"Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 317 Заңы

       1-бап . "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 15, 87-құжат; 2005 ж., N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 
      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
 
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақпарат - кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушылары беретін, қажет болған жағдайда электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын, электрондық және қағаз жеткізгіштердегі кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер;
      2) ақпарат беру туралы шарт- осы Заңда көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен ақпарат беруші арасында жасалатын шарт;
      3) ақпарат беруші - кредиттік бюроға ақпарат беруші жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
      4) ақпарат берушінің кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысу жөніндегі қызметі - ақпарат берушінің осы Заңның талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектілерінен алынған мәліметтерді ресімдеу (өңдеу), сақтау және кредиттік бюроларға беру жөніндегі іс-әрекеттері;
      5) жазбаша ұйғарым - анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау туралы кредиттік бюроға нұсқама;
      6) кредиттік бюро - кредиттік тарихты қалыптастыруды, кредиттік есептер беруді және өзге де қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын коммерциялық ұйым;
      7) кредиттік есеп - кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны;
      8) кредиттік есептерді алу туралы шарт - осы Заңмен көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен кредиттік есептерді алушы арасында жасалатын шарт;
      9) кредиттік есепті алушы - кредиттік есепті алуға құқығы бар тұлға;
      10) кредиттік есепті беру - кредиттік бюроның кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты беру жөніндегі қызметі;
      11) кредиттік тарих - кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат жиынтығы;
      12) кредиттік тарих субъектісі - өздеріне қатысты кредиттік тарих қалыптастырылатын жеке немесе заңды тұлға;
      13) кредиттік тарих субъектісінің келісімі - кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге не өзі туралы кредиттік есепті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделетін басқа тұлғаларға беруге жазбаша рұқсаты;
      14) кредиттік тарихты қалыптастыру - кредиттік бюро осы Заңға сәйкес ақпарат берушілерден алған ақпаратқа қатысты жүзеге асыратын, оны сақтау, құпиялылығын қамтамасыз ету, мониторинг жасау, нақтылау және жаңарту жөніндегі іс-әрекет немесе іс-әрекеттер жиынтығы;
      15) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушылары - кредиттік тарих субъектілері, ақпарат берушілер, кредиттік бюролар, кредиттік есептерді алушылар;
      16) кредиттік тарихтың деректер базасы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ақпараттық жүйелерге және ақпараттық процестерге негізделген кредиттік бюроның ақпараттық ресурстары;
      17) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      18) шартты және ықтимал міндеттемелер - өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер, вексельдер және кепілдемелер.";

      2) 3-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) кредиттік тарихтың деректер базасын қалыптастырудың дұрыстығы мен өзектілігі.";

      3) 4-бапта:
      2-тармақта:
      4) тармақшадағы "кредиттік бюроларға" деген сөздерден кейін ", банктерге, банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар заңды тұлғаларға (бұдан әрі - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар)" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшадағы "(және олардың лауазымды адамдарына)" деген сөздер "және олардың лауазымды адамдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 5-бапта:
      "1-тармақта:
      1) тармақшадағы "1) және 2)" деген сөздер "1), 2) және 3)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы "туралы нормативтік құқықтық актілер қабылдайды." деген сөздер "туралы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) кредиттік бюроның уәкілетті органға ақпараттар мен мәліметтерді ұсыну тәртіптері, мерзімдері және көлемдері туралы нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органмен келісе отырып, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыру, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарих деректері базасының және үй-жайының сақталуына ең төменгі талаптарды белгілеу, сондай-ақ кредиттік бюролардың тізіп көрсетілген талаптарды орындауына бақылау жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.";

      5) 6-бапта:
      тақырыптағы "және олардың құрылтайшылары" деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақ алып тасталсын;

      6) 7-баптың 2-тармағы 5) тармақшадағы "зерттеулер жатады." деген сөздер "зерттеулер;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) кредиттік бюроның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен жасалған шарттарына сәйкес сақтандыру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру мен жүргізу және оларға шарттар талаптарында ақпарат ұсыну жатады.";

