары тармақта айтылған он жыл кезең өткеннен кейiн бiр жыл мерзiм iшiнде күшiн жою туралы осы бапта көзделген өзiнiң құқығын пайдаланбаса, келесi он жыл мерзiмде байланысты болады және соңынан әрбiр он жылдық бiткен сайын осы Конвенцияның күшiн осы бапта белгiленген тәртiппен жоя алады.
14-бап
1. Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директоры Халықаралық Еңбек Ұйымының барлық Мүшелерiне бекiту туралы барлық құжаттардың және Ұйым Мүшелерiнен өзi алған күшiн жою туралы актiлердiң тiркелгенi туралы хабарлайды.
2. Бас Директор бекiту туралы өзi алған екiншi құжаттың тiркелгенi туралы Ұйым Мүшесiне хабарлай отырып, олардың назарын осы Конвенцияның күшiне енген күнiне аударады.
15-бап
Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директоры бекiту туралы барлық құжаттарға және алдыңғы баптардың ережелерiне сәйкес өзi тiркеген күшiн жою туралы актiлерге қатысты толық мәлiметтердi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тiркеу үшiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жiбередi.
16-бап
Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшiлiк Кеңесi қажет деп тапқан әрбiр ретте Бас Конференцияға осы Конвенцияны қолдану туралы баяндаманы ұсынады және Конференцияның күн тәртiбiне оны толық не iшiнара қайта қарау туралы мәселенi енгiзу қажеттiгiн шешедi.
17-бап
1. Егер Конференция осы Конвенцияны толық не iшiнара қайта қарайтын жаңа конвенцияны қабылдаған жағдайда және жаңа конвенцияда керiсiнше көзделмеген болса, онда:
а) Ұйымның қайсыбiр Мүшесiнiң жаңа, қайта қараушы конвенцияны бекiтуi, жаңа қайта қараушы конвенция күшiне енгiзiлген жағдайда, 13-баптың ережелерiне қарамастан осы Конвенция күшiнiң жедел түрде өзiнен өзi жойылуына әкеп соқтырады;
б) жаңа, қайта қараушы конвенция күшiне енгiзiлген күннен бастап осы Конвенция оны Ұйым Мүшелерiнiң бекiтуi үшiн жабық болады.
2. Осы Конвенция оны бекiткен, бiрақ жаңа, қайта қараушы конвенцияны бекiтпеген Ұйым Мүшелерi үшiн нысаны мен мазмұны жағынан өз күшiнде қалады.
18-бап
Осы Конвенцияның ағылшынша және французша мәтiндерiнiң күшi бiрдей.