Женевада 1949 жылғы 1 шілдеде Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 32-сессиясы қабылдаған Ұжымдық келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу құқығы принциптерін қолдану туралы конвенция (98-конвенция) бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
98-КОНВЕНЦИЯ
"Ұжымдық келiссөздердi ұйымдастыруға және жүргiзуге
құқық қағидаттарын қолдану туралы" Конвенция
(2002 жылғы 18 мамырда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)
Женевада Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшiлiк Кеңесi шақырған және 1949 жылғы 8 маусымда өзiнiң отыз екiншi сессиясына жиналған,
Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас Конференциясы
сессияның күн тәртiбiнде төртiншi тармақ болып табылатын ұжымдық келiссөздердi ұйымдастыруға және жүргiзуге құқық қағидаттарын қолдану туралы бiрқатар ұсыныстарды қабылдау туралы қаулы ете отырып,
осы ұсыныстарға халықаралық конвенция нысанын беру керектiгiн шеше отырып,
осы бiр мың тоғыз жүз қырық тоғызыншы жылғы шiлде айының бiрiнде осы Конвенцияны қабылдады, оны ұжымдық келiссөздердi ұйымдастыруға және жүргiзуге құқық қағидаттарын қолдану туралы 1949 жылғы Конвенция деп атауға болады.
1-бап
1. Еңбекшiлер еңбек саласында бiрiгу еркiндiгiне қысым жасауға бағытталған кез келген кемсiтушiлiк әрекеттерiне қарсы тиiстi қорғауды пайдаланады.
2. Мұндай қорғау мақсаты:
а) еңбекшiлердi жұмысқа қабылдауды немесе олардың жұмысын сақтап қалуын кәсiподаққа кiрмеуiн немесе кәсiподақтан шығуын талап ететiн шартқа бағындыру;
b) еңбекшiлердiң кәсiподақ мүшесi болғандығын немесе кәсiподақ қызметiне жұмыстан тыс уақытта немесе кәсiпкердiң келiсiмiмен жұмыс уақытында қатысқандығын негiзге алып, оны жұмыстан шығару немесе басқа тәсiлмен оған зиян келтiру болып табылатын әрекеттерге қатысты қолданылады.
2-бап
1. Еңбекшілер мен кәсiпкерлер ұйымы ұйымдарды құру мен оның қызметiнде және оларды басқаруда бiрiнiң тарапынан немесе олардың агенттерi немесе мүшелерi тарапынан болатын кез келген араласу актiсiне қарсы тиiстi қорғауды пайдаланады.
2. Атап айтқанда, еңбекшiлер ұйымдарын кәсiпкерлер немесе кәсiпкерлер ұйымдарының үстемдiгiмен бекiтуге ықпал ету немесе еңбекшілер ұйымдарын кәсiпкерлердiң немесе кәсiпкерлер ұйымдарының бақылауына қою мақсатында оларды қаржыландыру жолымен немесе басқадай жолмен қолдауға ықпал ету мақсаты бар әрекеттер осы баптың мағынасында араласу болып қаралады.
3-бап
Алдыңғы баптарда белгiленгенiндей, ұйым құру құқығын сыйлауды қамтамасыз ету мақсатында қажет болған жерде елдiң талаптарына сай келетiн аппарат құрылады.
4-бап
Қажет болған жерлерде-ұжымдық шарт жасау арқылы еңбек жағдайларын реттеу мақсатында, бiр жағынан кәсiпкерлер немесе кәсiпкерлер ұйымдары, екiншi жағынан еңбекшiлер ұйымдары арасында ерiктi негiзде келiссөздер жүргiзу рәсiмiн толық дамыту мен пайдалануды көтермелеу және оған мүмкiндiк туғызу мақсатында елдiң талаптарына сай келетiн шаралар қолданылады.
5-бап
1. Осы Конвенцияда көзделген кепiлдiктердiң қарулы күштер мен полицияға қандай мөлшерде қолданылатыны елдiң заңдарында белгiленедi.
