Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 наурыздағы N 241 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 12, 78-құжат; N 19-20, 119-құжат):

      1) кіріспеде "мен әкімшілік құқық бұзушылықтар" деген сөздер "әкімшілік құқық бұзушылықтар мен тәртіптік теріс қылықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-бапта:
      1-тармақтағы "сәуірде" деген сөз "тамызда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "шілдеге" деген сөз "қарашаға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 7-баптың 7-тармағының екінші бөлігінде және 11-баптың 5-тармағының екінші бөлігінде:
      "13 және 14" деген сөздер "13, 14 және 14-1" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және әкімшілік құқық бұзушылықтарды" деген сөздер "әкімшілік құқық бұзушылықтарды және тәртіптік теріс қылықтарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 14-бап "357-2" деген цифрлардан кейін ", 532" деген цифрлармен толықтырылсын;

      5) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Мемлекеттік лауазым атқаратын, мүлкін жария
                 еткен адамдарды тәртіптік жауаптылықтан босату

      Мемлекеттік лауазым атқаратын, мүлкін жария еткен адамдар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағында аталған әрекеттерді жасағаны үшін тәртіптік жауаптылықтан босатылады.";

      6) 16-баптағы "және 2007 жылғы 1 шілдеде өзінің қолданылуын тоқтатады" деген сөздер алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 12, 79-құжат; N 19-20, 119-құжат):
      2-баптағы "және 2007 жылғы 1 шілдеде өзінің қолданылуын тоқтатады" деген сөздер алып тасталсын.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам амнистии в связи с легализацией имущества

Закон Республики Казахстан от 26 марта 2007 года N 241

       Статья 1.  Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В  Закон  Республики Казахстан от 5 июля 2006 г. "Об амнистии в связи с легализацией имущества" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2006 г., N 12, ст. 78; N 19-20, ст. 119):
      1) в преамбуле слова "и административных правонарушений" заменить словами ", административных правонарушений и дисциплинарных проступков";
      2) в статье 4:
      в пункте 1 слово "апреля" заменить словом "августа";
      в пункте 2 слово "июля" заменить словом "ноября";
      3) в части второй пункта 7 статьи 7 и в части второй пункта 5 статьи 11:
      слова "и административных правонарушений" заменить словами ", административных правонарушений и дисциплинарных проступков";
      слова "13 и 14" заменить словами "13, 14 и 14-1";
      4) статью 14 после цифр "357-2" дополнить цифрами ", 532";
      5) дополнить статьей 14-1 следующего содержания:
      "Статья 14-1. Освобождение лиц, занимающих государственную
                    должность, легализовавших имущество, от
                    дисциплинарной ответственности
      Лица, занимающие государственную должность, легализовавшие имущество, освобождаются от дисциплинарной ответственности за совершение деяний, указанных в  пункте 5  статьи 9 Закона Республики Казахстан "О борьбе с коррупцией".";
      6) в статье 16 слова "и прекращает свое действие 1 июля 2007 года" исключить.

      2. В  Закон  Республики Казахстан от 5 июля 2006 г. "О внесении дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам амнистии в связи с легализацией имущества" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2006 г., N 12, ст. 79; N 19-20, ст. 119):
      в статье 2 слова "и прекращает свое действие 1 июля 2007 года" исключить.

       Статья 2.  Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования.

       Президент
Республики Казахстан