Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 7-IV Заңы

       Ескерту. Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап . 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 86-құжат; N 16, 97-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16-құжат; N 4, 28-құжат; N 13, 98-құжат; N 16, 129-құжат; N 20, 152-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 2-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
      "1-2. Нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа ұстанымдарын (бұдан әрі - пилоттық жобалар) енгізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік органдар мен өңірлер үшін осы Кодекстің ережелері осы Кодекстің 223-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.";

      2) 5-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде ғана енгізілуі мүмкін. Парламент Мәжілісіне Республика Президентінің заңнамалық бастамасы тәртібімен енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.";

      3) 17-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің екі процентінен аспауға тиіс.";

      4) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мұнай секторы кәсіпорындарына шикі мұнайды және газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнай мен газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар жатады.";

      5) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "56-бап. Қазақстан Республикасы Парламентінің бюджеттік
               қатынастарды реттеу саласындағы құзыреті

      1. Қазақстан Республикасының Парламенті палаталардың бірлескен отырысында Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді.
      2. Қазақстан Республикасының Парламенті палаталардың бөлек отырысында әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды.
      3. Қазақстан Республикасының Парламенті палаталардың бөлек отырысында әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
      4. Қазақстан Республикасының Парламенті өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      6) 79-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекіту палаталардың бөлек отырысында әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.";

      7) 14-тараудың тақырыбы алып тасталсын;

      8) 82-бапта:
      1-тармақтағы "талқылау" деген сөз "қарау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақ алып тасталсын;

      9) 83-бап алып тасталсын;

      10) 101-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жеке қаржыландыру жоспарларын бекітуді қамтамасыз етеді.
      Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары мен міндеттемелер бойынша және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары бюджет шығыстарының айларға бөлінген экономикалық сыныптамасына сәйкес жасалады.
      Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға табыс етеді.
      Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын және бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бөлігінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға табыс етеді.
      Мемлекеттік мекемелер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелеріне бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын міндетті түрде табыс етеді.";

      11) 124-баптың тақырыбы мен мәтініндегі "қарау", "қарайды", "қараған", "қаралғаннан" деген сөздер тиісінше "талқылау", "талқылайды", "талқылаған", "талқылағаннан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) мынадай мазмұндағы 223-1-баппен толықтырылсын:

      "223-1-бап. Пилоттық жобалар үшін бюджеттік процестің ерекше
                  тәртібі

      1. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттары осы Кодекстің 94-бабының 2-тармағына сәйкес, бюджет комиссиясында қаралмай, бюджетті нақтылау (түзету) кезінде қабылданған шешімдер ескеріле отырып жасалады.
      Пилоттық жобалар бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бюджеттік жоспарлау жөніндегі тиісінше орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде бекітеді.
      Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына осы Кодекстің 108-бабының 5-тармағында көзделген негіздер бойынша өзгерістер енгізу бюджет комиссиясында қаралмай, бюджеттік жоспарлау жөніндегі тиісінше орталық және жергілікті уәкілетті органдарда қаралады.
      2. Мемлекеттік мекемелер бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тиісті бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының бекітілген жылдық сомалары шегінде өзгерістер енгізуге құқылы.
      Бұл ретте, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган енгізілген өзгерістер туралы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға хабарлайды.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, бекітілген республикалық бюджетте сомалары көзделген бюджеттік бағдарламалар паспортында бекітілген индикаторларға бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қол жеткізген жағдайда, қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының бір функционалдық тобы және бір әкімшісі шегінде республикалық бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілерінің республикалық бюджеттік бағдарламалары арасында қайта бөлуге құқылы.
      4. Бекітілген бюджетте сомалары көзделген бюджеттік бағдарламалар паспортында бекітілген индикаторларға қол жеткізілген жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімімен қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет комиссиясында қарамай, бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік ішкі бағдарламалар арасында қайта бөлуге құқылы.
      5. Облыс әкімдігі пилоттық жоба бойынша, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, бекітілген бюджетте сомалары көзделген бюджеттік бағдарламалар паспортында бекітілген индикаторларға бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қол жеткізген жағдайда, қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының бір функционалдық тобы және бір әкімшісі шегінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары арасында қайта бөлуге құқылы.
      6. Бекітілген бюджетте сомалары көзделген бюджеттік бағдарламалар паспортында бекітілген индикаторларға қол жеткізілген жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың келісімімен қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет комиссиясында қарамай, бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік ішкі бағдарламалар арасында қайта бөлуге құқылы.
      7. Пилоттық жобалар бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған нысаналы трансферттердің қаржы жылы бойында толық пайдаланылмаған сомалары ағымдағы қаржы жылында аяқталған жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкі нәтижелерге жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді аз көлемде пайдалана отырып қол жеткізілген жағдайда, жоғары тұрған бюджетке қайтарып беруге жатпайды. Бұл ретте тиісті жергілікті атқарушы орган нысаналы трансферттердің қалған сомасын тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалардың атқарылу тиімділігін бағалаудың оң нәтижелері негізінде тиісті бюджет комиссиясының шешімі бойынша басқа жергілікті бюджеттік бағдарламаларға пайдалануға құқылы.".

