Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттiк монополия мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі № 34-V Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат):
      1) мазмұнында 153-баптың тақырыбы «кадастрының» деген сөзден кейін «және оны жүргізуге технологиялық байланысты қызметтің» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 152-баптың 3-тармағында:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      3) 153-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «153-бап. Мемлекеттiк жер кадастрының және оны жүргізуге
                технологиялық байланысты қызметтің мазмұны
      1. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргізу мынадай қызмет түрлерін:
      1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;
      2) жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақты бағалауды жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алуды;
      3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
      4) мыналарды: жер учаскелерiнің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелерi үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерінің есебін; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi ысырапты анықтауды қамтитын жерді мемлекеттік кадастрлық бағалауды;
      5) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз жеткізгіште және электрондық түрде жинақтауды, өңдеуді және жүргізуді;
      6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуді;
      7) жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындауды және жүргізуді;
      8) жер-кадастрлық кітапты және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізуді;
      9) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындауды;
      10) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруді;
      11) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауды қамтиды.
      2. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге технологиялық байланысты қызметке:
      1) жергілікті жерде әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары жерлерінің шекараларын белгiлеу;
      2) жер пайдалануды қалыптастыру жөнiндегi жобаларды, бүлiнген жерлердi қалпына келтіру жобаларын жасау, мемлекет меншігіндегі жерден жер учаскелерiн беру кезінде жергілікті жерде олардың шекараларын белгiлеу;
      3) мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшiн жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша шаруашылық iшiндегi жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жатады.».
      2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат):
      1) 4-баптың 31) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «31) мемлекеттiк орман орналастыру ұйымы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;»;
      2) 55-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігінің 12) тармақшасындағы «жасау;» деген сөз «жасау жүзеге асырылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 13) тармақша алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Орман ресурстарын есепке алуға, орман қорының аумақтық құрылымына, оның ішінде мемлекеттік орман қорының шекараларын белгілеуге, ормандардың мемлекеттік мониторингіне, орман шаруашылығын жүргізуді жоспарлауға және орман пайдалануға байланысты орман орналастыру мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүзеге асырады.
      Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      3) 77-баптың 3-тармағындағы «уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары» деген сөздер «осы салада маманданған ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 78-баптың 3-1-тармағындағы «уәкiлеттi органның мамандандырылған ұйымдары өздерi белгiлеген тәртiппен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен осы салада маманданған ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат;  № 8, 64-құжат):
      1) 28-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Эмиссиялар нормативтерiн белгiлеу кезiнде қоршаған ортаның iс жүзiндегi ластануы ескерiледi. Қоршаған орта сапасы параметрлерiнiң фондық шоғырлануы жөнiндегi деректерді жобаның тапсырыс берушiсiмен немесе жобалау ұйымымен жасалған шарт бойынша ұлттық гидрометеорологиялық қызмет ұсынады. Қоршаған орта сапасы параметрлерiнiң фондық шоғырлануы жөнiндегi деректерді ұсыну қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізуге технологиялық байланысты қызметке жатады.»;
      2) 145-2-баптың 1-тармағында:
      бірінші сөйлем «пайдалана отырып» деген сөздерден кейін «, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг,» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Метеорологиялық және гидрологиялық мониторингтерді және қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын – ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүзеге асырады.
      Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      3) 274-баптың 8-тармағындағы «пайдаланушы ұйым мен мамандандырылған кәсіпорынның» деген сөздер «пайдаланушы ұйымның немесе осы салада маманданған ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 292-баптың 4 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Коммуналдық қалдықтарды олар сақталатын және өңделетін белгіленген жерге тасымалдауды және жинауды қалдықтардың меншік иелерінің есебінен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады.»;
      «6. Коммуналдық қалдықтарды көмуді, қалдықтар полигондарын жасау мен пайдалануды коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар және осы салада маманданған өзге де ұйымдар жүзеге асырады.».
      4. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»  2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат):
      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 63-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «63-1-бап. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау»;
      2) 5-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «денсаулық сақтау саласындағы» деген сөздердің алдынан «дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 6-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-1) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізу қағидаларын бекітеді;»;
      4) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 29-1) және 50-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «29-1) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеу;»;
      «50-1) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
      5) 17-бапта:
      1-тармақтағы «Денсаулық» деген сөз «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қоспағанда, денсаулық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2 және 3-тармақтар алып тасталсын;
      6) 63-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Дәрiлiк заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама жүргізу мемлекеттік монополияға жатады және оны дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы болып табылатын, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
      Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      7) мынадай мазмұндағы 63-1-баппен толықтырылсын:
      «63-1-бап. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар
                 мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі
                 мен сапасын бағалау
      1. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасының оларды Қазақстан Республикасында тіркеуге негіз болған тіркеу деректемесінің, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың деректеріне сәйкестігін айқындау арқылы жүргізіледі.
      2. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген сынақ зертханалары бар, дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы болып табылатын, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
      Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      8) 69-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сапасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қауіпсіздігі және сапасы туралы қорытындымен расталмаған;»;
      9) 71-баптың 11-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сараптаманы уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы жүргізеді.».