2. Халықаралық Еңбек Ұйымы Жарғысының 19-бабының 8-тармағында айтылған қағидаттарға сәйкес Ұйымның кез келген мүшесiнiң осы Конвенцияны бекітуi қарулы күштердiң жеке құрамына және полицияға осы Конвенцияда көзделген кез келген құқықты беретiн қолданылып жүрген заңдарға, сот шешiмдерiне, дәстүрлерге немесе келiсiмдерге қатысты деп қарастырылмайды.
6-бап
Осы Конвенция мемлекеттiк қызметшiлерге қолданылмайды және олардың құқықтары мен жағдайларына зиян келтiретiндей болып пайымдалмайды.
7-бап
Осы Конвенцияны бекiту туралы ресми құжаттар тiркеу үшiн Халықаралық Еңбек Бюросының Бас директорына жiберiледi.
8-бап
1. Бекiту туралы құжаттарын Бас директор тiркеген Халықаралық Еңбек Ұйымының Мүшелерi ғана осы Конвенция арқылы өзара байланыста болады.
2. Ол Ұйымның екi Мүшесiнiң бекiту туралы құжаттарын Бас директор тiркегеннен кейiн он екi ай өткен соң күшiне енедi.
3. Бұдан соң Ұйымның әрбiр Мүшесiнiң бекiту туралы құжаты тiркелген күннен кейiн он екi ай өткен соң осы Конвенция Ұйымның сол мүшесiне қатысты күшiне енедi.
9-бап
1. Халықаралық Еңбек Ұйымы Жарғысының 35-бабының 2-тармағының ережелерiне сәйкес Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жiберiлген өтiнiште:
а) Ұйымның мүдделi мүшесi осы Конвенцияның ережелерiн өзгерiссiз қолдануға мiндеттенетiн аумақтарға қатысты нұсқаулар;
b) осы Конвенцияның ережелерiн өзгерiстерiмен қоса қолдануға мiндеттенетiн аумақтарға қатысты нұсқаулар және осы өзгерiстердiң егжей-тегжейi;
с) Конвенция қолданылмайтын аумақтарға қатысты нұсқаулар және бұл жағдайда оның қолданылмау себептерi;
d) өзiнiң шешiмiн ереженi одан әрi қарағанға дейiн кейiнге қалдыратын аумақтарға қатысты нұсқаулар көрсетiледi.
2. Осы баптың 1-тармағының а) және b) тармақшаларында айтылған мiндеттемелер бекiту туралы құжаттың ажырамас бөлiгi болып саналады және нәтижесi онымен бiрдей болады.
3. Ұйымның кез келген Мүшесі жаңа өтiнiш арқылы өзiнiң бұдан бұрынғы өтiнiшiндегi ескертпелерiнiң бәрiнен немесе бiр бөлiгiнен осы баптың 1-тармағының b), с) және d) тармақшаларына орай бас тарта алады.
4. Ұйымның кез келген Мүшесi 11-баптың ережелерiне сәйкес осы Конвенция күшiн жоюы мүмкiн кезең ішiнде Бас Директорға мұның алдындағы кез келген өтiнiшiндегi жағдайларды өзгертетiн және белгiлi бiр аумақтардағы ахуал туралы хабарлайтын жаңа өтiнiш жолдай алады.
10-бап
1. Халықаралық Еңбек Ұйымы Жарғысының 35-бабының 4 және 5-тармақтарының ережелерiне сәйкес Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жiберiлетiн өтiнiштерде осы Конвенцияның ережелерi сол аумақта өзгерiстермен қоса немесе өзгерiстерсiз қолданылу-қолданылмауы көрсетiледi; егер өтiнiште осы Конвенцияның ережелерi өзгертiлген жағдайда қолданылады деп көрсетiлсе, онда осы өзгерiстердiң қандай өзгерiстер екендiгi нақтыланады.