      7) 11-бапта:
      1-тармақтағы "анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша ұйғарым" деген сөздер ", банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша ұйғарымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталып, 2) тармақшадағы "тоқтата тұру;" деген сөздер "тоқтата тұру шараларын қолдануға құқылы." деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 13-бапта:
      2) тармақша "бірнеше рет" деген сөздерден кейін "(екі және одан көп)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Соттың кредиттік бюроны лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдауы кредиттік бюроны таратуға әкеп соғады.";

      9) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Кредиттік бюро кредиттік тарих субъектісіне қатысты ол туралы соңғы ақпаратты алған күннен кейін он жыл бойы ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді.";

      10) 15-бапта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кредиттік бюроны қайта ұйымдастыру кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасы қосылу, бірігу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нәтижесінде құрылған құқық мирасқорына не тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге тиіс. Кредиттік бюроны бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасы кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы болған құқық мирасқорына немесе тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге тиіс.";
      мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      "Кредиттік бюроны тарату кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасы басқа кредиттік бюроға өтемді негізде берілуге тиіс.
      Кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасында қамтылған ақпараттың құпиялылығын сақтауға жауаптылықты қайта ұйымдастыру кезінде - кредиттік бюро мен оның құқық мирасқоры, тарату кезінде - сот немесе оның мүлкінің меншік иесі тағайындаған тарату комиссиясы атқарады.
      Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасын иеленуге құқық мирасқорының немесе басқа кредиттік бюроның мүдделілігі болмаған жағдайда, ол жойылуға тиіс.
      Иеленуге ешкім мүдделілік танытпаған қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын кредиттік. бюроның деректер базасын жою бойынша міндет қайта ұйымдастырылған кредиттік бюроның құқық мирасқорына немесе тарату комиссиясына жүктеледі.
      Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын кредиттік бюроның деректер базасын жою үшін уәкілетті органның және ақпараттандыру сапасындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган өкілдерінің қатысуымен арнаулы комиссия құрылады.";

      11) 16-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) ақпарат берушілермен ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттік есептерді алушылармен кредиттік есептерді алу туралы шарттар жасасуға;";
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттік бюродан ақпаратты алуға құқығы бар тұлғаларға кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты жария етпестен, кредиттік тарих субъектісінің келісімінсіз кредиттік бюроның деректер базасында субъектінің кредиттік тарихы бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты ұсынуға;";

      12) 17-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) егер алушыға берілген кредиттік есепте, кредиттік бюро қызметкерлерінің іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан, ақпарат берушілер кредиттік бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтін ақпарат қамтылған жағдайда, кредиттік есепті алушы мен кредиттік тарих субъектісіне аталған сәйкессіздіктер анықталған сәттен бастап бес күн ішінде түзетілген кредиттік есепті беруге міндетті.
      Ақпарат берушінің кредиттік бюро берген кредиттік есептің сәйкес келмеу фактісін растауы қажет болған жағдайда, кредиттік есепті алушы мен кредиттік тарих субъектісіне түзетілген кредиттік есепті ұсыну мерзімін есептеу кредиттік бюро берушіден тиісті ақпаратты алған сәттен бастап жүзеге асырылады;";
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) барлық ақпарат берушілер мен қызметінің негізгі түрі бойынша топты құрайтын кредиттік есептерді алушылардың теңдігін қамтамасыз етуге;";
      11) тармақшада:
      "шартта" деген сөз "шарттарда" деген сөзбен ауыстырылсын; "ақпарат беру" деген сөздер "ақпарат беру туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 18-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;";
      4) тармақшадағы "және (немесе) кредиттік есептерді алу" деген сөздер алып тасталсын;

      14) 19-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасында:
      "шартқа" деген сөз "шарттарға" деген сөзбен ауыстырылсын; "ақпарат беру" деген сөздер "ақпарат беру туралы" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта:
      2) тармақшадағы "және (немесе) кредиттік есептерді алу" деген сөздер алып тасталсын;
      3) тармақшада:
      "шарттарда" деген сөз "шартта" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "және (немесе) кредиттік есептерді алу" деген сөздер алып тасталсын;
      7) тармақшадағы "қамтамасыз етуге міндетті." деген сөздер "қамтамасыз етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) ақпарат беру туралы шартта белгіленген тәртіпте және мерзімде кредиттік тарих субъектісіне қатысты деректердің кез келген өзгерістері туралы кредиттік бюроға хабарлауға міндетті.";
      3-тармақтың 2) тармақшасында:
      "ақылы негізде" деген сөздер "тегін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "егер шартта өзгеше көзделмесе," деген сөздер алып тасталсын;

