ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 31-баптан қараңыз.
Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.
Осы Заң сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ олармен байланысты қатынастарды реттейді.
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім;
2) аккредиттеу аттестаты - аккредиттеу жөніндегі орган беретін, аккредиттеу субъектілерінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін куәландыратын құжат;
2-1) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу – аккредиттеу субъектісі өзі сәйкестігіне аккредиттелген аккредиттеу критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайда, аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған себептер жойылғанға дейін аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы аккредиттеу жөніндегі органның шешімі;
3) аккредиттеу белгісі - аккредиттеу жөніндегі органның аккредиттеу субъектісіне оның аккредиттеу рәсімінен өткені туралы үшінші тұлғаларға ақпарат беру үшін берілетін белгі;
3-1) Аккредиттеу жөніндегі кеңес – аккредиттеу жүйесін стратегиялық дамыту, аккредиттеу саласында ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган;
4) аккредиттеу жөніндегі орган – аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарға мүше болып табылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
4-1) аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар – аккредиттеу жөніндегі орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар;
5) аккредиттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы жұмысты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;
6) аккредиттеу критерийлері - өтініш беруші өзінің аккредиттелуі үшін және аккредиттеу субъектісі қанағаттандыруы тиіс талаптар жиынтығы;
7) аккредиттеу материалдарын жаңарту - аккредиттеу субъектісінің құжаттарына аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге әкеп соқпайтын өзгерістер енгізу;
8) аккредиттеу саласы - аккредиттеу қолданылатын, сәйкестікті бағалаудың ресми танылған объектілері;
9) аккредиттеу саласын кеңейту - аккредиттеу субъектісінің сәйкестікті бағалау объектілері тізбесін ұлғайту процесі;
10) аккредиттеу саласын қысқарту - аккредиттеу субъектісінің сәйкестікті бағалау объектілері тізбесін азайту процесі;
11) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
12) аккредиттеу субъектілерінің тізілімі - аккредиттеу субъектілерін есепке алудың бірыңғай жүйесі;
13) аккредиттеу субъектісі – осы Заңда белгіленген тәртіппен аккредиттеуден өткен, сәйкестікті бағалау жөніндегі орган;
13-1) аккредиттеу субъектісінің қызметін мониторингтеу – осы Заңға сәйкес аккредиттеу жөніндегі орган жүзеге асыратын, аккредиттеу субъектілерінің қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан жинау, өңдеу, талдау және пайдалану жөніндегі шаралар жиынтығы;
13-2) аккредиттеу схемасы – бірдей талаптар қолданылатын, сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеуге қатысты қағидалар мен процестер;
13-3) бағалау – стандарттау жөніндегі құжаттар негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушінің (аккредиттеу субъектісінің) құзыреттілігін айқындау мақсатында аккредиттеу жөніндегі орган жүзеге асыратын процесс;
13-4) бағалау техникасы – аккредиттеу жөніндегі орган стандарттау жөніндегі құжаттарға, оның ішінде аккредиттеу жөніндегі орган мүшесі болып табылатын аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың стандарттау жөніндегі құжаттарына сәйкес бағалау жүргізу үшін пайдаланатын әдіс;
14) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.14-1) калибрлеу зертханасы (орталығы) – өлшем құралдарын калибрлеуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;
15) куәгерлік бағалау – аккредиттеу жөніндегі органның өз аккредиттеу саласы шегінде сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті орындайтын сәйкестікті бағалау жөніндегі органды байқауы;
15-1) қайта аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі органның өтініш берушінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін ресми тануының кезекті рәсімі;
15-2) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.16) өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар - өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге аккредиттелген заңды тұлғалар;
17) өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салғастыру - өлшем құралдарының зерттеу нәтижелерін, метрологиялық сипаттамаларын салыстыру;
18) өтініш беруші - аккредиттеуге өтінім берген заңды тұлға;
19) салыстырма сынақтары - бірдей немесе ұқсас сынақ объектілерінде екі немесе одан көп зертхананың (орталықтың) сынақтар жүргізуі және олардың нәтижелерін бағалауы;
20) салыстырып тексеру зертханасы (орталығы) - өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;
21) сәйкестікті бағалау – сәйкестікті бағалау объектісіне қойылатын талаптардың сақталуын тікелей немесе жанама айқындау;
21-1) сәйкестікті бағалау жөніндегі орган – сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
22) сәйкестікті бағалау объектілері – техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда айқындалған, сәйкестікті растауға, зерттеуге, сынауға, өлшеуге, салыстырып тексеруге, калибрлеуге, аттестаттауға және бағалаудың өзге де түрлеріне жататын объектілер;
23) сәйкестікті растау жөніндегі органдар - өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің, менеджмент жүйелерінің не персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
23-1) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар – уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар;
24) сынақ зертханасы (орталығы) - зерттеулерді, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;
25) техникалық сарапшы - сәйкестігі бағаланатын объектіге қатысты арнаулы білімі немесе тәжірибесі бар жеке тұлға;
26) уәкілетті орган - техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері
1. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары:
1) өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
2) отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
3) сәйкестікті бағалаудың сапасы мен дәйектілігін арттыру;
4) саудадағы техникалық кедергілерді жою;
5) отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуына және Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін халықаралық ұйымдардың және шет елдердің тануына жағдайлар туғызу болып табылады.