      5. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) автоматтандырылған ақпараттық жүйе - жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы активтерiн және жинақтарын есепке алуды жүзеге асыруға қажеттi және ақпараттың сенiмдiлiгiн, сақталуын және оны рұқсатсыз кiруден қорғауды қамтамасыз ететiн бағдарламалық қамтамасыз етiлуi;
      2) әлеуметтiк жеке код - азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берiлетiн тұрақты жеке код;
      3) әртараптандыру - зейнетақы активтерiн жоғалтып алу қатерiн азайту мақсатында, уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес оларды әртүрлi қаржы құралдарына орналастыру;
      4) бақылау – заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi, ол мынадай талаптардың бiрi болған:
      заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерiнiң не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегерiле отырып) елу пайызынан астамын бiр тұлғаның дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп тiкелей немесе жанама иеленуi не заңды тұлғаның акцияларының елу пайызынан астамымен дербес дауыс беру мүмкiндiгi болған;
      бiр тұлғада заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемiнде жартысын дербес сайлау мүмкiндiгi болған;
      Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептiлiгiн қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептiлiгi аудиторлық есепке сәйкес заңды тұлғаның қаржылық есептiлiгiне енгiзiлген;
      бiр тұлғаның дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп шарттың (растайтын құжаттардың) күшiне қарай немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген жағдайларда өзгеше түрде заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi болған кезде туындайды;
      5) баспасөз басылымы - тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын мерзiмдi баспасөз басылымдары;
      6) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;
      7) ең төменгi зейнетақы - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген зейнетақы төлемдерiнiң ең төменгi мөлшерi;
      8) ерiктi зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртiппен, салымшылардың өз бастамасы бойынша зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
      9) ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалған жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi;
      10) ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес, өзiнiң меншікті қаражаты есебiнен зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      11) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын кәсiптер тiзбесi бойынша қызметкерлердiң пайдасына салымшылардың өз бастамасы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
      12) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі - ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда айқындалған жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi;
      13) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес, өзiнiң меншікті қаражаты есебiнен қызметкердiң пайдасына ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      14) жеке зейнетақы шоты - салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мiндеттi не ерiктi зейнетақы жарналары немесе ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсiмпұл және өзге де түсiмдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдерi жүргізіледі;
      15) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерi жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      16) жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргiзу - заңды тұлға ретiнде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлiк балансына зейнетақы активтерiн енгiзбеу;
      17) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын жанама иелену (дауыс беру) – жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысының немесе жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның бiрлескен iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiн) иелену арқылы айқындау мүмкiндiгi;
      18) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы – уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегерiле отырып) он немесе одан көп пайызын тiкелей немесе жанама иелене алатын немесе:
      жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретiн акцияларының он немесе одан көп пайызымен тiкелей немесе жанама дауыс беру;
      жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қабылдайтын шешiмдерге шарттың күшiне қарай не уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалатын тәртiппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкiндiгi бар жеке немесе заңды тұлға (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иеленушi болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);
      19) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн жанама иелену не акцияларын иелену (дауыс беру) - басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiн) иелену (дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның iрi қатысушысының немесе бiрлесiп заңды тұлғаның iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi;
      20) зейнетақы – уәкілетті ұйымнан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы;
      21) зейнетақы активтерi - зейнетақы төлемдерi мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынатын қаражатты қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
      22) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      23) зейнетақы аннуитетi шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын беруге мiндеттенедi, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмiр бойына немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттенедi;
      24) зейнетақы жинақтары - мiндеттi зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, инвестициялық кiрiстi, өсiмпұлды, шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотында есептелетiн ақшасы;
      25) зейнетақы жинақтарының нақты құны - мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган есептеп шығаратын, тұтыну бағалары индексiне үйлестiрiлген зейнетақы жинақтарының номиналды құны;
      26) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - бiр тараптан жинақтаушы зейнетақы қорымен және екiншi тараптан салымшы және (немесе) зейнетақы төлемдерін алушы жасасатын, зейнетақы жарналарына, жинақтарына және төлемдер алуға байланысты құқықтық қатынастарды белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт;
      27) зейнетақы төлемдерi:
      уәкілетті ұйымнан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне тепе-тең түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу;
      жинақтаушы зейнетақы қорларынан – зейнетақы төлемдерін алушыларға зейнетақы жинақтарын төлеу;
      28) зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi - алушы) – уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерi тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар жеке тұлға;
      29) инвестициялық декларация - зейнетақы қағидаларына қосымша болып табылатын және инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесiн, зейнетақы активтерiне қатысты инвестициялық қызметтiң мақсаттарын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерiн, зейнетақы активтерiн хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат;
      30) инвестициялық кiрiс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынған ақша;
      31) инвестициялық портфель - зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн қаржы құралдары жиынтығы;
      32) кастодиан банк - бағалы қағаздар жөнiндегi құқықтарды тiркеу және есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттiң ақшасын есепке алу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын банк;
      33) кастодиандық шарт - кастодиан банк пен оның клиентi жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершiлiкпен сақтау және есепке алу туралы шарт;
      34) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi - Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Заңда белгiленген зейнеткерлiк жасқа жеткен соң берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлем;
      35) мiндеттi зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына салынатын ақша;
      36) мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi - агент) - шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, сондай-ақ филиалдары, өкiлдiктерi арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейтін, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын жеке немесе заңды тұлға;
      37) мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін төлем мөлшерi, ол салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын табысына пайыздық қатынаспен көрсетiледi;
      38) мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы - мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;
      39) мiнсiз iскерлiк бедел - кәсiпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ екенiн растайтын фактiлердiң болуы;
      40) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласында реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      41) Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органдар - уәкiлеттi мемлекеттiк органдар;
      42) пруденциялық норматив - жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн экономикалық талаптар;
      43) сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде «өмiрдi сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      44) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;
      45) уәкiлеттi орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      46) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын;
      47) үлестес тұлғалар – шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бiрi) қабылдайтын шешiмдеріне, оның iшiнде жасалған мәмiленiң күшiне қарай ықпал етуге мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды және ұлттық басқарушы холдингтi қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Ұлттық басқарушы холдингтiң жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң құрамында болуы тұлғалардың бiр-бiрiне қатысты үлестес екенiн айқындау үшiн негiз болып табылмайды.»;
      2) 18-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттiк
               монополия»;
      1-тармақ алып тасталсын;
      2-тармақта:
      бірінші абзац «Орталық» деген сөзден кейін «мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін» деген сөздермен толықтырылсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы, жәрдемақы төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді төлеуді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;»;
      1-1) тармақшадағы «азаматтарға» деген сөз алып тасталсын;
      4-3) тармақшадағы «бас тартуды» деген сөздер «бас тартуды ресімдеуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы «мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелердiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы органға» деген сөздер «салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3), 5-4), 5-5) және 5-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның төлемдерді тағайындауы үшін зейнетақы, жәрдемақы алушылардың істерінің макеттерін қалыптастыруды;
      5-2) зейнетақы, жәрдемақы төлемдерін және өзге де төлемдерді алушылардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды және оларды дербестендірілген есепке алуды;
      5-3) бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аударуды;
      5-4) міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша агенттермен және жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара іс-қимыл жасауды;
      5-5) орталық атқарушы органның бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды;
      5-6) Қазақстан Республикасы заңнамасының зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Орталықтың қызмет түрлері бойынша ақпараттық қызметтер ұсынуды;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
      6. «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) жылжымалы мүлiк - көлiк құралдары, айналымдағы тауарлар, бағалы қағаздар, ақша, мүлiктiк құқықтар, соның iшiнде болашақтағы өнiмге және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен жылжымайтын мүлiкке жатқызылмаған өзге де мүлiкке құқық;
      2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу - жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепiл талаптары бар (кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш) кепіл туралы шарттағы немесе өзге шарттағы мәлiметтердi енгiзу жөнiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың iс-қимылдары жиынтығын, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк берудi және тiркеушi органдардың және (немесе) жылжымайтын мүлік орталықтарының осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-қимылдарын бiлдiретiн тiркеушi органның және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi;
      3) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдары (тiркеушi органдар) – мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін және осы мүліктің кепілдерін тіркеуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар;
      4) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк - тiркеушi орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталықтары өтiнiш иесiне беретiн және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын құжат;
      5) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi (кепiл тiзiлiмi) - тiркеушi органдар және (немесе) жылжымайтын мүлік орталықтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесi;
      6) өтiнiш берушi - тiркеушi органға және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығына кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш беретiн адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсiмi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi бола алады;
      7) тiркелген кепiл - осы Заңда белгiленген тәртiппен тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлi;
      8) уәкілетті ұйым (бұдан әрі – жылжымайтын мүлік орталығы) – жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.»;
      2) 3-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) жылжымайтын мүлік орталықтары;»;
      2-тармақ «Тiркеушi органдардың» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталықтарының» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 5-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бап. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
              кепілін тіркеу саласындағы мемлекеттік монополия»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны жылжымайтын мүлік орталықтары жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі:
      1) кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шарт тараптарының бірінің талап етуі бойынша;
      2) егер кепіл туралы шартта немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шартта кепілдегі мүлікті кейіннен кепілге салуға (қайталама кепілге) тыйым салынған болса, тіркелуге тиіс.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жылжымайтын мүлік орталықтары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі тіркелген тізілімді жүргізуге міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      4) 9-бапта:
      1-тармақ «тiркеушi органға» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығына» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тiркеушi органның және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының атауы;»;
      3-тармақ «тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 9-2-бап «тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 10-бапта:
      тақырып «Тіркеуші органның» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының» деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтың бірінші абзацындағы «сәтiнен бастап тiркеушi орган» деген сөздер «кезден бастап тіркеуші орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ «Тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 11-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы «Тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтың 4) тармақшасындағы «кепiлдi тiркеуден бас тарта алады» деген сөздер «кепiлдi тiркеуден бас тартады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ «тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 13-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша «тiркеушi органның» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақша «тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ «тiркеушi органның» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтағы «тіркеуші орган» деген сөздер «тіркеуші орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы өздері берген куәліктерге қатысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 14-баптың 2-тармағының екінші сөйлеміндегі «тiркеудi жүргiзетiн органға» деген сөздер «тіркеуші органға немесе жылжымайтын мүлік орталығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 16-баптың бірінші бөлігі «тiркеушi органға» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығына» деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 17-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «немесе жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ «тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «немесе жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 18-баптың 2-тармағында:
      бірінші абзац «тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша «тіркеуші органның» деген сөздерден кейін «немесе жылжымалы мүлік орталығының» деген сөздермен толықтырылсын;
      13) 19-бап «тiркеушi органға» деген сөздерден кейін «немесе жылжымайтын мүлік орталығына» деген сөздермен толықтырылсын;
      14) 21-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы «Тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «немесе жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылып, 6) тармақшасындағы «заңдарда белгіленген тәртіппен жауап береді» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың бірінші сөйлемі «тiркеушi орган» деген сөздерден кейін «және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы» деген сөздермен толықтырылсын.
      7. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12,  111-құжат):
      1) 1-баптың 12) тармақшасы «құратын» деген сөзден кейін  «, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 7-1-баптың 3-тармағының екінші сөйлемі алып тасталсын;
      3) 7-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-2-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк
                монополия
      1. Карантиндi объектiлердiң таралу ошақтарын оқшаулау және жою мемлекеттік монополияға жатады және оны өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
      Карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызмет карантиндi объектiлердiң таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі қызметпен технологиялық байланысты болып табылады.
