1) "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Z947000_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 447-құжат):
17-1-баптың үшiншi бөлiгi алып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi Z952368_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 13, N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 18, 367-құжат; 1997 ж., N 11, 144-құжат; N 12, 189-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 46-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 20, 717-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; N 10, 244-құжат; N 18, 338-құжат):
154-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Темір жол станциясындағы кеден органдары өз қызметін темір жол станциясымен келiсiлген жұмыс режимiмен жүзеге асырады.";
195-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша ерекше сақтау жағдайларын қажет ететiн (тез бүлiнетiн) тауарларға қатысты кедендiк декларация тапсырудың мерзiмi оларды Қазақстан Республикасының кеден органына табыс еткен күннен бастап үш күннен аспауға тиiс.";
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 U952707_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416, 920-құжаттар; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат):
11-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi алып тасталсын;
34-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
4) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Z980272_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат):
4-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметi;";
5) 1999 жылғы 1 шiлдедегi K990409_ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат):
699-бапта:
тақырыптағы "Жүк жөнелтушiнiң" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Жүк алушы ерекше сақталу жағдайларын қажет ететiн (тез бүлiнетiн) жүктi алу жөнiндегi мiндеттемелердi орындаудан жалтарған кезде, мұндай жүктi сақтау мүмкiн болмаған және оның бүлiнуiне әкеп соғуы ықтимал жағдайда жүк жөнелтушiнiң оған қалай иелiк ету керектiгi жөнiнде нұсқауы болмаса, тасымалдаушының жүктi сатуға құқығы бар.
Жүктi сатудан түскен сома тасымалдаушыға тиесiлi соманы шегергеннен кейiн нотариустың атына депозит шартымен салынады."; 6) "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Z990493_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1068-құжат): 26-баптың 9) тармақшасының екiншi абзацы "немесе өрт қауiпсiздiгi" деген сөздерден кейiн "не көлiктегi жүрiс қауiпсiздiгi" деген сөздермен толықтырылсын. Қазақстан Республикасының Президентi Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.