2. Аккредиттеу принциптері:
1) еріктілік;
2) аккредиттеу рәсімдері, критерийлері туралы ақпаратқа қолжетімділік;
3) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі қызметтің ашықтығы;
4) кемсітушілікке жол бермеу;
5) құзыреттілік;
6) аккредиттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;
7) тәуелсіздік;
8) аккредиттеу жөніндегі қызметті сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметпен қоса атқаруға жол бермеу;
9) аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде халықаралық (өңірлік) ұйымдардың стандарттарын пайдалану басымдығы болып табылады.
Аккредиттеу жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) аккредиттеу жөніндегі орган;
4) аккредиттеу субъектілері;
5) аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшылар кіреді.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
1-1) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;1-2) аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді;
1-3) Аккредиттеу жөніндегі кеңесті құрады, оның құрамын және ол туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
2) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
4) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7-бап. Аккредиттеу жөніндегі орган
1. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1-1. Аккредиттеу жөніндегі орган мынадай талаптарға сәйкес келуге:
1) штатында әрбір қызмет бағытында аккредиттеу жөніндегі кемінде екі сарапшы-аудитордың болуы;
2) аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың мүшесі болуы;
3) аккредиттеу субъектілерімен үлестес тұлға болмауы тиіс.
2. Аккредиттеу жөніндегі орган:
1) мыналарға:
аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды, техникалық сарапшыларды және арнайы білімі бар басқа да адамдарды аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргізуге қатысу үшін тартуға;
аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысуға;
өлшем құралдарының салыстырма сынақтарын және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруды ұйымдастыруға;
бағалау техникаларын қолдану тәртібін, өлшемшарттары мен талаптарын айқындауға;
жоспарлы және жоспардан тыс бағалауды жүргізуге;
аккредиттеу субъектілерінің қызметіне аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан мониторинг жүргізуге;
аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттауды жүргізуге құқылы;
2) мыналарға:
аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалардың, аккредиттеу белгісінің нысандарын белгілеуге;
осы Заңда белгіленген тәртіпті сақтай отырып, аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;
аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде белгілі болған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің жария болуына жол бермеуге;
аккредиттеу субъектілерінің тізілімін жүргізуге;
интернет-ресурсты жүргізуге және қолдап отыруға, онда аккредиттеу субъектілерінің тізілімін ресми жариялауға, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді орналастыруға;
аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған немесе аккредиттеуден кейінгі шарт тоқтатылған жағдайда бұл туралы уәкілетті органды үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етуге;
аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын жаңарту туралы өтінімдерді қарауға;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде шағымдар мен апелляцияларды қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға және қабылданған шешімдер туралы ақпаратты он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде интернет-ресурста орналастыруға;
осы Заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға, қайтаруға және аккредиттеу аттестатының күшін жою туралы өтінішпен сотқа жүгінуге;
жоспарлы және жоспардан тыс бағалаудың, сондай-ақ аккредиттеу субъектісінің қызметін мониторингтеу нәтижелерін тоқсан сайын уәкілетті органға беруге;
аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне мәліметтер енгізу арқылы аккредиттеу аттестатын тоқтата тұруға, одан айыруға қатысты сот, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген қаулының орындалуын қамтамасыз етуге;
аккредиттеу жөніндегі органның қызметін регламенттейтін халықаралық нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес келуге;
аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы жалпы өлшемшарттар мен қағидаларды белгілейтін мамандандырылған халықаралық ұйымдардың құжаттарын ендіруді және қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.
3. Аккредиттеу материалдарын қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін аккредиттеу жөніндегі орган басшысы аккредиттеу материалдарын қарау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
Комиссияның сандық құрамы тақ болуға, үш адамнан кем болмауға және кемінде аккредиттеу жөніндегі бір сарапшы-аудиторды қамтуға тиіс.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР-ның 2009.07.10. N 178-IV, 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7-1-бап. Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингтеу
1. Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингтеу аккредиттеу субъектілері көрсеткен аккредиттеу саласындағы жұмыстардың, қызметтердің және процестердің нәтижелерін аккредиттеу жөніндегі органның байқауы арқылы жүзеге асырылады.
2. Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингтеу нәтижелері бойынша аккредиттеу өлшемшарттарын бұзушылық анықталған жағдайда осы Заңға сәйкес шаралар қолданылады.
3. Аккредиттеу субъектілерінің қызметін мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 7-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.8-бап. Өтініш берушілер мен аккредиттеу субъектілері
Ескерту. 8-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Аккредиттеу субъектілерінің сәйкестікті бағалау нәтижелері Қазақстан Республикасының барлық аумағында танылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар, олардың филиалдары мен өкілдіктері олардың қызмет нәтижелерін тану үшін осы Заңға сәйкес аккредиттеуге жатады.
3-1. Өтініш беруші:
1) зерттеп-қарау нәтижелері бойынша тұрған жерінде аккредиттеу жөніндегі органға негізделген себептерді көрсете отырып, сәйкессіздіктерді жою мерзімдерін ұзарту, бірақ отыз жұмыс күнінен асырмай ұзарту туралы жүгінуге;
2) аккредиттеу жөніндегі органның шешімдеріне апелляция жөніндегі комиссияға апелляциялар беруге құқылы.
3-2. Өтініш беруші:
1) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында, стандарттау жөніндегі құжаттарда, сондай-ақ аккредиттеу сұратылатын немесе берілетін, аккредиттеу жөніндегі орган мүшесі болып табылатын аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың құжаттарында белгіленген аккредиттеуге қойылатын талаптарды сақтауға және орындауға;
2) тұрған жерінде зерттеп-қарау жүргізу кезінде аккредиттеу жөніндегі органға үй-жайға (үй-жайларға) кіруді, жабдыққа және ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
3) мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес куәгерлік бағалауды ұйымдастыруға міндетті.
