"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 76 Заңы

       1-бап.  "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 145-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:

      1) кiріспедегі "қаржы полициясының" деген сөздер "қаржы полициясы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бап "қаржы қызметi" деген сөздерден кейін ", сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 2-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) экономикалық қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау жолын кесу, ашу және тергеу;";

      4) 4-бап "жүйесiнiң" деген сөздің алдынан "органдары" деген сөзбен толықтырылсын;

      5) 2-тараудың тақырыбындағы "Қаржы полициясының" деген сөздер "Қаржы полициясы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 5-бапта:
      тақырыптағы "Қаржы полициясының" деген сөздер "Қаржы полициясы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:
      екiншi бөлiктегi "Қаржы полициясының" деген сөздер "Қаржы полициясы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1) тармақшаның екiншi абзацындағы "атқарушы" деген сөз "мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы ", астананың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздер "(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4 және 5-тармақтар "Қаржы полициясы" деген сөздерден кейiн "органдарының" деген сөзбен толықтырылсын;

      7) 6-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Уәкiлеттi орган экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөнiндегi басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық және рұқсат етушілік функцияларды жүзеге асырады.";

      2-тармақта:
      3) тармақшадағы "экономикалық және қаржылық қылмыстарға" деген сөздер "экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) тармақшадағы "экономикалық және қаржылық" деген сөздер "экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 7-баптың 3-тармағының 6) тармақшасында:
      "уәкiлеттi органының," деген сөздер алып тасталсын;

      "Үкiметi" деген сөз "Президентi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 8-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы "сыбайлас жемқорлық" деген сөздердiң алдынан "экономикалық, қаржылық және" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 10-баптың 4) тармақшасында және 11-баптың 1-тармағының 7) тармақшасында:
      "тiзбесiн" деген сөз "тiзбесi мен нормаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      осы баптардың тиiстi тармақшаларындағы "анықтайтын" және "белгiлейтiн" деген сөздер "айқындайтын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 13-бапта:
      1-тармақта "Үкiметi" деген сөз "Президентi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi өзiне азаматтар немесе лауазымды тұлғалар қылмыс немесе құқық бұзушылық туралы мәлімдеме немесе хабарлама жасаған не сондай жағдай тiкелей анықталған ретте, экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнiнде өзiне берілген құқықтарды толығымен пайдалануға және жақын маңайдағы қаржы полициясы органдарының бөлiмшесiне хабарлауға мiндеттi.";

      12) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бұл орайда қаржы полициясы органдарының оқу орындарына оқуға түскен адамдармен келiсiм-шарттар жасалады, оларда оқу орнын бiтiргеннен кейiн қаржы полициясы органдарында одан әрi қызмет өткерудiң шарттары мен мерзiмдерi көзделедi.";

      13) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:

      "16-1-бап. Қызмет өткеруден бас тартуға байланысты
                 шығындарды өтеу

      1. Қаржы полициясы органдары оқу орындарының күндiзгі бөлiмдерiн бiтiрген қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қаржы полициясы органдарында кем дегенде бес жыл жұмыс iстеуге мiндеттi.
      Қаржы полициясы органдарының қызметкерi қаржы полициясы органдарының оқу орнын бiтiргеннен кейiн қаржы полициясы органдарында одан әрi қызмет өткеруден бас тартқан не келiсiм-шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, ол өзiн оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүліктік ризыққа жұмсалған бюджет қаражаттарын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға жататын сома келiсiм-шарттың мерзiмi аяқталғанға дейiн әрбiр толық өткерiлмеген айға барабар есептеледi.
      2. Әскерге шақыру жасына толған және үлгермеуi, тәртiпсiздiгі бойынша, сондай-ақ өз қалауы бойынша оқудан шығарылған қаржы полициясы органдарының оқу орындары күндiзгi бөлiмдерiнiң курсанттары (тыңдаушылары), егер олар оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген болса, арнайы есептен шығару үшiн тұрғылықты жерiндегi әскери басқару органдарына жiберіледi. Олар өздерiн оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүлiктiк ризыққа жұмсалған бюджет қаражаттарын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға жататын сома оқу орнында болудың әрбiр толық айына барабар есептеледi.";

      14) 18-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Қаржы полициясы органдары оқу орындарының курсанттарына (тыңдаушыларына) медициналық қызмет көрсету iшкi iстер органдарының тиiстi медициналық мекемелерiнде жүргiзiледi.".

