Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 4 Мемлекеттік орталық полигонын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілері мен ұрыс алаңдары) пайдалану тәртібі туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 286 Заңы

      Мәскеуде 2006 жылғы 4 сәуірде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 4 Мемлекеттік орталық полигонын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілері мен ұрыс алаңдары) пайдалану тәртібі туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттік орталық полигонын пайдалану тәртібі туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА

(2007 жылғы 3 тамызда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттік орталық полигонын пайдалану тәртібі туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісті:
      1) атауындағы, кіріспенің үшінші абзацындағы және Келісімге №  № 1 мен 2 қосымшаларының нөмірлік тақырыптарындағы "орталық" деген сөзден кейін "түраралық" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) 1-бапта:
      "орталық" деген сөзден кейін "түраралық" деген сөзбен толықтырылсын;
      бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Полигонның бастығына Ембі (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) және Сарышаған полигондары бағынады.";
      3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы жер учаскелерін жалға беру шартымен Полигонның онда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерімен бірге Ресей Федерациясына уақытша пайдалануға береді.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттік орталық полигонының объектілері мен ұрыс алаңдарын жалға беру туралы 1996   жылғы 18 қазандағы шартқа сәйкес жер учаскелерінің, оның ішінде онда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерімен бірге жер учаскелерінің жалға берілу кезеңінде Ресей Федерациясының мүддесінде Ресей Федерациясы Полигонды пайдаланғаны үшін ақы төлеуді жүзеге асырады.";
      4) 4-баптағы "субарендаға" деген сөздің алдынан "Тараптардың немесе үшінші мемлекеттердің заңды және жеке тұлғаларына" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 7-бапта:
      1-тармақта "Ресей Федерациясының құқық сақтау органдарының Полигон аумағындағы юрисдикция сұрақтары Тараптардың жеке келісімімен" деген сөздер "Ресей Федерациясының құзыретті органдарының Полигон аумағындағы заңдық құзыры мәселелері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамаларының мәртебесі туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісіммен және Тараптардың басқа да келісімдерімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      баптың 2-тармағы мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
      "Полигон бастығын Ресей Федерациясының Президенті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрімен келісілген, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің келісімімен тағайындауды жүзеге асырады.";
      6) 9-бапта:
      1-тармақта:
      екінші абзацта "қалпына келтіруді және" деген сөздер алып тасталсын;
      оныншы абзацта "келтіруді" деген сөзден кейін "(қажет болған жағдайда Тараптардың келісімі бойынша айқындалатын тәртіппен)" деген сөздермен толықтырылсын;
      бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Осы Келісімнің 8-бабында көзделген ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарлары негізінде Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының мүдделерінде сынақ жұмыстарын жүргізу кезінде Полигонының жер учаскелері мен әуе кеңістігін пайдалануға жол беріледі.";
      7) 11-баптың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Полигонның аумағында жер кадастрын және мониторингті жүргізуді, жердің мақсатты пайдаланылуын бақылауды Полигонның қолбасшылығымен келісілген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы жүзеге асырады.
      Ресей Тарапы Полигон аумағында геологиялық барлауды және пайдалы қазбалар өңдеуді жүргізбейді және Полигон аумағында аң аулауды, балық ұстауды және жабайы өсімдіктерді жинауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді.";
      8) 13-бапта "міндетті әскери" деген сөздер "шақыру бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) Келісімге № 1 қосымшада "Орда" деген сөз "Бөкей ордасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      10) Келісімге № 2 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

        "Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударылған
         4 Мемлекеттік орталық түраралық полигонының әскери
                            объектілерінің
                               ТІЗБЕСІ

N р/р

Бөлімшенің,
объектінің атауы

Қоныс аудару орны

1. 20 жеке сынақ станциясы     Батыс Қазақстан облысы,
                               Жаңа қала ауданы,
                               Жаңа Қазан ауылы

2. 30 жеке инженерлік-сынақ
бөлімінің өлшеу пункттері:
8-СЖ                           Батыс Қазақстан облысы,
                               Бөкей ордасы ауданы,
                               Сайқын ауылы
16-СЖ                          Батыс Қазақстан облысы,
                               Бөкей ордасы ауданы,
                               Шоңай ауылы".