4. Аккредиттеу субъектілері:
1) аккредиттеу белгісін пайдалануға;
2) аккредиттеу жөніндегі органға аккредиттеу саласын кеңейту немесе қысқарту, қайта аккредиттеу, ерікті түрде кері қайтарып алу, кері қайтарып алынған аккредиттеу аттестатының қолданысын қайта бастау және аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтату туралы өтінішпен жүгінуге;
3) апелляция жөніндегі комиссияға аккредиттеу жөніндегі органның шешімдеріне апелляциялар беруге құқылы;
4) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5. Аккредиттеу субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын және оларға өздерінің сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға;
2) аккредиттеу саласы шегінде жұмыстарды жүзеге асыруға;
3) аккредиттеу саласы шегінде аккредиттеу аттестатына сілтеме жасауға;
4) бекітілген аккредиттеу саласындағы қызметінің тоқтатылғаны немесе алдағы уақытта таратылатыны туралы аккредиттеу жөніндегі органға хабарлауға;
5) анықталған аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді аккредиттеу жөніндегі органның шешімімен белгіленген мерзім ішінде жоюға;
6) аккредиттеу жөніндегі органның жоспарлы (жоспардан тыс) бағалау жүргізуін және сол жерде зерттеп-қарауын қамтамасыз етуге;
6-1) үй-жайға (үй-жайларға) кіруді, жабдыққа, ақпаратқа қол жеткізуді, оның ішінде персоналдың болуын қамтамасыз етуге;
6-2) куәгерлік бағалау жүргізуді қамтамасыз етуге және бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнына ақы төлеуді жүргізуге;
7) өлшем құралдарының салыстырмалы сынақтарына және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруға қатысуға;
8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған жағдайда аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылғаны туралы шешімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатын қайтаруға;
9) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған, ол жойылған, тоқтатыла тұрған не одан айырылған жағдайда аккредиттеуге сілтеме жасауды тоқтатуға;
10) аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған жағдайда, уақытша жарамсыз деп танылған аккредиттеу аттестатына немесе аккредиттеу саласына сілтеме жасауды тоқтатуға;
10-1) аккредиттеу үшін қажетті ақпаратқа, құжаттарға, есептерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
6. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес алып қоюға жататын өнімге сәйкестікті бағалау туралы құжат берген аккредиттеу субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.9-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар
1. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз болуға тиіс.
2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың филиалдары заңды тұлғаның өтінімі бойынша осы Заңға сәйкес аккредиттеледі.
Сәйкестікті растау жөніндегі органдар филиалдарының аккредиттеу саласы бөлек бекітіледі.
3. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың сәйкестікті бағалау процесінің әділдігіне және объективтілігіне әсер ететін консультациялық қызмет көрсетуге құқығы жоқ.
4. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті растау жөніндегі қызмет нәтижесінде туындайтын тәуекелдерді бағалай отырып, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде әділдікті қамтамасыз етуге және қызмет саласындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін олардың қаржылық тұрақтылығы және тиісті ресурстары болуға тиіс.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.10-бап. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар
1. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар өз қызметін осы Заңға, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Салыстырып тексеру зертханалары (орталықтары) өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз болуға тиіс.
3. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес - шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан, олар жоқ болған жағдайда басқа елдердің шама бірліктері ұлттық эталондарынан шама бірліктерінің өлшемдерін алу арқылы өлшемдердің қадағалануын қамтамасыз етуге тиіс.
4. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде әділдікті қамтамасыз етуге, қызмет нәтижесінде туындайтын тәуекелдерді бағалауға және қызмет саласындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін олардың қаржылық тұрақтылығы және тиісті ресурстары болуға тиіс.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.11-бап. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшылар
1. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшылар осы Заңға сәйкес аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысады.
2. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшылар өз қызметiн еңбек шартының не азаматтық-құқықтық шарттың негiзiнде жүзеге асырады.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Аккредиттеу белгісі аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу рәсімінен өткені туралы үшінші тұлғаларға ақпарат беру үшін пайдаланылады.
2. Аккредиттеу субъектісіне берілетін аккредиттеу белгісінде берілген аккредиттеу аттестатының нөмірі болуға тиіс.
3. Аккредиттеу белгісін пайдалану тәртібі аккредиттеуден кейінгі шартпен айқындалады.
1. Аккредиттеу мынадай негізгі:
1) өтінімді және ұсынылған құжаттарды қабылдау, қарау;
2) аккредиттеу алдындағы шартты жасасу;
3) ұсынылған құжаттарды сараптау;
4) өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру;
5) аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
6) аккредиттеуден кейінгі шартты жасасу, аккредиттеу саласын бекіту және аккредиттеу аттестатын беру не аккредиттеу алдындағы шартты тоқтату кезеңдерін қамтиды.
2. Қайта аккредиттеу осы баптың 1-тармағында көзделген барлық кезеңдер сақтала отырып жүргізіледі. Қайта аккредиттеуге өтінімді өтініш беруші аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей береді.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.14-бап. Аккредиттеу критерийлері
Өтініш берушілер және аккредиттеу субъектілері мынадай критерийлерге сай келуге тиіс:
1) заңды тұлға не заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі мәртебесінің болуы;
2) мәлімделген аккредиттеу саласындағы сәйкестікті бағалау жөнінде жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін білікті персоналдың болуы;
3) сәйкестікті бағалау жөнінде жұмыстарды орындауға қажетті меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығында немесе уақытша иелігінде және пайдалануында үй-жайдың, жабдықтың және материалдық ресурстардың болуы;
4) аккредиттеу схемасын ескере отырып, сәйкестігіне өздері аккредиттелетін (аккредиттелген) нормативтік құжаттардың талаптарына сай келуі;
5) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды толық көлемде және аккредиттеу саласында бекітілген шекте жүргізуі.
Осы Заңда нормативтік құжаттар деп стандарттау жөніндегі құжаттар түсініледі.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.15-бап. Өтінімді ұсыну және оны қарау
1. Өтініш беруші аккредиттеу жөніндегі органға мынадай құжаттар ұсынады:
1) аккредиттеуге өтінім;
2) өтініш берушінің заңды мәртебесін анықтайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;
3) мәлімделетін аккредиттеу саласы;
3-1) сапа жөніндегі нұсқаулық;
4) сәйкестікті бағалау саласындағы қызметтің мәлімделген бағыты жөніндегі паспорт;
5) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын персонал туралы мәліметтер (сәйкестікті растау жөніндегі органдар үшін);
6) құрылымдық бөлімшелер туралы ереже және олардың құрылымы.
Өтініш беруші өзі таңдап алған нормативтік құжатқа байланысты тиісті ақпарат ұсынады.
Өтінімді қоспағанда, құжаттардың барлығы екі данада ұсынылады.
2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
3. Егер өтінім және (немесе) оған қоса берілетін құжаттар белгіленген нысанға сәйкес келмеген не толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, сондай-ақ мәлімделген жабдықты басқа аккредиттелген зертхана пайдаланған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган құжаттарды келіп түскен күнінен бастап есептелетін бес жұмыс күні ішінде қабылдаудан бас тартады және оларды қайтарудың себептерін көрсете отырып, өтiнiш берушiге пошта арқылы қайтарады не оларды өкіліне қолын қойғызып, қолма-қол табыс етеді.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.16-бап. Аккредиттеу алдындағы шарт
1. Аккредиттеу алдындағы шарт аккредиттеу жөніндегі орган мен өтініш беруші арасында жасалады.
2. Аккредиттеу алдындағы шарттың елеулі талаптары:
1) шарттың мәні;
2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
3) жұмыстардың құны;
4) тараптардың жауаптылығы болып табылады.
3. Аккредиттеу алдындағы үлгі шартты уәкілетті орган бекітеді.
4. Аккредиттеу алдындағы шартты тоқтатуға мынадай жағдайлар:
1) заңды тұлғаның таратылуы;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шартты бұзу;
3) құжаттарға сараптама жасау кезінде немесе өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексерген кезде анықталған сәйкессіздіктерді аккредиттеу жөніндегі орган белгілеген мерзімде жоймауы;
4) аккредиттеу жөніндегі органның құжаттарға қайта сараптама жасаған кезде немесе өтініш берушіні орналасқан жері бойынша қайта тексерген кезде тиісінше сарапшы-аудитордың алғашқы қорытындысындағы немесе тексеру жөніндегі топтың есебінде көрсетілген сәйкессіздіктерді анықтауы;
5) аккредиттеу жөніндегі органның аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы негіз болып табылады.
17-бап. Ұсынылған құжаттардың сараптамасы
1. Ұсынылған құжаттардың сараптамасы шарт жасалған кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Қайта аккредиттеу кезінде ұсынылған құжаттардың сараптамасы аккредиттеу субъектісінің құжаттарына және Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер бөлігінде жүргізіледі.
2. Сараптама жүргiзу үшiн аккредиттеу жөнiндегi орган аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторды тағайындайды, сондай-ақ мәлімделген сәйкестікті бағалау объектілері бойынша техникалық сарапшылар тартылуы мүмкін.
3. Аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитордың қорытындысында:
1) ұсынылған құжаттардың аккредиттеу критерийлерiне сәйкестiгін бағалау;
2) құжаттардың нақты критерийлер бойынша сәйкессiздiгiн (сәйкессiздiк болған кезде) көрсету;
3) ұсынылған құжаттарды түзету жөнiндегi ұсынымдар (қажет болған жағдайда) және өтiнiш берушiнiң осы ұсынымдардың орындалуын растау тәртiбi;
4) ұсынылған құжаттардың аккредиттеу критерийлерiне сәйкестiгi немесе сәйкессiздiгi туралы тұжырымдар қамтылуға тиiс.
4. Аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитордың қорытындысы негiзiнде аккредиттеу жөнiндегi орган мынадай:
1) өтiнiш берушiнi тұрған жерінде зерттеп-қарау туралы;
2) өтiнiш берушiнiң анықталған сәйкессiздiктердi жою қажеттігі туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
Аккредиттеу жөніндегі орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қабылданған шешім туралы хабарлама жіберіледі.
5. Өтiнiш берушi осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаны алған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессiздiктердi жояды және сәйкессіздіктердің жойылғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, аккредиттеу жөнiндегi органға бұл туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарлайды. Аккредиттеу жөнiндегi орган хабарламаны алған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде қажет болған жағдайда құжаттарға қайта сараптама жүргiзедi.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.18-бап. Өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру
1. Өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру өтініш берушінің біліктілігін, құжаттарда ұсынылған ақпараттардың нақты жағдайға сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
2. Тексеруді аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор немесе аккредиттеу жөніндегі орган жасақтайтын тексеру жөніндегі топ жүзеге асырады.
3. Тексеру жөніндегі топ кемінде екі адамнан құралуы керек, топ жетекшісі болып құжаттарға сараптама жүргізген аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор тағайындалады.
4. Тексеру жөніндегі топтың құрамына келісім бойынша:
сәйкестікті растау жөніндегі сарапшылар-аудиторлар, техникалық сарапшылар, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мәлімдеген аккредиттеу саласы бойынша мамандары енгізілуі мүмкін.