      2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
      8. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 16-құжаттар):
      3-2 және 25-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-2-бап. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы
                мемлекеттiк монополия
      1. Өтінім материалдарына, қорғау құжатына және өсімдіктердің қорғалатын сорттары мен жануарлар тұқымдары бойынша мемлекеттік тізілімге өзгерістер енгізуді; Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшірме ұсынуды; өтініш берушінің белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап алты айға дейін өткізіп алған ақы төлеу мерзімін қалпына келтіруді; автордың куәлігін, қосымшаларды және олардың телнұсқаларын беруді; қорғау құжатының қолданылу мерзімін күшінде ұстап тұруды, ұзартуды және қорғау құжатын беру, күшінде ұстап тұру, ұзарту туралы мәліметтерді жариялауды; ашық лицензия беруге арналған өтінім қабылдауды; шарттардың қосымша келісімдеріне сараптама жүргізуді, шарттарды тіркеу туралы мәліметтер жариялауды; патенттік құжаттаманы (нөмірленген немесе атауы жазылған) іздестіруді; баспа және электрондық басылымдарды өткізуді және жариялауды; кепіл шартына сараптама жүргізуді қоса алғанда, селекциялық жетiстiктерге өтiнiмдер қабылдау және өтінімдерге алдын ала сараптама жүргiзу, патенттi немесе селекциялық жетiстiктерге патент алу құқығын басқаға беру шарттарына, лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарға сараптама жүргiзу, Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу, селекциялық жетістіктер туралы  мәліметтерді жариялау, қорғау құжаттарын беруге дайындау жөніндегі  қызмет мемлекеттiк монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргiзу құқығындағы  республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сараптама ұйымы жүзеге асырады.
      2. Сараптама ұйымының қызметімен технологиялық байланысты қызметке:
      1) өтінім материалдарының көшірмелерін әзірлеу;
      2) селекциялық жетістіктерге арналған қорғау құжаттары бойынша анықтамалар, статистикалық мәліметтер ұсыну;
      3) төлемдерді қайта есепке алу және растау жатады.
      3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      «25-бап. Заңдық маңызы бар іс-қимылдарға ақы төлеу
      Уәкiлеттi органның патент беру, шарттарды тiркеу жөнiнде iс-қимылдар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.
      Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ауыл шаруашылығы дақылдары сорттарын патентке қабілеттілігіне сынақтан өткізгені үшін төлемақы алады.».
      9. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17,  100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) еуразиялық өтінім – 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына сәйкес берілген өтінім;»;
      «13) халықаралық өтінім – 1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы шартқа сәйкес берілген өтінім.»;
      2) 4-1 және 35-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1-бап. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк
                үлгiлердi қорғау саласындағы мемлекеттiк монополия
      1. Белгіленген мерзімнен кейін конвенциялық басымдықты сұрата отырып өтінімдер қабылдауды; халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыруды; формальды сараптама жүргізуді; формуланың әрбір тәуелсіз тармағына мәні бойынша біреуден артық қосымша сараптама жүргізуді; сараптаманың сауалына жауаптарды және төлемақыларды ұсынудың мерзімдерін ұзартуды және қалпына келтіруді; өнертабысқа немесе пайдалы модельге өтінімді қайта өзгертуді; өтінімді өтініш берушінің қатысуымен қарауды; өтінім құжаттарының қазақ тіліне немесе орыс  тіліне аудармасының ұсынылу мерзімін ұзартуды, сұратылатын құжаттарды ұсыну мерзімдерін әрбір айға белгіленген мерзімі аяқталған күннен  бастап он екі айға дейін ұзартуды, өтініш берушінің аударманы ұсыну бойынша өткізіп алған мерзімін қалпына келтіруді; өтінім материалдарына, қорғау құжатына, өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне өзгерістер енгізуді; бір үлгідегі өзгерістер енгізуді; халықаралық және еуразиялық өтінімдерді өңдеуді, тексеруді және салып жіберуді; өнертабыстың, пайдалы модельдің және өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілігін бағалау мақсатында техника деңгейін айқындау үшін  ақпараттық іздестіру жүргізуді; автордың куәлігін, қосымшаларды және олардың телнұсқаларын беруді; қорғау құжатының қолданылу мерзімін күшінде ұстап тұруды, ұзартуды, қалпына келтіруді және қорғау құжатын күшінде ұстап тұру, ұзарту немесе қалпына келтіру туралы мәліметтерді жариялауды; бір және бір топ өнеркәсіптік меншік объектісіне қатысты кешенді кәсіпкерлік лицензия беру туралы шарттың сараптамасын тіркеуге өтінім қабылдауды; шарттарды тіркеу туралы мәліметтерді жариялауды; қосымша келісімдерге сараптама жүргізуді; ашық лицензия беруге өтінім қабылдауды; өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшірмелер ұсынуды; патенттік құжаттаманы (нөмірленген немесе атауы жазылған) іздестіруді; баспа және электрондық басылымдарды өткізуді және жариялауды; техника объектілері мен технологияларды патенттік тазалығы тұрғысынан зерттеуді; техника деңгейінің даму үрдістерін зерттеуді және талдауды; ғылыми зерттеулерді патенттік-құқықтық  талдауды, кепіл шартына сараптама жүргізуді қоса алғанда, өнертабыстарға, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдер қабылдау және өтінімдерге сараптама жүргізу, қорғау құжатын беруге құжаттар дайындау, қорғау құжатын беру туралы мәліметтерді жариялау, қорғау құжатын күшінде ұстап тұру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру, қорғау құжаттарын басқаға беру және оларды алуға құқықты басқаға беру туралы шарттарға, лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарға сараптама жүргiзу, Өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сараптама ұйымы жүзеге асырады.
      2. Сараптама ұйымының қызметімен технологиялық байланысты қызметке:
      1) өтінімнің (басым құжаттың) көшірмелерін, өтінім материалдарының көшірмелерін, қарсы қойылған құжаттардың көшірмелерін дайындау, қорғау құжаттары жөнінде анықтамалар, статистикалық мәліметтер ұсыну;
      2) төлемдерді қайта есепке алу және растау жатады.
      3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      «35-бап. Мемлекеттiк баж
      Уәкiлеттi органның қорғау құжаттарын беру, шарттарды тiркеу, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк беру жөнiндегi iс-қимылдар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.».
      10. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 776-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) Мадрид келісімі – 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;»;
      2) 3-1 және 45-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1-бап. Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар
                шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласындағы
                мемлекеттiк монополия
      1. Ұжымдық тауар таңбасын тіркеуге өтінім қабылдауды; формальды сараптама жүргізуді; өтінім материалдарына өзгерістер мен түзетулер енгізуді; өтініш берушінің бастамасы бойынша сыныптар бойынша тауар таңбасына өтінімдер бөлуді; тауар таңбасына өтінімді ұжымдық тауар таңбасына қайта өзгертуді және керісінше өзгертуді; Мадрид келісіміне сәйкес халықаралық өтінімді қабылдауды; тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныпталуына сәйкес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеуді; халықаралық өтінімге өзгерістер енгізу туралы өтінішті салып жіберуді, ресімдеуді; үшеуден асқан әрбір сынып үшін қосымша өтінімге сараптама жүргізуді; толық сараптама жүргізу басталған күннен бастап алты айдан кейін толық сараптаманы жедел әрі жылдамдатып жүргізуді; тіркеуден алдын ала бас тарту туралы шешімге қарсылық білдіруді қарауды; сараптаманың шешіміне қарсылық білдіру мерзімін әр айда ұзартып отыруды; сауалға жауап қайтару мерзімін әр ай сайын ұзартып отыруды; сауалға жауап қайтарудың, ақы төлеудің, өтініш берушінің қарсылық білдіруінің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіруді; куәліктің телнұсқасын, қосымшаны беруді және беру туралы мәліметтерді жариялауды; қорғалатын тауар таңбаларының, қызмет көрсету таңбаларының және тауар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізіліміне, тауар таңбасының куәліктеріне және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығына өзгерістер енгізуді; тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығына арналған куәліктің, тауар таңбасына арналған және қосымша үшеуден асатын әрбір сынып үшін куәліктің қолданылу мерзімін ұзартуды; ұзарту туралы мәліметтерді жариялауды; кепіл шартына, кешенді кәсіпкерлік лицензия беру туралы шартқа, бір немесе бір топ өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты тауар таңбасына арналған куәлікті алу құқығын басқаға беру туралы шартқа сараптама жүргізуді; қосымша келісімдерге сараптама жүргізуді және шарттарды тіркеу туралы мәліметтерді жариялауды; мемлекеттік тізілімнен үзінді көшірмелер, анықтамалар беруді; тауар таңбаларының дерекқорындағы белгілерді және іздестіру туралы есепті ұсына отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің аталған сыныптарына қатысты тіркеуге мәлімделген белгілерді алдын ала іздестіруді жүргізуді; баспа және электрондық басылымдарды өткізуді және жариялауды қоса алғанда, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге өтінімдер қабылдау және өтінімдерге сараптама жүргізу, тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына арналған құқықтарды беру туралы шарттарға, лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарға сараптама жүргізу, қорғалатын тауар таңбаларының, қызмет көрсету таңбаларының және тауар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізілімдерін жүргізу, куәліктерді беруге дайындау жөніндегі қызметтер мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сараптама ұйымы жүзеге асырады.
      2. Сараптама ұйымының негiзгi қызметiмен технологиялық байланысты қызметке:
      1) өтінімнің (басым құжаттың) көшірмелерін куәландыру;
      2) төлемдерді қайта есепке алу және растау жатады.
      3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      «45-бап. Мемлекеттiк баж
      Уәкiлеттi органның куәлiктердi, сертификаттарды беру, шарттарды тiркеу, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi aттecтaттay және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк беру жөнiнде iс-қимылдар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.».
      11. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат):
      1-тарау мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
      «6-1-бап. Салық салу объектілерінің құнын айқындау саласындағы
                мемлекеттік монополия
      1. Салық салу объектілерінің (тұрғынжайдың, саяжай құрылысының, аяқталмаған құрылыс объектісінің, салқын жапсаржайдың, шаруашылық (қызметтік) құрылыстың, шығыңқы ірге қабатының, тұрғынжай жертөлесінің, гараждың) құнын айқындау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
      12. «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 181-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат):
      1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) бюллетень - интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдi басылым;
      2) интегралдық микросхема - электрондық схема функцияларды орындауға арналған түпкiлiктi немесе аралық нысандағы микроэлектронды бұйым, оның элементтерi мен байланыстары бұйым дайындалғанда негiзге алынған материалдың көлемiнде және (немесе) бетiнде бөлiнбейтiн етiп қалыптастырылады;
      3) интегралдық микросхема топологиясы (бұдан әрi - топология) - интегралдық микросхеманың элементтерi мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығының материалдық жеткізгіште тiркелген кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы;
      4) құқық иеленушi - автор, оның мұрагерi, сондай-ақ заңға немесе шартқа байланысты алынған айрықша құқықты иеленушi кез келген жеке немесе заңды тұлға;
      5) лицензиялық шарт - ол бойынша құқық иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалануға құқық беретін шарт;
      6) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлдiк ету құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
      7) топологияға айрықша құқық - құқық иеленушiнiң топологияны өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүліктік құқығы;
      8) топологияны пайдалану - егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, топологияны, осы топологиямен бiрге интегралдық микросхеманы немесе осындай интегралдық микросхеманы қамтитын бұйымды қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату немесе азаматтық айналымға коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын өзгедей енгiзу;
      9) уәкiлеттi орган - өз өкілеттіктері шегінде интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.».
      13. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат):
      1) 1-баптың 15) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 19-баптың 15-2) тармақшасы алып тасталсын;
      3) 64-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жобаларға (жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаға) мемлекеттік сараптама жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.»;
      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
      14. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
      1-баптың 25-1) тармақшасындағы «мемлекеттік мекеме» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын» деген сөздермен ауыстырылсын.
      15. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17,  98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      10-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
      16. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат, № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат):
      1) 4-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 11-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      3) 14-1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «мемлекеттік монополияға жатқызылған» деген сөздер «осы Заңның талаптары негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
      17. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2,  1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1,  2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
      1) 1-бапта:
      3), 4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;»;
      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растау қағидаларын бекітеді;
      4-2) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығын растау қағидаларын бекітеді;»;
      3) 5-бапта:
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растау қағидаларын әзірлейді;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығын растау қағидаларын әзірлейді;»;
      9) тармақша алып тасталсын;
      4) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
      «20-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық
                 қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия
      1. Мемлекеттік техникалық қызмет электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай:
      1) шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабының;
      2) куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының;
      3) «электрондық үкіметке», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қатысушыларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының;
      4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне қатысушыларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының қызмет түрлерін жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
      18. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) асыраушы - өзiнiң асырауындағы отбасының еңбек етуге қабiлетсiз мүшелерiн өз табысы есебiнен асыраушы адам;
      2) асырауындағылар санының коэффициентi - қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жарияланған) асыраушының асырауында болған оның отбасы мүшелерiнiң санын ескеретiн коэффициент;
      3) әлеуметтiк аударымдар - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айрылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн осы Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер;
      4) әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi - жұмыс берушiнiң қызметкерге орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн табыс түрiнде төлейтiн шығыстары. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамның әлеуметтiк аударымдарын есептеуге арналған объект оның алатын табыстары болып табылады;
      5) әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк төлемдердi есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi – Орталық) - өңірлерде құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – құрылымдық бөлімшелері) бар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
      6) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - осы Заңда белгiленген тәртiппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi немесе өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам;
      7) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесі - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;
      8) әлеуметтiк қатер - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, асыраушысынан айрылуына, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның нәтижесінде өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы не ол қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасының мүшелерi осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ие болады;
      9) әлеуметтiк төлемдер - әлеуметтік төлемдерді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын ай сайынғы төлемдер;
      10) әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлiмшелерi;
      11) әлеуметтiк төлемдi алушы (бұдан әрi - алушы) - өзi үшiн Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген не оларды өзi төлеген және әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган оған қатысты әлеуметтiк төлем тағайындау туралы шешiм шығарған жеке тұлға, ал өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жарияланған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi;
      12) еңбек ету қабiлетiнен айрылу - қызметкердiң жұмыс орындау, қызмет көрсету қабiлетiнен айрылуы, оның дәрежесi айрылған еңбек ету қабiлетiне пайыздық қатынастан көрінеді;
      13) еңбек ету қабiлетiнен айрылу коэффициентi - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiне қарай айқындалатын коэффициент;
      14) қатысу өтілінің коэффициентi - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысу өтіліне (күнтiзбемен есептегендегi уақыттың жалпы мөлшерiне) қарай айқындалатын коэффициент;
      15) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - әлеуметтiк аударымдар алымын жинауды және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер жүргiзетiн заңды тұлға;
      16) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерi - әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдарды төлеу мерзiмi өтiп кеткендiгi үшiн алынған өсiмпұл, инвестициялық табыс және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, әлеуметтiк төлемдерге бағытталған қаражатты және қате есептелген немесе артық төленген қаражатты қайтаруды шегерiп тастағанда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түсетiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де түсiмдер;
      17) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне орай табысынан айрылуына байланысты табыстың бiр бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы;
      18) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi - мемлекет белгiлейтiн және кепiлдiк беретiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың арасындағы қатынастарды реттейтiн нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
      19) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар - төлеушi; өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы; алушы; Орталық; Қор; Қазақстан Республикасының Үкiмeтi; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; өзге де уәкiлеттi органдар;
      20) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар төленетiн және осы Заңда көзделген әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар жеке тұлға;
      21) өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам (осы Заңға қолдануға болатын) - өздерiне табыс әкелетiн жұмыспен өздерiн қамтамасыз ететiн дара кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат.
      Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтарына қатысты өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар деп дара кәсiпкерлер - қожалық басшысы, сондай-ақ кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдан бастап шаруа немесе фермер қожалығыныңкәмелетке толған мүшелерi танылады;
      22) табысты ауыстыру коэффициентi - әлеуметтiк төлемнiң әлеуметтiк аударымдарды есептеу кезiнде негiзге алынған табыс мөлшерiне қатынасын айқындайтын коэффициент;
      23) уәкiлеттi орган - Қор қызметiне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.»;
      2) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
      «10-1-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы
                 мемлекеттік монополия
      1. Орталық және оның құрылымдық бөлiмшелерi мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін:
      1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың міндетті әлеуметтiк аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алуды және олардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды;
      2) Қордың қаражаты есебінен әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыруды;
      3) құжаттар қабылдау, тағайындауға арналған істердің макеттерін қалыптастыру, Қордан әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу мәселелері бойынша әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органмен өзара іс-қимыл жасауды;
      4) әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Орталықтың қызмет түрлеріне сәйкес, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға ақпараттық қызметтер ұсынуды;
      5) төлеушілерден түскен міндетті әлеуметтік аударымдарды Қорға аударуды, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомаларын және олар бойынша өсімпұлдарды төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыруды;
      6) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға төлеушілердің келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдарының тізілімдерін ұсынуды жүзеге асырады.
      2. Орталық және оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтік аударымдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша Қормен өзара іс-қимыл жасайды.
      3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
      19. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар):
      1) 2-бап мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «40-1) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;»;
      2) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
      «9-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия
      1. Мемлекеттік техникалық қызмет байланыс саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
      1) радиосигналдар параметрлерін өлшеуді, радиоэлектрондық аппаратураның жанама электромагниттік сәулеленуін байқауды қоса алғанда, радиожиілік спектрі мен радиоэлекторондық құралдардың мониторингі жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз етуді;
      2) радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз етуді;
      3) радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізуді;
      4) Халықаралық электр байланысы одағындағы Қазақстан Республикасының орбиталық-жиілікті ресурсын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеуді;
      5) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесін техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
      20. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат, № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат;  № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      1) 1-баптың 17) тармақшасында:
      «iшкi суларда жүзетiн кемелердi және «өзен-теңiзде» жүзетiн» деген сөздер алып тасталсын;
      «мемлекеттік» деген сөз «, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 9-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы «, порттардың, жағалау объектiлерiнiң, кеме қатынасы гидротехникалық құрылыстарының» деген сөздер алып тасталсын;
      3) 16-бапта:
      1-тармақ алып тасталсын;
      2-тармақта:
      бірінші абзацтағы «және техникалық байқауға» деген сөздер «, техникалық қадағалауға және куәландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша «сексен» деген сөзден кейін «және одан да көп» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кеме қатынасының тiркелiмi кемелердiң техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн кемелерді өтеусіз негізде куәландыруды жүзеге асырады.»;
      екінші бөліктегі «, кемелердi жөндеудi, оларды жасау мен жаңғыртуды байқау» деген сөздер алып тасталсын.
      21. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат):
      26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Өнiм (дәрілік заттардан, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникадан басқа), процестер сәйкестiктi растау объектiлерi болып табылады.».
      22. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат):
      1) бүкіл мәтін бойынша «ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым», «ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымды», «Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымның», «Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым», «ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйымға» деген сөздер тиісінше «мемлекеттiк техникалық қызмет», «мемлекеттiк техникалық қызметті», «Мемлекеттiк техникалық қызметтің», «Мемлекеттiк техникалық қызмет», «мемлекеттiк техникалық қызметке» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-бапта:
      3) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақшадағы «ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрi – ұлттық оператор)» деген сөздер «ақпараттандыру саласындағы оператор» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «10-1) ақпараттық-коммуникациялық желілер мониторингі жүйесі – компьютерлік оқиғаларға ден қоюды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иеленушілеріне және оларды пайдаланушыларға жәрдем көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;»;
      мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «28-1) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;»;
      3) 5-бапта:
      9) тармақшадағы «ұлттық» деген сөз алып тасталсын;
      16) тармақша алып тасталсын;
      4) 9-баптың тақырыбы мен бірінші абзацындағы «Ұлттық оператордың», «Ұлттық оператор» деген сөздер тиісінше «Ақпараттандыру саласындағы оператордың», «Ақпараттандыру саласындағы оператор» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-1-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия
      1. Мемлекеттік техникалық қызмет мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін:
      1) ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттық зерттеуді;
      2) мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелерін, ақпараттық-коммуникациялық желілерін, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдасатын мемлекеттік емес жүйелерді қорғауды қамтамасыз етудің мониторингін;
      3) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдерін, бағдарламалық кодтарын сынақтан өткізуді және олардың нормативтік-техникалық құжаттамасына сараптама жүргізуді;
      4) мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн құруға, енгiзуге және дамытуға бағытталған инвестициялық жобалардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізуді;
      5) Интернет желісіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық почтасының бірыңғай шлюзін техникалық сүйемелдеуді;
      6) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық жүйелер депозитарийінің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың мемлекеттік тіркелімін жүргізуді;
      7) ақпараттық-коммуникациялық желілер мониторингі жүйесін ұйымдастырушылық және техникалық сүйемелдеуді;
      8) жоғарғы деңгейдегi қазақстандық домендік атауға қызмет көрсететiн домендiк атаулар серверлерiнiң үзiлiссiз орнықты жұмыс iстеу мониторингін;
      9) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын байланыс операторларының ақпараттық-коммуникациялық желілерін адрестеу және нөмірлеу жоспарларын сүйемелдеуді жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      6) 28-баптың мәтініндегі және 42-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «ұлттық операторға», «ұлттық оператордың», «ақпараттық жүйенің меншік иесі, иеленушісі немесе ұлттық операторы» деген сөздер тиісінше «ақпараттандыру саласындағы операторға», «ақпараттандыру саласындағы оператордың», «меншік иесі, иеленуші немесе ақпараттандыру саласының операторы» деген сөздермен ауыстырылсын.
      23. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
      1) 18-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-бап. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың
               құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру
               саласындағы мемлекеттік монополия»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      2) 19-бап алып тасталсын.
      24. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
      1) 1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) аккредиттеу жөніндегі орган – конкурстық негізде айқындалатын, аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымның мүшесі болып табылатын заңды тұлға;»;
      2) 5-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) аккредиттеу жөнiндегi органды таңдау бойынша конкурсты өткiзу қағидаларын және аккредиттеу жөнiндегi органға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) аккредиттеу жөнiндегi органды осы баптың 2) тармақшасында көрсетілген қағидаларға сәйкес айқындау;»;
      3) 6-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурсты өткізу қағидаларын және аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
      1-2) аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурстарды ұйымдастырады және өткізеді;»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне аккредиттеу жөніндегі органды мәртебесінен айыру жөнінде ұсыныс енгізеді;»;
      4) 7-баптың 1-тармағы алып тасталсын.
      25. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат, № 12, 111-құжат):
      1) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары - акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы тiкелей не жанама түрде тиесiлi болатын заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік өзге заңды тұлға акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы әрбір келесі үлестес тұлғаға тиесілі болатынын білдіреді;
      2) бәсекелестік - дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы;
      3) бірін-бірі алмастыратын тауарлар - тұтынушы оларды тұтыну (өндіру) процесінде бірін-бірімен алмастыра алатындай, өзінің функционалдық мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы, сондай-ақ басқа да параметрлері бойынша салыстыруға болатын тауарлар тобы болуы мүмкін;
      4) мемлекеттiк монополия – осы Заңда көзделген тәртiппен енгiзiлетiн, бәсекелестiк нарықта қандай да бiр тауарды өндiруге, өткізуге немесе сатып алуға арналған мемлекеттiң айрықша құқығы;
      5) монополистік қызмет - жағдайы тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тиісті тауар нарығындағы тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі әсер етуге мүмкіндік беретін нарық субъектілерінің қызметі;
      6) монополияға қарсы орган - бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      7) монополиялық жағдай - табиғи монополия, мемлекеттік монополия субъектілерінің, сондай-ақ тиісті тауар нарығында жүз пайыз үлеске ие нарық субъектілерінің жағдайы;
      8) монополиялық табыс - нарық субъектісінің осы Заңда шектелген монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған табысы;
      9) нарық субъектісі - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғасы, сондай-ақ шетелдік заңды тұлға (оның филиалы мен өкілдігі);
      10) реттелетін нарықтар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген тауар нарықтары;
      11) реттеуші орган - реттелетін нарықтарда бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган;
      12) сатушы (өнім беруші) - тауар өткізуші (беруші) жеке немесе заңды тұлға;
      13) тауар - азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет;
      14) тауар нарығы - тұтынушының тауарды сатып алуға экономикалық, аумақтық және технологиялық мүмкіндіктері негізге алына отырып айқындалатын, тауардың немесе бірін-бірі алмастыратын тауарлардың айналым аясы;
      15) тергеу - монополияға қарсы органның осы Заңның бұзылуын растайтын фактілерді анықтауға, оларды тіркеуге және тиісті шешім қабылдауға бағытталған іс-шаралары;
      16) тұтынушы - тауарды өз мұқтажы үшін сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;
      17) Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - табиғи немесе мемлекеттік монополия жағдайындағы нарықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізбесі.»;
      2) 32-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Айрықша құқықты іске асыру мемлекеттік монополия субъектісін құру жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметі не Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік кәсіпорын ғана мемлекеттік монополия субъектісі бола алады.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларын мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, монополияға қарсы орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «беруге тыйым салынады.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) өздері өндіретін немесе өткізетін тауарларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтін бағалардан ерекшеленетiн баға белгiлеуге тыйым салынады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Мемлекеттік монополия субъектілерінің осы баптың 3-тармағында белгіленген шектеулерді сақтауын бақылауды мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.».
      26. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
      мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
      «23-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік
                 монополия
      1. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополияға мынадай қызмет түрлері:
      1) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар және ұлттық санақтар кезінде алынған, аумақтық статистика органдары мен респонденттер ұсынған бастапқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және оларды электрондық түрде сақтау;
      2) ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, статистика тіркелімдерін, уәкілетті органның интернет-ресурсын қалыптастыру, сүйемелдеу және оларды өзекті ету;
      3) статистикалық жарияланымдарды қалыптастыру және статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес уәкілетті органның таратуына жататын ресми статистикалық ақпаратты тарату;
      4) ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыру жатады.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
      27. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
      16-бапта:
      3-тармақта:
      үшінші бөліктегі «құжаттарды сараптау және сертификатталатын объектiнi зерттеу жөнiндегi жұмыстарды» деген сөздер «құжаттамаларға сараптама жүргізуді және сертификаттау объектілерін зерттеуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сертификаттық зерттеуге алдын ала қорытынды әзірлеуді және оны беруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
      Аталған республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қорытынды әзірлеу және беру жөніндегі қызметі мемлекеттік монополияға жатады және аталған республикалық мемлекеттік кәсіпорын мен өтініш берушінің арасында жасалатын шарт бойынша өтеулі негізде жүзеге асырылады.»;
      4-тармақтағы «Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның қарауындағы ұйым» деген сөздер «Осы баптың 3-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
      28. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат):
      12-баптың 3-тармағының 14) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздердің алдынан «монополияға қарсы орган жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын.
      29. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11,  16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат):
      1) 11-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу қағидаларын бекітеді;»;
      2) 133-баптың 3-тармағында:
      бірінші бөліктегі «1) және 3) тармақшаларында» деген сөздер  «1) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген жағдайларда, мемлекеттiк кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының Үкiметi не Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрады.»;
      3) 134-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақша «қалдықтарды көму» деген сөздерден кейін «, қалдықтар полигондарын құру және пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақшадағы «жер кадастрын» деген сөздер «жер кадастры үшін жерге орналастыру жұмыстарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині, карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық сараптамасы;»;
      19) және 20) тармақшалар алып тасталсын;
      3-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) егер олар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдары болса, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;»;
      4) тармақша, «еңбек» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті ұйым жүзеге асыратын қызметті қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жүзеге асырады.».
      2-бап.
      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заңның 1-бабы 5-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жояды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                   Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады