Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі N 156 Заңы

       РҚАО-ның ескертуі: Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

        1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      342-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      " 342-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзу 

      1. Бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпарат агенттiктерiн есепке қоймай не олардың шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм шығарылғаннан кейiн олардың өнiмiн, сондай-ақ хабарлары мен материалдарын тарату, -
      бұқаралық ақпарат құралының өнiмi тәркiлене отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Телерадиохабарлар арналары бойынша мемлекеттiк тiлдегi хабарларды уақыты жағынан басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен аз тарату, -
      бұқаралық ақпарат құралының баспа өнiмi немесе өзге де өнiмi тәркiлене отырып және шығарылуы (эфирге шығуы) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлген лицензиядан айыра отырып және бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салына отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр жүз елуден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Меншiк иесi не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты ауысқан, басылымның не хабардың тiлi, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, бас редакторы (редакторы), редакцияның мекенжайы, шығарылу мерзiмдiлiгi өзгерген жағдайларда, қайта есепке қоймай, бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, сондай-ақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын шығару, дайындау, көбейту және (немесе) тарату, -
      бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сегiз жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салуға әкеп соғады.".

      2. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексiне) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 61-бап мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшiн алым.";

      2) мынадай мазмұндағы 76-1-тараумен толықтырылсын:

      "76-1-тарау. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшiн алым 

      425-1-бап. Жалпы ережелер

      1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшiн алым (бұдан әрi - алым) бұқаралық ақпарат құралын есепке қойған кезде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде алынады.
      2. Есепке қоюды Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.

      425-2-бап. Алымды төлеушiлер

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес есепке қоюға жататын бұқаралық ақпарат құралын құрушы жеке немесе заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

      425-3-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртiбi

      1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды уәкiлеттi органға бергенге дейiн төленедi.
      2. Алым сомасы төлеушiнiң тiркеу есебiне алынған жерi бойынша бюджетке енгiзiледi.
      3. Алымды төлеген тұлғалар уәкiлеттi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомалары қайтарылмайды.
      Бұл ретте қайтару аталған тұлғаның бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды жүзеге асыруға арналған құжаттарды табыс етпегенiн растайтын, уәкiлеттi орган берген құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн жүргiзiледi.".

      3. 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат):
      46-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшiн алым;".

      4. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 771-құжат; 2001 ж., N 10, 122-құжат; 2003 ж., N 24, 175-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):

      1) 1-бапта:
      3) тармақшадағы "жарты жылда" деген сөздер "үш айда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы "жылына" деген сөз "жарты жылда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 7-баптың 2-1-тармағының 3) тармақшасындағы "адамдар бас редактор (редактор) бола алмайды." деген сөздер "адамдар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) өздерiнiң кiнәсiнен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешiмiмен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының бас редакторлары (редакторлары) болған азаматтар соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде бас редактор (редактор) бола алмайды.";

      3) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою, қайта есепке қою 

      1. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, WEB-сайттардан басқа, бұқаралық ақпарат құралдары уәкiлеттi органда мiндеттi түрде есепке қойылуға тиiс.
      2. Есепке қою, қайта есепке қою үшiн бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi не оның уәкiлдiк беруi бойынша әрекет ететiн тұлға осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келетiн арыз бередi.
      3. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойған кезде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалатын тәртiппен алым алынады.
      4. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою, қайта есепке қою туралы арыз түскен күнiнен бастап он бес күн iшiнде қаралуға тиiс. Арызды қараудың қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесiне есепке қою туралы куәлiк бередi не мынадай негiздер бойынша:
      1) егер уәкiлеттi орган бұрын сол атпен және сол аумаққа таралатын бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны туралы куәлiк берген болса не оның аты бұрын құрылған бұқаралық ақпарат құралының атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас болса;
      2) егер арыздың мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келмейтiн болса;
      3) егер арыз бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салу туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл өтпей тұрып берiлсе;
      4) егер бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшiн алым төленбесе;
      5) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай бұқаралық ақпарат құралын қайта есепке қою туралы арызға бұқаралық ақпарат құралына меншiк құқығын басқа тұлғаға берудi растайтын шарттың нотариалды түрде куәландырылған көшiрме жазбасы қоса тiркелмесе;
      6) егер есепке қоюға шығарылуын (эфирге шығуын) бұрын сот тоқтатқан бұқаралық ақпарат құралының атымен (атының бiр бөлiгiмен) және тақырыптық бағытымен немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын бұқаралық ақпарат құралы мәлiмделген болса, сондай-ақ шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешiмiмен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi не бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде арыз берген жағдайда, есепке қоюдан бас тартады.
      5. Мерзiмдi баспасөз басылымының меншiк иесi есепке қою туралы куәлiктi алған күннен бастап үш ай iшiнде бұқаралық ақпарат құралы өнiмiн шығаруға кiрiсу құқығын сақтайды.
      Теле-, радио-, бейне-, кинохроникалық бағдарламаның, ақпарат агенттiгiнiң меншiк иесi есепке қою туралы куәлiктi алған күннен бастап алты ай iшiнде бұқаралық ақпарат құралы өнiмiн шығаруға, ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға кiрiсу құқығын сақтайды.
      Бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) сот тоқтатып қойған жағдайларды қоспағанда, бұқаралық ақпарат құралы өнiмiн шығару мерзiмiн өткiзiп алған, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралы өнiмiн шығару үш ай бойы тоқтап қалған жағдайда, уәкiлеттi органның шешiмiмен бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп танылады.
      6. Бұқаралық ақпарат құралы меншiк иесi ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты, басылымның не хабардың тiлi, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, бас редакторы (редакторы), редакцияның мекенжайы және шығарылу мерзiмдiлiгi өзгерген жағдайларда қайта есепке алынуға тиiс.";