5. Тексеру мерзiмi өтініш берушінің тұрған жеріне немесе өтініш берушінің өзі тұрған жерден тыс жердегі құрылымдық бөлімшесі орналасқан жерге тексеру жөніндегі топ келген кезден бастап есептелетiн он жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Құрылымдық бөлімшелері бар өтініш берушіні тексерудің жалпы мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
6. Тексеру жөніндегі топ өз жұмысының қорытындысы бойынша есеп дайындайды, онда өтініш берушінің аккредиттеу критерийлеріне сәйкестік бағасы қамтылуы керек.
7. Топ мүшелерінің барлық ескертпелерін есепке ала отырып топ жетекшісі екі данада есеп жасайды және оған топтың барлық мүшелері қол қояды. Есептің бір данасы өтініш берушіге ұсынылады.
8. Өтініш беруші тексеру жөніндегі топтың есебімен келіспеген жағдайда өзінің ескертпелерін аккредиттеу жөніндегі органға үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы ұсына алады және тиісінше акредиттеу жөніндегі орган почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.
9. Тексеру жөніндегі топ есебінің негізінде және өтініш берушінің ескертпелерін ескере отырып (олар бар болған жағдайда), аккредиттеу жөніндегі орган бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мынадай:
1) аккредиттеу жөніндегі жиналған материалдарды қарау туралы;
2) өтініш берушінің анықталған сәйкессіздіктерді жоюы туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Қабылданған шешім туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы өтініш берушіге жіберіледі және тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.
10. Өтiнiш берушi осы баптың 9-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаны алған кезден бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде тексеру кезiнде анықталған сәйкессiздiктердi жояды және сәйкессiздiктердiң жойылғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, аккредиттеу жөнiндегi органға олардың жойылғаны туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарлайды, содан кейiн аккредиттеу жөнiндегi орган қажет болған жағдайда оған қайта тексеру жүргiзедi. Өтiнiш берушiні немесе оның құрылымдық бөлімшесін қайта тексеру мерзiмi тексеру жөнiндегi топ өтiнiш берушiнiң тұрған жерiне келген күннен бастап есептелетiн бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
11. Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің себептерін көрсеткен жазбаша өтініші бойынша сәйкессіздіктерді жою мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартады.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.19-бап. Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау
1. Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияға жиналған материалдар түскен кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде аккредиттеу жөніндегі орган қабылдайды.
Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссия аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда, өтініш берушіге сәйкессіздіктерді жою үшін қажетті, бірақ екі айдан аспайтын мерзім беріледі. Аталған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім тоқтатыла тұрады.
2. Оң шешім қабылданған жағдайда аккредиттеуден кейінгі шарт жасалады және жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу саласын айқындайтын құжат бекітіледі, аккредиттеу аттестаты және құжаттардың бір жиынтығы беріледі.
3. Терiс шешiм қабылданған кезде өтiнiш берушiге шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы дәлелдi бас тарту жіберіледі, ол тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.
Құжаттар жиынтығы өтінім берушіге почта арқылы жіберіледі не оның өкіліне қолы қойғызылып, қолма-қол табыс етіледі.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.20-бап. Аккредиттеуден кейінгі шарт
1. Аккредиттеуден кейінгі шарт аккредиттеу жөніндегі орган мен аккредиттеу субъектісі арасында жасалады.
2. Аккредиттеуден кейінгі шарттың елеулі талаптары:
1) шарттың мәні;
2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
3) жұмыстардың құны;
4) жоспарлы және жоспардан тыс бағалауды жүргізу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын жаңарту тәртібі мен мерзімдері;
5) салыстырма сынақтарды жүргізу және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыру тәртібі;
6) тараптардың жауаптылығы болып табылады.
3. Аккредиттеуден кейінгі үлгі шартты уәкілетті орган бекітеді.
4. Аккредиттеуден кейінгі шартты тоқтатуға мынадай жағдайлар:
1) заңды тұлғаның таратылуы;
2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің аяқталуы;
3) аккредиттеу аттестатынан айыруы;
4) аккредиттеу аттестатының жойылуы;
5) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған сәйкессіздіктерді жоймауы;
7) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шартты бұзу негіз болып табылады.
5. Осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көзделген негiз бойынша аккредиттеуден кейiнгi шартты тоқтату күні болып сәйкессiздiктердi жою мерзiмi өткен күннен кейiнгi күн есептеледi.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестаттары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және олардың қолданылу мерзімі бес жыл.
2. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аккредиттеу туралы шешімді қабылдаған кезден бастап есептеледі және оған аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған уақыт кезеңі енгізіледі.
2-1. Аккредиттеу субъектісі осы Заңның 13-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімді сақтаған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган қайта аккредиттеу кезіндегі жұмыстарды аяқтау қажет болған кезде бұрын берілген аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімін аккредиттеу туралы шешім қабылданған күнге дейін үш айдан аспайтындай етіп ұзарта алады.
3. Аккредиттеу жөніндегі орган бекіткен және аккредиттеу саласын белгілейтін құжат аккредиттеу аттестатына міндетті қосымша болып табылады.
4. Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелуге тиіс.
5. Аккредиттеу аттестатында:
1) аккредиттеу субъектісінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері;
2) аккредиттеу субъектісінің оған сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжат;
3) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі;
4) аккредиттеу аттестатының аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде тіркелген күні;
5) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі көрсетіледі.
6) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Аккредиттеу аттестатының бланкілері қатаң есептілік құжат болып табылады, олардың қорғанышы мен нөмірі болады.
7. Аккредиттеу аттестаты жалғыз дана етіп беріледі, аккредиттеу аттестатын басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады.