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер өзара консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.
      Тараптардың біреуінде бірлескен шешімді талап ететін мәселелер туындаған кезде осы Тарап екінші Тарапты келіссөздер басталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей ол туралы жазбаша хабардар етеді.
      Осы Хаттама Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар бойынша алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Осы Хаттама өз қолданысын Келісімнің қолданысы тоқтатылған кезде бір мезгілде тоқтатады.
      Мәскеу қаласында 2006 жылғы 4 сәуірде әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ                  РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
         ҮШІН                                    ҮШІН

      Осымен 2006 жылғы 4 сәуірде Мәскеу қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттік орталық полигонын пайдалану тәртібі туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

       Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігінің
      Халықаралық-құқық департаменті
      Халықаралық шарттар басқармасының
      Бастығы

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің
(объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы
аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттік Орталық, полигонын
пайдалану тәртібі туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1992 жылғы 25 мамырдағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарттың, - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шарттың және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1993 жылғы 22 қаңтардағы сынақ полигондарын пайдалану тәртібі туралы Келісімнің ережелеріне сүйене отырып,
      Тараптардың қауіпсіздігін нығайту және экономикасын дамыту мүдделері үшін зерттеулер мен пайдалануға Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 4 Мемлекеттік орталық полигонын сақтау мен дамыту қажеттігін мойындай отырып,
      төмендегілер жөнінде келісті:

  1-бап

      Осы Келісімнің тақырыбы, әрі қарай Полигон деп аталатын 4 Мемлекеттік орталық полигонның Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан объектілері, ұрыс алаңдары (жер учаскелері) және Ресей Федерациясының жалға алу жағдайымен жер учаскелерін, жылжымалы және тұрақты мүлікті пайдалану шарттары болып табылады. Полигонның жер учаскелерін беру тәртібі, жылжымалы және тұрақты мүлкінің тізбесі мен құрамы, жалға беру ұзақтығы, жалға беру ақысының мөлшері мен оны енгізу мерзімі, осы Келісімге қол қойылғаннан кейін үш ай мерзім ішінде Тараптардың Үкіметтері арасында жасалатын Полигонды жалға берудің жеке Шартымен анықталады.
      Полигон Қазақстан Республикасының Батыс-Қазақстан облысы аумағында орналасқан. Полигон жер алаңының шекарасы болып осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 1 Қосымшада координаталары келтірілген, геодезиялық белгілер мен тұрғылықты жердегі негізгі нүктелерді жалғастыратын сызық болып табылады.
      Полигонның әскери объектілерінің тізбесі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын N 2 Қосымшада келтірілген.

  2-бап

      1. 1991 жылдың 31 тамызына дейін жасалған, алынған және қондырылған Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкі Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.
      2. Полигонда 1991 жылдың 31 тамызынан кейін жасалған, алынған және қондырылған жылжымалы және тұрақты мүлікке деген меншік құқығы Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкін ұстауға, пайдалануға және кезекті жөндеуге кеткен шығындарды есептемегенде, оны құруды, алуды және жеткізуді қаржыландыруды жүзеге асырушы Тарапқа беріледі. Осыған орай Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасымен мұндай мүлікті жасауды және жеткізуді, сондай-ақ жалға беру мерзімі біткеннен кейін оны Тараптардың пайдалануын келіседі.
      3. Барлық жағдайларда жобалық шешімдердің экологиялық және басқа да қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету Полигон басшылығының Қазақстан Республикасының тиісті министрліктері мен ведомстволарына талқылау мен сарап қорытындысы үшін керекті мәліметтерді беру жолымен жүзеге асырылады. Осыған орай Ресей Федерациясы өз жобалық шешімдерінің экологиялық және басқа да қауіпсіздігін кепілдейді.