      15) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 
      "20-бап. Кредиттік есептерді алушылар
 
      1. Мыналар:
      банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
      жүйелендірілген белгілерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тауарларды және көрсетілетін қызметтерді кредитке еткізетін не төлемдердің мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
      3) ақпаратты ұсыну шарттары негізінде өзге де тұлғалар;
      4) кредиттік тарих субъектісі кредиттік есептерді алушылар болып табылады.
      Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар тек өздері туралы кредиттік есеп алуға құқылы.
      Кредиттік есептерді осы тармақта көрсетілмеген тұлғаларға беруге жол берілмейді.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кредиттік есептерді алу туралы шарт жасасқаннан кейін кредиттік есептерді алушылар ретінде кредиттік бюрода тіркелуге тиіс.";

      16) 21-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Кредиттік тарих субъектісі, осы Заңның 17-бабының 4) тармақшасында көзделген, субъектіге түзетілген кредиттік есеп берілетін жағдайды қоспағанда, өзі туралы кредиттік есепті күнтізбелік жыл ішінде бір рет тегін алуға құқылы.";
      3-тармақтағы "1) және 2) тармақшаларында" деген сөздер "1), 2) және 3) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 23-баптың 3-тармағындағы "кредиттік бюромен" деген сөздер "кредиттік бюролармен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 24-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "кредит деп" деген сөздерден кейін "банктік" деген сөзбен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      "немесе жеке кәсіпкер" деген сөздер алып тасталсын;
      "тұрғылықты жері," деген сөздерден кейін "заңдық мекен-жайы," деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; 5-тармақта:
      1) тармақшадағы "тұрғылықты жері," деген сөздерден кейін" заңдық мекен-жайы," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшадағы мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; 6-тармақтағы "және (немесе) кредиттік есепті алу" деген сөздер алып тасталсын;

      19) 26-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөніндегі келісім болған кезде, кредиттік бюро шет мемлекеттердің кредиттік бюроларына субъектінің кредиттік тарихы бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат беруге және олардан ақпарат алуға құқылы.";

      20) 27-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындау мақсатында кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру құқығына уәкілетті орган лицензия берген және (немесе), егер ақпарат берушінің қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, ол лицензияны алған күннен бастап күнтізбелік 180 күн ішінде барлық кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарттар жасасуға міндетті.";
      2-тармақта:
      бірінші бөлігіндегі "және (немесе) кредиттік есептерді алу" деген сөздер алып тасталсын;
      1) тармақшадағы "тұрғылықты жері немесе орналасқан жері" деген сөздер "тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы немесе орналасқан жері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "және (немесе) кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімін алу" деген сөздер алып тасталсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) ақпарат берушінің кредиттік бюроға жіберілетін барлық ақпаратқа қатысты құпиялылық режимін сақтауы туралы міндеттемесі;";
      8) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Кредиттік есептерді алу туралы шартта мынадай талаптар:
      1) жеке тұлғаның деректері немесе тараптардың толық атауы, олардың тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы немесе орналасқан жері, банк деректемелері туралы ақпарат;
      2) шарттың қолданылу мерзімі, оны өзгерту, тоқтату және біржақты тәртіппен бұзу негіздері мен тәртібі, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері;
      3) кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімін міндетті түрде алу;
      4) кредиттік есептерде қамтылған ақпараттың көлемі және кредиттік есептерді алу тәртібі;
      5) кредиттік есептерді алушының кредиттік есептерде қамтылған ақпаратты таратпау туралы міндеттемесі;
      6) кредиттік есепті алушының берілетін ақпаратты тек осы Заңмен көзделген мақсаттарға сәйкес пайдалануы туралы міндеттемесі;
      7) тараптардың жауапкершілігі қамтылуға тиіс.
      4. Уәкілетті органның кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесі қатысушыларының қызметін қамтамасыз етуге қоятын талаптарына ақпарат берушінің сәйкес келуін растайтын құжаттың болуы ақпарат беру туралы шартты жасасудың міндетті талабы болып табылады.";