8. Жоғалған, бүлінген аккредиттеу аттестаттары, аккредиттеу аттестаттарына қосымшалар аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға жазбаша өтініш (аккредиттеу аттестатының, аккредиттеу аттестатына қосымшалардың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.
Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының телнұсқасын, аккредиттеу аттестатының қосымшаларын беруді жүргізеді.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.22-бап. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу
1. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге:
1) аккредиттеу субъектісін қайта ұйымдастыру;
2) аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруі;
3) аккредиттеу субъектісі атауының өзгеруі;
4) аккредиттеу саласының кеңеюі немесе қысқаруы туралы аккредиттеу субъектісінің өтініші негіз болады.
2. Аккредиттеу субъектісі осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге негіздердің бірі пайда болған кезден бастап есептелетін, сондай-ақ аккредиттеу саласы қысқарған жағдайда күнтізбелік он күн ішінде аккредиттеу жөніндегі органға осы Заңның 15-бабының 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жаңа мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
3. Аккредиттеу саласын кеңейту кезінде аккредиттеу субъектісі өтінішпен бір мезгілде аккредиттеу жөніндегі органға кеңейтілетін салада тиісті мамандардың, жабдықтардың, үй-жайлардың бар екендігі туралы ақпарат береді.
4. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеген кезде аккредиттеу жөніндегі орган осы Заңның 18-бабында көзделген тәртіппен аккредиттеу субъектісінің орналасқан жері бойынша:
1) сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханасының (орталығының) орналасқан жері өзгерген;
2) аккредиттеу саласын кеңейткен жағдайда тексеру жүргізеді.
5. Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу туралы құжаттарды олардың түскен күнінен бастап есептелетін он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Осы тармақта көзделген мерзімге субъектінің орналасқан жері бойынша тексеру жүргізу және аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді, егер оларды аккредиттеу жөніндегі орган анықтаған болса, жою мерзімі кірмейді.
6. Оң шешім қабылданған жағдайда аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын жеті жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді және аккредиттеу саласын айқындайтын құжатты қайта бекітеді.
7. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешім ұсынылған құжаттар мен мәліметтерден дәйексіз ақпараттар анықталған кезде, аккредиттеу субъектісі тексеру барысында анықталған сәйкессіздіктерді белгіленген мерзімде жоймаған кезде, сондай-ақ алғашқы тексерген кездегі сәйкессіздіктер қайта тексергенде анықталған кезде қабылданады.
Қабылданған шешім туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аккредиттеу субъектiсiне жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы жіберіледі және тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.
8. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі оны қайта ресімдеген кезде үзілмейді.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.23-бап. Аккредиттеу материалдарын жаңарту
1. Аккредиттеу материалдарын жаңарту:
1) аккредиттеу субъектiсiнiң құжаттарында көрсетiлген нормативтiк құжатқа өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзген және (немесе) жаңа нормативтiк құжатты қолданысқа енгiзген;
2) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын мамандар құрамы өзгерген;
3) өлшем құралдары мен сынақ жабдығын ауыстырған жағдайда осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көзделген негіздер болмаған кезде жүзеге асырылады.
2. Жаңарту кезінде аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға жаңартудың себептерін негіздей отырып өтінімін және өзгерістер енгізілген құжаттардың екі данасын ұсынады.
3. Аккредиттеу жөніндегі орган құжаттар түскен кезден бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды қарайды.
Оң шешім шығарылған жағдайда және аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу үшін негіздер болмаған кезде аккредиттеу жөніндегі орган енгізілген өзгерістерді назарға алады, қажет болған жағдайда аккредиттеу саласын айқындайтын құжатты қайта бекітеді, бұл туралы аккредиттеу субъектісіне жазбаша почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы хабарлайды және ол тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.
4. Ұсынылған құжаттарда және мәліметтерде анық емес ақпарат және (немесе) аккредиттеу саласын кеңейтуге қатысты ақпарат анықталған кезде аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу материалдарын өзекті етуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Қабылданған шешім туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы аккредиттеу субъектiсiне жіберіледі және тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.24-бап. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімі
1. Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектілерінің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді.
2. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімі:
1) осы Заңның 21-бабының 5-тармағында көрсетілген мәліметтерді;
2) аккредиттеу саласына кіретін сәйкестікті бағалау объектілерін;
3) аккредиттеу субъектісі басшысының тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болған жағдайда);
4) аккредиттеу аттестатының қайта ресімделген күні мен оның негізі;
5) аккредиттеу материалдарын жаңарту күнін, негізін және жаңартылған аккредиттеу материалдары туралы ақпаратты;
6) жоспарлы және жоспардан тыс бағалауды жүргізу күнін және нәтижелерін;
7) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алудың күні және осы кері қайтарып алынған аттестаттың қолданысын қайта бастаудың күні мен негіздерін;
8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған күні мен негіздемесін;
9) аккредиттеу аттестатының жойылған күнін;
10) аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтата тұру және одан айыру күні мен негіздерін;
11) аккредиттеу аттестатының телнұсқасын беру туралы белгіні қамтуға тиіс.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпарат негіздемелер туындаған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізіледі.
4. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде қамтылған ақпарат онымен жеке және заңды тұлғалар танысу үшін ашық болып табылады.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.25-бап. Аккредиттеу субъектілерін жоспарлы және жоспардан тыс бағалау
1. Жоспарлы және жоспардан тыс бағалау аккредиттеуден кейінгі шарт негізінде жүзеге асырылады. Бірінші жоспарлы бағалау бастапқы аккредиттеу күнінен кейін он сегіз айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
Келесі жоспарлы бағалаулар алдыңғы жоспарлы бағалау жүргізілген кезден бастап жиырма төрт айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
Аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу өлшемшарттарын бұзушылықтарға жол бергені туралы жеке немесе заңды тұлғаның өтініші, мемлекеттік органның хабарламасы келіп түскен не аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектісінің қызметін мониторингтеу нәтижелері бойынша аккредиттеу өлшемшарттарын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган жоспардан тыс бағалау жүргізуге құқылы.
Бұзушылықтар расталған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган жүргізген жоспардан тыс бағалауды жүргізу бойынша шығыстарды бұзушылыққа жол берген аккредиттеу субъектісі өтейді.
2. Аккредиттеу субъектісін немесе аккредиттеу субъектісінің өзі тұрған жерден тыс жерде орналасқан оның құрылымдық бөлімшесін жоспарлы бағалауды жүргізу мерзiмi аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласына және оның құрылымдық бөлімшелерінің санына байланысты белгіленеді. Жоспардан тыс бағалауды жүргізу мерзімі үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
3. Аккредиттеу жөніндегі орган жоспарлы немесе жоспардан тыс бағалауды жүргізу кезінде аккредиттеу субъектісінен қажетті түсіндірмелер, құжаттар мен мәліметтер сұратуға құқылы.
4. Жоспарлы және жоспардан тыс бағалау нәтижелері екі данада жасалған есеппен ресімделеді, онда мыналар көрсетіледі:
1) есептің жасалған күні, уақыты және орны;
2) аккредиттеу жөніндегі орган басшысының жоспарлы немесе жоспардан тыс бағалауды жүргізуге негіз болған шешімінің күні мен нөмірі;
3) жоспарлы және жоспардан тыс бағалауды жүргізген аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тегі, аты, әкесінің аты (егер олар жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілсе);
4) аккредиттеу субъектісінің атауы, жоспарлы немесе жоспардан тыс бағалауды жүргізген кезде қатысқан аккредиттеу субъектісі өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы;
5) жоспарлы немесе жоспардан тыс бағалаудың жүргізілген күні, уақыты және орны;
6) бағалау нәтижелері, оның ішінде анықталған сәйкессіздіктер және олардың сипаты туралы мәліметтер;
7) сәйкессіздіктерді жою жөніндегі ұсынымдар және оларды жою мерзімдері;
8) аккредиттеу субъектісі өкілінің есеппен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, оның қолы немесе қол қоюдан бас тартқаны туралы мәліметтер.
Есептің бір данасы аккредиттеу субъектісінің өкіліне табыс етіледі.
Аккредиттеу жөніндегі орган есеп келіп түскен кезден бастап он жұмыс күні ішінде оны қарайды және аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға не жиналған материалдарды осы Заңның 26-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен уәкілетті органға жіберуге негіздер болмаған кезде ақпаратты назарға алады не анықталған аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкессіздіктерді аккредиттеу субъектісінің жоюы туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.26-бап. Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, оның қолданысын тоқтату және тоқтата тұру, одан айыру және күшін жою
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Аккредиттеу аттестатын аккредиттеу жөніндегі орган мынадай жағдайларда:
1) аккредиттеу субъектісінің жазбаша өтініші бойынша;
2) сәйкестікті бағалау нәтижелерінің дұрыстығына әсер ететін аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктер анықталғанда;
3) анықталған аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктер аккредиттеу жөніндегі органның белгілеген мерзімі ішінде жойылмағанда;
3-1) аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу өлшемшарттарын бұзушылықтарға жол бергені туралы шағымда не мемлекеттік органның хабарламасында көрсетілген фактілер расталғанда;
4) салыстырмалы сынақтардың және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу нәтижелерін салғастырудың анықталған теріс нәтижелері жойылмағанда;
5) аккредиттеу критерийлерінің және аккредиттеуден кейінгі шарт талаптарының бұзылғаны аккредиттеу субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша анықталған кезде;
6) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын сәйкестікті бағалау (растау) бойынша жұмыстардың нәтижелерін электрондық есепке алу жөніндегі мәліметтердің сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжат берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен деректерді ұсынбаған немесе анық емес деректер ұсынған жағдайларда кері қайтарып алады.
Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектісінің құрылымдық бөлімшесінің қызметі бөлігінде қайтарып алынуы мүмкін.
Аккредиттеу аттестатының барлық саласына қатысы жоқ, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 3-1) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталған кезде, аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдайды.
2. Егер аккредиттеу критерийлерінің анықталған сәйкессіздіктерінде әкімшілік құқық бұзу құрамының белгілері болған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган осындай сәйкессіздіктер анықталған күннен бастап есептелетін, үш жұмыс күні ішінде тиісті шараларды қабылдау үшін жиналған материалдарды уәкілетті органға жібереді.
3. Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешiмнiң көшiрмесi шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарламасы бар тапсырысты хатпен почта арқылы аккредиттеу субъектiсiне жіберіледі және өтініш беруші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасына белгі соққан күннен бастап алынған деп есептеледі.
3-1. Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектісі аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешімнің көшірмесін алған күннен бастап кері қайтарып алынды және аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын жаңарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап, бірақ аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап кемінде екі ай өткеннен кейін жаңартылды деп есептеледі.
4. Аккредиттеу субъектісі аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешімді алған күннен бастап, анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін аккредиттеу субъектісі аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу саласының бір бөлігін қайта жаңғырту туралы шешім қабылдау үшін аккредиттеу жөніндегі органға сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы мәліметтерді жазбаша түрде ұсынады.