       2-бап.  Осы Заң, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы Заңның 1-бабының 14) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "Об органах финансовой полиции Республики Казахстан"

Закон Республики Казахстан от 8 июля 2005 года N 76

      Статья 1.  Внести в Закон  Республики Казахстан от 4 июля 2002 г. "Об органах финансовой полиции Республики Казахстан" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2002 г., N 13-14, ст. 145; 2004 г., N 23, ст. 142) следующие изменения и дополнения:

      1) преамбулу после слова "систему" дополнить словом "органов";

      2) статью 1 после слов "финансовой деятельности" дополнить словами ", борьбы с коррупцией";

      3) подпункт 2) статьи 2 изложить в следующей редакции:
      "2) предупреждение, выявление, пресечение, раскрытие и расследование экономических, финансовых и коррупционных преступлений и правонарушений;";

      4) статью 4 после слова "системы" дополнить словом "органов";

      5) заголовок главы 2 после слова "деятельности" дополнить словом "органов";

      6) в статье 5:
      заголовок после слова "система" дополнить словом "органов";
 
      в пункте 1:
      часть вторую после слов "Единую систему" дополнить словом "органов";
 
      в абзаце втором подпункта 1) слово "исполнительный" заменить словом "государственный";
 
      в пункте 2 слова ", столицы, города республиканского значения" заменить словами "(города республиканского значения, столицы)";
 
      пункты 4 и 5 после слова "систему" дополнить словом "органов";

      7) в статье 6:
      в пункте 1:
      слова "Уполномоченным органом является центральный исполнительный орган Республики Казахстан, осуществляющий" заменить словами "Уполномоченный орган осуществляет";
 
      слова "преступлений и правонарушений в сфере экономической и финансовой деятельности" заменить словами "экономических, финансовых и коррупционных преступлений и правонарушений";
 
      в пункте 2:
      в подпункте 3) слова "экономическими и финансовыми преступлениями" заменить словами "экономическими, финансовыми и коррупционными преступлениями и правонарушениями";
 
      в подпункте 8) слова "экономическими и финансовыми" заменить словами "экономическими, финансовыми и коррупционными";

      8) в подпункте 6) пункта 3 статьи 7:
      слова "уполномоченного органа," исключить;
 
      слово "Правительством" заменить словом "Президентом";

      9) подпункт 7) пункта 1 статьи 8 после слова "пресекать" дополнить словами "экономические, финансовые и";

      10) в абзаце первом статьи 10 и в пункте 1 статьи 11:
      после слова "перечень" дополнить словами "и нормы";
 
      слово "определяется" заменить словом "определяются";

      11) в статье 13:
      в пункте 1 слово "Правительством" заменить словом "Президентом";
 
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      "7. Сотрудник органов финансовой полиции в случае обращения к нему граждан или должностных лиц с заявлением или сообщением о преступлении или правонарушении либо в случае непосредственного обнаружения такового обязан использовать всю полноту предоставленных ему прав по пресечению экономических, финансовых и коррупционных преступлений и правонарушений и информировать ближайшее подразделение органов финансовой полиции.";

      12) пункт 2 статьи 14 дополнить частью второй следующего содержания:
      "При этом с лицами, поступившими на учебу в учебные заведения органов финансовой полиции, заключаются контракты, в которых предусматриваются условия и сроки дальнейшего прохождения службы в органах финансовой полиции после окончания учебного заведения.";

      13) дополнить статьей 16-1 следующего содержания:
      "Статья 16-1. Возмещение затрат в связи с отказом от
                    прохождения службы

     
      1. Сотрудники органов финансовой полиции, окончившие очные отделения учебных заведений органов финансовой полиции, обязаны проработать в органах финансовой полиции не менее пяти лет.
      В случае отказа сотрудника органов финансовой полиции от дальнейшего прохождения службы в органах финансовой полиции после окончания им учебного заведения органов финансовой полиции либо досрочного расторжения им контракта он обязан возместить государству бюджетные средства, затраченные на выплату стипендии, питание, вещевое довольствие в период его обучения. Сумма, подлежащая удержанию, рассчитывается пропорционально за каждый полный недослуженный месяц до окончания срока контракта.
      2. Курсанты (слушатели) очных отделений учебных заведений органов финансовой полиции, достигшие призывного возраста и отчисленные по неуспеваемости, недисциплинированности, а также по собственному желанию, если они до поступления в учебное заведение не выслужили установленный срок срочной воинской службы, направляются в органы военного управления по месту жительства для снятия со специального учета. Они обязаны возместить государству бюджетные средства, затраченные на выплату стипендии, питание, вещевое довольствие в период их обучения. Сумма, подлежащая удержанию, рассчитывается пропорционально за каждый полный месяц нахождения в учебном заведении.";

      14) статью 18 дополнить пунктом 7 следующего содержания:
      "7. Медицинское обслуживание курсантов (слушателей) учебных заведений органов финансовой полиции производится в соответствующих медицинских учреждениях органов внутренних дел.".

      Статья 2.  Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования, за исключением подпункта 14) статьи 1 настоящего Закона, который вводится в действие с 1 января 2006 года.
 
      Президент
      Республики Казахстан