      2-бап . Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1), 4), 12) тармақшаларын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Осы Заңның 1-бабының 1) және 12) тармақшалары 2008 жылғы 31 желтоқсанда өз қолданысын тоқтатады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О внесении изменений и дополнений в Бюджетный кодекс Республики Казахстан

Закон Республики Казахстан от 6 декабря 2007 года N 7-IV

      Статья 1. Внести в Бюджетный кодекс Республики Казахстан от 24 апреля 2004 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2004 г., N 8-9, ст. 53; N 20, ст. 116; N 23, ст. 140, 142; 2005 г., N 14, ст. 55; N 21-22, ст. 87; 2006 г., N 1, ст. 5; N 3, ст. 22; N 8, ст. 45; N 12, ст. 77, 79; N 13, ст. 86; N 16, ст. 97; N 23, ст. 141; 2007 г., N 1, ст. 4; N 2, ст. 16; N 4, ст. 28; N 13, ст. 98; N 16, ст. 129; N 20, ст. 152) следующие изменения и дополнения:
      1) статью 2 дополнить пунктом 1-2 следующего содержания:
      "1-2. Для государственных органов и регионов, определенных Правительством Республики Казахстан для внедрения новых подходов к государственному планированию, ориентированному на результат (далее - пилотные проекты), положения настоящего Кодекса применяются с учетом особенностей, предусмотренных статьей 223-1 настоящего Кодекса.";
      2) часть первую пункта 1 статьи 5 изложить в следующей редакции:
      "1. Проекты законов, предусматривающие сокращение государственных доходов или увеличение государственных расходов, могут быть внесены лишь при наличии положительного заключения Правительства Республики. Для проектов законодательных актов, вносимых в Мажилис Парламента в порядке законодательной инициативы Президента Республики, наличие такого заключения не требуется.";
      3) пункт 8 статьи 17 изложить в следующей редакции:
      "8. Общий объем резерва местного исполнительного органа не должен превышать два процента от объема поступлений соответствующего местного бюджета.";
      4) пункт 2 статьи 23 изложить в следующей редакции:
      "2. К предприятиям нефтяного сектора относятся юридические лица, занимающиеся добычей и (или) реализацией сырой нефти и газового конденсата, а также заключившие контракты на разведку сырой нефти и газового конденсата.";
      5) статью 56 изложить в следующей редакции:
      " Статья 56. Компетенция Парламента Республики Казахстан в
                  области регулирования бюджетных отношений
 
      1. Парламент Республики Казахстан на совместном заседании палат утверждает отчеты Правительства и Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета об исполнении республиканского бюджета.
      2. Парламент Республики Казахстан в раздельном заседании палат путем последовательного рассмотрения вначале в Мажилисе, а затем в Сенате обсуждает отчеты об исполнении республиканского бюджета.
      3. Парламент Республики Казахстан в раздельном заседании палат путем последовательного рассмотрения вначале в Мажилисе, а затем в Сенате утверждает республиканский бюджет, вносит в него изменения и дополнения.
      4. Парламент Республики Казахстан осуществляет иные полномочия, возложенные на него  Конституцией Республики Казахстан.";
      6) пункт 2 статьи 79 изложить в следующей редакции:
      "2. Утверждение республиканского бюджета на предстоящий финансовый год происходит в раздельном заседании палат путем последовательного рассмотрения вначале в Мажилисе, а затем в Сенате не позднее 1 декабря текущего года.";
      7) заголовок главы 14 исключить;
      8) в статье 82:
      в пункте 1 слова "Обсуждения", "включают" заменить соответственно словами "Рассмотрение", "включает";
      пункт 3 исключить;
      9) статью 83 исключить;
      10) пункт 7 статьи 101 изложить в следующей редакции:
      "7. Администраторы бюджетных программ обеспечивают утверждение индивидуальных планов финансирования.
      Планы финансирования бюджетных программ (подпрограмм) и индивидуальные планы финансирования по обязательствам и платежам составляются в соответствии с экономической классификацией расходов бюджета с разбивкой по месяцам.
      Планы финансирования бюджетных программ (подпрограмм) и индивидуальные планы финансирования по обязательствам в соответствии с экономической классификацией расходов бюджета представляются администраторами республиканских бюджетных программ в центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета, администраторами местных бюджетных программ - в местные уполномоченные органы по исполнению бюджета.
      Планы финансирования бюджетных программ (подпрограмм) и индивидуальные планы финансирования по платежам в разрезе бюджетных программ (подпрограмм) представляются администраторами республиканских бюджетных программ в центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета, администраторами местных бюджетных программ - в местные уполномоченные органы по исполнению бюджета.
      Государственные учреждения в обязательном порядке представляют в соответствующие территориальные подразделения центрального уполномоченного органа по исполнению бюджета индивидуальные планы финансирования по обязательствам и платежам в соответствии с экономической классификацией расходов бюджета.";
      11) в заголовке и тексте статьи 124 слова "Рассмотрение", "рассматривает", "рассмотрении", "рассмотрения" заменить соответственно словами "Обсуждение", "обсуждает", "обсуждении", "обсуждения";
      12) дополнить статьей 223-1 следующего содержания:
      " Статья 223-1. Особый порядок бюджетного процесса для
                     пилотных проектов
 
      1. Паспорта республиканских и местных бюджетных программ составляются в соответствии с пунктом 2 статьи 94 настоящего Кодекса без рассмотрения на бюджетной комиссии с учетом решений, принятых при уточнении (корректировке) бюджета.
      Паспорта республиканских и местных бюджетных программ на соответствующий финансовый год по пилотным проектам утверждаются соответственно центральным и местными уполномоченными органами по бюджетному планированию в срок, установленный пунктом 1 статьи 94 настоящего Кодекса.
      Внесение изменений в паспорта бюджетных программ по основаниям, предусмотренным в пункте 5 статьи 108 настоящего Кодекса, рассматривается соответственно центральным и местными уполномоченными органами по бюджетному планированию без рассмотрения на бюджетной комиссии.
      2. Государственные учреждения имеют право в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан, вносить изменения в индивидуальные планы финансирования по обязательствам и платежам в соответствии с экономической классификацией расходов бюджета в пределах утвержденных годовых сумм индивидуальных планов финансирования по соответствующей бюджетной программе (подпрограмме).
      При этом уполномоченный орган по исполнению бюджета информирует о внесенных изменениях администраторов бюджетных программ и местных уполномоченных органов по исполнению бюджета.
      3. Правительство Республики Казахстан вправе перераспределить средства между республиканскими бюджетными программами отдельных администраторов республиканских бюджетных программ в пределах одной функциональной группы функциональной классификации расходов бюджета и одного администратора, если иное не предусмотрено настоящим Кодексом, в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан, при условии достижения администраторами бюджетных программ индикаторов, утвержденных паспортом бюджетных программ, суммы которых предусмотрены в утвержденном республиканском бюджете.
      4. Администраторы республиканских бюджетных программ по согласованию с центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию вправе перераспределить средства между бюджетными подпрограммами в пределах одной бюджетной программы без рассмотрения на бюджетной комиссии в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан, при условии достижения индикаторов, утвержденных паспортом бюджетных программ, суммы которых предусмотрены в утвержденном бюджете.
      5. Акимат области по пилотному проекту вправе перераспределить средства между бюджетными программами отдельных администраторов местных бюджетных программ в пределах одной функциональной группы функциональной классификации расходов бюджета и одного администратора, если иное не предусмотрено настоящим Кодексом, в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан, при условии достижения администраторами бюджетных программ индикаторов, утвержденных паспортом бюджетных программ, суммы которых предусмотрены в утвержденном бюджете.
      6. Администраторы местных бюджетных программ по согласованию с местными уполномоченными органами по экономическому и бюджетному планированию вправе перераспределить средства между бюджетными подпрограммами в пределах одной бюджетной программы без рассмотрения на бюджетной комиссии в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан, при условии достижения индикаторов, утвержденных паспортом бюджетных программ, суммы которых предусмотрены в утвержденном бюджете.
      7. Недоиспользованные в течение финансового года суммы целевых трансфертов, направленных на реализацию местных бюджетных программ по пилотным проектам, не подлежат возврату в вышестоящий бюджет в случае достижения конечных результатов по завершенным в текущем финансовом году местным бюджетным программам с использованием меньшего объема целевых трансфертов из вышестоящего бюджета. При этом соответствующий местный исполнительный орган вправе использовать оставшуюся сумму целевых трансфертов на другие местные бюджетные программы на основании положительных результатов оценки эффективности реализации соответствующих местных бюджетных программ по решению соответствующей бюджетной комиссии.".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования, за исключением подпунктов 1), 4), 12) статьи 1, которые вводятся в действие с 1 января 2008 года. Подпункты 1) и 12) статьи 1 настоящего Закона прекращают свое действие 31 декабря 2008 года.

      Президент
      Республики Казахстан