Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамды саудаға салуға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 2 наурыздағы N 131 Заңы

      Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:

      1. 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 жылғы 24 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 26 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне алқабилердiң қатысуымен қылмыстық сот iсiн жүргiзудi енгiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2006 жылғы 15 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 113-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "113-бап. Адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету
                немесе заңсыз алу

      1. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшiн адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу, сол сияқты адамның органдары мен тiнiне қатысты заңсыз мәмiлелер жасау -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Нақ сол әрекеттер:
      а) кiнәлiге дәрменсiз күйде екендiгi көрiнеу белгілі адамға қатысты;
      б) кәмелетке көрiнеу толмаған адамға қатысты;
      в) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
      г) адамдар тобымен, алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен немесе ұйымдасқан топпен;
      д) бiрнеше рет;
      е) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
      ж) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;
      з) алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен;
      и) өзiнің қызметтiк жағдайын пайдаланып;
      к) жәбiрленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып жасалғанда, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан жетi жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Абайсызда жәбiрленушiнің өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      2) 125-бапта:
      үшiншi бөлiктiң б) тармақшасындағы "нәпсiқұмарлық немесе өзге" деген сөздер алып тасталсын;

      ескертулер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ескертулер.
      1. Ұрланған адамды өз еркiмен босатқан адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
      2. Осы Кодекстiң осы бабында және 126, 128, 133-баптарында адамды пайдалану деп, кiнәлiнiң алынған табыстарды иеленiп алуы мақсатында мәжбүрлi еңбектi, басқа адамның жезөкшелiкпен айналысуын немесе ол көрсететiн өзге де қызметтердi пайдалануы, сонымен бiрдей оның өзiне байланысты емес себептер бойынша жұмыстарды немесе қызметтердi орындаудан бас тарта алмайтын адамға қатысты меншiк иесiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы түсiніледi.";

      3) 126-бапта:
      екiншi бөлiктiң з) тармағындағы "ниетте жасаса -" деген сөздер "ниетте;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы и) тармағымен толықтырылсын:
      "и) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалса,-";

      үшiншi бөлiктiң б) тармағында "нәпсiқұмарлық немесе өзгедей" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 128-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "128-бап. Адамды саудаға салу

      1. Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндiру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау -
      мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Нақ сол әрекеттер:
      а) алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен;
      б) бiрнеше рет;
      в) өмiр мен денсаулыққа қауiптi күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;
      г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
      д) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;
      е) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
      ж) ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшiн жәбiрленушiнiң органдарын немесе тiнiн алу мақсатында;
      з) алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен;
      и) адам өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланып;
      к) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалғанда, -
      мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншiсiне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты осындай әрекеттердi жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншiсiне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу -
      мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
      а) ұйымдасқан топпен жасалса;
      б) абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
      мүлкiн тәркiлеп, жетi жылдан он бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      5) 133-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "133-бап. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу

      1. Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндiру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау -
      мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылдан жетi жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Нақ сол әрекеттер:
      а) алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен;
      б) бiрнеше рет;
      в) өмiр мен денсаулыққа қауiптi күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;
      г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
      д) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
      е) ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшiн жәбiрленушiнiң органдарын немесе тiнiн алу мақсатында;
      ж) алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен;
      з) адам өзiнің қызметтiк жағдайын пайдаланып;
      и) кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға немесе қоғамға қарсы өзге де iс-әрекеттер жасауға тарту мақсатында;
      к) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалғанда, -
      мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншiсiне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты осындай әрекеттердi жасау мақсатында кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншi мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу -
      мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз он жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
      а) ұйымдасқан топпен жасалса;
      б) абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
      мүлкiн тәркiлеп он екi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      6) мынадай мазмұндағы 275-1-баппен толықтырылсын:

      "275-1-бап. Адам мәйiтiнiң органдары мен тiнiн заңсыз
                  алу

      1. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшiн адам мәйiтiнің органдарын немесе тiнiн заңсыз алу, сол сияқты адам мәйiтiнiң органдары мен тiнiне қатысты мәмілелер жасасу -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Нақ сол әрекеттер:
      а) адамдар тобымен, алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен немесе ұйымдасқан топпен;
      б) бiрнеше рет;
      в) өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланып жасалғанда, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгілі бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлі бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 жылғы 24 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 26 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот iсiн жүргiзудi енгiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 192-баптың екiншi бөлiгiнде:
      "128-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "128-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "275-бабында (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейiн "275-1-бабында (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 285-баптың екiншi бөлiгi "275 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейiн "275-1 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшілік құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 жылғы 19 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 17 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердің аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2006 жылғы 24 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 26 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне алқабилердiң қатысуымен қылмыстық сот iсiн жүргізудi енгiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2006 жылғы 28 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 31 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2006 жылғы 15 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "56-бап. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды
               Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлік
               жолмен кетiру

      1. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшілік жолмен кетiрудi судья осы Кодекстің ерекше бөлiмiнде көзделген тәртiп пен негiздер бойынша әкiмшiлiк жазалау шарасы ретiнде қолданады.
      2. Егер әкiмшілік iс жүргiзу барысында Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшілiк жолмен кетiру түрiндегi әкiмшілік жазалау шарасы қолданылуы мүмкiн адам, өзiне қатысты Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексiне  сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын әрекет жасалғаны туралы хабарласа, онда осы адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң  185-бабында  белгiленген тәртiппен хабарлама немесе өтiнiш бойынша шешiм қабылданғанға дейiн кейiнге қалдырылады.";

      2) 396-баптың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацында:
      "(жасырын иммигранттарды)" деген сөздер алып тасталып, "қабылдауы," деген сөзден кейiн "заңсыз иммигранттардың еңбегiн пайдалануы," деген сөздермен толықтырылсын;

      "жасырын" деген сөз "заңсыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 399-баптың бiрiншi абзацында "бұза отырып" деген сөздерден кейiн ", сол сияқты жөнсiз жарнаманы пайдаланып, не толық емес немесе дәйексiз ақпарат берiп" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 552-бапта "және демография" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 575-баптың бiрiншi бөлiгi "392," деген цифрдан кейiн "394 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында:
      он бiрiншi абзацта "және демография" деген сөздер алып тасталсын;

      отыз жетiншi абзац "393" деген цифрдан кейiн ", 394" деген цифрмен толықтырылсын;

      7) 648-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 9) тармақшасы "байланысты" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ осы Кодекстiң 56-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күшi бар  Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 2001 ж., N 8, 50-құжат):

      4-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негiзде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексiне  сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбiрленушi деп танылған шетел азаматтары Қазақстан Республикасында уақытша болатындар деп есептеледi. Олар белгіленген тәртiппен тiркелуге және өздерiне белгiленген болу мерзiмi өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге мiндеттi.".

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам противодействия торговле людьми

Закон Республики Казахстан от 2 марта 2006 года N 131-III ЗРК

      Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В  Уголовный  кодекс Республики Казахстан от 16 июля 1997 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 15-16, ст. 211; 1998 г., N 16, ст. 219; N 17-18, ст. 225; 1999 г., N 20, ст. 721; N 21, ст. 774; 2000 г., N 6, ст. 141; 2001 г., N 8, ст. 53, 54; 2002 г., N 4, ст. 32, 33; N 10, ст. 106; N 17, ст. 155; N 23-24, ст. 192; 2003 г., N 15, ст. 137; N 18, ст. 142; 2004 г., N 5, ст. 22; N 17, ст. 97; N 23, ст. 139; 2005 г., N 13, ст. 53; N 14, ст. 58; N 21-22, ст. 87;  Закон  Республики Казахстан от 16 января 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам введения уголовного судопроизводства с участием присяжных заседателей", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 24 января 2006 г. и "Казахстанская правда" 26 января 2006 г.;  Закон  Республики Казахстан от 31 января 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам предпринимательства", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 15 февраля 2006 г. и "Казахстанская правда" 14 февраля 2006 г.):
      1) статью 113 изложить в следующей редакции:
      "Статья 113. Принуждение к изъятию или незаконное изъятие органов и тканей человека
      1. Принуждение к изъятию или незаконное изъятие органов и тканей человека для трансплантации либо иного использования, а равно совершение незаконных сделок в отношении органов и тканей человека -
      наказываются лишением свободы на срок до пяти лет с лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью на срок до трех лет или без такового.
      2. Те же деяния, совершенные:
      а) в отношении лица, заведомо для виновного находящегося в беспомощном состоянии;
      б) в отношении заведомо несовершеннолетнего;
      в) в отношении двух и более лиц;
      г) группой лиц, группой лиц по предварительному сговору или организованной группой;
      д) неоднократно;
      е) с применением оружия или предметов, используемых в качестве оружия;
      ж) в отношении женщины, заведомо для виновного находящейся в состоянии беременности;
      з) путем обмана или злоупотребления доверием;
      и) с использованием своего служебного положения;
      к) с использованием материальной или иной зависимости потерпевшего, -
      наказываются лишением свободы на срок от пяти до семи лет с лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью на срок до трех лет или без такового.
      3. Деяния, предусмотренные частями первой или второй настоящей статьи, повлекшие по неосторожности смерть потерпевшего или иные тяжкие последствия, -
      наказываются лишением свободы на срок от семи до десяти лет с лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью на срок до трех лет или без такового.";
      2) в статье 125:
      в пункте б) части третьей слова "сексуальной или иной" исключить;
      примечания изложить в следующей редакции:
      "Примечания.
      1. Лицо, добровольно освободившее похищенного (похищенную), освобождается от уголовной ответственности, если в его действиях не содержится состав иного преступления.
      2. Под эксплуатацией лица в настоящей статье и статьях 126, 128, 133 настоящего Кодекса понимаются использование принудительного труда, занятия проституцией другим лицом или иных оказываемых им услуг в целях присвоения виновным полученных доходов, а равно осуществление им полномочий собственника в отношении лица, которое по независящим от него причинам не может отказаться от выполнения работ или услуг.";
      3) в статье 126:
      часть вторую дополнить пунктом и) следующего содержания:
      "и) с использованием материальной или иной зависимости потерпевшего, -";
      в пункте б) части третьей слова "сексуальной или иной" исключить;
      4) статью 128 изложить в следующей редакции: 
      "Статья 128. Торговля людьми
      1. Купля-продажа или совершение иных сделок в отношении лица, а равно его эксплуатация либо вербовка, перевозка, передача, укрывательство, а также совершение иных деяний в целях эксплуатации -
      наказываются лишением свободы на срок до пяти лет с конфискацией имущества или без таковой.
      2. Те же деяния, совершенные:
      а) группой лиц по предварительному сговору;
      б) неоднократно;
      в) с применением насилия, опасного для жизни и здоровья, или угрозой его применения;
      г) с применением оружия или предметов, используемых в качестве оружия;
      д) в отношении женщины, заведомо для виновного находящейся в состоянии беременности;
      е) в отношении двух и более лиц;
      ж) в целях изъятия органов или тканей потерпевшего для трансплантации или иного использования;
      з) путем обмана или злоупотребления доверием;
      и) лицом с использованием своего служебного положения;
      к) с использованием материальной или иной зависимости потерпевшего, -
      наказываются лишением свободы на срок от пяти до семи лет с конфискацией имущества или без таковой.
      3. Деяния, предусмотренные частями первой или второй настоящей статьи, совершенные в целях вывоза за пределы Республики Казахстан, ввоза в Республику Казахстан или перевозки лица через территорию Республики Казахстан из одного иностранного государства в другое, а равно вывоз за пределы Республики Казахстан, ввоз в Республику Казахстан или перевозка лица через территорию Республики Казахстан из одного иностранного государства в другое государство в целях совершения таких деяний -
      наказываются лишением свободы на срок от семи до десяти лет с конфискацией имущества или без таковой.
      4. Деяния, предусмотренные частями первой, второй или третьей настоящей статьи, если они:
      а) совершены организованной группой;
      б) повлекли по неосторожности смерть потерпевшего либо иные тяжкие последствия, -
      наказываются лишением свободы на срок от семи до пятнадцати лет с конфискацией имущества.";
      5) статью 133 изложить в следующей редакции:
      "Статья 133. Торговля несовершеннолетними
      1. Купля-продажа или совершение иных сделок в отношении несовершеннолетнего, а равно его эксплуатация либо вербовка, перевозка, передача, укрывательство, а также совершение иных деяний в целях эксплуатации -
      наказываются лишением свободы на срок от пяти до семи лет с конфискацией имущества или без таковой.
      2. Те же деяния, совершенные:
      а) группой лиц по предварительному сговору;
      б) неоднократно;
      в) с применением насилия, опасного для жизни и здоровья, или угрозой его применения;
      г) с применением оружия или предметов, используемых в качестве оружия;
      д) в отношении двух и более лиц;
      е) в целях изъятия органов или тканей потерпевшего для трансплантации или иного использования;
      ж) путем обмана или злоупотребления доверием;
      з) лицом с использованием своего служебного положения;
      и) в целях вовлечения несовершеннолетнего в совершение преступлений или иных антиобщественных действий;
      к) с использованием материальной или иной зависимости потерпевшего, -
      наказываются лишением свободы на срок от семи до десяти лет с конфискацией имущества или без таковой.
      3. Деяния, предусмотренные частями первой или второй настоящей статьи, совершенные в целях вывоза за пределы Республики Казахстан, ввоза в Республику Казахстан или перевозки несовершеннолетнего через территорию Республики Казахстан из одного иностранного государства в другое, а равно вывоз за пределы Республики Казахстан, ввоз в Республику Казахстан или перевозка несовершеннолетнего через территорию Республики Казахстан из одного иностранного государства в другое государство в целях совершения таких деяний -
      наказываются лишением свободы на срок от десяти до двенадцати лет с конфискацией имущества или без таковой.
      4. Деяния, предусмотренные частями первой, второй или третьей настоящей статьи, если они:
      а) совершены организованной группой;
      б) повлекли по неосторожности смерть потерпевшего либо иные тяжкие последствия, -
      наказываются лишением свободы на срок от двенадцати до пятнадцати лет с конфискацией имущества.";
      6) дополнить статьей 275-1 следующего содержания:
      "Статья 275-1. Незаконное изъятие органов и тканей трупа человека
      1. Незаконное изъятие органов или тканей трупа человека для трансплантации либо иного использования, а равно совершение сделок в отношении органов и тканей трупа человека -
      наказываются лишением свободы на срок до пяти лет с лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью на срок до трех лет или без такового.
      2. Те же деяния, совершенные:
      а) группой лиц, группой лиц по предварительному сговору или организованной группой;
      б) неоднократно;
      в) с использованием своего служебного положения, - 
      наказываются лишением свободы на срок от пяти до семи лет с лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью на срок до трех лет или без такового.".

      2. В  Уголовно-процессуальный  кодекс Республики Казахстан от 13 декабря 1997 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 23, ст. 335; 1998 г., N 23, ст. 416; 2000 г., N 3-4, ст. 66; N 6, ст. 141; 2001 г., N 8, ст. 53; N 15-16, ст. 239; N 17-18, ст. 245; N 21-22, ст. 281; 2002 г., N 4, ст. 32, 33; N 17, ст. 155; N 23-24, ст. 192; 2003 г., N 18, ст. 142; 2004 г. N 5, ст. 22; N 23, ст. 139; N 24, ст. 153, 154, 156; 2005 г., N 13, ст. 53. N 21-22, ст. 87; N 24, ст. 123;  Закон  Республики Казахстан от 16 января 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам введения уголовного судопроизводства с участием присяжных заседателей", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 24 января 2006 г. и "Казахстанская правда" 26 января 2006 г.):
      1) в части второй статьи 192:
      слова "128 (частями второй и третьей)" заменить словами "128 (частями второй, третьей и четвертой)";
      после слов "275 (частью второй)," дополнить словами "275-1 (частью второй),";
      2) часть вторую статьи 285 после слов "275 (частью первой)," дополнить словами "275-1 (частью первой),".

      3. В Кодекс Республики Казахстан  об административных правонарушениях  от 30 января 2001 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 5-6, ст. 24; N 17-18, ст. 241; N 21-22, ст. 281; 2002 г., N 4, ст. 33; N 17, ст. 155; 2003 г., N 1-2, ст. 3; N 4, ст. 25; N 5, ст. 30; N 11, ст. 56, 64, 68; N 14, ст. 109; N 15, ст. 122, 139; N 18, ст. 142; N 21-22, ст. 160; N 23, ст. 171; 2004 г., N 6, ст. 42; N 10, ст. 55; N 15, ст. 86; N 17, ст. 97; N 23, ст. 139, 140; N 24, ст. 153; 2005 г., N 5, ст. 5; N 7-8, ст. 19; N 9, ст. 26; N 13, ст. 53; N 14, ст. 58; N 17-18, ст. 72; N 21-22, ст. 86, 87; N 23, ст. 104;  Закон  Республики Казахстан от 10 января 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 19 января 2006 г. и "Казахстанская правда" 17 января 2006 г.;  Закон  Республики Казахстан от 16 января 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам введения уголовного судопроизводства с участием присяжных заседателей", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 24 января 2006 г. и "Казахстанская правда" 26 января 2006 г.;  Закон  Республики Казахстан от 16 января 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 28 января 2006 г. и "Казахстанская правда" 31 января 2006 г.;  Закон  Республики Казахстан от 31 января 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам предпринимательства", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 15 февраля 2006 г. и "Казахстанская правда" 14 февраля 2006 г.):
      1) статью 56 изложить в следующей редакции:
      "Статья 56. Административное выдворение за пределы Республики Казахстан иностранцев или лиц без гражданства
      1. Административное выдворение за пределы Республики Казахстан иностранцев или лиц без гражданства применяется судьей как мера административного взыскания в порядке и по основаниям, которые предусмотрены особенной частью настоящего Кодекса.
      2. В случае если в ходе административного производства лицо, в отношении которого может быть применена мера административного взыскания в виде административного выдворения за пределы Республики Казахстан, сообщит о совершенном в отношении его деянии, признаваемом в соответствии с  Уголовным  кодексом Республики Казахстан тяжким или особо тяжким преступлением, то рассмотрение дела об административном правонарушении в отношении этого лица откладывается до принятия решения по сообщению или заявлению в порядке, установленном  статьей 185  Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан.";
      2) в абзаце первом части первой статьи 396:
      слова "(нелегальных иммигрантов)" заменить словами ", использование труда незаконных иммигрантов";
      слова "отношении нелегальных" заменить словами "отношении незаконных";
      3) абзац первый статьи 399 после слова "лицензией," дополнить словами "а равно с использованием ненадлежащей рекламы либо предоставлением неполной или недостоверной информации";
      4) в статье 552 слова "и демографии" исключить;
      5) часть первую статьи 575 после цифр "392," дополнить словами "394 (частью первой),";
      6) в подпункте 1) части первой статьи 636:
      в абзаце двенадцатом слова "и демографии" исключить;
      абзац тридцать восьмой после цифр "393" дополнить цифрами ", 394";
      7) подпункт 9) части первой статьи 648 после слов "дополнительных материалов по делу" дополнить словами ", а также в случаях, предусмотренных частью второй статьи 56 настоящего Кодекса".

      4. В  Указ  Президента Республики Казахстан, имеющий силу закона, от 19 июня 1995 г. N 2337 "О правовом положении иностранных граждан в Республике Казахстан" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 9-10, ст. 68; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 12, ст. 184; 2001 г., N 8, ст. 50):
      часть третью статьи 4 изложить в следующей редакции:
      "Иностранные граждане, находящиеся в Республике Казахстан на ином законном основании, а также признанные потерпевшими вследствие совершения в их отношении деяний, признаваемых в соответствии с  Уголовным  кодексом Республики Казахстан тяжкими или особо тяжкими преступлениями, считаются временно пребывающими в Республике Казахстан. Они обязаны зарегистрироваться в установленном порядке и выехать из Республики Казахстан по истечении определенного им срока пребывания.".

      Президент
      Республики Казахстан