  3-бап

      1. Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 31 тамыздағы жағдайға сәйкес Ресей Федерациясына жалға беру жағдайымен, келісілген түгендеу ведомствосы бойынша Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкін береді. Тараптар осы Келісімге қол қойылған күннен кейін аталған мүлікті жалға беру шартын дайындау үшін бірлескен комиссия құрады. Бірлескен комиссия жалға беру шартында жыл сайынғы жалға беру ақысының мөлшерін, сондай-ақ 1992-1994 жылдары Ресей Федерациясының Полигонды пайдалануына байланысты Қазақстан Республикасының әрбір жылға жылдық жалға беру ақысы деңгейінде мүліктік шығын және шығындар мөлшерін бағалайды. Екі мемлекеттің Үкіметтері ақы беру механизмін жалға беру шартына сәйкес анықтайды.
      Осы мақсаттарда Тараптар бірлескен Комиссияға, оның құрылуы кезінде, аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды береді.
      2. Қазақстан Республикасы жалға беру жағдайымен уақытша пайдалануға Ресей Федерациясына Полигонның жер учаскелерін береді. Ресей Федерациясы жалға беру (тұрақты немесе мезгілді) кезеңінде Ресей Федерациясының мүддесі үшін Полигонның пайдаланатын жерлері үшін ақы төлейді.

  4-бап

      Ресей Федерациясына жалға беру жайымен берілетін жылжымалы және тұрақты мүлік, осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген тиісті жер учаскелері тек қана Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің келісімі бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі бекітетін Полигон туралы Ережеге сәйкес, мақсатты бағытта пайдаланылуға тиіс. Бұл мүлік пен жер учаскелері субарендаға берілмейді.

  5-бап

      Жалға беру мерзімі біткенде, сондай-ақ осы Келісімнің күші немесе, жалға беру жайымен берілген жекелеген объектілерде жұмыстар уақытынан бұрын тоқтаған жағдайда, Ресей Федерациясы әрі қарай пайдаланылатындай күйде тиісті жер учаскелерін, сондай-ақ олардың амортизациялануын есептей отырып, жалға алған жылжымалы және тұрақты мүлікті Қазақстан Республикасына қайтарады.
      Барлық жағдайларда мүлік пен жер учаскелерін қабылдау-беру Тараптардың өкілетті өкілдерінен құралған бірлескен комиссиямен жүзеге асырылады.
      Техникалық нормаларға сәйкес шығынға жазылуға тиісті жылжымалы және тұрақты мүлікке иелік ету, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқаруға өкілденген мемлекеттік органымен Тараптардың қорғаныс министрліктерінің келісілген ұсыныстары бойынша жүзеге асырылады.

  6-бап

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Полигонда өңдеуден өткен жаңа қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерін, соның ішінде жалдық ақы есебінен, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартта бекітілген тәртіппен алуға басым құқығы бар.

  7-бап

      1. Полигонның Ресей Федерациясына берілген объектілерін пайдалануды қамтамасыз ететін әскери құрамалар Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің құрамына кіреді. Уақытша Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының, оның құрамына кіретін адамдар және олардың отбасы мүшелерінің статусы, сондай-ақ Ресей Федерациясының құқық сақтау органдарының Полигон аумағындағы юрисдикция сұрақтары Тараптардың жеке келісімімен анықталады.
      2. Әскери құрамалардың штаттық құрылымдары мен саны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің келісімі бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігімен бекітіледі.
      3. Полигон орындайтын тапсырмалар көлемі өзгергенде, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Полигондағы өзінің әскери құрамаларының штаттық құрылымдары мен санындағы қажетті өзгертулерді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келіседі.

  8-бап

      Ресей Федерациясына жалға берілген Полигонның қызметі Полигон жөніндегі Ережемен реттеледі және:
      - күрделі құрылыс жоспарларын қоса есептегенде, Полигонды дамыту жоспарлары;
      -  ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарлары;
      - ракеталарды ұшырумен әскерлердің жаттығуларын жүргізудің жылдық жоспарлары мен кестелері негізінде жүзеге асырылады.
      Жылдық жоспарлар мен кестелер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін бекітіледі.