      4) 11-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiктiң 5) тармақшасындағы "аумағы көрсетiлуге тиiс." деген сөздер "аумағы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) бас редактордың (редактордың) тегi, аты, әкесiнiң аты;
      7) редакцияның мекенжайы көрсетiлуге тиiс.";
      екiншi бөлiкте:
      екiншi абзацтағы "құжат" деген сөз "құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшiрмесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "заңды тұлғалар үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң, құрылтай құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшiрмелерi;";
      мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      "бұқаралық ақпарат құралын есепке қою үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын құжат қоса тiркеледi.".

       2-бап.  Осы Заңның 1-бабының 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 2, 3-тармақтарын, 4-тармағы 3) тармақшасының оныншы абзацын және 4) тармақшасының он бiрiншi абзацын қоспағанда, осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам средств массовой информации

Закон Республики Казахстан от 5 июля 2006 года N 156

       Статья 1 . Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В  Кодекс  Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 5-6, ст. 24; N 17-18, ст. 241; N 21-22, ст. 281; 2002 г., N 4, ст. 33; N 17, ст. 155; 2003 г., N 1-2, ст. 3; N 4, ст. 25; N 5, ст. 30; N 11, ст. 56, 64, 68; N 14, ст. 109; N 15, ст. 122, 139; N 18, ст. 142; N 21-22, ст. 160; N 23, ст. 171; 2004 г., N 6, ст. 42; N 10, ст. 55; N 15, ст. 86; N 17, ст. 97; N 23, ст. 139, 140; N 24, ст. 153; 2005 г., N 5, ст. 5; N 7-8, ст. 19; N 9, ст. 26; N 13, ст. 53; N 14, ст. 58; N 17-18, ст. 72; N 21-22, ст. 86, 87; N 23, ст. 104; 2006 г., N 1, ст. 5; N 2, ст. 19, 20; N 3, ст. 22; N 5-6, ст. 31; N 8, ст. 45;  Закон  Республики Казахстан от 5 июня 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам создания регионального финансового центра города Алматы", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 9 июня 2006 г. и "Казахстанская правда" 10 июня 2006 г.):
      статью 342 изложить в следующей редакции:
      "Статья 342. Нарушение законодательства Республики Казахстан о средствах массовой информации
      1. Распространение продукции средства массовой информации, а также сообщений и материалов информационного агентства без постановки на учет либо после вынесения решения о приостановлении, прекращении их выпуска (выхода в эфир) или признании свидетельства о постановке на учет утратившим силу -
      влечет штраф на должностных лиц в размере от пяти до десяти, на собственников средств массовой информации, юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства, - в размере от десяти до пятидесяти, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере от двухсот до трехсот месячных расчетных показателей с конфискацией продукции средства массовой информации.
      2. Распространение передач по телерадиовещательным каналам на государственном языке по времени менее суммарного объема передач на других языках -
      влечет штраф на должностных лиц в размере от пяти до десяти, на собственников средств массовой информации, юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства, - в размере от десяти до пятидесяти, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере от двухсот до трехсот месячных расчетных показателей с конфискацией печатной или иной продукции и приостановлением выпуска (выхода в эфир) средства массовой информации на срок до трех месяцев.
      3. Действие, предусмотренное частью второй настоящей статьи, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания, -
      влечет штраф на должностных лиц в размере от двадцати до пятидесяти, на собственников средств массовой информации, юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства, - в размере от ста пятидесяти до двухсот пятидесяти, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере от пятисот до тысячи месячных расчетных показателей с лишением лицензии на деятельность по организации телевизионного и (или) радиовещания и запрещением выпуска (выхода в эфир) средства массовой информации.
      4. Производство, изготовление, тиражирование и (или) распространение продукции средства массовой информации, а также сообщений и материалов информационного агентства без переучета в случаях смены собственника либо его организационно-правовой формы, наименования, а также названия средства массовой информации, изменения языка издания либо вещания, территории распространения, основной тематической направленности, главного редактора (редактора), адреса редакции, периодичности выпуска -
      влекут штраф на должностных лиц в размере от двадцати до сорока, на собственников средств массовой информации, юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства, - в размере от ста до двухсот, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере от восьмисот до тысячи месячных расчетных показателей с приостановлением выпуска (выхода в эфир) средства массовой информации на срок до трех месяцев.
      5. Действия, предусмотренные частью четвертой настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, -
      влекут запрещение выпуска (выхода в эфир) средства массовой информации.".

      2. В  Кодекс  Республики Казахстан от 12 июня 2001 г. "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 11-12, ст. 168; 2002 г., N 6, ст. 73, 75; N 19-20, ст. 171; 2003 г., N 1-2, ст. 6; N 4, ст. 25; N 11, ст. 56; N 15, ст. 133, 139; N 21-22, ст. 160; N 24, ст. 178; 2004 г., N 5, ст. 30; N 14, ст. 82; N 20, ст. 116; N 23, ст. 140, 142; N 24, ст. 153; 2005 г, N 7-8, ст. 23; N 21-22, ст. 86, 87; N 23, ст. 104; 2006 г., N 1, ст. 4, 5; N 3, ст. 22; N 4, ст. 24; N 8, ст. 45, 46;  Закон  Республики Казахстан от 5 июня 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам создания регионального финансового центра города Алматы", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 9 июня 2006 г. и "Казахстанская правда" 10 июня 2006 г.):
      1) статью 61 дополнить пунктом 9-1 следующего содержания:
      "9-1. Сбор за постановку на учет средства массовой информации.";
      2) дополнить главой 76-1 следующего содержания:
      "Глава 76-1. Сбор за постановку на учет средства массовой
                   информации
      Статья 425-1. Общие положения
      1. Сбор за постановку на учет средства массовой информации (далее - сбор) взимается при постановке на учет средства массовой информации, а также при получении дубликата документа, удостоверяющего постановку на учет средства массовой информации.
      2. Постановка на учет осуществляется уполномоченным органом в области средств массовой информации (далее - уполномоченный орган) в порядке и случаях, установленных законодательным актом Республики Казахстан.
      Статья 425-2. Плательщики сбора
      Плательщиками сбора являются физические или юридические лица, создающие средства массовой информации, подлежащие постановке на учет в соответствии с законодательным актом Республики Казахстан.
      Статья 425-3. Порядок исчисления, уплаты сбора
                    и возврата уплаченных сумм
      1. Сумма сбора исчисляется по ставкам, установленным Правительством Республики Казахстан, и уплачивается до подачи соответствующих документов в уполномоченный орган.
      2. Сумма сбора вносится в бюджет по месту регистрационного учета плательщика.
      3. Возврат уплаченных сумм сбора не производится, за исключением случаев отказа лиц, уплативших сбор, от постановки на учет средства массовой информации до подачи соответствующих документов в уполномоченный орган.
      При этом возврат производится после представления плательщиком документа, выданного уполномоченным органом, подтверждающим непредставление указанным лицом документов на осуществление постановки на учет средства массовой информации.".

      3. В  Бюджетный  кодекс Республики Казахстан от 24 апреля 2004 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2004 г., N 8-9, ст. 53; N 20, ст. 116; N 23, ст. 140, 142; 2005 г., N 14, ст. 55; N 21-22, ст. 87; 2006 г., N 1, ст. 5; N 3, ст. 22; N 8, ст. 45):
      пункт 1 статьи 46 дополнить подпунктом 11-1) следующего содержания:
      "11-1) сбор за постановку на учет средства массовой информации;".

      4. В  Закон  Республики Казахстан от 23 июля 1999 г. "О средствах массовой информации" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1999 г., N 21, ст. 771; 2001 г., N 10, ст. 122; 2003 г., N 24, ст. 175; 2005 г., N 13, ст. 53; 2006 г., N 1, ст. 5; N 3, ст. 22):
      1) в статье 1:
      в подпункте 3) слово "полугодие" заменить словами "три месяца";
      в подпункте 4) слово "год" заменить словом "полугодие";
      2) пункт 2-1 статьи 7 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      "4) граждане, являвшиеся главными редакторами (редакторами) средств массовой информации, по вине которых выпуск (выход в эфир) средства массовой информации был прекращен решением суда, в течение трех лет со дня вступления в законную силу решения суда.";
      3) статью 10 изложить в следующей редакции:
      "Статья 10. Постановка на учет, переучет средства массовой
                  информации
      1. Средства массовой информации, кроме WEB-сайтов, распространяемые на территории Республики Казахстан, подлежат обязательной постановке на учет в уполномоченном органе.
      2. Для постановки на учет, переучет собственник средства массовой информации либо лицо, действующее по его уполномочию, подает заявление, отвечающее требованиям статьи 11 настоящего Закона.
      3. При постановке на учет средства массовой информации, а также при получении дубликата документа, удостоверяющего постановку на учет средства массовой информации, взимается сбор в порядке, определяемом Налоговым кодексом Республики Казахстан.
      4. Заявление об учете, переучете средства массовой информации подлежит рассмотрению в течение пятнадцати дней со дня поступления. По итогам рассмотрения заявления уполномоченный орган выдает собственнику средства массовой информации свидетельство о постановке на учет либо отказывает по следующим основаниям:
      1) если уполномоченным органом ранее выдано свидетельство о постановке на учет средству массовой информации с тем же названием и распространением на той же территории либо сходным до степени его смешения с названием ранее созданного средства массовой информации;
      2) если содержание заявления не соответствует требованиям статьи 11 настоящего Закона;
      3) если заявление подано до истечения года со дня вступления в законную силу решения суда о запрещении выпуска (выхода в эфир) средства массовой информации;
      4) если не уплачен сбор за постановку на учет средства массовой информации;
      5) если к заявлению о переучете средства массовой информации ввиду смены собственника не приложена нотариально удостоверенная выписка из договора, подтверждающая передачу прав собственности на средство массовой информации другому лицу;
      6) если к постановке на учет заявлено средство массовой информации с тем же названием (частью названия) и тематической направленностью или дублирующее название и тематическую направленность средства массовой информации, выпуск (выход в эфир) которого ранее прекращен судом, а также в случае подачи заявления собственником либо главным редактором (редактором) средства массовой информации, выпуск (выход в эфир) которого был прекращен решением суда, в течение трех лет со дня вступления в законную силу решения суда.
      5. Собственник периодического печатного издания сохраняет за собой право приступить к выпуску продукции средства массовой информации в течение трех месяцев со дня получения свидетельства о постановке на учет.
      Собственник теле-, радио-, видео-, кинохроникальной программы, информационного агентства сохраняет за собой право приступить к выпуску продукции средства массовой информации, распространению сообщений и материалов информационного характера в течение шести месяцев со дня получения свидетельства о постановке на учет.
      Свидетельство о постановке на учет средства массовой информации решением уполномоченного органа признается утратившим силу в случае пропуска срока выпуска продукции средства массовой информации, а также прекращения выпуска продукции средства массовой информации в течение трех месяцев, за исключением случаев приостановления судом выпуска (выхода в эфир) средства массовой информации.
      6. Средство массовой информации подлежит переучету в случаях смены собственника либо изменения организационно-правовой формы, наименования, а также названия средства массовой информации, языка издания либо вещания, территории распространения, основной тематической направленности, главного редактора (редактора), адреса редакции и периодичности выпуска.";
      4) в статье 11:
      в пункте 1:
      часть первую дополнить подпунктами 6) и 7) следующего содержания:
      "6) фамилия, имя, отчество главного редактора (редактора);
      7) адрес редакции.";
      в части второй:
      в абзаце втором слово "документ" заменить словами "нотариально удостоверенная копия документа";
      абзац третий изложить в следующей редакции:
      "для юридических лиц - нотариально удостоверенные копии свидетельства о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, учредительных документов;";
      дополнить абзацем четвертым следующего содержания:
      "документ, подтверждающий оплату в бюджет сбора за постановку на учет средства массовой информации.".

       Статья 2 . Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его официального опубликования, за исключением пунктов 2, 3, абзаца десятого подпункта 3) и абзаца одиннадцатого подпункта 4) пункта 4 статьи 1 настоящего Закона, которые вводятся в действие с 1 января 2007 года.

       Президент
      Республики Казахстан