      21) 28-баптың бірінші бөлігінде "1) және 2) тармақшаларында" деген сөздер "1), 2) және 3) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 29-бап мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
      "3.1. Кредиттік тарих субъектілерінің өздері жөніндегі кредиттік есепті қағаз жеткізгіште беру туралы келісімін кредиттік есептерді алушылар кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиіс.";

      23) 30-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Кредиттік бюро ақпарат берушілердің кредиттік бюроға ақпарат бергендері үшін ақы алмайды.";

      24) 31-бапта:
      1-тармақта:
      ресми тілдегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      "тұрғылықты жері" деген сөздерден кейін ", заңдық мекен-жайы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      "кредиттік бюроға дұрыс ақпаратты беруге міндетті" деген сөздер "жіберілген бұрмалауды анықтаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұрмалауды анықтаған күнге ақпарат берушіде бар ақпаратты кредиттік бюроға беруге міндетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "шыққан шығындарды өтей отырып," деген сөздер алып тасталсын.

       2-бап . Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О кредитных бюро и формировании кредитных историй в Республике Казахстан"

Закон Республики Казахстан от 27 июля 2007 года N 317

       Статья 1 . Внести в  Закон Республики Казахстан от 6 июля 2004 г. "О кредитных бюро и формировании кредитных историй в Республике Казахстан" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2004 г., N 15, ст. 87; 2005 г., N 23, ст. 104; 2006 г., N 3, ст. 22; 2007 г., N 2, ст. 18; N 3, ст. 20) следующие изменения и дополнения:
      1) статью 1 изложить в следующей редакции:
      "Статья 1. Основные понятия, используемые в настоящем Законе В настоящем Законе используются следующие основные понятия:
      1) информация - сведения в отношении субъектов кредитных историй на электронном и бумажном носителях, передаваемые участниками системы формирования кредитных историй и их использования, при необходимости удостоверяемые электронной цифровой подписью;
      2) договор о предоставлении информации - договор, заключаемый между кредитным бюро и поставщиком информации на условиях и в порядке, предусмотренных настоящим Законом;
      3) поставщик информации - индивидуальный предприниматель или юридическое лицо, предоставляющие информацию в кредитное бюро;
      4) деятельность поставщика информации по участию в создании и защите базы данных кредитных историй - действия поставщика информации по оформлению (обработке), хранению и передаче в кредитные бюро сведений, полученных от субъектов кредитных историй в соответствии с требованиями настоящего Закона;
      5) письменное предписание - указание кредитному бюро о принятии обязательных к исполнению коррективных мер, направленных на устранение выявленных недостатков в установленный срок;
      6) кредитное бюро - коммерческая организация, осуществляющая формирование кредитных историй, предоставление кредитных отчетов и оказание иных услуг;
      7) кредитный отчет - форма полной или частичной выдачи информации, содержащейся в кредитной истории;
      8) договор о получении кредитных отчетов - договор, заключаемый между кредитным бюро и получателем кредитных отчетов на условиях и в порядке, предусмотренных настоящим Законом;
      9) получатель кредитного отчета - лицо, имеющее право на получение кредитного отчета;
      10) предоставление кредитного отчета - деятельность кредитного бюро по выдаче информации, содержащейся в кредитной истории;
      11) кредитная история - совокупность информации о субъекте кредитной истории;
      12) субъект кредитной истории - физическое или юридическое лицо, в отношении которого формируется кредитная история;
      13) согласие субъекта кредитной истории - письменное разрешение субъекта кредитной истории на предоставление информации о нем в o кредитные бюро либо выдачу кредитного отчета о нем другим лицам, оформляемое в соответствии с требованиями, установленными законодательством Республики Казахстан;
      14) формирование кредитных историй - действие или совокупность действий, осуществляемых кредитным бюро в отношении информации, полученной им от поставщиков информации в соответствии с настоящим Законом, по ее хранению, обеспечению конфиденциальности, мониторингу, уточнению и обновлению;
      15) участники системы формирования кредитных историй и их использования - субъекты кредитных историй, поставщики информации, кредитные бюро, получатели кредитных отчетов;
      16) база данных кредитных историй - информационные ресурсы кредитного бюро, основанные на информационных системах и информационных процессах, соответствующих требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан;
      17) уполномоченный орган - государственный орган, осуществляющий регулирование и надзор финансового рынка и финансовых организаций;
      18) условные и возможные обязательства - непокрытые аккредитивы, выпущенные или подтвержденные гарантии, векселя и поручительства.";
      2) статью 3 дополнить подпунктом 7) следующего содержания:
      "7) достоверность и актуальность формирования базы данных кредитных историй.";
      3) в статье 4:
      в пункте 2:
      в подпункте 4) после слов "кредитным бюро" дополнить словами ", банкам, юридическим лицам, имеющим лицензию на проведение банковских заемных операций (далее - организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций),";
      в подпункте 5) слова "(и их должностных лиц)" заменить словами "и их должностных лиц";
      4) в статье 5:
      в пункте 1:
      в подпункте 1) слова "подпунктах 1) и 2)" заменить словами "подпунктах 1), 2) и 3)";
      дополнить подпунктом 5) следующего содержания:
      "5) о порядке, сроках и объемах предоставления кредитными бюро информации и сведений в уполномоченный орган.";
      в пункте 2:
      после слов "по вопросам" дополнить словом "организации";
      после слов "их использования," дополнить словами "формирования системы безопасности,";
      слова "помещениям, электронному и иному оборудованию, их сертификации, информационным ресурсам, информационным системам, организации защиты и сохранности базы данных кредитных историй" заменить словами "их электронному оборудованию, сохранности базы данных кредитных историй и помещениям";
      5) в статье 6:
      в заголовке слова "и их учредители" исключить;
      пункт 2 исключить;
      6) пункт 2 статьи 7 дополнить подпунктом 6) следующего содержания:
      "6) формирование и ведение базы данных по страхованию в соответствии с договорами кредитного бюро со страховыми (перестраховочными) организациями и предоставление им информации на условиях договоров.";
      7) в статье 11:
      в пункте 1 слова "письменное предписание" заменить словами ", банку, организации, осуществляющей отдельные виды банковских операций, письменные предписания";
      подпункт 3) пункта 2 исключить;
      8) в статье 13:
      подпункт 2) после слова "неоднократное" дополнить словами "(два и более раза)";
      дополнить частью второй следующего содержания:
      "Принятие судом решения о лишении лицензии кредитного бюро влечет ликвидацию кредитного бюро.";
      9) пункт 2 статьи 14 изложить в следующей редакции:
      "2. Кредитное бюро обеспечивает хранение информации в отношении субъекта кредитной истории в течение десяти лет после даты получения последней информации о нем.";
      10) в статье 15:
      часть вторую изложить в следующей редакции:
      "При реорганизации кредитного бюро база данных кредитных историй данного кредитного бюро подлежит передаче правопреемнику, образованному в результате слияния, присоединения, выделения или преобразования, либо другому кредитному бюро по соглашению сторон. При реорганизации кредитного бюро в форме разделения база данных кредитных историй данного кредитного бюро подлежит передаче правопреемнику при наличии у него лицензии на право осуществления деятельности кредитного бюро или другому кредитному бюро по соглашению сторон.";
      дополнить частями следующего содержания:
      "При ликвидации кредитного бюро база данных кредитных историй данного кредитного бюро подлежит передаче другому кредитному бюро на возмездной основе.
      Ответственность за сохранение конфиденциальности информации, содержащейся в базе данных кредитных историй кредитного бюро, несет при реорганизации - кредитное бюро и его правопреемник, при ликвидации - назначенная судом или собственником имущества ликвидационная комиссия.
      В случае отсутствия заинтересованности правопреемника или других кредитных бюро в приобретении базы данных кредитных историй реорганизуемого или ликвидируемого кредитного бюро она подлежит уничтожению.
      Обязанность по уничтожению базы данных реорганизуемого или ликвидируемого кредитного бюро, в приобретении которой никто не заинтересован, возлагается на правопреемника реорганизованного кредитного бюро или ликвидационную комиссию.
      Для уничтожения базы данных реорганизуемого или ликвидируемого кредитного бюро создается специальная комиссия с участием представителей уполномоченного органа и государственного уполномоченного органа, осуществляющего реализацию государственной политики и государственное регулирование в сфере информатизации.";
      11) в статье 16:
      подпункт 1) изложить в следующей редакции:
      "1) заключать договоры о предоставлении информации с поставщиками информации и (или) о получении кредитных отчетов с получателями кредитных отчетов;";
      дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:
      "3-1) предоставлять без согласия субъекта кредитной истории информацию о наличии или отсутствии кредитной истории субъекта в базе данных кредитного бюро без раскрытия информации, содержащейся в кредитной истории, лицам, имеющим право на получение информации из кредитного бюро в соответствии с законодательством Республики Казахстан;";
      12) в статье 17:
      подпункт 4) изложить в следующей редакции:
      "4) предоставлять получателю кредитного отчета и субъекту кредитной истории исправленный кредитный отчет в случае, если предоставленный получателю кредитный отчет вследствие действия или бездействия сотрудников кредитного бюро содержал информацию, не соответствующую информации, предоставленной в кредитное бюро поставщиками информации, в течение пяти дней с момента обнаружения указанного несоответствия.
      В случае необходимости подтверждения поставщиком информации факта несоответствия выданного кредитным бюро кредитного отчета исчисление срока предоставления получателю кредитного отчета и субъекту кредитной истории исправленного кредитного отчета осуществляется с момента получения кредитным бюро соответствующей информации от поставщика;";
      подпункт 10) изложить в следующей редакции:
      "10) обеспечивать равенство всех поставщиков информации и получателей кредитных отчетов, составляющих группу по основному виду деятельности;";
      в подпункте 11):
      слово "договором" заменить словом "договорами";
      слово "получении" заменить словами "о получении";
      13) в пункте 1 статьи 18:
      подпункт 1) изложить в следующей редакции:
      "1) банки и организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций;";
      в подпункте 4) слова "и (или) получении кредитных отчетов" исключить;
      14)в статье 19:
      в подпункте 2) пункта 1:
      слово "договором" заменить словом "договорами";
      слово "получении" заменить словами "о получении";
      в пункте 2:
      в подпункте 2) слова "и (или) получении кредитных отчетов" исключить;
      в подпункте 3):
      слово "договорами" заменить словом "договором";
      слова "и (или) получении кредитных отчетов" исключить;
      дополнить подпунктом 8) следующего содержания:
      "8) информировать кредитное бюро о любых изменениях данных в отношении субъекта кредитной истории в порядке и сроки, определенные договором о предоставлении информации.";
      в подпункте 2)пункта 3:
      слово "платной" заменить словом "бесплатной";
      слова ", если иное не предусмотрено договором" исключить;
      15) статью 20 изложить в следующей редакции:
      "Статья 20. Получатели кредитных отчетов
      1. Получателями кредитных отчетов являются:
      1) банки и организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций;
      2) индивидуальный предприниматель или юридическое лицо, реализующие товары и услуги в кредит либо предоставляющие отсрочки платежей, систематизированные признаки которых определяются Правительством Республики Казахстан;
      3) иные лица на основании договоров о предоставлении информации;
      4) субъект кредитной истории.
      Получатели кредитного отчета, указанные в подпункте 4) настоящего пункта, вправе получать кредитный отчет только о себе.
      Не допускается предоставление кредитных отчетов лицам, не указанным в настоящем пункте.
      2. Лица, указанные в подпунктах 1), 2) и 3) пункта 1 настоящей статьи, после заключения договора о получении кредитных отчетов должны зарегистрироваться в кредитном бюро в качестве получателей кредитных отчетов.";
      16) в статье 21:
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      "2. Субъект кредитной истории вправе получить один раз в течение календарного года кредитный отчет о себе бесплатно, за исключением случая, предусмотренного подпунктом 4) статьи 17 настоящего Закона, когда субъекту предоставляется исправленный кредитный отчет.";
      в пункте 3 слова "подпунктах 1) и 2)" заменить словами "подпунктах 1), 2) и 3)";
      17) в пункте 3 статьи 23 слова "заключаемых с ним" заменить словами "заключаемых с ними";
      18) в статье 24:
      часть вторую пункта 1 после слова "понимаются" дополнить словом "банковские";
      в пункте 3:
      слова "или индивидуальном предпринимателе" исключить;
      слово "местожительство," заменить словами "место жительства, юридический адрес,";
      в пункте 4 слово "местонахождение" заменить словами "место нахождения";
      в пункте 5:
      в подпункте 1) слово "местожительство," заменить словами "место жительства, юридический адрес,";
      в подпункте 2) слово "местонахождение" заменить словами "место нахождения";
      в пункте 6 слова "и (или) получении кредитного отчета" исключить;
      19) статью 26 дополнить пунктом 4 следующего содержания:
      "4. Кредитное бюро вправе предоставлять в кредитные бюро иностранных государств и получать от них информацию о наличии или отсутствии кредитной истории субъекта при наличии соглашения об обмене информацией между уполномоченным органом и соответствующим надзорным органом иностранного государства.";
      20) в статье 27:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. В целях выполнения своих обязательств по предоставлению информации поставщики информации, указанные в подпунктах 1) и 2) пункта 1 статьи 18 настоящего Закона, обязаны заключить со всеми кредитными бюро договоры о предоставлении информации в течение 180 календарных дней со дня выдачи уполномоченным органом лицензии на право осуществления деятельности кредитного бюро и (или) получения лицензии поставщиком информации, если лицензирование его деятельности предусмотрено законодательством Республики Казахстан.";
      в пункте 2:
      в части первой слова "и (или) получении кредитных отчетов" исключить;
      в подпункте 1) слова "местожительстве или местонахождении" заменить словами "месте жительства, юридическом адресе или месте нахождения";
      в подпункте 3) слова "и (или) получение согласия субъекта кредитной истории на выдачу кредитного отчета о нем получателю кредитного отчета" исключить;
      подпункт 7) изложить в следующей редакции:
      "7) обязательство поставщика информации о соблюдении режима конфиденциальности в отношении всей информации, направляемой в кредитное бюро;";
      подпункт 8) исключить;
      дополнить пунктами 3 и 4 следующего содержания:
      "3. Договор о получении кредитных отчетов должен содержать следующие условия:
      1) данные физического лица или полное наименование сторон, информацию об их месте жительства, юридическом адресе или месте нахождения, банковских реквизитах;
      2) срок действия договора, основания и порядок его изменения, прекращения и расторжения в одностороннем порядке, а также размеры штрафов за нарушение обязательств по договору;
      3) обязательное получение согласия субъекта кредитной истории на выдачу кредитного отчета о нем получателю кредитного отчета;
      4) объем информации, содержащейся в кредитных отчетах, и порядок получения кредитных отчетов;
      5) обязательство получателя кредитных отчетов о нераспространении информации, содержащейся в кредитном отчете;
      6) обязательство получателя кредитного отчета об использовании предоставляемой информации только в соответствии с целями, предусмотренными в настоящем Законе;
      7) ответственность сторон.
      4. Обязательным условием заключения договора о предоставлении информации является наличие документа, подтверждающего соответствие поставщика информации условиям, предъявляемым уполномоченным органом к обеспечению деятельности участников системы формирования кредитных историй.";
      21) в части первой статьи 28 слова "подпунктах 1) и 2)" заменить словами "подпунктах 1), 2) и 3)";
      22) статью 29 дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:
      "3-1. Согласие субъектов кредитной истории о выдаче кредитного отчета о них на бумажном носителе должно храниться получателями кредитных отчетов не менее десяти лет с даты получения согласия субъекта кредитной истории.";
      23) статью 30 дополнить частью второй следующего содержания:
      "За предоставление в кредитное бюро информации поставщиками информации кредитным бюро плата не взимается.";
      24)в статье 31:
      в пункте 1:
      слово "оспариваний" заменить словом "оспаривании";
      слово "местожительство" заменить словами "место жительства, юридический адрес";
      слово "местонахождении" заменить словами "месте нахождения";
      в пункте 3:
      слова "обязан предоставить достоверную информацию в кредитное бюро" заменить словами "обязан в течение десяти рабочих дней со дня обнаружения допущенного искажения предоставить в кредитное бюро информацию, имеющуюся у поставщика информации на дату обнаружения искажения";
      слова "с возмещением им понесенных затрат" исключить.

       Статья 2 . Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его официального опубликования.

       Президент
Республики Казахстан