  9-бап

      1. Ресей Федерациясы өзіне берілген Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкін пайдалану кезінде:
      - Полигонның инфрақұрылымын қалпына келтіруді және ұстауды;
      - Тараптардың қару-жарағы мен әскери техникасының үлгілерін сынауды Полигонның белгіленген шекараларында өткізуді;
      - жүргізілетін жұмыстар қауіпсіздігін және ракеталарды Полигон шеңберінде ұшыруды;
      - Полигонның ғылыми-техникалық сынақ кешені мен инфрақұрылымын сақтау мен дамытуды және оларды жұмыс бабында ұстауды;
      - ракеталар мен нысаналар қалдықтарын іздеуді, көшіруді және пайдалануды, ұрыс алаңдарын уақытылы тазалауды;
      - апаттар салдарын уақытылы жоюды және Қазақстан Республикасына келтірілген зиянның орнын толтыруды;
      - Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық және экологиялық қадағалау және басқа да бақылау органдарының өкілдерін Полигонға кедергісіз жіберуге;
      - Полигонның экологиялық жағдайын табиғатты қорғаудың ұзақ мерзімді және жылдық бағдарламасын жасау, бекіту және іске асыру жолымен қалпына келтіруді;
      - нысаналар мен ракеталар құлаған алаңдарды қалпына келтіруді қамтамасыз етуді міндеттенеді.
      2. Полигонның ұрыс алаңынан тыс нысаналар, ұшу аппараттарын ракеталар немесе олардың бөлшектері құлаған жағдайда, Ресей Федерациясы бұл жайында жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасына ресми мәлімет береді. Бұл оқиға жөнінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына тергеу материалдарын беріп, үш күн мерзім ішінде құрылатын тергеу жөніндегі«Тараптардың бірлескен комиссиясы тергеуді жүргізеді.
      3. Полигон басшылығы жергілікті өкімет және басқару органдарымен бірлесе отырып, Полигон аумағы учаскелерін маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарын өткізу кезінде пайдаланудың тәртібін анықтайды және апат салдарын жоюда көмек көрсетеді.
      4. Полигонның ішкі байланыс жүйелерін, автомобиль және темір жолдарын пайдалану, ұстау және жетілдіру осы құралдарды пайдаланатын Полигонның әскери құрамаларымен жүзеге асырылады.
      5. Полигонның аумағын басқа мақсаттарда пайдалану кезінде оның жоспарлы жұмыстарын уақытша тоқтату немесе шектеу Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің бірлескен шешімдері негізінде жүргізіледі.

  10-бап

      Полигонның әуе кеңістігін пайдалану, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшып өту тәртібі мен шарттары, Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңы және нормативті актілерімен анықталады.

  11-бап

      Полигон пайдаланатын жер учаскелерінде адамдар, өсімдік және жан-жануарлар өміріне қауіп төндіретін радиоактивті, ұлы заттар, ядролық және химиялық қару-жарақ, басқадай өнімдерді пайдалануға және көмуге тиым салынады.
      Ресей Федерациясы геологиялық барлауды, пайдалы қазбаларды өңдеуді жүргізбеуге міндеттенеді.
      Полигон аумағында аң аулау, балық аулау мен жабайы өсімдіктерді жинау тек Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес лицензиялық негізде жүзеге асырылады.
      Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының экологиялық нормативтерін, су мен жерді пайдалану ережелерін және нормаларын орындауға міндетті. Полигонның қызметі салдарынан келтірілген экологиялық зиян Ресей Федерациясымен жойылады. Осыған орай, зиянның мөлшері мен өтеу формалары Тараптардың арнайы құрылған мемлекетаралық комиссиясымен анықталады.

  12-бап

      Полигон объектілерінде бір Тарап конверсия тәртібімен бағдарламалар мен жұмыстарды жүргізуі үшін ұйымдар, кәсіпорындарды құрған жағдайда, олардың тізбесі, қызмет жағдайлары, орналастыру тәртібі, қаржыландырылуы, қамтамасыз етілуі Тараптардың Үкіметтерімен келісіледі.

  13-бап

      Полигонның әскери құрамаларын міндетті әскери қызметшілермен жабдықтау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің келісімі бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігімен жүзеге асырылады.

  14-бап

      Полигон аумағында орналасқан әскери құрамалардың, бөлімшелердің және өнеркәсіп кәсіпорындарының құрамына кіретін адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен полигонға іс-сапарға жіберілген адамдардың құқықтық жағдайы мен әлеуметтік қамтамасыздығы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартқа және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының және құрамаларға кіретін адамдардың статусын реттейтін Тараптардың арасындағы басқа да келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

  15-бап

      Полигон аумақтарында орналасқан объектілерді қорғау, оларды пайдаланатын әскери құрамалардың күштерімен жүзеге асырылады.
      Полигон аумағында құқылық тәртіпті қорғау және қылмыспен күресу Полигон басшылығымен өзара әрекеттесе отырып, Қазақстан Республикасының тәртіп сақтау органдарымен жүзеге асырылады.

  16-бап

      Қазақстан Республикасы Полигонды шартты жалға беру жөніндегі Шарттың және осы Келісімнің орындалуына байланысты мәселелерді шешу үшін Полигонға өз өкілдерін жібере алады.

  17-бап

      1. Полигон режимді объект болып табылады. Оның барлауға қарсы қамтамасыз етілуі, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының және оның құрамына кіретін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық пен өзара әрекеттестік туралы Келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Полигон объектілеріндегі режимдік шаралар Полигон басшылығымен Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінде орнатылған тәртіппен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
      2. Тараптардың бақылау органдарының өте маңызды, өте құпия және құпия жұмыстар мен құжаттарға рұқсат етудің іс жүзіндегі формаларын Тараптар өзара мойындайды.
      3. Полигон объектілеріне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері, сондай-ақ Тараптардың өнеркәсіп ұйымдарының өкілдерін жіберу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісілген тәжірибе-конструкторлық, ғылыми-зерттеу жұмыстарының кестесіне, тактикалық жаттығулар жоспарлары және аталған бөлімдер мен ұйымдардың шектелген өтінімдеріне сәйкес, Тараптардың бақылау орындары, немесе Тараптардың әскери бөлімдерінің штабтары, мекемелері және ведомстволарымен берілген рұқсат ету жөніндегі анықтама негізінде жүзеге асырылады.
      4. Полигонға қызмет бабының міндеттерін орындау үшін Қазақстан Республикасының ресми адамдарын жіберу Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі нормативті актілері анықтаған тәртібімен, сондай-ақ Полигон туралы Ережемен анықталады.
      5. Қазақстан Республикасы министрліктері, Ведомстволары мен бақылау орындарының лауазымды адамдары мен делегациялары Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Полигон басшылығы қауіпсіздік органдарының келісімі бойынша қызметтік міндеттерін орындау мақсатында Полигон объектілеріне іс-сапарға жіберіледі.
      6. Аталған категориядағы адамдар үшін Полигон, объектілеріне баруды келісу келу күніне дейін үш күн бұрын жүзеге асырылады.
      7. Полигонда үшінші елдер азаматтарының болуы Тараптардың белгіленген тәртібімен келісіледі.

  18-бап

      Полигонда орындалатын ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, оның мүдделері үшін өткізілетін Тараппен жүзеге асырылады.

  19-бап

      Полигонда орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамаларының қызметі, сондай-ақ Полигонның инфрақұрылымын ұстау мен дамыту Ресей Федерациясымен қаржыландырылады.

  20-бап

      1. Полигон объектілерінде кедендік тексеру Қазақстан Республикасының кеден қызметінің өкілдерімен Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Полигон үшін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралары арқылы жүктерді жіберу Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кедендік заңына сәйкес алынуы кедендік органдарға жүктелген кедендік баж салығын, акциздерді және басқа да салықтарды төлеусіз жүзеге асырылады.
      3. Әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері, өнеркәсіп мамандары Ресей Федерациясынан Полигонға жаңа қызмет немесе жұмыс орнына және кері қарай жіберілгенде, алынуы кедендік органдарға жүктелген кедендік баж салығын, акциздерді және басқа да салықтарды төлеусіз кеден шекаралары арқылы өз жүктерін алып өтеді.
      4. Әскери тасымал тәртібі мен оларға ақы төлеу Тараптардың жеке келісімімен анықталады.

  21-бап

      Полигон аумағында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери құрамаларын қамтамасыз етудің барлық түрлері, соның ішінде сауда-тұрмыстық қамтамасыз ету Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігімен жүзеге асырылады.
      Полигонның қызметшілер мен жұмысшылар қызметтеріне Ресей Федерациясының азаматтарымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары да қабылданады. Осыған орай, оларға, азаматтығына қарамастан Ресей Федерациясының еңбек заңына сәйкесті барлық еңбек ақы төлеу шарттары таратылады.

  22-бап

      Осы Келісімді орындау бойынша Тараптардың қызметін үйлестіру Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартқа сәйкес құрылатын Бірлескен комитетпен жүзеге асырылады. Осыған орай Бірлескен комитет өз өкілдігі шеңберінде пайда болатын даулы мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. Басқа жағдайларда ол Тараптар Үкіметтеріне тиісті ұсыныстар енгізеді.

  23-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша өзгертулер мен толықтырылулар енгізілуі мүмкін.
      Келісім он жыл мерзімге жасалады. Оның күші, егерде бір Тарап екінші Тарапқа әрбір он жылдық мерзімнің бітуіне алты ай қалғанға дейін, оның қызметін тоқтату туралы өз тілегін жазбаша түрде хабарламаса, оның қызметі кейінгі он жылға өзінен-өзі ұзартылады.
      Егерде Тараптар жалға беру шарттары туралы келісілген шешімге келмесе, немесе Тараптар бұл шарттарды орындамаса, осы Келісімнің қызметі тоқтатылады.
      Осы Келісім қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың оның күшіне енуіне қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы мәлімдемесінен кейінгі күні күшіне енеді.
      1995 жылы 20 қаңтарда Мәскеу әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды, сондай-ақ екі текстің күші бірдей.

       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ          РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
              ҮШІН                           ҮШІН

                                  Қазақстан Республикасы мен Ресей
                                     Федерациясы арасындағы Ресей
                                 Федерациясы Қорғаныс министрлігінің
                                   (объектілері мен ұрыс алаңдары
                                  Қазақстан Республикасы аумағында
                                 орналасқан) 4 Мемлекеттік орталық
                                 полигонын пайдалану тәртібі туралы
                                        Келісімге N 1 Қосымша

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ РАКЕТАЛАРДЫҢ БӨЛІНЕТІН
     БӨЛІКТЕРІНІҢ ҚҰЛАУЫ ҮШІН ҰРЫС АЛАҢДАРЫНЫҢ ШЕКАРАЛАРЫ

              Батыс Қазақстан облысының Орда ауданы

            - мына координаталармен шектелген учаске
  е н д і к                              б о й л ы қ

1. 48 град. 47 мин.                    46 град. 41 мин.
2. 48 град. 47 мин.                    46 град. 45 мин.
3. 48 град. 44 мин.                    46 град. 45 мин.
4. 48 град. 38 мин.                    46 град. 45 мин.
5. 48 град. 38 мин.                    46 град. 36 мин.

- мына координаталармен шектелген учаске ендік бойлық

1. 48 град. 46 мин.                    46 град. 48 мин.
2. 48 град. 46 мин.                    47 град. 08 мин.
3. 48 град. 44 мин.                    47 град. 10 мин.
4. 48 град. 37 мин.                    47 град. 10 мин.
5. 48 град. 37 мин.                    46 град. 48 мин.
6. 48 град. 44 мин.                    46 град. 49 мин

   е н д і к                              б о й л ы қ

1. 48 град. 46 мин.                    47 град. 03 мин.
2. 48 град. 48 мин.                    47 град. 13 мин.
3. 48 град. 46 мин.                    47 град. 21 мин.
4. 48 град. 45 мин.                    47 град. 17 мин.
5. 48 град. 43 мин.                    47 град. 13 мин.
6. 48 град. 44 мин.                    47 град. 11 мин.
7. 48 град. 46 мин.                    47 град. 08 мин.

                                   Қазақстан Республикасы мен Ресей
                                     Федерациясы арасындағы Ресей
                                 Федерациясы Қорғаныс министрлігінің
                                   (объектілері мен ұрыс алаңдары
                                  Қазақстан Республикасы аумағында
                                 орналасқан) 4 Мемлекеттік орталық
                                 полигонын пайдалану тәртібі туралы
                                        Келісімге N 2 Қосымша

             Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан
                 полигонның әскери объектілерінің
                            ТIЗБЕСI

N п/п

Бөлім, объект аты

Орналасу орны

1
 
 
 

      2

3

49-шы жеке сынау
станциясы
836 пайдалану - жөндеу
взводы

20-шы жеке сынау станциясы

20-шы жеке инжненерлік-сынау бөлімінің өлшеу пункттері

ИП-8
ИП-16

Приозерск (10 МСП гарнизоны құрамына кіреді)
(Сары-Шаған)
 
  Жаңа Казанка
 
 
 

      Сайхин
Шунгай

      - мына координаталармен шектелген учаске
  е н д і к                           б о й л ы қ

1. 48 град. 44 мин.                 47 град. 49 мин.
2. 48 град. 42 мин.                 48 град. 03 мин.
3. 48 град. 36 мин.                 48 град. 03 мин.
4. 48 град. 36 мин.                 47 град. 48 мин.
5. 48 град. 32 мин.                 47 град. 48 мин.
6. 48 град. 32 мин.                 47 град. 33 мин.
7. 48 град. 40 мин.                 47 град. 33 мин.
8. 48 град. 40 мин.                 47 град. 48 мин.

Батыс Қазақстан облысының Жанғала ауданы мына координаталармен шектелген учаске
   е н д і к                           б о й л ы қ

1. 48 град. 41 мин.                 49 град. 09 мин.
2. 48 град. 32 мин.                 50 град. 12 мин.
3. 48 град. 19 мин.                 50 град. 16 мин.
4. 48 град. 30 мин.                 49 град. 05 мин.

      Ескерту: 11 МСП (Эмба), 10 (Сары-Шаған) жер учаскелері полигондар арасындағы әрекеттестік туралы іс жүзіндегі ережелерге сәйкес пайдаланылады.

О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о порядке использования 4 Государственного центрального полигона (объекты и боевые поля, размещенные на территории Республики Казахстан) Министерства обороны Российской Федерации от 20 января 1995 года

Закон Республики Казахстан от 21 июля 2007 года N 286

      Ратифицировать Протокол о внесении изменений и дополнений в  Соглашение между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о порядке использования 4 Государственного центрального полигона (объекты и боевые поля, размещенные на территории Республики Казахстан) Министерства обороны Российской Федерации от 20 января 1995 года, подписанный в Москве 4 апреля 2006 года.

       Президент
      Республики Казахстан

  ПРОТОКОЛ
о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Республикой
Казахстан и Российской Федерацией о порядке использования 4
Государственного центрального полигона (объекты и боевые поля,
размещенные на территории Республики Казахстан) Министерства
обороны Российской Федерации от 20 января 1995 года

(Официальный сайт МИД РК - вступило в силу 3 августа 2007 г.)

      Республика Казахстан и Российская Федерация, именуемые в дальнейшем Сторонами,
      согласились внести в  Соглашение между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о порядке использования 4 Государственного центрального полигона (объекты и боевые поля, размещенные на территории Республики Казахстан) Министерства обороны Российской Федерации от 20 января 1995 года (далее - Соглашение) следующие изменения и дополнения:
      1) наименование, абзац третий преамбулы и нумерационные заголовки приложений N 1 и 2 к Соглашению после слова "центрального" дополнить словом "межвидового";
      2) в статье 1:
      абзац первый после слова "центрального" дополнить словом "межвидового";
      дополнить статью абзацем следующего содержания:
      "Начальнику Полигона подчинены полигоны Эмба (5580 база обеспечения испытательных работ) и Сары-Шаган.";
      3) статью 3 изложить в следующей редакции:
      "1. Республика Казахстан передает во временное пользование Российской Федерации на условиях аренды земельные участки с расположенными на них объектами движимого и недвижимого имущества Полигона.
      2. Российская Федерация осуществляет оплату использования Полигоном в интересах Российской Федерации земельных участков, в том числе земельных участков с расположенными на них объектами движимого и недвижимого имущества, в период их аренды в соответствии с Договором между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде объектов и боевых полей 4 Государственного центрального полигона Российской Федерации, расположенных на территории Республики Казахстан, от 18 октября 1996 года.";
      4) статью 4 после слова "субаренду" дополнить словами "юридическим и физическим лицам Сторон или третьих государств";
      5) в статье 7:
      в пункте 1 слова "юрисдикции правоохранительных органов Российской Федерации на территории Полигона определяются отдельным Соглашением Сторон" заменить словами "вопросы юрисдикции компетентных органов Российской Федерации на территории Полигона определяются Соглашением между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о статусе воинских формирований Российской Федерации, временно находящихся на территории Республики Казахстан, от 20 января 1995 года и другими соглашениями Сторон";
      пункт 2 статьи дополнить предложением:
      "Назначение начальника Полигона осуществляется Президентом Российской Федерации по согласованию с Президентом Республики Казахстан по представлению Министра обороны Российской Федерации, согласованному с Министром обороны Республики Казахстан.";
      6) в статье 9:
      в пункте 1:
      в абзаце втором слова "восстановление и" исключить;
      абзац десятый после слова "ракет" дополнить словами "(при необходимости в порядке, определяемом по согласованию Сторон)";
      дополнить статью пунктом 6 следующего содержания:
      "6. Допускается использование земельных участков и воздушного пространства Полигона при проведении испытательных работ в интересах 929 Государственного летно-испытательного центра Министерства обороны Российской Федерации на основании годовых планов научно-исследовательских и испытательных работ, предусмотренных статьей 8 настоящего Соглашения.";
      7) абзацы второй и третий статьи 11 изложить в следующей редакции:
      "Ведение земельного кадастра и мониторинга на территории Полигона, контроль за целевым использованием земель осуществляет уполномоченный государственный орган по управлению земельными ресурсами Республики Казахстан в порядке и сроки, согласованные с командованием Полигона.
      Российская Сторона не производит на территории Полигона геологическую разведку и разработку полезных ископаемых и обеспечивает на территории Полигона охоту на животных, рыбную ловлю и сбор дикорастущих растений в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";
      8) в статье 13 слова "срочной службы" заменить словами "по призыву";
      9) в Приложении N 1 к Соглашению слово "Урдинский" заменить словом "Бокейординский";
      10) Приложение N 2 к Соглашению изложить в следующей редакции:

                                 "ПЕРЕЧЕНЬ
   военных объектов 4 Государственного центрального межвидового
   полигона, дислоцирующихся на территории Республики Казахстан

N
п/п

Наименование
подразделения, объекта

Место дислокации

1.

20 отдельная
испытательная станция

Западно-Казахстанская
область, Джангалинский
район, с. Новая Казанка

2.

Измерительные пункты 30
отдельной инженерно-
испытательной части:
 
  ИП-8
 
 

    ИП-16


 
 
 
 

        Западно-Казахстанская
область, Бокейординский
район, с. Сайхин

Западно-Казахстанская
область, Бокейординский
район, с. Шунгай

                                                          "

      Все споры и разногласия между Сторонами, возникающие при толковании и применении положений настоящего Протокола, решаются путем взаимных консультаций и переговоров.
      При возникновении у одной из Сторон вопросов, требующих совместного решения, данная Сторона письменно уведомляет об этом другую Сторону не позднее, чем за 30 дней до начала переговоров.
      Настоящий Протокол вступает в силу с даты получения по дипломатическим каналам последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.
      Настоящий Протокол прекращает свое действие одновременно с прекращением действия Соглашения.
 
        Совершено в городе Москва 4 апреля 2006 года в двух экземплярах, каждый на казахском и русском языках, причем оба текста имеют одинаковую силу.

       За Республику Казахстан                За Российскую Федерацию