2. Мүдделi Ұйымның Мүшесi немесе Мүшелерi немесе халықаралық билiк орындары кез келген уақытта жаңа өтiнiш арқылы алдыңғы өтiнiштердiң бiреуiнде айтылған өзгерiстердi пайдалану құқығынан толық немесе ішiнара бас тартуы мүмкiн.
3. Мүдделi Ұйымның Мүшесi немесе Мүшелерi немесе халықаралық билiк орындары 11-баптың ережелерiне сәйкес Конвенцияның күшi жойылуы мүмкiн кезеңдерде Бас Директорға мұның алдындағы кез келген өтiнiштiң шарттарын кез келген нәрсеге қатысты өзгертетiн және осы Конвенцияның қолданылуына қатысты ережелер туралы хабарлайтын жаңа өтiнiш жiберуi мүмкiн.
11-бап
1. Ұйымның осы Конвенцияны бекiтушi кез келген Мүшесi ол алғаш күшiне енгiзiлген кезден бастап он жыл мерзiм өткен соң Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жiберiлген және онда тiркелген күшiн жою туралы актi арқылы оның күшiн жоя алады. Күшiн жою осы туралы актiнi тiркегеннен кейiн бiр жылдан соң күшiне енедi.
2. Ұйымның осы Конвенцияны бекiткен кез келген Мүшесi алдыңғы тармақта айтылған он жыл кезең өткеннен кейiнгi бiр жыл мерзiм ішiнде күшiн жою туралы осы бапта көзделген өз құқығын пайдаланбаса, келесi он жыл мерзiмде онымен байланысын үзе алмайды және кейiннен әрбiр он жылдық кезең өткен соң бұл Конвенцияның күшiн осы бапта белгiленген тәртiппен жоя алады.
12-бап
1. Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директоры Ұйым Мүшелерiнен алған бекiту туралы құжаттарды, күшiн жою туралы өтiнiштер мен актiлердi тiркегенi туралы Халықаралық Еңбек Ұйымының барлық Мүшелерiне хабарлайды.
2. Бекiту туралы өзi алған екiншi құжаттың тiркелгенi туралы Ұйым мүшелерiне хабарлай отырып, Бас Директор олардың назарын осы Конвенцияның күшiне енген күнiне аударады.
13-бап
Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директоры Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тiркеу үшiн алдыңғы баптардың ережелерiне сәйкес өзi тiркеген бекiту туралы барлық құжаттарға, күшiн жою туралы өтiнiштер мен актiлерге қатысты толық мәлiметтердi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жiбередi.
14-бап
Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшiлiк Кеңесi қажет деп тапқан әрбiр ретте Бас Конференцияға осы Конвенцияны қолдану туралы баяндаманы ұсынады және Конференцияның күн тәртiбiне оны толық немесе iшiнара қайта қарау туралы мәселенi енгiзу қажеттiгiн шешедi*.
----------------------------------
* - Баптың бұл мәтiнi 1961 жылы қабылданды. 116-Конвенцияны қараңыз.
15-бап
1. Егер Конференция осы Конвенцияны толық немесе iшiнара қайта қарайтын жаңа конвенцияны қабылдаған жағдайда және жаңа конвенцияда керiсiнше көзделмеген болса, онда:
а) Ұйымның қайсыбiр Мүшесiнiң қайта қаралған жаңа конвенцияны бекiтуi, қайта қаралған жаңа конвенция күшiне енгiзiлген жағдайда,11-баптың ережелерiне қарамастан, осы Конвенция күшiнiң жедел түрде өзiнен өзi жойылуына әкеп соқтырады;
b) қайта қаралған жаңа конвенция күшiне енгiзiлген күннен бастап осы Конвенция оны Ұйым Мүшелерiнiң бекiтуi үшiн жабық болады.
2. Осы Конвенция оны бекiткен, бiрақ қайта қаралған жаңа конвенцияны бекiтпеген Ұйымның Мүшелерi үшiн нысаны мен мазмұны жағынан өз күшiнде қалады.
16-бап
Осы Конвенцияның ағылшынша және французша мәтiндерiнiң күшi бiрдей.