Анықталған сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы мәліметтерді растау қажет болған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган осы Заңның 25-бабында көзделген тәртіппен жоспардан тыс бағалауды жүргізеді.
Аккредиттеу жөнiндегi орган сәйкессiздiктердiң жойылғаны туралы мәлiметтердi аккредиттеу субъектiсi ұсынған күннен бастап есептелетiн он жұмыс күнi iшiнде, ал жоспарлы және жоспардан тыс бағалау жүргiзілген жағдайларда – олар аяқталған күннен бастап есептелетiн он жұмыс күнi iшiнде аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу саласының бір бөлігін қайта жаңғырту не қайта жаңғыртудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Егер аккредиттеу жөніндегі орган көрсетілген мерзімде өзінің шешімі туралы аккредиттеу субъектісін жазбаша хабардар етпесе, онда көрсетілген мерзім өткеннен кейін, бірақ кері қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап кемінде екі ай өткеннен кейін аккредиттеу аттестаты жаңартылады.
5. Аккредиттеу аттестатының қолданысы мына негіздер бойынша тоқтатылады:
1) аккредиттеу субъектісінің жазбаша өтінішінің болуы;
2) аккредиттеуден кейінгі шарттың тоқтатылуы.
6. Өтініш берушінің немесе аккредиттеу субъектісінің аккредиттеуді алу кезінде жалған ақпарат бергені анықталған жағдайда, аккредиттеу аттестатының күшін жоюды аккредиттеу жөніндегі органның өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сот жүргізеді.
7. Аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Өтініш берушілер мен аккредиттеу субъектілері аккредиттеу жөніндегі органның теріс шешіміне аккредиттеу материалдары бойынша апелляция жөніндегі комиссияға апелляция беруге құқылы.
2. Апелляция жөніндегі комиссия тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады және оның жұмысына мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы.
Апелляция жөніндегі комиссияның құрамын аккредиттеу жөніндегі орган қалыптастырады. Апелляция жөніндегі комиссияның құрамына сәйкестікті бағалау саласындағы қоғамдық бірлестіктер мен уәкілетті органнан үш өкілден және аккредиттеу жөніндегі органнан бір өкіл жіберіледі. Апелляция берілген аккредиттеу жөніндегі орган шешім қабылдаған кезде қатысқан немесе өтініш берушіге немесе апелляция берген аккредиттеу субъектісіне қатысы бар апелляция жөніндегі комиссияның мүшелері апелляция жөніндегі комиссия шешім қабылдаған кезде қатыспайды.
3. Апелляция жөніндегі комиссияның төрағасы оның мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады.
Апелляция жөніндегі комиссия шешім қабылдаған кезде қатыспайтын аккредиттеу жөніндегі органның жұмыскері апелляция жөніндегі комиссияның хатшысы болып табылады.
Апелляция жөніндегі комиссияның төрағасы апелляция жөніндегі комиссия туралы ережені бекітеді, оның қызметіне басшылық жасайды, апелляция жөніндегі комиссияның отырысын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды.
4. Апелляция жөніндегі комиссия апелляция түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің негізділігі туралы дауыс беру арқылы қабылданатын қорытындыны аккредиттеу жөніндегі органның басшысына ұсынады.
5. Аккредиттеу жөніндегі орган басшысы апелляция жөніндегі комиссия қорытындысын қарау нәтижелері туралы апелляция берген өтініш берушіге немесе аккредиттеу субъектісіне қорытынды ұсынылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
6. Өтініш берушілер мен аккредиттеу субъектілері аккредиттеу мәселелері бойынша даулар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
7. Үшінші тұлға тарапынан аккредиттеу субъектісінің немесе аккредиттеу жөніндегі органның, сондай-ақ олардың персоналының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қанағаттанбаушылық білдіруді қамтитын даулар мен шағымдарды шешу осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.28-бап. Аккредиттеу жөніндегі шетелдік органдар жүргізген аккредиттеу нәтижелерін тану
1. Қазақстан Республикасында аккредиттеу жөніндегі шетелдік органдар жүргізген аккредиттеу нәтижелерін тану аккредиттеу жүйелерінің, аккредиттеу кезінде қолданылатын рәсімдер мен талаптардың бірдейлігін тану негізінде жүзеге асырылады.
2. Аккредиттеу нәтижелерін өзара тану екіжақты және көпжақты келісімдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.
3. Аккредиттеу жөніндегі шетелдік органдар берген аккредиттеу аттестаттары немесе оларға тепе-тең құжаттар Қазақстан Республикасында аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдармен жасалған келісімдерге сәйкес танылады.
29-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
30-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Аккредиттеу жөніндегі органның Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Аккредиттеу субъектілерінің Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2-1. Жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Аккредиттеу субъектілерінің Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын сақтауын бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне (объектісіне) беру және оған әкімшілік жүктемені төмендету бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, оның ішінде:
1) мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері, мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар берген;
2) ақпараттық жүйелерден алынған;
3) бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге де ашық көздерден, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан алынған мәліметтер негізінде зерделеу, талдау, салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бұзушылықтарды жою тәсілі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жою туралы ұсыным (бұдан әрі – ұсыным) жасалады.
Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным бақылау субъектісіне мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – алғаны туралы ұсынымға белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен – тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен – бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша ұсыным ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылықты жіберуге құқылы.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі – ай сайын 25-інен кешіктірілмей, айына бір реттен артық емес.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды тіркеудің арнайы журналында есепке алынуға жатады, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.
Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.31-бап. Қорытынды және өтпелі ережелер
1. Осы Заң, 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 10-бабының 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген аккредиттеу аттестаттары жарамды деп есептеледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |